Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тарихи зерттеу жаңа әдістерінің таралуы

әйел жынысты өзге туыстарын, тіпті үй қызметкрлерін өз қол астында ұстай алу еді. Бірақ кейде әйелдер өз ерлеріне ықпалын жүргізуге тырысты. Ал нағыз еросындай дүниеге жол бермеуі тиіс еді. Ерлердің арасындағы біреу егер патриархалдық билікті ұстай алмаса ол қоғамдық сферада қздерінің басқару құзыретінен айырылуы мүмкін еді .    Ары қарай он сегізінші ғасырдың ортасы мен он тоғызыншы ғасыр қоғамындағы таптыұ құрылымының өзгеруіне байланысты әр түрлі әлеуметтік топтарда ерлік қатынас айырмашылықтарына жол берілді. Белгілі Британ тарихшысы Джон Тош бұл үрдістерді Британдық материалдарда қарастырды. Онда ол он тоғызыншы ғасырда ағылшындық орта тапта ерліктің негізгі құрауыштарын көрсетті. Оларға жататындар  -   жақсы жұмыс, жанұяның өзін асырауы, өзге ерлер арасында еркін қатынас жасай алуы. Джон Тош адам өмірінде қоғамдық және жеке тұлғалық сфераларды бөлмеуге шақырды. Оның ойынша, гендерлік тарих тарихи зерттеулерге тән қоғамдық пен жеке тұлғалықтың қатаң бөлінуіне әкелді. Мысал ретінде, ол Британдық гендерлік тарихнаманың көрнекті жетістігі деп санайтын Леонор Дэвидофф пен Кэтрин Холдтың «Привратности семьи » еңбегін келтірді. Бұл авторлардың басты тезисі адам өміріне қоғамдық және жеке деп бөлу тұлғалық өзін ұстау мотвациясының спецификасын ашып бермейді. Ал он тоғызыншы ғасырда Англияда мысалы ердің іскер белсенділігінің басты мақсаты үйі мен жанұясын асыруы еді. Орта таптаеғы ер үшін мұндай қасиеттер күнделікті өмір қажеттігін қанағаттандарды. Бұл бағытта гендерлік пен әлеуметтік тап арасындағы байланыс ашылды. Гендерлік зерттеулердің арықшылығы Джон Тоштың айтуынша ол адамның қасиеттеріне тек биологиялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да анализ жасайды. Гендерлік зерттеулер Джон Тоштың айтуынша бүкіл қоғамды қамтуда концептуалды құралдарға ие.

Гендерлік саясаттың мақсат пен мәінденттері сонымен қатар  жеке тұрғыдан да анықталады, немес, жаңа биографиялық тарихпен сипатталады. Бұл жаңа биографиялық зерттеулер шеңберінде жүйелік құрылымдық негіздер жасалу шаралары қарастырылды, және әлеуметтік мәдени мен психологиялық қадамдар іс тәжәрибеде сынақтан өткізілді. ХХ ғасырдың көпетегн тарихшыларды зерттеуге итермелеген және тарихнамада ұзақ уақыт жетекші орын алған тарихтағы макросараптамалық қанағаттандырылмаушылығы болды..Бұл мәселелер толық түрде рухани мәдениет мәселелерін зерттеумен айланысатындармен де шешіле алмады. Мысалы ділдер тарихын зерттеуші тарихшылар басыннан бастап аз өзгеретін тұлғалық емес қоғамдық сана құрылымдарына назар аударды. Осыған байланысты тарихшылардың қызығушылығы қатардағы адамнаннемесе орта тұлғадан нақты индивидке ауысты. Бұнда ол біржақты емес, қиын жағдайларда шешім қабылдай алатын индивид еді.   1980 жылдары микротарихтың кең етек алуына байланысты биография жанрындағы жұмыстар көлемі көбейді.  Биография жанры тарихтың ерте кезеңдері үшін деректемелік базасында қатаң шектеулерге ие. Әсіресе қоғамның төменгі және жоғарғы қабаттарын зерттеуде бұл ерекше көзге түседі. Сондықтан зерттеуге элиталық қатардың өкілдері анағұрлым оңтайлы.  Олардың санасында көбіне гендерлік және әлеуметтік компоненттер айқасқан. Жаңа жеке тарихта индивидуалды биографиялар макросараптама тұрғысыннан қарастырылады және әлеуметтік контексті анықтауда қолданылады.   Биографиялық әдіс микротарих принциптерімен байытылып және бұл гендерлік тарихтағы бірқатар мәселелерді айшықтауға мүмкіндік берді, бұлар-адамның қоғамдағы қабылдануына матриоманиалды статустың рөлі, өмірлік циклдың әр кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктері, рөлдік жүктеулер және қысқартулар, қоғамның девианттық әрекетке реакциясы.  Қоғамдық сананың ерлермен жасалған стереотипі әйелдердің әрекеттік стереотипін детерминациялағаны көрсетілді. Бұл әйелдердің жыныстық әрекетін басқаруға арналған, тәрбиненің қаталдығын көрсетті, білім жағдайын, киім үлгісін, сөйлеу мәнерін, жұпты таңдаудағы шектеулерді, іскерлік әрекет түрлерінің шектемесін көрсетті.   Осы шектеулерден шығудың салдары трагедиялы болды.Осымен қатар әйелдік биография , әйелдік персоналды тарих өзімен бірге ерлер тарихынан ақпаратты қоса ала жүрді.    1990жылдары әйелдер тарихының кезеңдестіру мәселесі қайта ойластырыла бастады , өйткенібұл кезеңдемтіруді екі жыныстың да қатынас тарихын еске ала отырып жүргізу қажет еді. Қазіргі таңда мұндац кезеңдестіру әртүрлі тарихи кезеңдерде бір бірінен өзгешеленетін механизмдерді зерттеу жолында ғана мүмкіндік алады. Олар әйелдердің жыныстардың арасындағы айырмашылықтардың билік ету түсініктерін мойындатуға кепілдік беруге арналған. Ал бұлар өз кезегінде белгілік, мәдени зорлықты іске асырудың әдісі  еді. Барлық тарихи дәуірлерде ерлер мәдениеті биліктің патриархалды қатынастарын орнатуға және  нығайтуға ұмытылды. Бұл қатынастар  тарихи – мәдени түрде қалыптасқан және оларды табиғи, түп негізді әрі бүкіл ортақты етіп көрсетілді.   Гендерлік тарихтың кезеңдестіру мәселесінің негізгі мағынасы мынада- әртүрлі тарихи дәуірлер үшін жыныстар арасындағы әлеуметтік рөлдер мен функциялардың айырмашылықтарын құрайтын және көрсететін механизімдерді анықтау. Бұл жолда гендерлік тарих әлеуметтік тарихпен байланысқа түседі және қоғамдағы «әлеуметтік » категориясын түсінігін байыта түседі.     Тарихшылармен қатар гендерлік қатынастар мәселесімен философтар да айналысады. Бұл жерде, философиялық ортада гендер әйелдер табиғатының ерекшелігін бейнелейтін « бытийствелік » категория ретінде көбірек қабылданады. Осы категориялар барлық тарихи уақыттарда ерлердің рухани-психолгиялық құрылымынан ерекшеленетін айрықша белгілерге ие.    Гендерді зерттеуде философтардың негізгі басымдықтары гендерлік тарихтың әр тарихи кезеңдегі тарихи спецификасын көрсетуге тырысатын тарихшыларға қарағанда олар әйел спецификасы ерлермен салыстырғанда ешқашан жоғалмайды деп көрсетеді және бұл гендерлік қатынастарда таусылмас қайшылықтар туғызады.  Гендерлік қатынасты философиялық зерттеудің ірі орталығы Харьков университетінде қалыптасты, мұнда аталған бағытта үлкен жұмыс атқарған Ирина Жеребкина.

    Тарихты зерттеудің көлемдік тәсілі.

Жиырмасыншы ғасырдың ортасында батысевропалық тарихнамамен АҚШ-тың тарихнамасында тарихи зерттеудің көлемдік тәсілі кең тарала бастады. Бұл жаңа деректердің жаппай табылуына байланысты еді. Осымен қатар бұрынғы белгілі тәсілдерді қайта ойластыру қажет болды. Бұл жаңалықтарбірінші кезекте экономикалық және әлеуметтік тарихты қамтыды, бірақ жекелеген салалардың біреуі бұл өзгерістерден тыс қалған жоқ. Жиырмасыншы ғасырда тарих ғылымының өзінде назар басым түрде атақты адамдар, жеклеген индивидтерден әлеуметтік көпшілік жаққа қарай ауды. Тарих бұл жерде экономика мен социологияға жақындасты және не олардың тәсілдерін пайдалану немесе олардың жарамдылығын тексеру қажет болды. Сонымен қатар алпысыншы жылдары батыс әлемде компьютерлер арзандап және қолға түсімді бола бастады, сәйкесінше олармен өңделетін ақпараттың спектрі кеңейіп, орындалатын операциялардың көлемі ұлғайды.

 

Көлемдік тәсілдер кейбір жағдайларда мәселені шешуде анағұрлым нақты ақпарат бере алды. Ал бұрын олар туралы тек жалпылама  бағалау талдаулары жүргізілетін. Мысалы: жаңа заманда бақылаушылардың айтуынша адамдардың бойының өсу тенденциясы көрсетілді, себебі  сол кезде жанұядағы ұлдар мен қыздардың бойлары ата- аналарымен салыстырғанда жоғары болды.  Британдық тарихшылар бұл мәселені шешу үшін әскерге алу туралы құжаттар мен қайырымдылық ұйымдардың материалдарын апйдалаеа отырып бұл тенденцияның нақты іске асуын көрсетті. Олар осы құбылыс он тоғызыншы  ғкасырдың ортасында атлған құбылыс тоқтап , тіпті әлеуметтікң төменгі қабаттарда керісінше жүргенін айқындады. Сонымен қатар аристократия мен кедейлердің бой мөлшері арасында үлкен айырмашылық болғанын айшықтады. Жуық уақытқа дейін Жаңа әлемге әкелінген африкалықтардың саны шамамен он бес он тоғызыншы ғасырлар арлығында он бес жиырма миллион деп саналды. Және бұл көрсеткішщ негізінде тек болжамдар бойынша айтылды.. Содан кейін Филипп Куртин    «Атлантическая работорговля: перепись» (1969) атты зерттеуінде әртүрлі кезең мен аудандар туралы деректерді пайдалана отырып  8 – 10, 5 млн құлдар болғанын анықтады. Бұл мәселе төңірегінде дискуссия жалғасуда, бірақ енді аталғакн санның төңірегінде. Тек көлемдік анализ сонымен бірге әртүрлі құбылыстар бойынша бақылаушылардың келтірген деректерін тексеруге мүмкіндік жасады. Мысалы: жиырмасыншы ғасырдың басында көптеген британдық жұмысшылардың көбі сауатты болды немесе ағылшын әйелдері тұрмысқа кеш шығатыны туралы мәліметтерді тексеру сияқты. Көлемдік тәсілдің сапалық белгілері туралы талқылаулар модификация мен нақтылауға ұшырады. Бұл тек жалпы тенденцияларды ғана емес, сонымен бірге вариациялар мен қосымшаларды анықтауға мүмкіндік жасады..  Көлемдік тәсілдер негізінде көптеген ірі қоғамдығ үрдістер мәселесін шешуге мүмкіндік туды. Мысалы  он сегізінші ғасырда қандай факторлар дың әсерінен  Англияда халық санынң өсуі жүрді және бұл үрдістің сандық көрсеткіші қандай. Зерттеушілер атаулы мәселерді шешуде тар арнаулы статистикалық тәсілдерге сүйене бастады және көптеген  баспа органдарындағы басылымдар, атап айтсақ    «Economic History Review», «Journal of Economic History» сияқты зерттеулер арнайы дайындықсыз қолға түсімсіз болды. Бірақ жалпы тарихшылар осы тәсілдердің пайдасы туралы өзіндік түсініктерін қалыптастырды. Көлемдік тәсілдер аса қажет және анағұрлым нәтиже берген тарихи демография мен онымен байланысты демография саласының мәселелерін шешу  көлемдік мәліметтерсіз мүлдем мүмкін емес  және кейбір кезеңдер үшін қарапайым халықтың саны анықтау аса қиындық тудырады, сонымен қатар қоғамдық өмірді түсіну үшін халықтың жас ерекшелігі, жынысы, шаруашылық көлемі, жұмысшылар туралы м

12345
скачать работу

Тарихи зерттеу жаңа әдістерінің таралуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ