Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Таурлар және оларды өткізу және қаржылық нәтижелердің құралу циклінің аудтін жүргізу кезіндегі ақпарат көздері



 Другие рефераты
Жоспарлау аудитті өткізудің бастапқы кезіңі Тауар – тұтынысты қанатғатандыруға назар аудару Таурлар және оларды өткізудің аудиті Тауарды жабдықтауға тапсырыс алу

Аудиторлық процедуралардың маңыздылығының бірі-дебиторлық берешек борыштарды растау. Бұл растаудың негізгі міндеті-бар болу бағалау және дәл болу мақсаттарына қол жеткізу.

Егер тауарды сатып-өткізудің барлық көлемі сатып алушылардың есеп регистрлеріне кірмеген болса, онда алынуға тиісті шоттар бойынша сомалардың азаюын баланс баптарын тестілей алып отыру мүмкін емес. Сатып-өткізу көлемінің және дебиторлық борыштарының азаюынын бәрінен бұрын нақты жүзеге асырылған, бірақ жөнелтудің есебі арқылы өтпеген операцияларға тексеру жүргізу кезінде және талдамалық процедуралар арқылы анықтауға болады.

Растау жөнінде берілген сұрауларға сатып алушылар көңіл аудармаған кезде аудитор тауармен ілесіп барған құжаттарды қарайды. Дебиторлар мен кредиторларға жеке клиенттердің сальдолары бойынша тексеру жүргізу өнімді жөнелту және табыс алу(есептеу) бойынша ілесіп барған құжаттарды қарау жолымен орындалады.

Қорытынды есепті қарау, кредит бойынша менеджерлермен әнгіме өткізу және клиенттің өз сатып алушылармен хатжазуларына шолу жасау борышты жою(жабу) мүмкіндіктері туралы мағлұмат беру мүмкін.

Әдетте растау операцияларды тексеру кезіндегіге қарағанда қатенің белгілі бір түрін анықтау кезінде тиімдірек. Мысалдардың арасында өтірік шотта, даулы соммалар және борышкер басқа жаққа көшіп өзінің жаңа мекен-жайын тастамай кеткен жағдайдашоттардың жабылмиай қалуы және т.б бар. Растау осы ауытқулардың кез-келген ашуға кепілдік бере алмаса да, олар операциялады тексеруге қарағанда сенімдірек. Себебі растау тәуелсіз көздерден алынған дәлелдеулер болып табылады, ал операцияларды тексеру кәсіпорынның ішінде жасалған құжаттарға сүйенеді.

Бірақ есепке алынбаған операциялар және шоттар растау операцияларды тексеруге  қарағанда аз ықтималдылықпен анықтау мүмкін. Оның 2себебі бар;

  1. Растауды жіберу үшін дебиторлар шрттарының тізімі болуға тиісті( таңдап алу үшін) әрине қалып қалған шоттар іріктеу жасалаттын жиынтыққа кіргізуге болмайды.
  2. Егересепке алынбағаноперациясы бар шот жіберілген шот болса, онда тапсырыс берушілер растауды жай ғана болжай немесе сроның дұрыс екендігін көрсете алады.

Қолайлы аудиторлық тәуәкелділік үшін операцияларды тексеруге( сөйтіп растауды қарастыруға)көңіл аударуға болады және керісінше. Егер аудитор ішкі бақылау жүйесін жоғары деңгейде деп бағалайтын болса, онда операцияларды тексеруге көңіл аудару және оларды ең төменгісіне дейін жеткізу арзанға түседі. Басқа жағынан алғанда, егер ішкі бақылау жүйесі әлсіз болса және ірі дебиторлар шоттарының аздаған саны бар болса, онда аудитор бәрінен жиірек дебиторлық борыштың ұлкен бөлігін растайды және операцияларды тексерудің аздаған ғана санын орындайды.

Баланс құру мерзіміне жақвнврақ жіберілген растаулар жеткілікті түрде сенімді дәлелдеулер болып табылады. Бірақ өз уақытында аудитті аяқтау үшін аралық мерзімге шоттарды растайға ыңғайлырақ. Мұның болуы мүмүкін, егер ішкі бақылау жүйесі сатып-өткізу мен ақша түсімі тиісті түрде растау жасалған күн мен кезеңнің аяғы арасындағы күнге сәйкес келетін болса.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі -тауар. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі — субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Тауар өнімінің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.

Тауарлардың қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.

Тексеру материалдарында ескерілмеген тауарлы өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген енімді шығару мен еткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жүмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі тапдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

Аудитор тауарларды тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:

  • Тауарлармен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды ресімдеу дұрыстығы.
  • Өнімді тиеуге арнапған кұжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.
  • Тиелген өнімнің бағасын ресімдеудің дұрыстығы.
  • Банкке тиелген өнім үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.
  • Егер өнім тікелей  жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.
  • Тауарларды тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.
  • Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.

Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 6010 «өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоттары бойынша сәйкестігі.

Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында әкспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.

Ұтымды бағамдық айырмада мынадай жазу жазылады:

Д-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты К-т 6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс».

Теріс бағамдық айырмада:

Д-т 7410 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шотына К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотына.

Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама-қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапкы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалык есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет.

ТМҚ түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлык құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар-жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.

Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне (актісіне) жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда, комиссия оларды тізімдемеге кіргізуге тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость (тізімдеме) жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.

Артық шығу сомаларына 1310 «Шикізат және материалдар», 1320 «Дайын өнім», 1330 «Тауарлар» және 1350 «Өзгеде қорлар» шоттары дебеттеліп, 6210 «Активтердің шығуынан түскен табыстар» шоты кредиттеледі, ал кем шығу — Д-т 7210 «Әкімшілік шығыстар» шоты — К-т 3130 шоты бойынша — бұрын есепке алынған, кем шыққан құндылықтар бойынша ҚҚС сомасы; Д-т 1284 «Басқа да дебиторлық берешек» шоты, К-т 1310 «Шикізат және материалдар&ra

12
скачать работу


 Другие рефераты
Учет прав собственности акционеров
Политика и религия
Физиологические механизмы формирования эмоций
Индивидуальный мир культуры


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ