Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәуелсіз елдер: әріптестік әлеуеті



 Другие рефераты
Ажарлы Атырау Бәсекелестікке қабілетті болудың жобасы Мұнай өнімдері тапшылығынан қалай құтылуға болады? Жемқорлықты бірге жеңеміз

Өткен дүйсенбіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барды. Елбасы онда Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангпен кездесіп, бірқатар мәдени-әлеуметтік және сауда-экономикалық негіздегі мәселелерді талқылады.

Вьетнам еліне қадам басқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сапардағы алғашқы сөзін вьетнам халқының экономикадағы жеткен жетістіктерінен атап айтудан бастады. Расында, кейінгі он жылдың көлемінде Вьетнам өз өңірінде толағай табыстарға қол жеткізді. Бұл ел – қазіргі таңда 86 миллион халқы бар, тек астанасының өзінде 9 миллион адам тұратын, тұрғындарының жетпіс пайызын жасы отызға толмаған жастар құрайтын Азия-Тынық мұхит өңірінде көш бастап келе жатқан мемлекеттің бірі. Азаттықтың қадір-қасиетін жете білетін Вьетнам мемлекеті түсіне білсек, еліміздің тәуелсіздігін таныған елдердің алғашқыларының бірі болып табылады. Сол себепті екі елдің дипломатиялық қатынастарын жандандыра түсу заман талабы десек болады.
Өзара ынтымақтастық қатынастарды орнатуда сыйластықтың, құрмет көрсете білудің маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Нұрсұлтан Әбішұлы сапар барысында Вьетнам елінің азаттық жолында құрбан болғандар рухына тағзым етіп, вьетнам халқын тәуелсіздікке жеткізген қайраткер, тұңғыш Президент Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қойды. Вьетнам елінде ел көсемі атанған Хо Ши Мин 1945 жылы 2 қыркүйекте Тәуелсіздік декларациясын жариялап, Вьетнам Демократиялық Республикасын құрған әйгілі тұлғаның бірі екені белгілі. Өз кезегінде Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шанг Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстарына тоқталып, ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығымен құттықтады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды алдағы уақытта қазіргіден анағұрлым арттыра түсу керектігін баса айтты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Социалистік Республикасына тұңғыш ресми сапарының екінші күнінде Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен және Ұлттық ассамблеяның Төрағасы Нгуен Шинь Хунгпен кездесті.

Аталған кездесулерге тоқталмастан бұрын, Елбасы сапарының бірінші күніндегі маңызды мәселелерді саралап өтсек. Мәселен, өткен жылы екі елдің сауда айналымының көлемі бар-жоғы 44 миллион АҚШ долларына тең болған. Бұған дейін қос елдің қарым-қатыстарында тек «ҚазМұнайГаз» бен «Петровьет­нам» арасында 2009 жылы құрылған жұмыс тобы болғанын ескерсек, мемлекетаралық дипломатиялық байланыстарды және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуда Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге тұңғыш сапарының тарихи маңызы зор.
– Жаңа ғана жоғары деңгейдегі ашық, өзара сенімді үнқатысу аяқталды. Ынтымақтастығымыздың басымдықтары дәл айқындалды. Екі елдің халықтарын татулықтың, тілектестіктің тарихи берік тіндері байланыстырып тұр. Қазақстан-Вьетнам қарым-қатынастарын қарқынды дамытуға барлық қажетті жағдайлар жасалды. Біздің елдеріміздің арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе жоқ. Ең алдымен, екіжақты сауданы жолға қоюымыз керек», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Сондай-ақ Президент таяу уақытта Вьетнам астанасы Ханойда Қазақстан елшілігі ашылатыны турасында хабардар етті.
Елбасының ресми сапары негізінде Қазақстан-Вьетнам бизнес-форумы болып өтті. Қазақстандықтардан – 39 адам, вьетнамдықтардан 103 адам қатысқан Ханой форумының ашылуында еліміз атынан Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев пен еліміздің Сауда-өнеркәсіптік палатасының басшысы Қанат Төлеметов сөз сөйледі.
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапардың екінші күнінде Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен және Ұлттық ассамблеяның төрағасы Нгуен Шинь Хунгпен кездесті.
«Вьетнам Коммунистік партиясының басшылығымен Вьетнам халқы әлеуметтік-экономикалық дамуда, білім, мәдениет пен қоғамдық өмірдің өзге де салаларында толымды табыстарға жетті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесуде. Расында, Вьетнам еліндегі қазіргі жетістіктер билік басындағы партия – Вьетнам Коммунистік партиясымен тікелей байланысты.
Ал Вьетнамдағы парламент, яғни Ұлттық ассамблеяның төрағасы Нгуен Шинь Хунгпен кездесуде Елбасы парламентаралық өзара іс-қимыл мемлекетаралық байланыстарды дамытуда негізгі рөл атқаратынын мәлімдеді.
– Делегациялар алмасу және парламентаралық ынтымақтастық тобын құру Қазақстан Парламенті мен Вьетнам Ұлттық ассамблеясы арасындағы байланыстарды тереңдетуге қызмет етеді, – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы сапар соңында ақжарқын, достық рәуіштегі қабылдауға ризашылығын білдіре отырып, Вьетнам елінің басшысы Чыонг Тан Шангты елімізге келіп қайтуға шақырды. Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шанг шақыруды ризашылықпен қабыл алды.

Сұлтан Қадырбек

скачать работу


 Другие рефераты
Политический портрет Кагановича
Основы психологии
Ислам
Разрешение земельных споров


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ