Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер



 Другие рефераты
ТӘУЕЛСІЗДІК БӘЙТЕРЕК Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында Қазақстанның ежелгі қалалары

Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.

Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес. Алтын Орданың этникалық негізін құрайтын орта ғасырдағы қыпшақтар, бұрынғы Киевтік Русьтың феодалды-шашыраған аумағындағы салықпен қамтылған халқының санын есепке алуды жүргізген.1456-1465 жылдарда Керей , Жәнібек сұлтандарымен Қазақ хандығы құрыла бастаған кезеңінде, олардың қол астына жиналған халық саны 200 мың адамға жетті. Замандастар анықтамасы бойынша қуатты қазақ хандарының бірі Қасым ханның құзырындағы халық саны миллион адамға жеткен.

Алайда, қазіргі Қазақстанның аумағында біршама жүйелі түрде және орталықтандырылған статистикалық қызметтің туындауы қоғамдық құбылыстардың сандық жағын есепке алу әрекеттері, сонымен қатар халықты мерзімді есепке алу, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне тиесілі.

Ресейде І Петрдің 1718 жылғы жарлығымен әр бір адамды санаққа алуға бастама қойылды. Соған байланысты ХVІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында халық туралы мәліметтер ревизия өткізу кезінде жиналған, яғни үкіметтің тағайындауы елдің халық санына кіретін шаруаларды, қолөнерлерді , саудагерлерді, мезгіл-мезгіл есепке алуды жүргізу кезінде жиналды. Мұндай ревизиялар Ресей тарихында 10 рет 1719, 1744-45, 1763, 1782, 1795, 1811, 1815, 1833, 1850 және 1857 жылдары өткізілді. Сонымен қатар әрбір ревизия бір-екі жылға созылды, ауыл көсемдерімен «ревизиялық ертегі»  (Ресей империясы тұрғындарының атаулық тізімдері) помещиктермен немесе мемлекет шаруаларын басқарушылармен толтырылған, ал қалаларда – қалалық басқарма өкілдері толтырған. Әрине, мұндай жанбасылық санақ, әсіресе өткен кезеңдердегі, Қазақстанның белгілі бір аумағындағы  халықтың кейбір бөлігін қамтыған. ХІХ ғасырдың  60 жылдарынан бастап, яғни басыбайлық құқықтың жойылуы кезеңінен бастап, мұндай есепке алулар тоқтатылды; оның орнына ірі, кей жерде  шағын қалаларда, жергілікті халық санағы өткізіле бастады. Мұндай қалалық халық санағы 1873 жылы Астрахань губерниясында, ал 1877 жылы қазақтардың айтарлықтай бөлігі тұратын Ақмола облысында өткізілді.

Кейбір халық туралы статистикалық мәліметтер және мал саны аймақ бойынша қайта-қайта есепке алу жолымен жиналған. Мұны негізінен Ресейдің саяхатшы шенеуніктері жүргізген. Бірақ бұндай жолмен есептеу кезінде бірыңғай әдіснама ескерілмей, жалпы бағдарлама және оның өткізілу уақыты сақталған жоқ. Халық көбіне өздерін, туылған ер балаларының және нақты мал санын  жасыруға тырысқан. Оның себебі халық патшалық үкіметтің бұл мәліметтерді халықтан қалайда болса көбірек салық жинау үшін қолданатындығын түсінген.

Соған қарамастан, Ресей империясының бірыңғай мемлекеттік статистикасының принциптері Қазақстан аумақтарына да ене бастады, алдағы уақытта олар ХІХ ғасырдың 60 жылдары соңындағы Патшалық Ресей тарапынан Қазақстанды басқарудағы әкімшілік реформаларын жүргізгіліп, аумақта арнайы статистикалық органдар және жергілікті қызмет көрсету органдары құрылғаннан соң түпкілікті бекітілді.

ХІХ ғасырдың аяғында Ресейдің  ғалым статистиктері қазіргі Қазақстан аймақтары және онымен шектесіп жатқан кейбір аудандарда басым бөлігі қазақтардан тұратын територриялардағы қазақ халқының санына келесі бағалау (есебін) берді.

 

1830 -1870 жылдары Қазақстан халқының динамикасы (млн. адам)

 

Жылдар

Барлық халық саны

Қазақтардың саны

1830

1,5

1,3

1850

1,7

1,5

1870

3,6

2,4

 

Ресей империясында алғашқы және бірегей жалпы халық санағы  1897 жылдың ақпан айында (28 ақпан айының жаңа үлгісімен) жүргізілген. Оның негізіне сол кездегі ғылыми негіздері алынған, ал бағдарлама ұйымдастырушылық негізіне атақты ғалым әрі саяхатшы Семенов Тянь-Шаньскийдің жоспары алынған. Санақ бүкіл ел бойынша арнайы дайындалған бір бағдарлама және жалпы нұсқаулық бойынша дайындалып жүргізілген, және де жеке, тұрақты және заңды (тіркелген) жұртшылықты  сол бір мерзімде (1897жыл 9 ақпан) есепке алған. Ол бағдарламаның негізі 14 сұрақтан құралған; жасы, жынысы, некелік жағдайы, адамдардың қоғамдық тобы, туылған жері, тіркелу орны, тұрақты (күнделікті) тұрғын орны, діні, ана тілі, білім деңгейі, шұғылданатын ісі, физикалық жетіспеушіліктер мен ойлау қабілеті төмен адамдар.

Санақ бір күндік санақ принципі бойынша жүргізілген. Санақ парақтары ауылдық жерлерде санаққа дейін 20-30 күнде таратылып толтырылған, қалалық жерлерде жалпы санаққа қойылған мерзімге дейін 5-10 күн қалғанда толтырылған. Санақ парақтары жалпы санақтың басталуына дейін ауылдық жерлерде 20 күн, қалалық жерлерде 10 күнде толтырылған. Содан соң 9-10 ақпанда қалалық жерлерде, 9-12 ақпанда ауылдық жерлерде тіркеушілер санақ парақтарын жинап оларға түзетулер енгізген. Санақ мәліметтері, жалпы айтқанда жақсы жасалып 100 том болып шыққан. Томдардың біраз бөлігі Қазақстан халқына арналған.

Бұл санақ жұртшылықтың барын, тұрақты және заңды бөлігін қамтыған. Кейінірақ санақ парақтары тексеруден өткізіліп, түзетулер енгізілген. Н.В. Алексеенко, Г.К. Кронград және Ф.Н. Базановыйдың деректері бойынша, Ресей империясының 1897 жылғы жалпы халық санағының негіздерінен құралған, Қазақстан территориясында ең ірі үш этникалық топтар шоғырланған; қазақтар жұртшылықтың 74-78%, орыстар — 10-13% және украйндар 1-2% құраған (үлес салмақ көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орыстар мен қазақтардың Қазақстан бойынша бірдей әкімшілік бірліктерімен қамтылмағандығымен түсіндіріледі).

Қазақстан халқына 1897 жылдың 9 ақпанына

 

Ұлты

Қазақтар

Орыстар

Өзге де ұлттар

Барлығы:

Халық,

 мың. адам

3392,8

454,4

300,6

4147,8

%-бен барлығына

81,8

11,0

7,2

100

 

1897 жылдың бірінші жалпылама санақ мәліметтері мен жұмыс жасаудың қиындығы мынада болды; Ақмола облысының құрамынан Омбы уезі мен Омбы қаласын алу керек, Орал облысына Букеев ордасы кірді, Семей облысының құрамына Павлодар уезі, Сырдария облысынан Бішпек және Пржевальский уездін алу керек, Маңғышлақ уезіне Закаспийский облысы қосылған, Торғай облысы Қостанай және Ақтөбе уездерімен бірге алынуы керек еді. 1897 жылғы санақ этникалық, лингивистикалық жұртшылық санағы, бұл дегеніміз санақ негізіне тіл индентификациясы енгізілген. Украйндар, белорустар, еврейлер, мордвалардың бөлігі ана тілін орыс тілі деп (санақ мәліметтерінде «великорусский»), қырғыздар, татарлар, өзбектердің бөлігі ана тілін қазақ тілі деп (санақ мәліметтерінде «киргизский» немесе «киргиз-кайсацкий») көрсеткен.

1897 жылғы Ресей империясында жүргізілген санақ мәліметтері бойынша қазақ халқының саны 3745 мың. адам, ал Қазақстан шекарасында 1927 жылға 3392 мың. адам болды. Демогорф М.Б. Тәтімовтың ойынша 1897 жылғы санақ кезіндегі қазақ халқының саны 10%-ға,

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Милтон Фридмен
Исследования поверхности Луны
Влияние физических и химических факторов на основность алкиламинов
Халықаралық несие


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ