Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тілді қорғау – елдің бірлігін қолдау



 Другие рефераты
Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу Газет материалдарын ұйымдастыру және жоспарлау Тіл мәртебесі ұлықталды Қазақстан халқының барлығы мемлекеттік тілде сөйлеуі керек, мен солардың бірі ғанамын дейді қазақ тілін жетік меңгерген молдаван қызы Алла Платонова

(Алматыда «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясы өтті)

Жуырда Алматы қалалық әкімшілігінің арнайы рұқсатымен ана тіліне жанашыр азаматтардың бас­тамасымен мемлекеттік тілді қолдау мақсатында митинг өткізілді. «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына еліміздегі тіл жанашырлары, ұлт зиялылары, партия, қоғамдық ұйым мүшелері мен қала тұрғындары, жастар қатысты. Жиында мемлекеттік тіл аясында қордаланып қалған қадау-қадау мәселелер көтерілді. Бұл шараға Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Тұрсынбек Кәкішев, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Асылы Осман, Қазыбек Иса сынды қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар келіп, мемлекеттік тіл төңірегіндегі ой-пікірлерін ортаға салды.

Аталмыш шарада алғашқы болып сөз алған «Мемлекеттік тіл» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ақын Мұхтар Шаханов өзінің бірқатар ұсыныстарын жеткізді. «Ата Заңымызда «мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп жазылған. Сонымен қатар «орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деген тіркес те бар. Осы тіркестің енгізілгені дұрыс болмады. Орыс тілінің этносаралық, халықаралық тіл екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бірақ орыстілді ағайындарымыз бен орыстілді БАҚ «бұлар орыс халқына, орыс тіліне, орыс тілінің салтанат құруына қарсы шығып жатыр» деп байбалам салуда. Бұл – дұрыс емес. Өкінішке қарай, еліміздегі шалақазақтар ана тілін үйренуге құлықсыз. Зиялылар мен биліктегілердің көбі баласын, немересін қазақ балабақшасына, қазақ мектебіне бермей келеді. Осы себепті біз ұлтымыздың тілін сақтауға жанталасып жатырмыз. «Қазақ тілін қолдау қазақтың ғана емес, Қазақстандағы өзге ұлттардың да міндеті. Өйткені мемлекеттік тіл – біреу» деп ана тіліміздің аясындағы түйткілді мәселелер төңірегінде ойын білдірді.
Бұдан кейін жиында сөз алған филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев ХХ ғасырдың 20 жылдары Сәкен Сейфуллиннің өзі қазақ тіліне қатысты 9 мақала жариялап, ана тіліміздің беделін көтеру жолында күрескенін тілге тиек етті. «Осы уақытқа дейін қазақ тілінің мәртебесін өсіру жөнінде айтылып та, жазылып та келеді. Бірақ еститін құлақ, орындайтын ынта жоқ», – деп Т.Кәкішев өз ренішін де білдірді. Ал Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов егемендік алып, елдігімізге қол жеткізгенімізге 20 жыл болғанын, енді Конституциядағы орыс тіліне қатысты тармақты алып тастауға да болатындығын жеткізді. Белгілі жазушы Смағұл Елубай да мемлекеттік тіл турасындағы ойын: «20 жылдың ішінде орыс ағайындарымыздың ішінде 20 ауыз қазақша үйренбегендері де бар. Өйткені Ата Заңда «қазақ тілі мен орыс тілі – тең» деген сөйлем бар. Орыстілді бауырларымыз да қазақ тілін үйренуге ықылас танытпады. Ал біздің бір ғана тілегіміз бар, бір болайық, орыстанған қазақтар екі тілді білсін, Қазақстанның барша халқы мемлекеттік тіл төңірегінде ұйыссын. Міне, осылайша, бүкіл халық қазақ тілін үйренсе, Қазақстан біртұтас болады», – деді.
Қазақ тіліне жанашырлық танытып, өз үнін қосып, қай ортада болсын қазақтың тілін, ділін әспеттеп жүрген Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Асылы Осман да осы ортадан табылды. Қазақ болмаса да, қазақтың тілін ана тіліндей қастерлейтін осы азаматшаның ойы да халықтың көңілінен шықты. «Қазақ – мемлекет құрушы ұлт. Қазақты қазақ етіп отырған – тілі. Қазақ өзгені төріне шығарды. Одан қазақ кем болмады, болмайды да. Бірақ Конституцияның 7-бабының 1-тармағын ту ете отырып, қазақ тіліне басымдық беру қажет», – деп қазақ халқына деген шын ықыласын білдіріп, қазақ тіліне жанашырлығын тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Жазушы, драматург Дулат Исабеков: «Тіл мәселесі төңірегіндегі проблема өзге елдерде жоқ. Мәселен, өзбек халқы әлдеқашан ұлт болып қалыптасты. Енді өзбектің мұртын балта шаппайды. Ал бізде қалай? Өткенде немересін жетектеп бара жатқан бір қарияны көрдім. Немересі қазақша сауал қойса, атасы оған орысша жауап қайтаруда. Бұл – ескі құлдық сананың сарқыншағы. Үйде қазақша сөйлемей, бала ешқашан түзде қазақша сөйлеп, қазақ болмайды», – деп бүгінгі қоғамдағы қазақ тілінің бүгінгі ахуалын айтып өтті. Мінберден сөз алған өзге де ұлт зиялылары тіл төңірегіндегі жанайқайларын жеткізді. Ұлт болып ұйысу үшін ана тіліміздің көсегесін көгерту қажет екеніне баса назар аударды.
Аталмыш «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына еліміздің өзге аймақтарынан тіл жанашырлары мен өзге ұлт өкілдері де келді. Солардың бірі – Семей өңірінен осы жиынға арнайы келген 85 жастағы зейнеткер ана Дәметкен Нұрғалиева қауым алдында қазақстандық аналар атынан ана тілінің мәртебесін көтеру қажеттігі турасында айта келіп «қазақ бола тұра, қазақ тілінде сөйлемесек, мемлекетімізге сын» деген пікірін ортаға салды. Ал Ұйғыр мәдени орталығының мүшесі Алимжан Тілепалды болса: «Біз қазақ халқымен, мемлекеттік тілмен біргеміз. Бұл тіл – ұлы Абайдың, дана Мұхтар Әуезовтің, Мағжанның тілі. Сол себепті біз мемлекеттік тілді достығымыздың, бірлігіміздің кілті деп санаймыз», – деп бауырлас ағайындардың мемлекеттік тіл турасындағы ойын, шынайы лебізін жеткізді.
Бұл жиында ана тіліміз төңірегінде көптеген ұсыныстар айтылып, мәселелер көтерілді. Бұдан кейін «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясына қатысушылар мәлімдеме қабылдады. Онда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк тiл саясаты мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасына «2012 жылдан бастап бiрте-бiрте мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiл пайдаланылып, iсқағаздары қазақ тiлiнде жүргiзiлсiн» деген норманың қосылуы туралы, ҚР Конституциясының 7-бабының екiншi тармағындағы орыс тіліне байланысты тіркестің орнына «орыс тiлi – этносаралық, халықаралық тiл» деп жазу жөнінде, «Мемлекеттiк тiл агенттiгiн» құру мәселесі турасындағы ұсыныстарымен қатар Қазақстанның кейбiр саяси күштерi мен қоғамдық ұйымдарының қатыстырылуымен жасалып жатқан Мемлекеттiк тiл туралы заң жобасы 2012 жылға дейiн қабылдануын талап ететіндерін де айтып өткен. Сонымен қатар еліміздің жер-жеріндегі орысша, ағылшынша, тiптi басқа тiлдерде көрiнiс тапқан қате әрі сауатсыз жазылған жарнамалар мәселесін реттеу үшін «Тiл инспекциясын» құру, әрбiр мектеп бiтiрушi түлектің мемлекеттiк тiлден тапсырған тест көрсеткіші Ұлттық бiрыңғай тест нәтижесiнде ескерiлуi тиiстігі туралы, республика көлемiндегi мемлекеттiк iс-шаралардың барлығын дерлік мемлекеттiк тiлде жүргiзу, мемлекеттік тілді меңгермегендерді мемлекеттік қызметке қабылдамау жөнінде ұсыныстар айтылған.
Міне, осындай бірқатар ұсыныстар енгізілген мәлімдемеге бірауыздан келісім берген қауым, бұл құжатты билік орындарына жолдады. Егер бұл ұсыныстар аяқасты қалып жатса, ұлтжанды азаматтар тіл үшін күресін әрмен қарай жалғастыратын айтып тарқасты.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

скачать работу


 Другие рефераты
Европейская культура
Бизнес-план на базе сетевого маркетинга ООО Косметик Люкс
Денежная система РФ
Методологическая функция философии в научном познании


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ