Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан халқының барлығы мемлекеттік тілде сөйлеуі керек, мен солардың бірі ғанамын дейді қазақ тілін жетік меңгерген молдаван қызы Алла Платонова



 Другие рефераты
Тілді қорғау – елдің бірлігін қолдау Тіл мәртебесі ұлықталды Психологияның даму тарихы Баланың психикалық жетілуі

«Тәуелсіздік не берді» деген сұрақ қа­зір жиі қойылады. Тәуелсіздік ал­дымен өз жерінде өгей баладай есіктен қарап қалған қазақ тілін төрге оздырды. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды. Тәуелсіздік тұстастарының бүгінде мемлекеттік тілде білім алып, мемлекеттік тілді ана тілім деп есептеуі де еліміздің ұлы бостандығының жемісі. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің үшінші курс студенті Алла Платонова мемлекеттік тіл жөнінде өткен облыстық, республикалық талай сайыстардың жүлдегері. Ол қазақстандықтардың барлығы мемлекеттік тілді білуі керек есептейді.

– Алла, облыстық телеарнада тележүргізуші болып жүргеніңді байқағандар сенің қазақ тілін жетік меңгергеніңе сүйсініп отыратыны рас. Қазақ ауылында өстің бе?

– Құдай-ау, тілді қалай жетік меңгермейін, қазақ мектебін бітірген жоқпын ба?! Амангелді ауданы мен Арқалық қаласы ортасында жатқан Тасты деген ауылда өстім. Ол Амангелді ауданына қарайды. Бірақ менің бала кезімде бұл таза қазақ ауылы болған жоқ. Онда түрлі ұлт өкілдері аралас тұратын, соған қарай ауылда аралас мектеп болатын. Рас, кейінгі жылдары алдымен орыстар үдере көшті, сосын қазақтар да қалаға кетті. Қазір ауылымыз шағын ғана елді мекен болып қалды.

– Сені қазақ мектебіне берген ата-анаң да қазақ тілін меңгерген бе? Ол кісілердің мамандығы қандай?

– Менің қазақ мектебіне баруыма ата-анамның қатысы аз. Менімен тілдескендердің барлығы да ата-анасы мұғалім шығар деп ойлайды. Әкем Сергей ауылдағы «Табыс» шаруа қожалығында дәнекерлеуші, анам Екатерина дүкенші болып істейді. Мал ұстап, соның табысымен күн көріп отырған жандар. Олар мені о баста қалада оқытқылары келіпті. Өйткені, 90-шы жылдары ауылдың жағдайының қалай болғаны көпшілікке белгілі ғой. Барлығы да қолайлы орын тапса, көшіп жатты. Кім білсін, менің ата-анамда да сондай ой болған шығар. Мен Тасты мектебіндегі орысша дайындық сыныбына бардым. Оны бітірген соң ары қарай орыс сыныбына баруым керек қой. Алайда, мен жылап отырып алыппын, қазақ сыныбына барамын деп. Сонымен ата-анам баласының көңілін қайтармай, қазақ сыныбына жетелеп барыпты. Алайда, мен бала болсам да, анамның ескертуі әлі күнге дейін жадымда. «Аллочка, ертең сенің сабағыңа кім көмектеседі? Мен де, папаң да, ағаң да қазақша білмейміз. Өзің қалай оқисың?» деген еді. Баламын ғой, бетімнен қайтпай, өзім оқитынымды айттым. Әкем мен шешем екеуі ара-тұра молдаван тілінде сөйлескені болмаса, негізінен орысша араласамыз, отбасымыздағы балалардың тілі орысша шыққан. Шынында, оқуыма ата-анам көмектескен емес, мен шашым жалбырап, қол­тығыма кітабымды қысып, көршілердің үйінде жүреді екенмін. Менің бағыма қарай, жақын тұратын орыс көршілеріміз көшіп кетті де, олардың үйіне қазақтар келді. Мектеп қасиетті орын емес пе, көп ұзамай қазақ тілінде өзге балалар сияқты сайрап кеттім. Бастауыш сыныптарда, құдай-ау, отыздан аса бала оқыдық. Кейін жоғары сыныптарда азайды. Алғашқы ұстазым Сақыпжамал апай Жұмабаева: «Алла, сен үй тапсырмасын жаттап алатынсың, сабақ сұрағанда үндемей қалмайтын едің, қате болсын, дұрыс болсын жауап беретінсің. Талабың ерекше болды» деп айтып отырады. Мен қазақ мектебінде оқығандықтан ба, әлде ауылды қимады ма, қызын қалада оқытуды армандаған ата-анам әлі Тастыда тұрады.

– Ауылың қазір қалай?

– Мал мен астық бар жер жаман болмайды ғой. Біраз ауылдастарымның көшіп кеткенін айттым. Олардан қалған бұзылған үйлердің қабырғасын көргенде жүрегім ауырады, әрине. Бірақ өзім өскен жер, туған жер болған соң, бүйрегім бұрып тұрады. Тасты ауылы ойда орналасқан. Мен үшін Торғай даласының кеңдігіне, сұлулығына жетер нәрсе аз. Жазғы демалыста барған сайын ауылдың топырағын жалаңаяқ басамын. Тастының топырағы ерекше ыстық, жанымды баурайды.

Ауылдың ауасының да, суының да, шық түсіп тұратын шөбінің де тазасын айтсаңызшы! Ауылдың айналасынан бірінші, екінші, үшінші деп ауылдастар нөмірлеп қойған Торғай өзенінің салалары ағады. Шағын өзендер ғой. Солардың жағасына барып отырғанның өзі қандай керемет. Жазда мал судың жағасында иіріліп жатады. Жап-жазық далада құлындары шапқылап, жылқылар жайылып жүреді, күн ыстықта олар да суатқа келіп шыбындап тұрады. Сол көрініс қалада жүрсем де көз алдымнан кетпейді. Таңертең мал маңырап, құстар шулап, ит үріп, кішкентай ауыл азан-қазан болып оянады. Көршілер малды өріске қосады, әйелдер гүмпілдетіп сиыр сауып жатады. Даладағы ошаққа пісіретін сүттің иісін айтсаңшы! Несін айтасыз, ауылды сағынып кеттім! Өзім де оқыймын деп көптен бері бара алмай жүр едім, сағынышымды тіпті қоздатып жібердіңіз ғой!..(Алланың жүзі қызылшырайланып, сықылықтап күліп алды).

– Тілдің нәрін ауылдан, білімнің дәнін мектептен алдым десеңші, Алла.

– Дәл солай! Оған тәрбиені қосыңыз! Мектепте жақсы оқыдым, жақсы бітірдім. Грантпен Арқалық педагогика институтының шет тілдер факультетіне түстім. Мен мектепте жүргенде өте белсенді болдым. Бастауыш сыныпта оқитын кезімде Наурыз мерекесінде Сақыпжамал апайым мені «Ана» деген әнмен сахнаға алып шықты.Үстімде ақ көйлек, аяғымда ақ туфли, шашыма таққан қызыл бантикпен сахнада тұрып, қазақша ән айтқаным, ауылдастардың барлығы дүрсілдете қол шапалақтағаны есімде. Осы жолы сахнаға шығуым мені қанаттандырып жіберді білем. Мектепте өтіп жататын шаралардың барлығының ортасында мен жүретін едім. Бала емеспін бе, ылғи сахнаға шыққым, ән айтқым келіп тұратын. Амангелді ауданында жыл сайын «Атамекен» деген ауыл фестивалі өтіп тұрады. Ауылдар сонда өзара жарысады.Сол фестивальден қалған кезім жоқ шығар. Тастының намысын қолдан берген жоқпыз. Оған жыл сайын костюм тіктіреміз. Ұстаздарым мен ата-анама бұл ғұмырымда алғысым шексіз. Мектепте ұстаздарым жетелемесе, үйде әке-шешем дұрыс тәрбие бермесе мен не болар едім? Қазір үйде осы күнге дейін түрлі байқаулардан, фестивальдерден алған мақтау қағаздарым, дипломдарым жиналып тұр. Құдай-ау, саны қырық шақты болады.

– Жастар арасындағы, соның ішінде мемлекеттік тіл жөніндегі облыстық, республикалық байқауларға қатысып, өз ауданың мен облыстың мақ­танышына айналып жүрсің. Өзің үшін солардың қайсысының ерекшелігі болды?

– Мен 2009 жылы облыстық «Қыз сынына» қатысып, бас жүлдені алып кеткенмін. Осы табысым көңіліме қонады. Себебі, мен осы байқауда қазақ тілімен қатар, қазақ дәстүр-салтын қаншалықты білетінімді, оны шынайы меңгергенімді дәлелдедім деп есептеймін. Мен өзімді халықтық дәстүрде тәрбиеленген қызбын деп білемін. Мен негізі мектеп қабырғасынан бастап сондай белсенді оқушы болдым дедім ғой. Осы әдет өскен сайын менің өмірімнің мәніне айналып бара жатыр. Қазір бала кездегідей әсіреқызыл қызығушылықпен емес, әр байқауға тыңғылықты дайындалып барамын. Қарап отырсам, тіл жөніндегі облыстық, аудандық байқаулардың барлығынан тек бас жүлделерді алған екенмін. Ал 2009 жылы қазақ тілін жетік білетіндердің «Тіл-халық жанын танудың кілті», биыл өткен «Мемлекеттік тілді білу – парыз» атты республикалық байқаулардан екінші және үшінші орынды иелендім. Бір жағынан менің мүмкіндігім бұл орындардан жоғары еді, мен өзіме сенімді едім. Соңғы байқауда Сүгірдің термесін, Ләззаттың анасының жоқтауын образға кіріп орындадым, домбыра тартып бердім және ең бастысы өзім жазған монологымды оқыдым. Бірақ ешкімге өкпем жоқ, сонша адамның ішінде осы орындарға жеткеніме де шүкірлік етемін.

– Монологың мемлекеттік тілге қатысты ма еді?

– Оқып берейін бе?

– Иә, оқып берші.

– Қысқартып оқып берейін. Бірде бір кісі білімі күшті болсын деп, баласын қалаға апарып оқуға беріпті. Каникулға келгенде әкесі баласына: «Ұлым, сен өскеннен кейін үйленесің. Сонда аталарымыздың «Табағын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» деген сөзі есіңде болсын» депті. «Папа, не айтып отырсың, я не понял» депті ұлы. Әкесі әрі-бері айтқанмен, ұлы түсінбейді. Содан әкесі: «Смотри мамашу и кушай кашу» деп орысшалауға мәжбүр болыпты. Содан тамақты таңдап ішіп, ілмиіп жүретін баласына әкесі: «Ұлым, шешеңнің асқан етінен жесейші, сорпа іш. Аталарымыздың асы ғой. Сол аталарымыз: «ет – етке, сорпа – бетке» деп айтып кеткен» деп өсиет айтады. Сонда ұлы тағы да әкесінің бетіне түсінбей аң-таң болып қарапты. Әкесі күйіп-пісіп: «Сен түсінбедің бе? «Мясо – в кожу, сорпа – в рожу» деген» деп орысшалапты. Міне, осыдан кейін барып, әкесі өз қателігін түсініп; «Ойбай, бұлай ұятқа батқанша, ұлым, сені ауылға апарып, биыл қазақ мектебіне берейін» деп бір-ақ кесіпті. Сіздерге айтарым: өз тілімізді ұмытқанымыз – ұлтымызды құртқанымыз деп біліңіздер. Ана тілін сақтау ұрпақ алдындағы парыз екенін ұмытпаңыздар! – деп қорытқан едім монологымда.

– Әу баста Арқалық педагогика институтына оқуға түскеніңмен, қазір А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің үшінші курсында оқисың. Неге бұлай шештің?

– Мен бала кезімнен журналист болуды армандаған едім. Арқалық педагогика институтының шет тілдер факультетінен де тапқан зияным жоқ. Онда ағылшын тілін біраз меңгердім, қазір еркін оқып, жауап қайтара алатындай шамам, яғни бір қағарым бар. Өзімнің тілегім бойынша Қостанай университетінің журналистика бөлімшесіне ауыстым. Қазір осында үздік оқимын. Әр адам өзінің жүрек қалауымен жұмыс істеуі керек қой. Мен қазақ тілінде оқыдым, енді қазақ тілінде жазатын журналист болғым келді. Мені қолдаған ректор Асқар Наметовке, факультет деканы Айдар Айтмұхамбетовке, кураторым Гүлшат Марқабаеваға, басқа да ұстаздарыма ризамын.

– Алла, қазақ тілінде білім алу қиын ба? Неге өзге жастар, оның ішінде қазақ жастары мемлекеттік тілде сөйлеуге, білім алуға салқындық танытады?

– Бұл пікірді жалпы жастарға таңудың қаншалықты дұрыс екенін айта ал

12
скачать работу


 Другие рефераты
Творчество Джузеппе Тартини
Моя школа
Культура Древней Руси
Педагогический инструмент социального педагога по работе с подростками


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ