Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Көркем тілді адамтану парадигмасы тұрғысынан зерттеу



 Другие рефераты
Қазақ тілі жайында бірер сөз немесе Қазақ тілі туралы ой толғау Білiм беру және тiл оқыту салаларында тiлдiк даму Газет материалдарын ұйымдастыру және жоспарлау Тілді қорғау – елдің бірлігін қолдау

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ өлеңі әлеміндегі көркем ой философиясын бағындырған қайталанбас тілдік тұлға Жұмекен Нәжімеденов өлеңдерінің тілі «ауырлығымен» байланысты күрделі, кешенді жүйе ретінде тілтанымдық адамтану (антрополингвистика) аспектісінен зерттеуді қажет етеді. Өйткені жұмекентану алдындағы Жұмекеннің «тереңіне жетпеу» мәселесі оның «күрделі» болмысына сай туындады. Және әлі күнге өз шешімін таппай отыр.
Ақын өлеңдерінің идеялық мазмұны мен тақырыптық, жанрлық-бейнелік ерекшеліктеріне әдебиеттанушы ғалымдар арнайы зерттеу арнамағанымен, кезінде ол туралы Ғ.Қайырбеков, Ә.Кекілбаев, Қ.Мырза әлі, т.б. сынды ақын-жазушылардың таным-таразысынан өткен пікірлері бар. Өкінішке қарай, өзектілігін жоймаса да, ғылыми еңбектердің (монография) ұстын-ұстанымы бола қойған жоқ. Сондықтан Жұмекеннің «тереңіне жету» кешеуілдеп келеді.
Ақынның «жұмбақ» атанып, жұмекентану саласының қалыптаспауының бір себебі – осыған дейін мәселе тек ақынның «қиынырақ қиысқан» өлеңінен ізделініп келді. Ол ақынның оқырман-адресат адресіне арнаған «өкпесін» («түсінетін құлақ – қыңыр, көз – надан») көрсетті де, біржақты бағаланды.

Ал, ол кездегі қоғамның рухани сұранысы, талабы назардан тыс қалды. Оны ескерудің қажеттілігі зор. Өйткені Жұмекенге қоғамының да «өкпелеп», түсінбегені белгілі. Оны ақын көре білген: «Күн сүймесе қайтейін, көнем мейлі».
Сайып келгенде, мұның бәрі ақынның ақындық ұстанымынан туындап отыр. Ал, Жұмекеннің ақындық позициясын толық түсіну үшін, ақынды қоғамымен қатар танылу тиіс. Жұмекен шығармашылы туралы сөздің толық болмауы, міне, ақынның «ауыр» болмысынан өзге мәселе қырларын көрмеу себебінен.
Осы олқылықты ақынның тілінен ғана емес, тілдік емес мәнділіктерден (экстралингвистика) де іздеп, ғылыми пікір білдіру – қазақ руханияты мен мәдениетінің мүддесі. Жұмыс осы бағытта орындалып отырғандықтан, бұл жұмыс тақырыбының соны әрі өзектілігін көрсетеді.
Ендеше, қазіргі тілтанымдық адамтану (антрополингвистика) бағытына сәйкес ұлттық санасы жоғары, ұлттың рухани мұрасын меңгеріп, ұлттық әдебиетті жаңа сапаға көтеруге өзіндік үлес қосқан Жұмекеннің тілін ұлттық құндылық ретінде зерттеу – ұлттық болмыс пен халықтың дүниетанымын танытуға қатысты көкейтесті мәселе.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – Жұмекеннің «жұмбағын», ерекше сөз өнерінің иесі ретінде қалыптасуын негіздеген тәрбиелік-танымдық тегі, рухани-әлеуметтік ортасы мен қоғамы арқылы ашылатын көркем тілін талдаулар негізінде дәйектеу. Аталған мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- тілтанымдық адамтану парадигмасы бойынша ақынның тілі арқылы танымын тануға мүмкіндік беретін әрі қазақ көркемсөзінің зерттелуін сипаттайтын теориялық, әдістемелік тұжырымдарды қарастыру;
- тілтанымдық адамтану өлшемі тұрғысынан ақынның сөз қолданыстық ерекшелігін көрсету;
- ақын және оқырман қатынасының интерпретациясын ұсыну;
- Жұмекеннің тілі негізінде ол өмір сүрген қоғамдық-әлеуметтік жағдай, оған ақынның қатынас-көзқарасын, прагматикалық ұстанымын анықтау;
— ақын санасындағы таным негізін қалыптастырып, ақындық ұстанымын белгілеуге әсер еткен танымдық-тәрбиелік тегін танумен қоса, оның тілдік көріністерін дәйектеу;
- Жұмекеннің прагматикалық діттемін (позиция) түсінбей, тәуелсіздікке дейін «түсініксіз» деп келген оқырманының (ақын-жазушы, сыншылардың мақала, рецензия түрінде жарық көрген) еңбектерін саралау;
- ақын жұмбағын дәйектеп, өлеңдерінің «жасырын» (астар) мағынасын сипаттайтын, Жұмекендегі астарлаудың әдіс-тәсілдерін айғақтайтын тілдік бірліктерді көрсету;
- Жұмекен қолданысындағы тарихи-мәдени контекстен ақпарат беретін «ескі» сөздердің мәнін ашып, түптеп келгенде, мағыналық құны (вербалды-семантика) тұрғысынан талдау жасау;
- Жұмекендегі ұлттық ой, ұлттық дүние бейнесін бейнелейтін көріктеуіш құралдарының жасалуы мен мағыналық мазмұнына түсінік беру;
- ақынның прагматикалық деңгейін көрсететін, мақсат-мұраттары көрініс табатын, әсіресе кейіптеуге құрылған өлең-сөз астарында жатқан уәжділікті адамтанымдық тұрғыдан бағамдау.
Зерттеу нысаны. Ақын Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері тілінің мәдени-танымдық, прагматикалық сипаты.
Зерттеудің пәні. Көркем тілді зерттеудің адамтанымдық парадигмасы.
Зерттеудің дереккөздері ретінде Ж.Нәжімеденовтің әр жылдары жарық көрген жыр жинақтары: «Балауса» (1961), «Сыбызғы сыры» (1963), «Өз көзіммен» (1964), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мезгіл әуендері» (1968), «Ұлым, саған айтам» (таңдамалы – 1969), «Гүл туралы баллада» (1971), «Жетібояу» (1979), «Ашық аспан» (1982), «Қыран-қия» (1984) пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ж.Нәжімеденов өлеңдері тілінің тілтану ғылымындағы тілтанымдық адамтану парадигамасы тұрғысынан тұңғыш рет талданып, зерттелуі – ізденісіміздің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің осындай ғылыми жаңалығы төмендегідей нәтижелерге жетуге негіз болды:
- қазақ тіл біліміндегі қаламгер тілін зерттеген еңбектердің тұжырымдары негізінде, дәстүрлі-құрылымдық парадигма мен тілтанымдық адамтану парадигмаларын «бұрынғы», «жаңа» деп, бірінен-бірін ажыратпай, керісінше, бірін-бірі толықтыратын тұстары зерделенді;
- Жұмекеннің тілі ғана емес, тілі-ойының қозғаушы күштері – оқырман, ортасымен арасындағы қатынастың алғаш рет сөз болып, зерттелуі адамтану парадигмасының адамды тануға қызмет ететінін көрсетеді;
- Жұмекен танымында дүние бейнесінің қалыптасып, тілінің көркемдік жүйесіне ықпал еткен факторлар сараланып, аялық білімін көрсететін дүниелік білімі – сөзі арқылы айқындалды;
- Дүние бейнесін астарлап жеткізуге ақынның саналы түрде (прагматика) барғанын көрсететін әдіс-тәсілдері жіктеліп, ұлттың болмысынан ақпар беретін линвомәдени бірліктер мен теңеулерге мағыналық талдау жасалды;
- ақын танымының табиғатпен сабақтастығы тамыр, топырақ, жапырақ, маусым, жел, т.с.с. лексемалардың Жұмекен қолданысындағы көркемдік уәжі талданды;
- Жұмекенмен замандас қаламгерлердің сыни пікір, рецензия, мақалалары барысында айтқан қарама-қайшы көзқарастары алғаш рет сарапталып отыр.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында тіл ғылымының іргелі зерттеулері, соны бағыттары мен жаңалықтарының көрсеткіші ретінде қазақтың А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Р.Сыздық, Қ.Өмірәлиев, Е.Жанпейісов, Н.Уәли, А.Әділова, т.б. сынды ғалымдарының, шетелдік ғалымдардан В.А.Маслова, Ю.Н.Караулов, И.Гальперин, т.б. сынды ғалымдар еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері мен тәсілдері. Жұмекеннің туып-өскен ортасын тану үшін баяндау, сипаттау, тарихи-этнолингвистиалық әдіске сүйеніп, сөзін-дүниетанымын тану мақсатымен көркем сөзді мағыналық өрісте талдауда семантикалық әдіс пен концептуалдық, салыстыру, контекстік талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Ақын Ж.Нәжімеденовтің өлеңдерін тілдік тұрғыдан зерттеу барысында алынған нәтижелер, ұсынылған тұжырымдар қазақ тіл біліміндегі «тілдік тұлға», «дүние бейнесі» теориялары зерттелуін толықтыруға септігін тигізіп, прагмалингвистика, танымдық тіл білімі, мәтін лингвистикасы салаларының дамуына үлесін қосады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Белгілі бір тілдік тұлға шығармашылығын талдауға арналған арнайы курстар мен семинарларда, практикалық дәрістерде («Көркем мәтінді лингвистикалық талдау», «Мәтін лингвистикасы», «Қазақ тілінің стилистикасы», «Когнитивтік лингвистика», «Тіл мәдениеті», т.б.), Жұмекен тілінің сөздігін құрастыру ісіне пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- тілтанымдық адамтану тұрғысынан ақын тілін зерттеу оның тіл білімі мәселесі болып қана қоймай, қоғаммен байланысып, халық сусаған рухани сұранысты өтеуіне мүмкіндік береді;
- тұлға тілге «таңбасын» салса, тіл – тұтынушы тұлғаның атрибуты ғана емес, тұлғаның өзі. Сондықтан тіл-тұлға деген нақтырақ;
- «Жұмекен жұмбағы» деген анықтама оның шығармашылық мұрасын жоққа шығару емес, өз кезінде жұмекенді тану әдістемесінің қалыптаспауына байланысты оның күрделі болмысын интуитивті түрде бағалаудан туған түсінік;
- Ж.Нәжімеденов өлеңдеріндегі көріктеуіш құралдар, лингвомәдени бірліктер қолданысының (өзіндік) сипаты ұлттық-мәдени болмысымен ерекшеленіп, астарлау тәсілі арқылы берілген имплицитті мағыналар оның саналы мақсатын (прагматикасын) көрсетеді;
- сөз қолданыс, сөз таңдау, сөз құбылту сияқты көріктеу құралдарының өзіндік дәйектері құм, дала, Темірқазық, Қошалақ т.б. атаулардың прецеденттік сипатымен айқындалады.
Жұмыстың талқылануы мен жариялануы: Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен нәтижелері, сондай-ақ мазмұны бойынша «Тұғыры биік тұлға» атты халықаралық ғылыми-теориялық (Алматы, 2006), «Тіл және жаһандану: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық (Алматы, 2008), «Н.Оралбай және тіл білімі мен әдістеме ілімі» атты халықаралық ғылыми-практикалық (Алматы, 2008), «Рухани-ғылыми мұра» тақырыбындағы республикалық ғылыми-теориялық (Алматы, 2008), «Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршеңдігі» атты ғылыми-теориялық (Алматы, 2009), «Түркі тілдерінің грамматикасы: қазіргі ахуалы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық (Алматы, 2010) конференцияларында баяндалып, жарияланды. Сонымен қатар, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізі

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Политичекие системы современности. Демократия, авторитаризм, тоталитаризм
Электронные системы расчетов: розничные банковские услуги
Мифы и религия древнего Египта
Уточнение планов применения авиации будущей


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ