Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Түркістанның ислам әлеміндегі ерекше орны

мағының еншісіне тиген. Ислам тарихын, Ислам мәдениетін зерттеуде, ғылыми жүйеге салуда аталмыш жерлестеріміздің сіңірген еңбегі аса зор.
Орталық Азияда Исламият алғаш тарала бастаған VII-ғасырдың аяғы мен VIII-ғасырдан бастап “түрік” атауы тек Түрік Қағанатын орнатқан тайпаның есімі ретінде ғана емес, осы қағанаттың қарамағындағы басқа да түркітілді тайпалардың ортақ атауына айналды. Мәселен түргештер, қарлұқтар, басмылдар, шығылдар, оғыздар, қырғыздар, ойғырлар т.т. түгелдей түрік аталатын болды. Түркі тайпалары бірте-бірте хақ дін Исламды қабылдады, орталық билік орнатқан, алуан тайпалардың басын біріктірген мықты дәулеттер хасил болды. Исламият көшпелі түркі-мұңғұл тайпаларының отырықтануында елеулі рөл атқарды. Жұма күнгі ғибадаттың жұма мешіттерінде оқылуы, медреселер мен ханакалар, керуенсарайлар мен уақыфтар, күллийелер мен тәккелер, шифаханалар мен қолөнершілер махаллалары қалалық өмірдің көркеюіне атсалысты. Қарлұқ һәм Қарахан дәуірінде, әсіресе, Сыр бойында көптеген жаңа қалалар бой көтерді, мұсылмандықты қабылдаған оғыздар сауда шаһарларын жандандырды, сүйтіп ІХ-ХІІ ғасырларда елімізде қалалық мәдениет айтарлықтай дамыды. ХІІІ-ғасырдың бірінші ширегінде мәдениет ошақтарын жойған мұңғұл шапқыншылығына дейін жалпылағанда Орталық Азияда, жалқылап айтқанда еліміздің Оңтүстік шекарасы бойында Жібек жолы саудасы кемеліне жетіп, сол дәуірдің ең зәулім қалалары бой көтерді. Исламияттың бірлікті, ұйымшылдықты, берекешілдікті уағыздауының нәтижесінде бұрын қырық пышақ боп жүрген тайпалар Саманилер (819-1005) мен Қарахан мемлекеті (942-1211) кезінде бір билікке бағынды. Үшбұ бірігу процесі түркі тайпаларының етене араласуына, түрік тілінің бүгінгі ортақ формасының қалыптасуына, ортақ дәстүрлер мен әдеттердің пайда болуына қолайлы жағдай әзірледі. ХІІІ-ғасырдағы мұңғұл шапқыншылығы мәзкүр[19] барысты пышақпен кескендей етіп тұралатып тастады, оқу-білім деңгейінің төмендеуіне, тілдік һәм антроплогиялық бірліктің шайқалуына, қалалық мәдениеттің жойыла жаздап, көшпелі тірліктің қайта жайылуына себеп болды.
Исламияттан бұрын түркілер арасында әр түрлі дәрежеде таралған зороастризм (отқақұлдық), манихейзм, бұдда (бұрқан), христиандық (мәсіхшілдік) сенімдері мүжәссәм[20] тәңірлерді дәріптеуші еді. Исламият заттық (материалдық) тәңірлер ұғымының орнына, барлық әлемдерді жаратқан, теңдесі жоқ, тумаған һәм туылмаған, есіркеуші, күллі адамзаттың Раббы бір Аллаһ Тағалаға иман етуді (сенуді) насихаттады. Таухид деп аталатын осы негізгі сенім бұрыннан таптық-сыныптық парықтарға негізделіп қалыптасқан қоғамға үлкен өзгерістер әкелді. Біріншіден, қаған яки ел билеуші таптың мансұбтары[21] аспан тәңірінің ұлы, киелі кісі деген атақтарынан айырылып, Аллаһ Тағала алдында көпшілікпен (қара халық, қара бұдұн) тең дәрежелі болды. Екіншіден, ұрық қуалайтын артықшылықтар, үстемдіктер, әлеуметтік парықтар (ақсүйектік, қарасүйектік т.т.) жойылды. Үшіншіден, бұрынғы діндердің басты құрылымы боп саналатын рұһбандық[22] сыныпы[23] жойылды; үйткені, Исламиятта рұһбандық яки Аллаһ Тағала мен пендесі арасында делдалдық (дәнекерлік) жасайтын адамдар ұғымы жоқ. Әр пенде Жаратушысына құлшылығын жасап, мұң-мұхтажын арашасыз-ақ айта алады. Төртіншіден, ою-өрнектер мен суреттердегі, қабір тастарындағы тәңір, рұһбан, періште, хор қызы тасуирлері[24] тәдрижен[25] ғайып болып, олардың орнына мүжәррәд[26] заттар, гүл-шешектер, хұсни-хат[27] (каллиграфия) көбірек қолданылатын болды. Міне, қоғамның һәм жеке адамдардың (фәрд) өзін еркін сезінуіне, еркін оқып, білім алуына, әрқандай хүкімділіктен[28] аулақ болуына, ғылым, мәдениет көкжиектерінің айқара ашылуына керемет қолайлы жағдай жасаған хақ дін, адамдарды заттарға құл болудан құтқарды, фәрдтер арасында рухани теңдік пайда болдырды. Бұрын әртүрлі бұттарға, тәңірлерге, рәміздерге[29] кұл боп бар өмірін өткізгендер, енді кертартпа догмалар мен табұлардан құтылып, ырым-хұрафалардың құрсауынан азат болып ғылымның тұңғиықтарына сүңгуге мүмкіндік тапты. Ислам әлемінде, әсіресе, Түркістан елдерінде заманауи ғалымдарды тамсантатын даналар өсті, өнді. 870-жылы Йесенің түбіндегі Фарабта дүниеге келген Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби, дәл сол жылдары “Қасиетті Қала”[30] деп аталған еңбегін жазған-ды. Мәшһүр философ бұл еңбегінде “қасиетті қала” тұрғындарын екі топқа бөледі; Аллаһ Тағаланы, материалдан тыс болмысты, адамның мәңгі қуанышын ойлап, ақылын пайдаланатын таңдаулылар тобы және осыларды тек қиял арқалы ғана түсіне алатын көпшілік қауым.[31] Әл-Фараби “Қасиетті Қала” атты рисаласында қаланың басқарушысы ретінде Әз Мұхаммедті суреттейді, қала тұрғындары хақ нәбидің[32] жолына ұйыған адамдар ретінде суреттеледі.[33] Платонның қаласын философ, әл-Фарабидің қаласын болса Аллаһ Тағаланың елшісі басқарады.
Түркістан елдерінен Таяу Шығыстағы мұсылман өлкелеріне көшкен бабаларымыз өздерімен бірге көп нәрсені де ала барған. Құрылыс салуда тас пен мәрмәрден гөрі кірпішті пайдалану осының нағыз айғағы.[34] Мәселен, Мысырда мемлекет орнатқан Ахмед Тұлұнұлы (ІХ ғ.), Мұхаммед Тұғачұлы Ихшид (Х ғ.) секілді дәулет адамдары мен Бағдад түбіндегі Самарра қалашығын салған түркілер Түркістанға тән сәулет-құрылыс әдістерін паш еткен. Қаһирадағы Ахмед Тұлұнұлы мешіті кірпіштен салынған бірегей мешіт боп дараланады, Сұрия, Ирақ, Түркия секілді бауырлас елдерде кірпіштен салынған кесенелер, мешіттер мен медреселер, рибаттар көруге болады. Тіпті, Пәкістан мен Үндістанға осы стил Түркістаннан барған десек қателеспейміз. Мәселен, 1152 жылы салынған Мұлтандағы Шаһ Йұсұф Гердизи кесенесі, тағы да Мұлтанда 1320-1324 жылдары салынған Шаһ Рұкна Алам кесенесі кірпіш ісмерлігінің баға жетпес мұралары.[35] 1397-98 жылдары тәмам болған Ахмед Йесеуи кесенесі де тура сол үлгімен салынған алып кірпіш құрылыс.
Әбу Насыр әл-Фарабидің музыка саласында жасаған еңбектері өз алдына бір төбе, оның бәрін мұнда айтып жату артықшылық болар. Бірақ, көпшілікке онша мәлім емес екі тұлғаны айта кетелік; біріншіден, Расұлұллаһтың[36] немере ағасының Сұрайж деген түркі нәсілді қызметшісі бар еді. Осы Сұрайж иман етіп, мұсылмандықты алғаш қабылдаған түріктерден саналады.[37] Оның 634-643 жж. шамасында дүниеге келген ұлы Ибн Сұрайж (Сұрайжұлы) араб музыкасының негізін салушы сазгер-ғалым һәм “Ұд” деп аталатын аспапты тұңғыш пайдаланған күйші ретінде тарихта аталады. Исламияттың Пәкістан-Үндістан құрлығында таралуында үлкен рөл атқарған Әмір Хұсрау Деһлеуи (1253-1325) болса “Ситар” деп аталатын музыка аспабын тұңғыш жасап, пайдаланған сазгер. Хорасанда дүниеге келген Мәулана Жалаладдин (1207-1273) де бірнеше аспапты мәжлістерінде керектенген мәшһүр тұлға. Осының бәрі Түркістан елдерінен шар тарапқа тараған жерлестеріміздің Ислам елдерінде қаншалықты әсерлі болғанын байқатады.
Тілбілімі саласында да жерлестеріміздің алар орны ерекше. Түркістандық ғалымдар тек түркі тілдерін зерттеуде емес, сонымен қатар араб, парсы, ұрдұ тілдерінің зерттелуінде һәм қалыптасуында бек маңызды уәзифа[38] атқарған. Қашғарлық Махмұд (ХІ ғ.), Замахшарлық Омар (1075-1144), Деһлилік Әмір Хұсрау (1253-1325), Ұрымдық Мәулана Жалаладдин (1207-1273) аталмыш тілдердің қалыптасуында ерекше орынға ие. Мәселен, Мәулана Жалаладдин жазған "Мәснәуи" парсы тілінің классикалық туындыларына жатады һәм осы тілдің негізгі әдеби арнасын ұстаушы ұстындардың бірі. Әмір Хұсрау парсы тілінің ғана емес, сонымен қатар ұрдұшаның да майталманы. ХІ-ХІІІ ғасырларда түрік тілі Ислам әлеміндегі ең басты үш тілдің біріне айналды.

Исламияттың жайылуында Түркістанның рөлі және Ахмед Йесеуи

Исламияттың Түркия, Қырым, Балқан елдері, Шын-Машын мен Пәкістан-Үндістанда жайылуында Түркістандық дәруіштердің, мұттақилардың,[39] жарандардың атқарған қызметі телегей-теңіз. Аталмыш елдерге Түркістан-Хорасаннан арнайы тапсырмамен жіберілген мүршидтердің[40] уағыз-насихаттары арқалы діни ағарту ісі жүзеге асырылды. Өзінің туып өскен жерінен шалғайға сапар шеккен көптеген мүршидтер алыс-алыс елдерге барып, маңайына шәкірттер жинап, хақ дінді түсіндірумен шұғылданды. Бар өмірін осы жолда сарп еткен ірі тұлғалар өте көп. Олар бейбітшілікте білім беру, ағарту жұмыстарымен шұғылданып, жаугершілік (ғазауат) кезінде болса шәкірттерімен ең алдыңғы сапта жауға аттанған батырлар да бола білді. Олардың ерліктері аңызға айналып, дініміздің көпшіліктерге мәлім болуында аса маңызды рөл атқарды. Осы тұрғыдан алғанда Түркістандық Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуи бабамыздың және оның рухани халифаларының[41] алар орны ерекше. Түркі халықтары мекендеген жағырапияда дін Исламның дүйім жұртшылыққа иршад етілуінде Йесеуие тариқатының[42] атқарған қызметіне тоқталуымыз ләзім. Әсіресе, Түркістаннан шар тарапқа таралған данышпан тұлғалар өздері барған елдерге жаңа ұғымдарды, жаңа құрылымдарды, жаңа фәлсәфәні де ала барды. Осының ең басты белгілерінен “уақыф”[43] ұйымдары мен кәсіби бірліктерді атап өткеніміз жөн. Уақыфтар ХІ-ХV ғасырларда жоғарыда аталған елдерде алтын дәуірді бастан кешті, он мыңдаған уақыфтар, хайрат[44] ұйымдары бой көтерді. Ғылым жолын қумақ жастарға әр түрлі қолайлы жағдай жасалды, медреселерде рухани һәм дүнияуи ғылымдар туралы дәрістер оқытылды, тәжрибелік әдістер пайдаланылып, көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Ислам әлемінде тұңғыш Түркістан өңірінде, атап айтқанда Бұхарада бой көтерген “медреселер” (күллі ғылымдар зерттелетін ғылым ошақтары – университеттер) жайылып, мұсылмандар ғылымның шыңына жетті. Уақыф және медресе дегеніміз тек өркениеті дамыған, мәдениеттің жоғары сатысына көтерілген қоғамдарда ғана болатын құрылымдар. Батыс елдері медресеге тең келетін университеттерді мұсылмандардан 3-4 ғасырдан кейін ғана аша алды. Ал, уақыфқа ұқсас “фонд” (Foundation, Stiftung) мекемелері болса тек XIX-ғасырдың аяғы мен ХХ-ғасырдың басында ғана пайда болды. Мұның бәрі мұсылмандардың, әсіресе, Түркістандық мұсылмандардың бір кездері қаншалықты жоғары өркениет орнатқанын паш етеді.
Енді, Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуи бабамыздың иршад әрекеттері мен Исламият

1234
скачать работу

Түркістанның ислам әлеміндегі ерекше орны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ