Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Түркістанның ислам әлеміндегі ерекше орны

тың жайылуындағы Түркістанның маңызды орны хақында біраз әңгімелейік. Әсілі, Ахмед Йесеуи түркі жұртынан шыққан тұңғыш сопы емес, һижри ІІІ-IV ғасырдан бастап көне Иран дәстүрлері берік қалыптасқан Хорасан аймағы мен Бұхара, Самарқанд, Ферғана сықылды уилаяттарда “баб” яки “баба” деп аталатын сопы шайхылар кезігуші еді. Мәселен, Мұхаммед Мағшұқ әт-Тұси және Әмір Әли Әбу Халис секілді мәшһүр сұфилар (сопылар) түрік нәсілінен шыққан-ды.[45] Сұфи шайхылардың тәсірінің, абырой-беделінің күштілігі сондай дәрежеге жеткен-кім, Қарахан (942-1211), Самани (819-1005), Селжүк (1040-1157) билеушілері халықтың алдындағы беделдерін нығайту мақсатымен олардың қолын (батасын) алатын болған. Үшбұ себепті, Ахмед Йесеуи өмір сүрген ХІІ-ғасырда сұфи шайхыларының (бабтардың немесе бабалардың) мейлінше күшті әсерге ие болғанын айта аламыз. Құран Кәрім аяттары мен Расұлұллаһтың хадистерінде сұфилық, тасаввұф[46] туралы үгіттер болмағанына қарамастан, осы үрдістің көне Иран мәдениетінің ықпал шеңберінде, әсіресе көшпелі һәм отырықшы түркілер арасында кең таралғаны байқалады. Халық арасында сопылардың кереметтері, табиғаттан тыс, әдеттен тыс қабілеттері, таң қаларлық қылықтары хақында шексіз көп риуаяттар мен аңыздар таралады. Міне, Ахмед Йесеуи осындай қоғамда дүниеге келді. Кейін, ел ішінде Ахмед Йесеуиге сілтенген бек көп сөздер, хикаялар, риуаяттар, аңыздар таралғаны, аталмыш дәуір мен сол ғасырдың қоғамына тән жағдай. Ғылыми критерияларға сәйкес келетін деректемелер бойынша Ахмед Йесеуидің өмірі мен еңбектері туралы нақтылы мәліметтер көп емес. Көбінесе манақыптар,[47] нақылдар мен ауызекі жеткізілген мәліметтерге сүйенуге тура келеді көп жағдайда. Ахмед Йесеуидің өмірі мен еңбектерін терең зерттеген мархұм академик Фұад Көпрүлү (Fuad Koprulu) сұфилықтың әу баста Иранда пайда болғанын айта келіп былай дейді:
“Көне Иран рұхы қайтадан бой көтеріп һижри IV-ғасырдан бастап Иран тілі мен әдебиеті Ислами кескінді жамыла отырып, дами және көтеріле бастады…. Ескі мифология қайтадан жаңғырып, араб әдебиетіне беймәлім жаңа “дастандар” дәуірі ашылды. Түріктер Исламияттың көптеген ұнсұрларын (элементтерін) тікелей арабтардан емес, ғажамдар (ирандықтар) арқалы қабылдады. Ислам мәдениеті түрік жұрттарына Иран мәдениетінің орталығы Хорасан арқалы Мауера-ән-Нәһірді өтіп келуші еді. Мауера-ән-Нәһірдің көптеген ірі орталықтары болса рухани жағынан “түркіліктен” зияда “Ирани” (Ирандық) болатұғын”.[48]
Ахмед Йесеуи Түркістандағы тәккесінде тәлім-тәрбие берген жылдары Орталық Азияда елеулі өзгерістер болған-ды. Селжүк билеушісі, Орта Азияны хүкіміне қаратқан Сұлтан Санжар 1157-1158 жылы қайтыс болады. Хорезімшаһтар дәулеті мықты мұсылман мемлекеті болу жолында дардай табысқа жетеді. Шығыс Түркістан, ішкі Қытай аймақтары мен Жетісу өлкелерінде бек күшті Ислами ояну, жаппай иһтидә[49] қозғалыстары байқалады. Дәл осындай ахуалда Ахмед Йесеуи парасаттылығы және шешендік қасиетімен бек көп адамды маңайына жинай біледі, әсіресе, Қазақыстан мен көршілес елдерді мекендеген көшпелі һәм жатақ түркі тайпаларынан мыңдаған шәкірттер Түркістанға (Йесе, Йеси) келеді.
Ахмед Йесеуи тарапынан негізі қаланған “Йесеуие” тариқаты “Нақшибендие” кең жайылғанға дейін Түркістан елдеріндегі ең мықты сұфилық жолы болған-ды. Нақшибендилік түркілер арасында үстем орынға ие болған соң, Йесеуилік осы тариқаттың бір шұғбасы[50] боп жалғаса берген. XII-ғасырдың аяғынан XV-ғасырға дейін Йесеуиліктің бек тәсірлі болғаны байқалады. Мәселен, Ақсақ Темір падишаһтың Ахмед Йесеуиге ерекше кіріптар болғаны белгілі. Самарқандтан басқа жерге құрылыс салдырмаған Темір арнайы бұйрық беріп, 1397 жылы осы күнгі кесене мен уақыф мүліктерін салдыртқан-ды.[51] Хатта, 1402-жылы болған Анкара соғысына аттанар алдында Темірдің кесенені зиярат етіп, ырымдағаны “Уақыат-и Тимұр” атты еңбекте келтірілген.[52] Ахмед Йесеуидің осыншама көп ардақталуы оның халифаларын (орынбасарлары) жан-жаққа жіберіп, тағлым-тәрбие саласында келелі қызмет істегендігінен деп ойлаймыз. Бұған қоса, Ахмед Йесеуи бабамыз түркі тілін пайдаланып, түркі халықтарының Исламиятты ұғынуында қалың бұқараға әсер еткен өсиеттер қалдырған. Осы себепке байланысты оның есімі көшпелі һәм отырықшы түркілер арасында Қорқыт Ата, Шопан Ата, Манас Батыр секілді мәшһүр тұлғалардың қатарында, тіпті олардан жоғары дәрежеде аталатын болды. Мәселен, Хұсамаддин Шарафәддинұлы тарапынан 1584-1588 жылдары жазылған “Рисала-и Тауарих-и Бұлғария” атты еңбекте Ахмед Йесеуидің даңқының қыпшақтар һәм бұлғарлар арасында өте жоғары болғаны жазылған. Осы қатарда бұлғар-қыпшақ жұрттарынан келген Хасан әл-Бұлғари (яки Бұлғани) мен Бираш Абрашұлы, Ахмед Йесеуидің тәрбиесінен өтіп, Еділ-Жайық өңірінде діни насихат жүргізуге жіберілген екен. Кітапта жазылғанына қарағанда, Адай ауылынан Ешмұхаммед Тоқмұхаммедұлы жоғарыдағы Бираш сұфидің мүриді болып, 36 жыл бойы туған елінде шәкірт оқытып, ел ішінде Шайх Баба деп атағы шықққан екен. Ол қайтыс болған соң, Ідріс Зұлмұхаммедұлы Йаркендке барып, Йесеуие тариқатының басшысы, Ахмед Йесеуидің мүридінің мүриді болған Шайх Һидайатұллаһтың жанында онбес жыл мағрифат алып, Бұлғар еліне қайта оралып Ешмұхаммед сопының орнын басады. Ідрістен кейін Қазандық Қасым Шайх Ибраһимұлы деген кісі орынбасарлық етеді. Ақ Еділдегі Бай Чора ауылының жұртында Ахмед Йесеуидің шәкірттерінен Қожа Әмір Кәлалдың бейіті бар. Осының бәрі де Ахмед Йесеуидің бұлғар-қыпшақ елінде қаншалықты мәшһүр болғанын һәм Исламияттың жайылуына орасан зор үлес қосқанын көрсетеді. Тіпті, кешегі Қазан төңкерісіне дейін татар, башқұрт, қазақ халықтары арасында “Диуан Хикметтің” уә Сүлеймен Бақырғанидің кітабының жатқа айтылуы осының мызғымас дәлелі. Өкінішке орай, Кеңес билігі орнаған соң жатқа айтылатын осы кітаптар ұмыт болып қала жаздады.
Тариқаттық дәстүрлі риуаяттар бойынша Ахмед Йесеуидің осы күнгі Түркия мен Балқан елдерінде де жолын ұстанған сопыларды анықтауға болады. Мәселен, Ниязабадда жерленген Аушар Баба, Мерзифонда жерленген Пір Дәдә,[53] Қаратеңіз жағалауындағы Батоуа жазығында жерленген Ақйазылы, Бұлғарыстандағы Филипе қаласы маңындағы Баба Сұлтан, Бұрсадағы Гейикли (Киікті) Баба, Ыстамбұлдағы Хороз (Қораз) Дәдә, Арықоуадағы Шайх Нұсрат, Тоқаттағы Ғажғаж Дәдә - Ахмед Йесеуидің жолын қуған орынбасарлары делінеді.[54] Бұларға қоса, Қыршәһәрде жерленген Қажы Бекташ Уәлидің де Йесеуие мүриді екені туралы риуаяттар бар.
Ахмед Йесеуидің орынбасарларынан Сүлеймен Хаким Ата (Бақырғани) Хорезім өңірінде шәкірттер жинап, тәлім-тәрбие жұмыстарымен шұғылданған. Оның шәкірттерінен Араб Арслан (Арыстан) Бабаның нәсілінен Зәңгі Ата (уаф. 1258-59) Ташкент өңірінде көп жылдар халыққа үгіт-насихат айтқан. Осы Зәңгі Атаның танымал мүридтерінен Сейіт Ата мен Садыр Атаны айтуға болады. Сайрамда (Исфижаб) көп жылдар діни ағартушылық қызмет атқарған Исхақ Қожаның әкесі Исмаил Ата әл-Хұзйани[55] осы Сейіт Атаның мүриді болатұғын. Нақшибендие тариқатының ұстазы Мұхаммед Баһаұддин әл-Бұхари (1318-1389) де Йесеуие машайыхынан Қасам Шайх және Халил Атадан дәріс алған. Бұл күндері миллиондаған мансұбтары табылатын осы Нақшибендие тариқатының негізгі дәстүрлерінде Йесеуи жолының айтарлықтай ықпалын байқауға болады. Бұдан басқа Түркістан маңындағы Иқан ауылынан шыққан Шайх Камал әл-Иқани тарапынан негізі қаланған Иқания тариқаты да Йесеуие мансұбтарынан Мәудүд Атадан рұқсат алған. Йесеуиліктің осыншама ықпалды болуындағы негізгі себептердің бірі Ахмед Йесеуидің ұстазы Йұсұф (Жүсіп) әл-Һемеданидің (уаф. 1140) ілмінің тереңдігінде, әһли сүннет уәл жамағат жолының айнымас қолдаушысы болғанында. Әсілі, күрт нәсілінен шыққан Қожа Жүсіп әл-Һемеданидің бабасы мұсылмандықты қабылдаған. Шайх Әбу Әли Фармедиден тәлім алған әл-Һемедани шарғи[56] ғылымдарды терең зерттеген, хадистану саласында мол мағлұматқа ие, Құран Кәрімді басшылыққа алған мүбәрәк жан еді. Оның ұстазынан атақты ғалым, ойшыл Мұхаммед әл-Ғазали әт-Тұси (уаф. 1111) де дәріс алған. Осы себепке байланысты, Ахмед Йесеуи ұстазынан алған білімінің нәтижесінде әр түрлі хұрафа, жаңсақ сенімдер мен ырымдарға қарсы болды. Исламияттың хақ һәм орта жолын түркі халықтарына уағыздады. Осының арқасында шиғалық, Исмаилия сықылды баатыл[57] мәзһәбтер түркілер арасында көп уақытқа дейін тарай алмады. Тарихи деректер мен ауызекі жеткізілген дәстүрлерге қарағанда Йесеуие тариқаты алдымен Түркістан, Сайрам, Ташкент төңірегінде орныққан соң, Хорезім, Мауера-ән-Нәһір және солтүстік-батыстағы қыпшақ-бұлғар елдерінде жайылған. Жекелеген Йесеуие дәруіштерінің еңбектерінің арқасында Ахмед Йесеуидің тағлымдары Хорасан, Әзербайжан және Түркия жеріне дейін жеткен. Ахмед Йесеуидің пікірлері, үгіттері ешқашанда маңызынан айырылған емес. Кеңес дәуірінде дінге қарсы уағыз жүргізілгенімен, шетелдерде, әсіресе, Түркия мен Балқан елдеріндегі мұсылмандар оның шахсияты жөнінде үздіксіз хабардар болып тұрды. Ахмед Йесеуи өзінен кейінгі ойшылдарға, әдибтерге, сұфилерге үлкен ұлгі болды, мол мұра қалдырды. Құл Шәмсәддин, Бақырғани, Хұдадад, әл-Иқани, Құл Ұбайди, Фақири, Биһбұди, Шұһұди, Құл Шарафи, Тұфейли, Хуайда, Махдұм Құли қатарлы толып жатқан сопылар өздеріне Ахмед Йесеуиді үлгі алды.
Қорыта айтқанда, еліміздің оңтүстік уилаяттарында дүниеге келген бабаларымыз Исламияттың шар тарапқа мәлім болуында бек ұлық қызмет істеді. Түркістан шаһары тек қазақ халқының тарихында ғана емес, жоғарыда айтқанымыздай, жалпы Ислам тарихында ерекше орынға ие болды. Түркістаннан Аллаһ жолында (Фи сәбилиллаһ) Түркияға көшкен бабаларымыз жер-су аттарын бірге ала барды. Мәселен, Иқан маңындағы Қарачұқтан көшкен дәруіштер Түркияның Ұрфа уилаятына орналасып, сондағы тау сілемін Қарачұқ деп атаған. Сейхұн-Жейхұн өзендеріне ұқсас қатар ағатын екі өзен Сейхан-Жейхан (Адана уилаяты) аталған. Қазақыстанымыздың ең шұрайлы өңірлерінен Жеті-Судың аты Түркиядағы Бингөл (Мыңкөл) уилаятындағы өзенді аймаққа берілген. Со сықылды, көне Барчын және Баласағұннан барған бабаларымыз Конйа уилаятының Ерменек ауданындағы екі а
1234
скачать работу

Түркістанның ислам әлеміндегі ерекше орны

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ