Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Түркістанның ислам әлеміндегі ерекше орны



 Другие рефераты
Тәрбиенің мән-мағынасы Оқыту үрдісінде ойлауды дамыту Особенности переживания состояния фрустрации у подростков Оқушылардың танымдық қызығушылығы

ТҮРКІСТАННЫҢ ИСЛАМ ӘЛЕМІНДЕГІ ЕРЕКШЕ ОРНЫ

Мұртаза БҰЛҰТАЙ

Ислами әдебиеттерде көбінесе “Йесе” (Йеси) деп аталатын заманауи Түркістан шаһарының діни, тарихи, әлеуметтік маңызын екшемес бұрын, “Түркістан” сөзінің мағнасын сәл талдап көрелік. VII-ғасырда Орта Азияны өз билігіне қаратқан арабтар (Әмәуилер) Жейхұн[1] өзенінің ар жағындағы елдерді “Мауера-ән-Нәһір”, яғни “өзеннің ар жағындағылар”, ал осы аймақты бағындырған олар кейінірек Сейхұн[2] өзенінің солтүстігіндегі елдерді “Биләд әт-Түрк”, яғни “Түрік елі” деп атаған.[3] Иран тілді халықтар да мағналас түрде “Түркістан”, яғни “Түрік Елі”, “Түрік Жері” деп атаған-тұғын. Заманауи түсінікте “Түркістан” – Жейхұн өзені бастауының солтүстігіндегі Орталық Азия елдерінің жалпы атауы.[4] Қарахан (942-1211), Ғазна (962-1187), Селжүк (1040-1157) ханадандары[5] кезінде түркілер билеген аумақтың үнемі өсуіне байланысты бүгінгі күнгі мағнадағы “Ұлы Түркістан” ұғымы қалыптасады.
XVIII-XX ғасырлардағы саяси-әкімшілік өзгерістер салдарынан Ұлы Түркістан аймағы “Шарқи Түркістан” (Шығыс Түркістан) және “Ғарби Түркістан” (Батыс Түркістан) деп аталған екі бөліктен құралады. Ресей патшалғы мен Ежен Хандығының (Цин Имериясы) отарлаушылық іс-әрекеттерінің нәтижесінде Ұлы Түркістан аймағы осылайша бөлінеді. Батыс Түркістанға – Татарыстан, Басқортостан, Қазақыстан, Қырғызыстан, Тәжікістан, Өзбекістан, Түрікменістан жұмһұрияттары[6] мен Хорасан, Солтүстік Ауғаныстан енеді. Әсілі, Ұлы Түркістан ұғымы қамтитұғын жағырапиялық алаңның нақтылы тағрифы[7] жоқ, авторлар әр қилы тағриф етуде. Шығыс Түркістан елі болса Қашғар, Йаркенд, Тұрфан, Құмұл, Үрімжі секілді қалалар орналасқан Қарахан дәулеті (840-1212), Ойғыр мемлекеті (840-1337), Моғолистан Хандығы (1348-1514), Йаркенд Хандығы (1514-1644) қатарлы мұсылман-түркі мемлекеттері билеген ұлан-байтақ мекендер.[8]
Кәтіп Челеби[9] өзінің “Жиһан-нама” атты еңбегінің 27-бабында Түркістан туралы: “Жүз бір дәреже[10] бойлық, қырық үш дәреже ендіктегі, Түркістан аймағында орналасқан мәшһүр шаһар-дүр. Бұрынырақ Өзбек Хандығының тағы (орталығы) еді. Нақшибәндие машайыхтарынан Хожа Ахмед осы шаһардан-дүр” деп жазған.[11] Кейбір мұсылман тарихшылар мен жағырапияшылар “Йесе” уә “Несе”[12] қалаларын шатастырып алған. Мәселен, Ахмед Уәфиқ Паша өзінің “Ләһже-и Османи” атты еңбегінде Түркістанды: “Самарқандтың солтүстігіндегі көне қазақ шаһары – Несе, Ахмед Несеидің мақамы (орны) бар” деп тағриф еткен. Бағзы авторлар Йесе қаласын көне Тараз (Тыраз, Талас) деп жазған.[13] Алайда, көпшілік зерттеушілер Йесенің Несе мен Тараздан бөлек, осы күнгі Түркістан шаһарының орнындағы көне қала екеніне дауласпайды. Біздіңше, Йесенің Тараз уә Несе секілді көне қалалармен шатастырлуы яки олармен қатар аталуы осы қаланың қадимнен келе жатқан белгілі орталық болғанын дәлелдейді.
Жоғарыда айтқанымыздай Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуи (уаф. 1166) дүниеге келген жылдары заманауи Түркістан шаһары “Йесе” деп аталатұғын. Жә, Йесе қалайша Түркістан аталып кетті? деген заңды сауал туады. Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуидің таңғажайып шахсияты,[14] үстем ахлақы, көркем сөздері, үгіт-насихаттары Түркістан елдерінде соншалықты тәсірлі болған-кім, дүйім мұсылман жұрты оны құрметтегендіктен “Пир-и Түркістани” (Түркістанның Пірі), “Хазірет-и Түркістани” (Түркістанның Хазіреті) деп атаған (ат тергеу). Мұндағы Түркістан ұлан-байтақ Түркістан екенін айта кетелік. Демек, Ахмед Йесеуи XII-XIII ғасырларда күллі Түрік Елінің ең мәшһүр тұлғаларынан болған. Осы себепке байланысты ол жерленген Йесе шаһары “Пир-и Түркістани қаласы”, “Хазірет-и Түркістани қаласы”, кейінірек “Түркістан” қаласы боп аталған деп ойлаудамыз. Бізде, халық арасында, Түркістан дегенде Ұлы Түркістаннан зияда[15] Түркістан шаһары еске түседі. Ләкин, шетелдерде (батыс һәм мұсылман елдерінде), ғылми бұлақтарда “Түркістан” әлі де болса кең мағнада қолданылуда. Әсіресе, Иран, Пәкістан, Үндістан, Түркия, Балқан және Араб елдерінде Түркістан сөзі қаладан зияда жағырапиялық аймақ турасында пайдаланылады. Күні кеше ғана Пәкістанда, Саұди Арабыстанда, Түркияда жүрген қазақ, ойғыр, өзбек, татар ұрпақтарын “Түркістани” яки ”Түркістандық” деп атаушы еді. Қылышынан қан тамған Кеңес империясының өзі Ақмешітті – Қызылорда, Ақмоланы (немесе Ақмолла) – Целиноград еткенімен, Түркістанға тисуге батылы бармаған.
Ұлы Түркістан алып тұлғаларға бай, тарихы терең, Ислам өркениетінің жарқын мекені. Осы аймақтың дәл кіндігінде орналасқан һәм атын иемденген Түркістан (Йесе) шаһары да жалпы Түркістанның тарихи, мәдени, әлеуметтік өмірінде орасан зор маңызды орынға ие ғаламат мекен. Түркістан шаһарының діни, мәдени тәсірлерін сонау Пәкістан-Үндістан елдерінен, Таяу Шығыстан, Балқан түбегінен табуға болады. Бұның бәрі Түркістанның қаншалықты ықпалды мәдениет, өркениет орталығы болғанын аңғартады. Йесе (Түркістан) шаһарының біздің елімізде орналасқаны болса, жалпы қазақ баласы уә барша Қазақыстандықтар үшін аса үлкен мақтаныш, зор бақыт. Қазақ жерінде тарихи мұралар, көне қалалар, мәдениет орталықтары бұрын-соңды болмаған деп дақпырттап жүрген көрсоқырларға бір Йесенің (Түркістанның) өзі-ақ жетерлік. Йесеге ат шаптырымдай қашықтықтағы мәдениет, мағариф орталықтарынан шыққан Фарабилер, Отырарилер, Сығанақилер, Исфижабилер, Сайрамилер, Қарнақилер, Иқанилер, Сығанақилер, Қаршилер, Таразилер, Шашилер, Баласағұнилер т.т. тізімін жазуға осы мақаланың көлемі шақ келмейді. Кейде бір қаланың түрлі дәуірлердегі атауларымен аталған бабаларымыздың ұзын саны мыңнан асып жығылатыны еліміздің сонау Қарлұқ (754-840), Қарахан (942-1211) дәуірінен бастап-ақ Ислам әлемінің ең басты білім-ғылым ұяларының бірі болғанын дәлелдейді. Әмәуи (661-750) мен Аббаси (750-1258) әулеттері тұсында Ислам әлемінің мәдениет һәм әкімшілік орталықтары Шам, Басра, Кұфа, Бағдад, Фұстат (көне Қаһира), Нишабұр еді. Орталық Азияда Ислам өркениеті гүлденіп, мұсылман-түркілер халифалық тізгінін бірте-бірте қолға алған соң Мауера-ән-Нәһір, Хорасан, Түркістан уилаяттары аса дамыған, халқы бай, сауаттылық деңгейі һәм мәдениеті жоғары, саяси жағынан үстем мекендерге айналды.
Батыстағы Әндүлүсте де (Андолұсия) күллі Еуропаны тамсантқан Ислам өркениеті дүниеге келді. Ислам әлемінің қиыр шығысы мен қиыр батысындағы осы елдерде бәшериет[16] тарихындағы ең зерделі ғалымдар мен ойшылдар, данышпандар мен мемлекет қайраткерлері өмір сүрді. Хорасан, Хорезім, Мауера-ән-Нәһір (Бұхара, Самарқанд, Шаш, Тирмиз т.т.) мен Оңтүстік Қазақыстанда (Фараб, Исфижаб, Тараз, Йесе, Баласағұн т.т.) әлемдік сәуиедегі ғалымдар, философтар, фақиһтар,[17] мұхаддистар,[18] әдибтер дүниеге келді. Абдұлазиз Баб (ІХ ғ.), Алааддин Аттар (уаф. 1400), Алааддин Мұхаммед (уаф. 1220), Алааддин Текиш (Текеш) (ХІІІ ғ.), Алааддин Хұсайын Ғұри (ХІІ ғ.), Арслан Ғазы Тафғач Хан (Х ғ.), Анұстегін Қарачай (ХІ ғ.), Арыстан Баб (ХІІ ғ.), Асан Қайғы Сәбитұлы (1361?-?), Ахмед Тұлұнұлы (ІХ ғ.), Әбдіжәлил Баб (VIII ғ.), Әбілғазы Баһадүр Хан (1603-1663), әз-Замахшари (1075-1144), әл-Бирұни (973-1048), әл-Биһдадини (уаф. 1430), әл-Бұхари (810-870), Баһаұддин Мұхаммед әл-Бұхари Нақшибәнди (1318-1389), әл-Ғиждуани (уаф. 1180), Ғаламаддин әл-Жәуһәри (Х-ХІ ғғ.), әл-Жұзжани (ІХ ғ.), Ахмед әл-Исфижаби (Сайрамдық, уаф. 1087), Әли әл-Исфижаби (Сайрамдық, ХІ ғ.), әл-Каффал (Ташкенттік, 904-976), әл-Кердери (?-1166), әл-Керейти (XVII ғ.), әл-Қалабади (уаф. 990/995), әл-Қаламати (Х ғ.), Жамал әл-Қарши (Алмалықта туған, 1230-1315), әл-Қимақи (ХІ ғ.), әл-Матұриди (870-944), әл-Мәруәзи (ХІІ ғ.), Әбіл Қасым әл-Фараби (Отырарлық, 1130-1210), Әбу Ибраһим әл-Фараби (Отырарлық, уаф. 951), Бәдреддин әл-Фараби, Бұрһанаддин әл-Фараби, Исмаил әл-Фараби, Махмұд әл-Фараби, Мәуле Мұхаммед әл-Фараби, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Қауамаддин әл-Фараби, Ахмед әл-Ферғани (уаф. 861), Мұхаммед әл-Хорезми (780-850), Әлішер Науаи, ән-Наршаһи (899-959), Әбіл Қасым әл-Хаким әс-Самарқанди (уаф. 953), әс-Самарқанди (Мұхаммед Қазы, 1451-1516), Махмұд әс-Сарайи (Батыс Қазақыстан), әс-Сығанақи (ХІІІ ғ.), Имам әт-Тирмизи (ІХ ғ.), Хаким әт-Тирмизи, Әбу Абдұллаһ әт-Түрки (Баласағұндық, 1040-1112), Рәшид әт-Түрки (ІХ ғ.), Пир-и Түркістани Ахмед Ибраһимұлы әл-Йесеуи (уаф. 1166), Зәһәби әт-Түркмани (1274-1348), Мұхаммед әш-Шаши (Ташкенттік, 904-976), Ұбайдұллаһ (Қожа Ахрар) әш-Шаши (Ташкенттік, 1404-1490), Бәйдібек Би (1356-1419), Гердизи (Гардизи, ХІ ғ.), Жалаладдин (Хорезімшаһы, уаф. 1231), Жүсіп Хас Хажиб әл-Баласағұни (1016-?), Селжүк Бек (Х ғ.), Имадәддин Ақсұңқарұлы (ХІІ ғ.), Қайыр Хан әл-Отрари (уаф. 1220), Ахмед әл-Йүгнеки (ХІІ-ХІІІ ғ.), Қорқыт Ата, Құталмыш Бек (ХІ ғ.), Құтбұддин Темір (1336-1405), Мансұр Нұхұлы (Х ғ.), Махмұд Йалавач (ХІІІ ғ.), Махмүд Ғазнауи (977-1030), Махмұд Қашғари (ХІ ғ.), Мәлік Шаһ (уаф. 1092), Мұзаффар әд-Дин Соңқұр (уаф. 1161), Мұса Қарахани (Х ғ.), Мұхаммед Барыс (Парса, 1345-1420), Мұхаммед Тұғачұлы (Х ғ.), Мұхаммед Тұғлұқ (уаф. 1351), Мүслім әл-Құшайри (817-875), Насыр Себұктегінұлы (ХІ ғ.), Нәжмеддін Дайа Рази (уаф. 1256), Нұх Насырұлы (Х ғ.), Оғұлшақ Қадыр (уаф. 893), Осман Қарахани (уаф. 1211), Насреддин Рабғұзи (XIV ғ.), Саққақи, Сатұқ Боғыра Хан (уаф. 955), Сәййіл Мирки (Меркелік, XVI ғ.), Сәййід Мир Кұлал (уаф. 1370), Себұк Тегін (уаф. 997), Сұлтан Ахмед Хан (Алаша, уаф. 1504), Сұлтан Илек, Сұлтан Санжар (1118-1157), Сүлеймен Хаким Ата әл-Бақырғани (1104-1186), Тағрибирдиұлы, Ақсақ Темір (1336-1405), Темір Құтлұқ Хан (уаф. 1397), Тұғрұл Бек Селжүки (990-1063), Ұлық Бек (1394-1449), Ибни Сина (980-1037), Фәридұддин Аттар (уаф. 1229), Мұхаммед Хайдар Дулати (1500-1551), Хайдар Хорезми, Хоженди, Хұсайын Байқара (1469-1506), Һарұн Боғыра Хан (Х ғ.) секілді санаумен таусылмайтын хүкімдарлар, әдебиетшілер, ойшылдар, ғұламалар осы Түркістан ай

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Бизнес план предприятия по производству пива (пивзавод)
Қоғамдық игіліктер және сыртқы әсерлер
Танцевально-двигательная терапия
Акционерное общество в рыночной экономике


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ