Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз

ті кітапханасы.
51) “Китабу-л фусус” – “Гауһар тастар жайлы кітап”. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
52) “Рисала мақалату фи аград ма бада-т табиғат” – Анкара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы.
53) “Рисалату фи исбати-л муфарриқат” – “Бөлушілердің барлығын дәлелдеу” атты трактат. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
54) “Китабу-л милла уа нусусу ухра” – “Ұлт және басқа да деректер жайлы трактат”. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
55) “Ас-Сиясату-л маданийа ау мабаду-л маужудат” – “Азаматтық саясат немесе болмыс әлемінің ережелері”. 9 (Eylhl) қыркүйек университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
56) “Әл-Жамиғ байна райи-л хакимайн Афлатун әл-илаһи уа Аристуталис” – “Екі кемең¬гер Аристотель мен Платон ойлары¬ның жинағы”. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
57) “Мабадиу-л фалсафату-л қадима” – “Ежелгі философия негізі”. Анкара универ¬си¬теті илаһийат факультеті кітапханасы.
58) “Рисала ли-л муаллими-с сани фи жауаби масаил суйла анһу” – “Екінші мұға¬лім¬нің сұралған мәселелердің жауап¬тарын қамтыған трактаты”. Мармара универ¬ситеті илаһийат факультеті кітапханасы.
59) “Зийну-л кабири-л йунани” – “Грек үлкен Зенон”. Анкара университеті илаһийат факультеті.
60) “Әл-Мажмуғ” – “Жинақ”. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
61) “Әл-Мадхал ила синағати-л мусиқа” – “Музыка өнері трактатына кіріспе”. Көпрулү кітапханасы, Пазыл Ахмет Паша.
62) “Тақуиму-с сиясату-л мулкийа уа-л ахлақи-л ихтийарийа” – “Патшалық саясатты және ерікті мінезді түзулеу, дұрыстау”. Көпрулү кітапханасы, Пазыл Ахмет Паша.
63) “Ажайбу-н нусус фи тахзибу-л фусус” – “Гауһарларды реттеу ғажайып адамдардың орны”. Анкара университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
64) “Фасл мин китабу-с сиясати-л маданийа” – “Азаматтық саясат кітабының бір бөлігі”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
65) “Рисала фи мабадил-лати биһа әсжам уа-л ағрад” – “Денелер мен (ағрадтардың) негізі саналатын қағидалар”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
66) “Рисала фи-л уахид уа-л уахда” – “Жалғыз бен бірлік жайлы трактат” Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
67) “Рисала фи тафсири китаби-л мадхал фи синағати-л мантық” – “Логика өнеріне кіріспе кітабына тәпсір жайлы трактат”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
68) “Әл-Мантиқу-с саманийа” – “Сегіз логика”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
69) “Әл-Ибара ‘ан аради Аристуталис фи китаби ма бағда-т табиға”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
70) “Әл-Масаилу-л фалсафийа уа-л ажуиуа ‘анһа” – “Фалсафа мәселелері және олардың жауаптары”. Қолжазба. Сүлей¬мания кітапханасы.
71) “Әл-Адғийа” – “Дұғалар”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
72) “Әл-Жуғрафия инда-л муслимун” – “Мұсылмандарда жағрафия ілімі”. Қолжазба. Харран университеті илаһийат факультеті кітапханасы.
Бұлардан басқа да біршама трактаттар Әбу Насырдың өзге де көне грек оқымыс¬тылары шығармаларына жазылған түсіндір¬мелерінен тұрады.
Иә, Түркия кітапханаларында Әбу Насыр әл-Фарабидің негізінен осындай фи¬ло¬софия, логика, психология, фило¬логия, музыка, география және т.б. ғылым сала¬ларына қатысты еңбектері сақталған. Түрік ғалымдарының ХХ ғасырдың 50-жыл¬дарынан бері Отырар перзенті еңбектерін жиірек зерделеп, тіпті түрік тіліне де аударғаны байқалады. Солардың ішінде Әбу Насырдың “Китабу-л хуруф” – “Әріптер кітабы”, “Китабу-т тахлил” – “Талдау кітабы”, “Китабу-л ибда” – “Білдіру кітабы”, “Китабу-л қийас” – “Силлогизм кітабы”, “Рисала танбиһ ала сабил-с сағада” – “Бақыт жолын көрсету (сілтеу) жайлы трактат”, “Мантиқ инда әл-Фараби” – “Әл-Фарабидің логикасы”, “Рисалату фи-л ақл” – “Ақыл жайлы трактат”, “Фусусул мадани” – “Азаматтық [саясат кітабының] гауһар¬лары”, “Китаб ара аһл әл-мадинату-л фадила” – “Кемел қала тұрғындарының көзқарасы” атты еңбектері жиірек ұшыра¬сады. Сондай-ақ оның “Ихса әл-улум” – “Ғылымдарды жіктеу”, “Сийасату-л мада¬нийа” – “Азаматтық саясат” секілді шығар¬ма¬ларын да кездестіреміз. Бұлардың бір¬қатары қазақстандық фарабитанушыларға таныс, біршамасы аз да болса зерттелген және орыс, қазақ тілдеріне тәржімаланған.
Түркияда Әбу Насырдың Бейрутте, Каирде, Теһранда, Хайдарабадта (Үндістан), Оксфордта араб, ағылшын, неміс тілдерінде басылған еңбектері де бар. Француз, ағылшын, неміс, парсы оқымыстыларын түрік ғалымдары сияқты Отырар ғалымы¬ның философиялық, логикалық, музыкалық шығармалары көбірек қызықтырған.
Түркияның қолжазбалар қорында Әбу Насыр Әл-Фарабидің Иранның түрлі кітап¬ханалары мен қолжазба қорларында ұшы¬ра¬сатын біраз дүниелері де бар. Олардың кейбірін өткен ғасырдың 90-жылдары, Иран¬дағы сол кездегі елшіміз Мырзатай Жолдас¬беков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сый еткен.
Әбу Насыр әл-Фарабидің тек арабша ғана емес, түрік, ағылшын, француз тіл¬деріндегі 25 еңбегін Түркияның түрлі кітап¬хана¬лары¬нан тапқанымызды да айта кеткен жөн.
Сонымен Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларына сүйеніп біз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 100-ден астам еңбектерін атадық. Ал ұлы ғұлама қанша еңбек жазды? Қанша шығармасы біздің заманымызға жеткен деген мәселеге келсек, орта ғасыр¬ларда энциклопедист Отырар перзентінің өмірі мен шығармашылығын жинап, зерде¬легендер Ибн ан-Надим (Х ғ.), Ибн Саид әл-Қуртуби (ХІ ғ.), әл-Байхақи (1169), Йа¬құт әл-Хамауи ар-Руми (1229), Ибн Саид әл-Қифти (1248), Ибн Әби Усайбиға (1270), Ибн Халликан (1282), әл-Қазуини (1283), Әбу-л Фида (1331), Аз-Заһаби (1348), Әл-Йафиғи (1367), Ас-Сафади (1383), Хаджи Халифа, Ибн әл-Имад (1657), әл-Акари (1678), соның ішінде Ибн Саид әл-Қифти оның жүзден астам трактаты барын айтумен қатар, аттарын да атаса, Ибн Әби Усайбиға 105 шығармаларының тізімін берген.
Осы ретте Қазақ¬стандық белгілі психолог ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атын¬дағы Қазақ ұлттық уни¬вер¬ситетінің профес¬соры Құбығұл Жарық¬баев¬тың да еңбегін атап кетуге тиіспіз. Ол да Әбу Насыр шы¬ғар¬маларының библио¬гра¬фиясын көз майын тауысып жасағаны есімізде.
Бірақ Әбу Насырдың өмірі мен шығар¬маларына арналған әлемдік деңгейдегі бір ізді, біртұтас, толыққанды библиография әлі еш жерде, ешқандай елде жасалған емес.
Біздің соңғы жылдардағы ізденістеріміз бен зерттеулеріміз Отырардан шыққан дара тұлғалардың көп екенін көрсетіп отыр. Мен осы күнге дейін олардың 30-ға жуығын таптым. Солардың Түркия кітапхана¬ларын¬дағыларын мерзімдік тәртіппен қарасақ атақты Әбу Насыр әл-Фарабиден кейін

2. Әбу Ибраһим Исқақ бин Ибраһим әл-Фараби (?-961) тұр.
Отырарлық бұл ғалымның да өмірі мен шы¬ғармашылығы туралы өткен ғасырдың 95-жылы шыққан “Қазақ даласының жұл¬ды¬з¬дары” атты еңбегімде жазғанмын. Ол Әбу Насыр әл-Фарабиден соң өмір сүрген. Алғашқы білімді туған елінде алған соң, ар¬ман қуып Дамаскі мен Бағдадқа аттанған. Сөйт¬кен Әбу Ибраһим Исхақ араб тіл білімі мәселелерімен айналысып, еңбек жазған. Оның ХХ ғасырдың 70-жылдары Мысырда шық¬қан шығармасы “Диуан әл-әдаб фи-л луға” – “Тіл жайлы адаб жинағы” деп аталады.
Әбу Ибраһимнің біздің заманымызға аталмыш жалғыз-ақ еңбегі жеткен деп есеп¬тейтінбіз. Сөйтсек, оның күні бүгінге де¬йін бізге белгісіз болып келген “Ар-Рихлату-л Хижазийа” – “Хиджаз сапары” атты шы¬ғар¬масы да бар екен. Ол қолжазба. Көлемі 395 бет. Харран университеті илаһийат фа¬культетінде сақтаулы. Бұл дүние ғалымның Мекке, Мединеге барған сапарының жай-жапсарын баяндаса керек деп ойлаймыз.

3. Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фараби (?-1002)
Араб тілінің көрнекті өкілі саналатын бұл жерлесіміз де Отырарда Х ғасырдың шамамен 2 жартысында туған. Алғашқы білімді де отанында алған. Сосын нағашысы Әбу Ибраһим Исхақтың шақыруымен Бағдад пен Дамаскіге аттанған.
Оның да еңбектері араб тілі мәсе¬лелеріне арналған. Әбу Насыр Исмайлдың негізгі еңбегі “Тадж луға уа сихах әл-арабийа” – “Тіл тәжі және дұрыс (нағыз, шынайы, ақиқат) араб тілі” деп аталады. Отырарлық бұл ғалым негізінен араб тілі¬нің лексикографиясын жазумен аты шық¬қан. Еңбектің Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларындағы нұсқалары түрліше аталады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, менің шәкіртім Шынар Қалиева Әбу Насыр Исмаил әл-Жауһаридің өмірі мен шығармашылығына арналған өте құнды, білгірлікпен канди¬даттық диссертация жазып, Ташкентте 2002 жылы қорғады, кейін ол (2006) кітап болып шықты. (Ш.С.Калиева. Творчество Исмаила ал-Джаухари и его место в арабской филологии. Алматы, “Қазақ университеті”, 2006, 140 бет).

4. Мухаммед бин Мухаммед бин әл-Хусейн Мадж ад-дин әл-Усрушани, Мухаммед бин Хусейн әл-Фараби (?-1234)
Отырарлық бұл

1234
скачать работу

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ