Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз



 Другие рефераты
Особенности общения в подростковом коллективе Фараби трактаттарындағы білім, тәрбие және адамгершілік, гуманизм мәселелері Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты Особенности операциональной стороны мыслительной деятельности у детей с нарушением зрения

Түркияның көптеген жоғары оқу орындары мен бірқатар мемлекеттік кітапханалары қолжазба қорларында еліміздің ортағасырлық шаһарлары мен кенттерінен шыққан арыс¬тарының әлі күнге дейін жарық көрмеген және ара-кідік басылған да еңбектері бар.
Солардың ішінде Отырар, Сығнақ, (Жазба деректерде осылай көрсетілген – Ә.Д.) Женд, Түркістан, Тараз, Баласағұн ғұлама¬ларының түрлі тақырыпты қамтитын қол¬жаз¬балары көптігімен таңғалдырады. Мысалы Әбу Насыр әл-Фараби, Хұсам ад-дин Хұсейн бин Әли Хажжаж әл-Ханафи ас-Сығнақи, Мухаммед Абд ас-Саттар әл-Кердери, Һиба¬тулла ат-Түркістани ат-Тарази, Мухий ад-дин Женди, Ала ад-дин Түркі¬стани шығармалары және Қожа Ахмет Ясауи “Диуанының” көшірмелері жиі кездеседі.
Түріктер ондай асыл дүниелерді ұзақ ғасырлар бойы Таяу және Орта Шығыстың мәдени, ғылыми, рухани орталықтары Бағдад пен Басра, Дамаск пен Халаб, Мекке мен Мадина, Каир мен Тунистен жинаған. Өйткені, 1517 жылдан бастап аталмыш шаһарлар түріктер құзырында болды. Сол себепті де ел астанасы Ыстамбұлға және Түркияның өзге де қалаларына тек жазба жәдігерліктер ғана емес, сондай-ақ Ибраһим (ғ.с.), Исмаил (ғ.с.), Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарларымыздың жеке заттары, қасиетті Кағбаның кілттері, халифалар мен әскери қолбасшылардың қылыштары да әкелінді. Олардың арасында Алла тағаланың соңғы елшісінің (с.ғ.с.) хаттары да бар. Аса құнды ол заттар қазірге дейін көздің қарашығындай сақталуда.
Иә, Түркия – исламдық жәдігерлер мен мұраларды жинап, сақтауға, зерттеуге ерекше көңіл бөліп келе жатқан өркениетті ел, оның кітапхана қорлары араб, парсы тіліндегі қолжазбаларға байлығымен танымал.
Елдің барлық кітапханаларындағы ислам өркениетіне қатысты ондай дүниелер жайлы мәліметтерді бір жерден, Ыстамбұлдағы ІSAM-нан табуға болады.
ІSAM – қысқартылған сөз, түрікшеден аударғанда “Ислам зерттеулер орталығы” деген мағынаны білдіреді. Ол Түркия уақыфтары бас кеңесіне қарайды. Ғимарат арнайы әдемі салынған. Кітапхана қорына тек Түркиядағы ғана емес, әлем елдерінде басылып жатқан исламға қатысты зерттеу кітаптары да алдырылып отырады, ондағы қолжазбалар каталогі компьютерге түсірілген, көшірмелерін дайындап бере алады.
Жалпы Түркияның ислам саласындағы зерттеуді жеңілдету, ынталандыру жолында техника мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы өзгелерге үлгі деуге болады. Соның бір дәлелі – кітапханаларында сақталған бағалы кітаптар мен қолжазбалардың электронды көшірмесін тез жасатып алу мүмкіндігі.
ІSAM-да орындалып жатқан игілікті жұмыстардың бірегейі – көп томды Ислам энциклопедиясының қазірдің өзінде 38 томының шығып үлгеруі.
Сонымен, Түркиядағы түрлі қорларда сақтаулы қазақ даласы перзенттерінің жазба дүниелерін мерзіміне қарай сөз етер болсақ, әуелі әрине Отырар ұландары бірінші орында тұрады. Фарабтықтардың түрлі тақырыптарды сөз ететін араб және түрік, парсы, ағылшын тілдеріне аударылған еңбектері өз алдына бір төбе. Солардың ішінде энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) бастаған отырарлық ойпаздардың орны бөлек.

Фарабтық ойшылдар
1. Әбу Насыр әл-Фараби (870¬¬ – 950).
а)Араб тілінде:
1) “Рисала фи-л ақл” – “Ақыл (парасат) жайлы трактат”. Қолжазба.
2) “Китабу-л мантиқ” – “Логика жайлы кітап”. Қолжазба. 194 бет. Топкапы сарайы кітапханасы. Аманат қазынасы.
3) “Диуан” – “Жинақ”. Қолжазба. Баязит мемлекеттік кітапханасы.
4) “Рисала танбиһ ала сабил-с сағада” – “Бақыт жолын көрсету жайлы трактат”. Қолжазба. Селжуқ, Анкара университет¬тері, илаһийат факультеті.
5) “Рисала фи-л илми илаһи” – “Тәңір¬лік ілім жайлы трактат”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
6) “Рисала фи-л ахлақ” – “Мінез-құлық жайлы трактат” – Қолжазба, Сүлеймания кітапханасы.
7) “Ат-Тағлиқат” – “Афористикалық (жазбалар”). Қолжазба. Анкара университеті кітапханасы.
8) “Китабу-л Ибара” – “Сөйлем жайлы кітап”. Қолжазба.
9) “Китабу-т тахлил” – “Талдау (анализ) туралы кітап”. Қолжазба.
10) “Фалсафату-л Аристуталис” – “Аристотельдің философиясы”. Қолжазба.
11) “Китаб ара аһл әл-мәдинату-л фадила” – “Кемел қала тұрғындарының көзқарасы жайлы кітап”. Қолжазба. Бейрут. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
12) “Рисала фи фадилату-л улум уа-с санаат” – “Ғылым мен түрлі өнерлердің қасиеті жайлы трактат”. Қолжазба.
13) “Китаб әл-хуруф” – “Әріптер кітабы”. Қолжазба.
14) “Ағмалу-л фалсафия” – “Философиялық жұмыстар”. Қолжазба.
15) “Китаб ихса әл-улум” – “Ғылымдарды жіктеу кітабы”. Қолжазба.
16) “Уйуну-л масаил” – “Мәселелер қайнары”. Қолжазба.
17) “Китабу-л қийас” – “Силлогизм кітабы”. Қолжазба.
18) “Шарх Әбу Насыр әл-Фараби ли-китаб Аристуталис фи-л қийасат” – “Аристотельдің “Силлогизм” кітабына Әбу Насыр әл-Фарабидің түсіндірмесі”. Қолжазба. 133 бет. Топкапы сарайы кітапханасы.
19) “Әл-Әлфадуил Афлатунийа уа-т тақуилус сийасату-л мулукийа” – Қол¬жазба. Топкапы сарайының кітапханасы.
20) “Китаб мусик әл-кәбир” – “Музыканың үлкен кітабы”. Қолжазба.
21) “Китабу-л аурад” – “Дұға жайлы кітап”. Қолжазба.
22) “Китабу-с-сийасату-л маданийа” – “Азаматтық саясат жайлы кітап”. Хайдара¬бад. Мәжіліс баспасы. Анкара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы.
23) “Рисала фима йанбағи ан йуқаддим қабла тағлими фалсафа” – “Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі жайлы трактат”. Қолжазба.
24) “Китабу-л жадал” – “Диалектика жайлы кітап”. Қолжазба.
25) “Китабу-л мадхал ала синату-л муси¬ка” – “Музыка өнеріне кіріспе кітап”. Қолжазба.
26) “Фусулу-л мадани” – “Азаматтық (саясат жайлы кітап) бөлімдері”. – Измир, 1987 Түрік тарихы ұйымы кітапханасы; 19-май университеті кітапханасы.
27) “Китаб мусик әл-кәбир” – “Музы¬ка¬ның үлкен кітабы”, Париж, 1930 (Түрік тарихы ұйымы кітапханасы).
28) “Әл-Мадинату-л фадила” – “Кемел қала”, Ыстамбұл 1956. Түрік тарихы ұйы¬мы кітапханасы.
29) “Талхис науамис Афлатун” – “Пла¬тон заңдарына қорытынды”. Варвург институты, 1952.
30) “Рисала ужуһ уа имкан” – “Ұлы Жарату¬шы және әлем жайлы трактат”. Қол¬жазба, (Түрік тарихы ұйымы кітапханасы).
31) “Ихса-ул улум” – “Ғылымдарды жіктеу”. Ыстамбұл, 1990, Ерзурум универ¬си¬теті илаһийат факультеті кітапханасы.
32) “Китабу-л жам байна райайни-л хакимайн” – “Екі басым ойды тоғыстыру жайлы кітап”. Бейрут, 1986.
33) “Китабу-л хуруф” – “Әріптер кітабы”. Бейрут, 1986.
34) “Мабади ала аһл мадинату-л фадила” – “Кемел қала халқының негізі”. Оксфорд, 1985.
35) “Таалики ибн Уажжа ала мантики-л фадаил” – “Ибн Уажжаның қасиеттер логикасына түсіндірмесі”. Бейрут, 1994.
36) “Китаб ал-Алфазу-л мустаъмала фи-л мантик” – “Қисын ілімінде қолданы¬латын сөздер”. Бейрут.
37) “Мантиқ инда ал-Фараби” – “Әл-Фарабидің логикасы”. Бейрут, 1985.
38) “Китаб ал-имкинату-л маглата” – “Со¬физм¬нің мүмкіндігі жайлы кітап”. Қолжазба.
39) “Рисалатани фалсафиатани” – “Философиялық екі трактат”. Қолжазба.
40) “Рисала фи-л масаили мутафарриқа” – “Әр түрлі мәселелер жайлы трактат”. Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультеті университеті.
41) “Ар-Рисалату зийнунийа” – “Зенон трактаты”. Қолжазба. Баязит университеті.
42) “Әл-Мабади” – “Негіздер”. Қол¬жаз¬ба. 1014.
43) “Китабу-л бурһан” – “Дәлел жайлы кітап”. Қолжазба. 1099.
44) “Рисала шарх рисалати-з зийнуни-л кабири-л йунаний” – “Грек үлкен Зенон трактатына түсіндірме”. Қолжазба. Анкара уни¬верситеті илаһийат факультеті кітап¬ханасы.
45) “Рисала ад-дуаи-л қалбийа” – “Жү¬рек дұғасы трактаты”. Хайдарабад. Мәжіліс баспасы. Анкара университеті илаһийат факуль¬теті кітапханасы.
46) “Фусул мунтаза”. Қолжазба. – Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
47) “Рисала фи ма йасиху уа ма йасиху мин ахками-н нужум” – “Жұлдыздар тура¬лы дұрыс және дұрыс емес үкімдер жайлы трактат” Мысыр. Мармара университеті. Илаһийат факультетінің кітапханасы.
48) “Китабу Аристуталис фи-л ибари” – “Аристотельдің сөйлем жайлы кітабы”. Бейрут. Түрік тарихы ұйымы кітапханасы.
49) “Шарх фусусу-л хикам” – “Кемең¬герлік меруерті (трактатына) түсіндірме”, Амире баспасы. Анкара университеті кітапханасы.
50) “Фадилату-л-улум уа-с синаға” – “Ғы¬лымдар мен түрлі өнерлердің қасиеті”. Анкара университеті илаһийат факульте

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Основы управления огнем
Жеке бас құжаттары
Атмосфера
Бухгалтерский учет векселей


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ