Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз

br /> Автор жайлы дерек жоқ.

5. Иса Йусуф ат-Түркістанидің “Догу Түркистан инсанликтан йардым истийор” – “Шығыс Түркістан адамзаттан жәрдем сұрайды” атты дүниесі Мармара универ¬ситеті кітапханасында.
“Қадиату Түркистани-ш Шарқийа” – “Шығыс Түркістан мәселелері” Мармара университеті кітапханасында тұр.
Автор жайлы дерек жоқ.

6. Абдуллаһ бин Мухаммед әл-Қашғари ат-Түркістани Нидаи. Оның Түркияның Сүлеймания кітапханасында “Хайратнама” атты қолжазбасы бар. Одан басқа:
“Мухаммасат”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасында.
“Ширин Шамайл” – “Тәтті бейне”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасында.
“Рисала фи баийани тариқати-н Нақшбандийа – “Нақшбандия тари¬қатының баяны туралы трактат” Қолжазба. Сүлеймания кітапханасында.
“Диуан Нидаи”. Қолжазба. Сүлей¬мания кітапханасында.
“Хаккия Нидаи”. Қолжазба. Сүлей¬мания кітапханасында.
“Рисала мухтасар фи-т тасауууф” – “Сопылар жайлы қысқаша трактат”. Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы.
“Хаққия” – “Ақиқаттық” (Қолжазба) секілді дүниелері бар.
Автор жайлы дерек жоқ.

7. Муса бин Жаралла ибн Фатима ат-Түркістани. Оның түрік елінен:
“Тариху-л Құран уа-л мусахиф” – “Құран және мұсхафтар тарихы”
“Қауаиди-л фиқһийа” – “Фиқһ (ілімінің) қағидалары (туралы)”.
“Шариат не ичин руиете иғтибар етмиш” – “Шариғатта не үшін түске орын берген”
“Узун гунде де рузе” – “Ұзақ күнде де ораза ұстау жайлы” сияқты еңбектерін көрдім. Автор жайлы дерек жоқ.

8. Саийд бин Мухаммад ат-Түркістанидің
“Рисалату-л алақа фи масаил хиса¬бииа” – “Есеп мәселеріндегі бай¬ланыс” атты еңбегі бар. Автор жайлы дерек жоқ.

9. Ала ад-дин Түркістанидің
“Манзума фи-л фиқһ” – “Өлең тәсі¬лін¬дегі фиқһ ілімі”. (Баязит мемлекет¬тік кітап¬ханасы).
“Назму адади-л кабаир”. Бурдур облыстық кітапханасы.
Автор жайлы дерек жоқ.

10. Абд ар-Рашид Ибраһим бин Умар ат-Түркістанидің Түркияда
“Алами-л Ислам ве Жапонияда Интишари Исламийат” – “Ислам әлемі және Жапонияға Исламның таралуы” секілді шығармасы бар.
Автор жайлы мағлұмат жоқ.

11. Дауд бин Абдул Бақи бин Айбек ат-Түркістанидің Түркияда (Сүлеймания кітапханасында):
“Жамиғ-әл қақаид” – “Ережелер топтамасы”
“Жамиғ-әл қауағид” атты қолжазбалары бар.
Автор жайлы мағлұмат жоқ.

12. Әбу-л Мааъб әл-Хамадан (шейх Алим Түркістанидің) Түркиядан бір-ақ еңбегінің қолжазбасына ұшырастық. Ол “Рисала фи мағрифати-л Инсан” деп аталады. Автор жайлы мағлұмат жоқ.

Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти.

1234
скачать работу

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ