Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз

ғалым жайлы да “Қазақ даласының жұлдыздарында” мағлұмат берілген. Мұхаммед ХІІІ ғ. өмір сүрген парасат иесі. Әбу Насыр әл-Фарабидің фи¬лософиялық еңбегіне түсіндірме жазыпты, бірақ ол еңбегі жарияланбаған. Қолжазба күйінде сақтаулы.
“Әл-Фусул” – “Бөлімдер” (“Тарау¬лар”). Қолжазба.
“Шарх “Фусус әл-Хикам” – “Ке¬меңгерлік меруертіне” түсіндірме”. Баязит кітапханасы, Сүлеймания кітап¬ханасы Мармара университеті кітапханасыдағы оның барлық нұсқаларында 116 бет және 1291 жыл деген мерзім көрсетілген. Тек Баязит кітапханасындағы нұсқасы 78 бет, Сүлейманиядағысы 106 бет. Соңғыда 1013 жыл деген мерзім тұр.

5. Абдуллаһ бин Мухаммед бин Йусуф Насыр әл-Фараби әл-Әзди.
Оның “Тариху-л уламаи-л Андалус” – “Андалусия ғұламаларының тарихы” атты еңбегі Ататүрк университеті илаһийат фа¬куль¬теті кітапханасында. Шығарманың та¬рих мәселесіне арналғанына қарағанда ав¬торы тарихшы сияқты. Отырарлық бұл ой¬шыл жайлы әлі әзір қолымызда мағлұмат¬тар жоқ.

6. Абд әл-Латиф ибн Ахмад әл-Фараби да жаңа әл-Фараби.
Ол Мароккода “Әл-Харакату-л фикрийа уа әл-әдабийа фи-л алами-л араби ал-хадис” – “Жаңа араб әлеміндегі ой-пікір және әдеби қозғалыс” (Касаб¬ланка, 1983) атты еңбекті құрастырған. Шығарма Ливанда да жарық көріпті. (Бейрут, 1995). Бұл кітап Түркияның Жум¬һурият универ¬ситеті, илаһийат факуль¬теті кітапханасында. Өкінішке орай Абд әл-Латифтің өмірі мен шығарма¬шылығы туралы дерек кездестіре алмадық.

7. Әбу-л Фадл Таһир бин Мухаммед әл-Фараби Заһирдің еңбегінің аты “Диуан” – “Жинақ”. Ол Түркияның Баязит мемле¬кеттік кітапханасында. Қолжазба. Өмірі жайлы мәлімет жоқ.
Сонымен жоғарыда өздері ғана емес, сондай-ақ шығармалары туралы да деректер келтірілген отырарлық 7 оқымысты негізі¬нен дүниәуи ғылым салаларының өкілдері болса, ал төменде сөз болатындарының туын¬ды¬лары негізінен ислам діні мәселелеріне арналған.
8. Аға Хасан әл-Фарабидің Түркия кітапханаларында сақтаулы еңбегі “Һидая” тәржімасы” деп аталады. Ол Орта Азиялық Бұрһан ад-Дин әл-Марғинанидің (?-1197) “әл-Һидая” атты Әбу Ханифа мәзһабында жазылған еңбегінің тәржімасы секілді. Автор жайлы әлі әзір мағлұмат жоқ.

9. Бурһан ад-дин Ахмед бин Абу Хафс бин Йусуф әл-Фараби (?-1174)
“Манзума фи-л муаннасати-с самаийа” – “Тіл ережелеріне бағынбайтын әйел тегіне (женский род) қолданылатын қалыптар”. Тағы бір еңбегі “Заллат әл-қари” – “Қаридың қатесі” деп аталады. Ол қолжазба. 121-214 бет. Сүлеймания кітапханасында. Бір нұсқасы Санкт-Петербордағы шығыстану институтының қолжазба қорында бар. Шығарма қасиетті Құранды дұрыс оқу жайлы сөз етеді. Отырарлық ғалым ХІІ ғасырда өмір сүрген.

10. Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед әл-Фараби (1130-1210)
Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед әл-Фараби энциклопедист Әбу Насыр және тілші екі әл-Фарабилерден кейін Түркия кітапханаларында еңбектері жиірек ұшыра¬сатын ғалым. Оның шығармалары көбінесе дін мәселелеріне арналған. Әбу-л Қасым әл-Фараби туралы да “Қазақ даласы¬ның жұл¬дыз¬дары” атты кітабымда жазғанмын.
Әбу-л Қасым еңбектері ішінде Түркия кітапханаларында жиі ұшырасатыны – “Халисату-л хақаиқ” – “Таза шындық”. Қолжазба. 207 беттен тұрады. Ол бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған. Қыс¬қартылған 60 беттік нұсқасы Санкт-Петербург университетінен ұшыраттым. “Халисату-л хақаиқтың” бір-бір нұсқалары Атиф Әфенді, Анталия Текелі облысы халық кітапханасы, Бурса аймақтық кітапханасында тұр.

11. Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани (1286-1356)
Қауам ад-дин қазіргі Түркістан қала¬сының шығысында 20 шақырымдай жердегі, орта ғасырларда Итқан (Атқан), қазір Иқан деп аталатын кентте 1286 жылы туған. 31 жасқа дейін Отырарда имам болған. Сонан соң білім іздеп әуелі Самарқан мен Бұхара¬ға, сонан соң Дамаскіге сапар шеккен. Бағдадта 25 жыл қазы болған. Сонда үйленіп, ұлды-қызды болған. Кейін Каирге қоныс аударып, сонда біржола тұрақтап қалған. Египеттің ортағасырлық Ибн Тагриберди, Әл-Макризи, Ибн Касир, ас-Суйути секілді және т.б. ойшылдары ол жайлы қалам тербеген. Өз дүниелерінде олар Қауам ад-Динді “Каирге қала әкімі Саргатмиш (Сыргатмыш) шақырған. Онда Қауам ад-Дин медреседе ұстаздық еткен”, – дейді. Каирге барған бір сапарымда мен сол медресені іздеп таптым. Қазірге дейін ол дін аман тұр. Суретті қараңыз.
Иқан перзенті 73 жыл жасап, 1356 жылы дүниеден өткен. Оның Каир, Дамаск, Кувейт, Түркия, Голландия, Өзбекстан, Ресей кітапханалары мен қолжазба қорларында оннан астам трактаттары бар. Біразы менің де жеке мұрағатымда сақтау¬лы. Ол туралы кезінде “Егемен Қазақстан” газетінде “Каир медреселерін басқарған Отырар имамы” атты үлкен мақала жария¬лағанмын (№20-23, 25 қаңтар 2006). Иқан жұрты сол дүниені оқып, риза болып, отандас ғалымына арнап Иқаннан мешіт салдырды. Оны 2008 жылдың 27 желтоқ¬санында арнайы барып ашып, алыста қалған отандас бабаға арнап дұға бағыштадым.
Қауам ад-диннің Түркияда бірқатар еңбектері сақтаулы.
Түркияның қолжазба қорлары мен кітапханаларындағы отырарлық ғұламалар мен олардың жазба жәдігерліктері мен ба¬сы묬ған дүниелері туралы деректер осылар.
Ибн әл-Фуати деген атпен белгілі орта- ғасыр¬лық хадисші, тарихшы Камал ад-дин Абд ар-Раззақ ибн Ахмад әл-Бағдади аш-Шайбани ал-Ханбали (1244-1323) “Маджма ал-адаб фи муғджам ал-алқаб” – “Лақап аттар анықтамалығы туралы әдеби жинақ” атты 5 томдық еңбегінде тек Отырар ғана емес, сондай-ақ қазақ жерінің Қайалық (Талды¬қорған өңіріндегі Қойлық шаһары), Имил (Сыр бойында болса керек – Ә.Д.), Түркістан, Женд, Сауран, Исфиджаб – Сайрам, Қараспан, Сығанақ, Иқан (Итқан), Жікілдік парасат иелері туралы да деректер бар. Фараб¬тан шыққан бізге беймәлім үш ғұламаны ол Утрари (Отырари) деп көрсеткен. Олар:

12. Умдат ад-дин Әбу Талиб Мухаммед ибн Абд әл-Азиз ибн Ахмед ибн Абд ар-Рашид әл-Утрари (Отырари) әл-Мүкри Құранды өте жақсы оқыған. Оның мән-мағынасы жайлы талас пікірлерге де барған.

13. Ала ад-дин Әбу-л Харис Арслан ибн Дауд ибн Әли әл-Утрари (Отырари) әл-Муаддил әл-Фақиһ (?-1303) “Бағдатқа келіп Низамийа махалласында тұрған. Фиқһ, адаб ғылымымен айналысқан. Араб тілінің грамматикасынан сабақ берген. Кітапхана қызметкері де болған. Қазыларға куәлік еткен өнегелі, ілтипатты жан болған. Мен одан өлеңдер жазып алып, қызметінде жүрдім. 1302-1303 жылы ол дүниеден өтті”, – деп жазады Ибн әл-Фуати.

14. Мадж ад-дин Әбу Әли Фадлаллаһ ибн Мухаммад ибн Ахмад әл-Утрари (Отырари) әл-Мунаджим – жұлдызшы ғалым.
Мына жеті жұлдыз әсер етуді жалғастыра бергенше,
бақытты және рахатта болуды үзбейсің.
Олар: Мах Миһр, Кайван және Кәтиба,
әл-Мұштари, Анахид және Бахрам [жұлдыздары]
Бұл үлкен жеті жұлдыздың аттары
[История Казахстана в арабских источниках. ІІІ том. Извлечения из сочинений ХІІ-ХІІІ в. Алматы, “Дайк-Пресс”, 2006, 75-76, 85 беттер].
Ала ад-диннен басқа отырарилердің туылған және қайтыс болған жылдары мәлімсіз.

15. Умрик деген атпен белгілі Хұсам ад-дин әл-Фараби иқандық (итқандық) Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркі¬стани ұстаздарының бірі болған. Соған қарағанда ол шамамен ХІІІ ғасырдың екін¬ші, ХІV ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген сияқты. Хұсам ад-дин өзін қазақ жерінің ғалым перзенті “Бадр әл-аимма” – “Имамдар айы” аталған әл-Кердери әл-Қаһарзаденің шәкірті санаған.
Қалған Фараби – Отырарилер туралы “Әл-Фараби: Философия. Мәдениет. Дін” Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни¬верситетінің 75 жылдығына арналған халық¬аралық ғылыми-тәжірибелік кон¬ферен¬ция материалдары. Алматы, 2009” атты еңбектің 13-31 беттерінен оқуға болады.

Тараз бен Түркістан перзенттері
Түркия қолжазба қорларында Түркі¬стани атты да біраз ғалымдардың жазба дүниелері бар. Авторлары Түркістан қаласы яки Түркістан өлкесінен шыққандықтан Түркістани деп аталды ма, жоқ па, қолы¬мызда ол туралы мәлімет жоқ. Түркістани¬лердің шығармаларынан да авторларының дәл қай жерлік екенін білдіретін жолдарды кездестірмедік. Бірақ Һибатулла ат-Тарази Түркістани мен Махмуд бин Саййд ат-Түркістани ат-Таразилердің қазақ жеріндегі Тараздан екендігі айқын.

1. Саийд бин Мухаммед ас-Сугди Жамал Түркістани.
Оның ныспысы “Ар-Рисалату-л алаййа фи-л масаили-л хисабийа” – “Есеп мәселелеріне байланысты ұлы трактат” атты еңбекке орай айтылады. Қолжазба Сүлеймания кітапханасында тұр. Бұл ғалым кейде Әл-Фараби деп те аталады. Ол Әбу Насыр Әл-Фарабиге дейін, шамамен VІІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген сияқты.

2. Махмуд бин ас-Саийд Насир ат-Түркістани ат-Тарази.
Оның аты “Ан-Назму-л хауи ли ақидати-л имам ат-Тахауи” (855-933) – “ат-Тахауи ақидасын қамтитын жыр” атты қолжазбаға байланысты айтылады. Ол дүние Мармара университеті илаһийат факультетінің кітапханасында сақтаулы.

3. Шейх Алим Түркістани. (Абдуллаһ бин Мухаммед бин Абдул Азиз ас-Самарқанди). Оның Түркияда “Рисалати-л қалб фи-л малакут” – “Руханият әле¬мінде жүрек” атты трактатының қолжазба¬сы бар. (Бурса аймақтық жазбалар кітапханасы).
Автор жайлы дерек жоқ.

4. Абдуллаһ Реджеп Түркістанидің “Түркістан милли харакатлары” – “Түркі¬стан ұлттық қозғалыстары” атты еңбегі (Стамбул, 1945) Мармара универ¬ситеті илаһиат факультетінің кітапхана¬сында.<

1234
скачать работу

Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ