Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлан



 Другие рефераты
Балқаш аңызы Өндіріс теориясы Тұтынушы тәртібінің теориялық негіздері Тұңғыш қазақ генералы - Ғұбайдолла Жәңгіров

Ұлан туралы білесіз бе?

Қазақ елінің егемендікке қол жетіп, еңсесін енді-енді көтере бастаған кезде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1992 жылдың 16 наурыздағы арнайы Жарлығымен Республикалық Ұлан құрылған еді. Республикалық Ұлан Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағындырылып, Қарулы Күштеріміздің құрамына кірмейтін арнаулы әскери құрама ретінде тіркелді. Олар негізінде – дәстүрлі рәсімдердің орындалуына, мемлекет басшысының және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай ақ аса маңызды объектілерді күзетумен айналысады. Осындай жауапты істерді атқару үшін ұланның қатарына сақадай сай, денсаулығы мықты, сана–сезімі жоғары азаматтар алынды. Оның үстіне үміткерлердің бойы 178 см-ден төмен болмауға тиіс, және сыртқы келбет пішініне мән беріліп, адамгершілік тұрғыда үлгілі болуы шарт. Жарлық күшіне еніп, сарбаздар жасақтала бастаған күннен- ақ өзінің әскери борышын осы құрамада өтеуге ниет білдірушілер көбейді. Бірақ, ондай бақыт екінің біріне бұйырмады. Ұланның қатарына тек нағыз “Сен тұр, мен атайындар” ғана іріктелініп алынды. Сөйтіп еліміздегі ерекше мәртебеге ие әскер түрі Республикалық Ұлан болды. Сондықтан да, оны ұлттық мемлекетіміздің басты атрибуттарының бірі ретінде қарастыруға толық негіз бар. Осы жерде шежірелік шегініс жасауға тура келіп тұр.

 Гвардия термині ХІІ ғасырда Италияда пайда болып, ол мемлекеттік туды күзетуге арналған іріктелген жасақ деген мағынаға ие болған. Кейіннен бұл айрықша әскер ХV ғасырда Францияда, ХVІІ ғасырда Англия, Швеция, Пруссияда, ХІХғасырда Түркия мен Жапонияда құрылған. Ресейде гвардиялық полктер І Петрдің бастамасымен ХVІІ  ғасырдың 80-жылдары пайда бола бастады.

Қазақ мемлекетінің негізін қалаушы Жәнібек пен Керей, олардың мұрагерлері Есім, Қасым, Тәуке хандар қазіргі ұланға ұқсас әскер ұстаған деген дерек бар. Әскерге ханға берілген ақсүйектер отбасынан шыққан жасөспірімдер алынған. Олардың негізгі міндеті ханның отбасын қорғау, жол жүру кезінде ханмен ілесе жүру, көрші мемлекеттерден елші келгенде жарғылық рәсімдерді атқару еді. Сол батыр бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының батыр болмасқа хақы жоқ. Жаңа заман сарбаздары – Республикалық ұлан да баба тарихтың көне дәстүрлерін сақтай отырып, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Ұландықтардың әскери антқа адалдығы, Қазақстан Республикасының Президенті мен халқына мүлтіксіз қызмет етуі, батылдығы , кәсіби шеберлігі, салауатты өмір салты мен дене күшін жетілдіру қажеттілігі өзгелерден ажыратып тұрар айрықша қасиеттер болып отыр.

Ұлан жастары “өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын” деп Отан үшін от кешуден тайсалмай, “тізе бүгіп өмір сүргенше, қасқайып тұрып өлгеніміз артық” деген қағиданы ұстанған.

Қазіргі таңда Республикалық ұланның 2 полкі бар. Оның бірі Алатау баурайында, екіншісі Астана төріне шоғырланған. Алматыдағы полкке әр жылдары тәжірибелі командирлер полковниктер Мұрат Майкеев, Бақыт Мұхамеджанов, Ерлан Сұлтанбаевтар басшылық жасады. Бұл күндері бұл ұжым подполковник Мейрам Махатовтың қарауында. 1997жылы Елбасы Алматыдағы полкте болып, ұландықтардың жауынгерлік даярлығына жоғары баға берді. 1997 жылы 11 шілдеде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бөлімге Ту тапсырды.

Қос бөлімде де әскери қызметшілерді тәрбиелеуде жастардың бастамашыл орталығы, сержанттар кеңесі, ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмесінің кеңесі сияқты қоғамдық ұйымдар аянбай тер төгіп келеді.

Бүгінде Республикалық ұланда үстінен қылмыстық іс қозғалған бірде-бір әскери қызметші жоқ. Осыған қарап-ақ мерзімді қызметі мәреге жеткен әрбір сарбаз белгілі бір  ілім қорын жинақтап, есейіп азаматтық өмірге еркін араласады деуге негіз бар.

Республикалық ұлан жанынан құрылған Президент оркестрі осы күні тек ұланның ғана емес, бүкіл республикамыздың мақтанышына айналды десек, асыра айтқанымыз емес. Бұл оркестр дүниежүзінің барлық мемлекеттерінің  әнұранын орындай алады. 1996 жылы олар АҚШ-та болып қайтты. Вашингтондағы атақты Линкольн театрына жиналған жұрт Айман Мұсақожаева, Айгүл Қосанова, Алексей Ефременко, Раушан Мұсақожаеваның өнерін сүйсіне тамашалады. Өткен жылы Қазақстанда ресми сапармен болған Малайзияның Премер-министрі құрметті қарауыл мен оркестрді көріп, “Біз де дәл осындай оркестр мен қарауыл жасақтағымыз келеді, бізге нұсқаушылар жіберіңіз” деп тілек білдірген. Енді дипломатиялық келісім бойынша 150 адамнан құралған оркестрді Малайзияға аттандыратын болдық. Барлық шығынды Малайзия өкіметі көтереді. Міне осының өзі зор табыс емес пе,- дейді Сәт Бесімбайұлы.

 

Республикалық ұланның емдеу-алдын алу мекемесі әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелеріне білікті медициналық көмек көрсетуге арналған. Бүгінгі күні госпитальда  1 профессор, 1 доцент, 1 медицина ғылымдарының докторы мен 3 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Енді аз сөз ұлан әскерлерінің әлеуметтік тұрмыстық жағдайы жайында. Әрине оларды басқа құрылымдармен салыстыруға болмайды. Өзгешелік бар. Жауынгерлердің жұмсалған күш қуат шығынын толықтыру үшін, ұландықтар барынша нәрлі және қуатты тағамдармен тамақтанады. Иә, Республикалық ұлан бүгіндері еліміздің әскерлері арасындағы ең үздік құрамалардың бірі десек қателеспеспіз. Республикалық ұланның жанынан құрылған “Көкжал” атты арнайы мақсаттағы айрықша топ өзінің құрамы жағынан қамтамасыз етілуі мен қаруландыру жағынан еліміздегі теңдессіз топ болып есептеледі.

скачать работу


 Другие рефераты
Ахмет Жүнісов (1926-1998 жж.)
Политический портрет И.В. Сталина
Двухуровневая банковская система
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ (1663 — 1763 жж.)


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ