Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлы иозылар және Құшан патшалығы



 Другие рефераты
Мұхит Мерәліұлы Отражение сюжетов кукольного театра в рисунках детей старшего дошкольного возраста Тәңір – түркі Атлантидасы Екінші симфония («Богатырская»)

Ұлы иозылар және Құшан патшалығы

                             

                                         “Ex Oriente lux”(Свет с Востока)

       Ертедегі римдіктер

 

Ежелгі түркі тайпалары, оның ішінде “Ұлы иозылардың” тайпалар одағы құрамындағы кердері, мойтұн (қарақалпақ) және басқа тайпалар б.д.д. II - б.д. IV ғасыр аралығында Орта Азияда, Ауғаныстанда, Үндістанда Құшан мемлекетін құруға атсалысқан және осы мемлекеттің ақсүйектері болған27

К.Ақышевтың және басқа да ғалымдардың деректерінде ұлы иозылар (юечжи), андрон тайпалары, ассылар, сақтар, савромат-сарматтар, аримаспылар (атты арийлер), исседондар және аландар Қазақстан аумағындағы ең көне тайпаларға жатады11.

Қытай династиясының хроникасын: “Б.д.д. I мыңжылдық соңында сэ, иозылар, үйсіндер және сюнн (ғұндар) ертедегі қытай мемлекетінің солтүстік-батысында орналасқан” дейді. Инь (б.д.д. XIII-XIғғ.) дәуірі кезінде Қытай қола дәуірінің өнердегі түпкілікті сапалы өзгеруі және көлік ретінде тұрмысқа дөңгелекті арбаның енуі иозылардың пайда болуымен түсіндіріледі. Куньлунь тауының шыңдарында орналасқан шеттен келген құдай “Батыстың Ана-патшасы” Си-ван-муды да осы иозылардың пайда болуымен түсіндіреді69.

 Иозылардың шығу тегі толық зерттелмегендіктен кейбір ғалымдар оларды ирантілді десе, екіншілері тохартілділерге жатқызады. Клавдий Птоломей (Птол., VI. 14) сияқты ертедегі авторларға сүйенген Ф.Хирт (Hirth, 1885, S.139), А.Гутшмидт (Gutschmit, 1888, S.69) және Э.Пуллейблэнк (Pulleyblank, 1962, pt.1, p.99) оларды яньцайлар немесе ятий тайпасы дейді. Сөйтіп, құшандарды этникалық жағынан сарматтарға жатқызады. Ертедегі қытайша сармат тайпасының аты янь және яньцай. Оны қытай тілінің мамандары сармат этнонимінің берілуімен түсіндірді. IV ғасырдағы автор Кумарадживи әрқашанда «кіші иозылар» терминін тохар этнонимін атағанда пайдаланған.

И.Маркверт (Markwart, 1938, S.65) бойынша «үлкен иозы» термині ертедегі гректердің массагет формасының этнониміне сай келеді. Себебі, оның болжамынша, иозы формасы гот, гет мағынасын береді. Цэнь Чжунмянь (Цэнь Чжунмянь, 1935, С.1-6) және К.Сиратори (Сиратори, 1941, С.633-644) яньцайларды қыпшақтармен салыстырады. О.Мэнхен-Хэлфен (Maenchen-Helfen, 1945, p. 250) мен Х.В.Хауссиг (Haussig, 1953, S. 321) яньцай транскрипциясынан эфталит белгісінің бір формасын көреді.

Б.д.д. I мыңжылдықта гректер Алтайды мекендеген тайпаларды «алтын күзеткен қырандар» деген даңқты атпен білген. Біз бұдан Алтайда, яғни ұлы иозылар елінде алтынның көп болғанын және ұлы иозылардың батыр халық болғанын көреміз. Иозылардың негізгі бөлігі Монғұл Алтайының оңтүстігінде, Бей-Шаньге дейін, ал шағын бөлігі Ресей Алтайында болуы мүмкін. С.Кляшторный90 иозыларды үйсіндермен бірге шығысскиф сақ тайпаларына жатқызады. Гобий Алтайы Цагандол шатқалындағы қара тастарда табылған иозы тайпалары көсемінің таңбасына (геральдикалық белгі) қарап мамандар олардың оңтүстік шегарасын анықтады. Батыс монғұл және Саян-Алтай аймағындағы б.д.д. V-III ғасырлардағы қорған молаларды иозылар мен үйсін тайпаларының қорған морлалары дейді. Кейбір деректерде ұлы иозылар б.д.д. II ғасырға дейін бірнеше ғасыр бойы Хуаньхэ өзені мен Пекин қаласының солтүстігіндегі қытай территориясын билеген және ғұндарға салық салғаны айтылады. Сондықтан да басқа көшпенділерді “жабайылар” деп келген қытайлықтар иозыларды – “Ұлы иозылар” деп құрметпен атаған. Сымь Цянь ғұндардың ұлы қолбасшысы Мөденің иозыларда аманатта болғанын жазады.

С.Руденко136 бастаған ғалымдар Алтайдағы Пазырық қорғандарына жүргізген археологиялық қазбалардан табылған адамдардың бас сүйектерін зерттей келе б.д.д. V-II ғғ. иозылар тайпасының құрамында еуропалықтармен қатар, түркілердің де болғанын айтады. “Барлық зерттелген адамның бас сүйектерінен Г.Ф.Дебец №6 қорғаннан тапқан ер адамның бас сүйегінің қазаққа өте ұқсас екенін айтады” дейді С.Руденко. Осыдан 22-25 ғасыр бұрынғы бас сүйектердің монғұл мен түркі ғана емес, тек қазақтың ғана бас сүйегіне ұқсауы кездейсоқ емес. С.Руденко бастаған ғалымдар зерттеген қорғандар тайпа басшыларының немесе ақсүйектерінің моласы еді. Академик В.В.Бартольдтың “... құшандықтардың немесе “ұлы иозылардың” ақсүйектері кердерілер болған” дегенінің жауабы осында сияқты. Алтайда жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған деректерге қарап мынадай қорытындылар жасауға болады:

а иозы тайпалар одағы, оның ішінде ақсүйектері, яғни қорғанда жерленгендер – түркілер мен еуропеидтер;

ә қорғандардағы жылқыға қатысты құрал-саймандар, тұскиіздер мен текеметтердегі ою-өрнектер қазақтың-құрал саймандары мен ою-өрнектеріне өте ұқсас.

б Пазырық және Есік қорғандарындағы жерлеу рәсімдерінде қабір бетін жабуға, қорған архитектурасына Тянь-Шань шыршаларын пайдалану секілді т.б. көптеген ұқсастықтар кездеседі.

 Ұлы иозылар тайпасы ертедегі түркілер мен үндіеуропалықтардың арасында тұрғандықтан, әртүрлі нәсілден құралған. Ертедегі көшпенді түркі және арий тайпаларының әлеуметтік құрамы негізгі үш топқа бөлінген; абыздар (би, сұлтан, ақындар), батырлар мен сарбаздар және жұмысшы шаруалар. Ұлы иозылар ішіндегі түркілер негізінен әскербасшы және сарбаздар болуы керек. Себебі, соғыста түркілер мен монғұлдарға тең келетін ешкім болмаған. Көне заманнан бастап біздің дәуіріміздің XV-XVI ғасырларына дейінгі Еуразия құрлығындағы ұлы жеңістер осы екі халықтың есімімен байланысты. Әртүрлі тайпалар немесе нәсілдер одағынан тұратын көшпенді және отырықшы мемлекеттер көп жағдайда, әсіресе соғыс кезінде бір текті халықтан тұратын мемлекеттерден берік болғаны белгілі. Оның мысалы қыпшақтар билеген Мысырдағы мамлюк мемлекеті, Алтын Орданы билеген төрелер (монғолдар) және т.б. бола алады. Ал, көшпенділер тайпасының өмірі жартылай әскери, қашан да  көшіп-қону мен соғыс жағдайында өтеді. Сондықтан, түркілер мен үндіеуропалықтар  ұлы иозылардың тайпалар одағын құрауы заңды.

“Шицзи” және “Ханьшу” дерегі бойынша, б.д.д. II ғасырға дейін иозылар Дуньхуан мен Тянь-Шанның арасында орналасқан екен.

Хан патшалығының дерегінде ұлы иозылар б.д.д. 160-174 жылдары ғұндардан жеңілгеннен кейін батысқа қарай ауған. Сонда олардың көше алмай қалған екі тайпадан тұратын бөлігі “кіші иозылар” Тянь-Шань тауына шегініп ол жердегі тайпалармен араласып кетті. “Кіші Иозылар” (қытайша Хяо-юе-чжы) туралы “Батыс өлкесінің сипаттамасында”37: “Кіші Иозылардың резиденциясы Фулэуша қаласында. Олардың басшысы Ұлы Иозылардың патшасы болған Кидолудың (кердері) баласынан тарайды. Кидолу ғұндардан жеңіліп батысқа кеткенде резиденцияны басқаруды баласына тапсырған. Оны Кіші Иозы деп атайды. Олардың киімдері танғұттарға ұқсас. Алтын және күміс ақшаны пайдаланады. Олар ғұндар сияқты мал соңына еріп бір жерден екінші жерге көшіп отырады ...”37 дейді.

Соған қарағанда иозылардың негізгі бөлігі “Ұлы иозылар” уақытша Іле өзені өңіріне қоныстанып, одан кейін оңтүстік-батысқа көшіп, Орта Азияға орныққанда оның құрамында бес ірі тайпа болған. Ұлы иозылардан Алтайда, Қазақстанда, Орта Азияда және Ауғаныстанда көптеген мәдени ескерткіштер қалды. Оған осы аймақтардағы будда храмдары мен ескерткіштері және т.б. жатады. Алтайдағы мәңгілік мұзда С.И.Руденко тапқан қазбалар иозылардікі деп есептеледі136. Осы уақытқа дейін сақ тайпаларынікі деп келген Есік қорғанынан табылған “Алтын адамды” ғалымдар ұлы иозылардан қалған ескерткіш екенін айтады.

Өз заманының деректерінде ұлы иозылар “жылқы елі” деп аталды. “Шайхайжиың” атты шығармада «ұлы иозылар елінде жақсы аттар көп» десе, Шұй Сұң: “ұлы иозы елінде неше жүз мың мініс аты бар” дейді. Б.д.д. I ғасырға дейін қытай әскері санының көптігіне қарамай көшпенділерден жеңіліп келгені белгілі. Көшпенділерге тосқауыл болу үшін олар ұзындығы төрт мың шақырым “Ұлы Қытай қорғанын” салды. Бірақ ол көшпенділерге кедергі бола алмады. Атты әскерін күшейту үшін қытай иозылар еліне елші жіберіп, жыл сайын мыңдап мініс ат сатып алып отырған. Көшпенділерге тойтарыс бергендер - иозылар мен үйсіндердің “Аспан аттарына“ мінген, негізінен  қытайланған түркілерден тұратын атты әскер болды.

Сол кездегі деректерде “ұлы иозылардың тегене құйрық қойларының үлкендігі есектей” деп жазылған. Памирдегі қылшық жүнді гиссар қойының тұқымы осы иозылар қойынан тараған болса керек. Бұл қойдың аталық тұқымының салмағы 160-180 келіге дейін жетеді.

 “Олар баққан сиырдың даңқы әлемге әйгілі. Ол сиырлардың денесінен ет кесіп алса, ертеңіне қайта жетіліп кетеді’ дейді “Иуанжұңжи” атты шығармада. Бұл олардың сиырының “кессе кемімейтін” семіздігін  айтқаны.

“Ұлы иозы елі жалғыз өркешті нар түйе өсіреді. Асылында түйе екі өркешті болады, ал жалғыз өркешті нар - түйенің асылы” дейді “Ұлы иозы тарихында”. Сонымен қатар, “Шайхайжиң” шығармасында: “Ұлы иозылар елінде таңғажайып жеміс мол, олар мекендеген жердің күн райы жылы, топырағы құнарлы» екені суреттелген. Жұңғоның тарихи жинағында «Ұлы иозылар

123
скачать работу


 Другие рефераты
История театра древней Греции, Рима и средневековья
Дизартрия
Сканирующая зондовая микроскопия
Сапарғали Бегалин — халықтың сүйікті жазушысы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ