Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлт және дін

здерін “жапа-жалғыз” сезінетіні анықталған. Өзін жалғыз, тасталған, тысталған сезінетін адамдарда қоғамға бағыныштылық сезімі әлсірейді, жанұя ұғымына салқын қараушылық пайда болады. Мұндай адамдарда өзімшілік ауруы асқынады…

Исламият адамдарды еңбек етуге, сабырлылыққа, қайраттылыққа, мәреге жету үшін қажыр көрсетуге шақырады. Төмендегі Құран аяттары осыған меңзейді;

“Аллаһ саған берген несібелерден (Оның жолында жұмсап) ахирет мекенін көзде, бірақ, дүниедегі нәсібіңді де ұмытпа! Аллаһ саған ихсан еткендей, сен де (адамдарға) жақсылық жаса! Жер бетінде бұзақылықты қалама! Күдіксіз, Аллаһ бұзақыларды жақтыртпайды!” [14]“Шынында адамға еңбегінен басқа еш нәрсе жоқ!” [15]

“Сол күні әр нәпсі жасаған жақсылықтары мен жамандықтарын алдында көреді!” [16]Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (569-632) мына мүбәрәк хадистері қандай тамаша;

“Ризықтың оннан тоғызы тижаратта-дүр (сауда-саттықта)”

“Іс-әрекеті тура мұсылман саудагер қиямет күні пайғамбарлар және шәһидтермен бірге болады”

“Ризықты жердің астындағы нәрселерден іздеңдер”

“Өнер (ісмерлік) – кедейліктен сақтайтын қорған”

“Еңбек етіп кәсіп қылу әрбір мұсылман еркек пен әйелге фарыз-дүр”

“Халалды іздеу әр мұсылманға уәжіп-дүр (маңызды міндет)”

Жоғарыда мағналары келтірілген аяттар мен хадистерде әлеуметтік қайырымдылық, дүниелік тіршілік үшін қамдану, еңбек ету, жақсылық жасау, әлеуметтік тыныштықты бұзбау (сақтау) секілді тақырыптар туралы маңызды хүкімдер келтірілген. Исламияттың осы хүкімдерін жете түсінген, хақтығына иман еткен фәрдтер әлеуметтік өзгерістер толқынына қарамастан адал еңбек етеді, тапқанын Аллаһ жолында жұмсайды, жарлы-кембағалдарға көмектеседі. Олар еңбексіз еш нәрсенің болмайтынын біледі. Олар әлеуметтік өзгерістерге душар болған қоғамда өздерінің иманын, сенімін, өмірлік жолын сақтай біледі; әр түрлі қиыншылықтар мен таршылықтардың емтихан екенін түсінеді;

“Біз қай елге бір пайғамбар жіберсек, оның халқын жалынып, жалбарынулары үшін мұтлақа (міндетті түрде) жоқшылық һәм таршылықпен қинағамыз” [17] “Шынында біз, перғауынның ұрқын, олар ғибрат алар ма деп, ұзақ жылдар бойы жұт және табыс тапшылығымен қинадық” [18]

“Аллаһ бір шаһарды мысал етті; бұл шаһар сенімділікте, қауіпсіздік орнаған һәм хұзырлы (тыныш) еді. Оған жан-жақтан мол ризықтар ағылушы еді. Бірақ та олар Аллаһтың ризықтарына опасыздық жасады (шүкірін орындамады). Аллаһ та оларға, жасаған қылықтарының салдарынан, аштық һәм қорқу киімін (пәлекеттерін) татқызды” [19]

“Әлбетте, күдіксіз сенен бұрынғы үмметтерге де пайғамбарлар жібердік. Бізге жалбарынулары үшін оларды таршылық һәм мұңмен қармап, жазаладық” [20] “Менің зікірімнен (Құраннан) бет бұрушылардың барлығына тіршіліктің тапшылығын береміз һәм қиямет күні оларды соқыр етіп тірілтеміз” [21]

Исламияттың басты мақсатының бірі адам баласының ақылын, санасын, ойлау қабілетін қорғау, ұрпақты жалғастыру, айналаны қоршаған ортаны (табиғатты) аялау. Сондықтан, хақ дініміз маскүнемдік, араққештік, шарапқұмарлық, нашақорлық сықылды естен тандыратын, адамның санасын құртатын жаман қылықтарды хоштамайды, оларды үзілді-кесілді лағынеттейді. Соңғы жылдары елімізде, өкінішке орай, осындай жағымсыз қылықтар көбейіп барады. Арақ-шараптан уланғандарды, бірін-бірі өлтіргендерді, өзінің үйін, кәсіпорнын байқамай өртегендерді күнде теледидардан көруге болады. Үшбұ азаматтарымыз Пайғамбарымыздың мына хадистері мен Құран Кәримдегі аяттарды білсе, істегендерінің қаншалықты ерсі екенін түсінер еді. Рахмет Елшісі бір сөзінде былай деген;

“Көбі мас қылатын нәрсенің азы да харам!”

Пайғамбарымыз бек көп хадистерінде көркем мінезді (ахлақ) мадақтаған. Өзінің өмірінде күллі адамзатқа үлгі болған. Оның мына сөздері қазір де маңыздылығын сақтауда;

“Шынында мен көркем мінезді тәмамдау үшін жіберілдім”

“Сендердің иман бойынша ең әдемілерің – мінез-құлық бойынша ең әдемілерің” “Аллаһ Тағаланың ең сүйікті пенделері ахлақ жағынан ең әдемі пенделер” “Ей Аллаһым! Сенен денсаулық, есендік һәм көркем ахлақты тілеймін!” Ақыл – адам баласының ең үлкен байлығы. Ақыл – иманның, діннің тіреуі. Расұлұллаһ мына хадисінде осы мәселені түсіндіреді;

“Адамның сүйеніші – ақылы. Ақылы жоқтың діні де жоқ!”

Иә, шындығында да ақылы жоқ адамның діні қайдан болсын?! Есірткіні сорып, масайып жатқан адамнан қоғамға, жанұяға қандай жақсылық болмақ?! Ең қарапайым, ең тұрпайы нәрселерді түсіну үшін, іске асыру үшін ақыл керек қой. Ал, дін секілді ең ұлық, ең рухани, ең пәк ұғымды түсіну үшін ақылдың да ақылы керек. Ақылы сергек, ойы таза адамдар ғана діннің қадірін білмек, терең ойламақ, таза иманды болмақ. Үйткені, иман дегеніміз сенім. Сенім – ғылым, білім болғанда ғана хасіл болады, бекиді. Ғылымсыз, білімсіз адамда қандай сенім болсын?! Ол неге сенгенін, не үшін сенгенін біле ала ма?! Міне, сондықтан, Исламият ойы, ұжданы сау адамдардың болғанын қалайды, соны бұйырады. Иманы берік, ойы тың адамдар тың ойлайды, харам нәрселерден, қылмыстан, құлдыраушылықтан аулақ болады. Олар дүниедегі һәм ахиреттегі жауапкершіліктен қорқады. Төмендегі хадистер осы мәселелерді анықтайды;

“Шүбәсіз, Аллаһ Тағала жұмсақ мінезді, ақ жарқын кісіні жақсы көреді”

“Мұсылман – тілінен һәм қолынан өзге мұсылмандар амандықта болатын адам” “Өзінің бауырына үш күннен артық кек сақтау мұсылманға халал болмайды” “Садақалардың ең абзалы – ренжіскен адамдарды татуластыру”

“Бір пенде басқа бір пенденің айыбын жапса, Аллаһ Тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады”

“Егер біреудің жамандығынан оның көршілері толықтай амандықта болмаса, ол адамның иманы кәміл емес деген сөз”

“Жақсылық жасаңдар! Күдіксіз, Аллаһ жақсылық жасаушыларды сүйеді!” “Аллаһ ысрапқорларды жақтырпайды!”

“Ынсап – діннің жартысы-дүр!”

“Ұят – иманнан-дүр. Адамдардан ұялмайтындар, Аллаһ Тағаладан да ұялмайды” “Даналықтың басы – Аллаһтан қорқу”

“Уәдені орындау – иманның беріктігін көрсетеді”

“Шүйіншілеңдер, сескентпеңдер! Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар!”

“Адамдардың ең хайырлысы – адамдарға ең пайдалысы”

Әлбетте, жоғарыдағы хадистер мен мұқаддас аяттарды көбейтуге болады. Біздің мақсатымыз, осы көлемі шектеулі мақалада хақ дін Исламның, мұсылмандық иманның материалдық уә моральдық өзгерістерге тап болған фәрдтерді қаншалықты демейтінін, олардың рухын биік ұстайтынын көрсетпек еді. Дінге жай құлшылық тұрғысынан қараушылық – дінді толық түсінбегендік, толық бағаламағандық болады. Әрине, құлшылықсыз дін болмайтыны рас, бірақ, құлшылық діннің негізгі ұстындарының бірі, бәрі емес. Аумалы-төкпелі заманда ғибадатын жалғастырғандар үлкен рухани ләззәт алады, олардың Аллаһ Тағалаға деген сенімі, өз-өздеріне сенуге жетектейді. Құран Кәримдегі “ғасыр” сүресі, сондай бір зобалаң замандағы адамдарды суреттейді;

“Ғасырға (заманаға) ант болсын! Адам баласы, шынында, зиянда! Иман еткендер, салих (жақсы, хайырлы) ғамал (іс) істегендер, бір-біріне хақты үгіттегендер мен сабырды насихаттағандар ғана зиянда емес!” [22]

Демек, адам баласының бәрі зиянға ұшырайтын сондай ғасырда төмендегі 4 топтағылар ғана зияннан сақтанбақ;

1. Иман еткендер (сенімділер, мұминдер)

2. Жақсылық жасағандар

3. Хақты (туралықты) үгіттегендер

4. Сабырды үгіттегендер

Қорыта айтқанда, заманымыздағы һәм барша ғасырлардағы мәселелердің шешілуінде Исламияттың хақ орнын түсінуіміз керек. Қазақыстан қоғамында бұл күндері жиі қайталанып жатқан проблемалардың бастыларын жоғарыда көрсеттік. Құран Кәрим аяттары мен Расұлұллаһтың кейбір хадистерін келтіре отырып, Исламияттың аталмыш мәселелерге көзқарасын талдадық. Әлде де жазылмаған ойлар бар. Мұсылман елдердің тарихын саралағанда, әсіресе, ХХ ғасырда азаттық күресін жүргізген елдерде Исламның халыққа қаншалықты қуат-жігер бергенін байқаймыз. Африка мен Азиядағы көптеген мұсылман елдерінде Исламияттың жоғарыда үзінділері келтірілген қағидалары адамдардың өтпелі кезеңнен табысты өтуіне үлкен үлес қосқан. Елімізде, соңғы жылдары Исламияттың мәртебесінің күшеюі қуантарлық жағдай. Алайда, хақ дін Исламның тереңдігі ғылыми платформаларда лайықты мағнасын таппақ. Ғылыми жиналыстар, пікірталастар, ғылыми еңбектер, зерттеулер арқалы ғана Исламды түсіне аламыз, түсіндіре аламыз. Ойланайық.

 

[1] Инсан - адам, адам баласы

[2] Мәужүт – бар, қалыптасқан, пайда болған нәрсе, бар нәрсе

[3] Бәшериет – күллі адамзат

[4] Хайат - өмір, тірілік

[5] Милләт - ұлыт, нация

[6] B?y?k ?slam Tarihi, ?a? Yay?nlar?, Istanbul, 1992, 1-том, 170-бет

[7] ҚұранКәрім, Зариятсүресі(51), 21- аят

[8] ҚұранКәрім, Ғашиясүресі(88), 17-20 аяттар

[9] Мәуле- қамқоршы, ие

[10] Нәби- пайғамбар, елші

[11] H?kelekli, Hayati., Din Psikolojisi, Ankara, 1993, 80-бет

[12] Vergote, Antoine., Psychologie Religieuse, 3. Edition, Charles Dessart edt., Bruxelles, 1969, 293-бет

[13] ҚұранКәрим, Рұмсүресі(30), 30-аят

[14] ҚұранКәрим, Қасассүресі(28), 77-аят

[15] ҚұранКәрим, Нәжмсүресі, (53), 39-аят

[16] ҚұранКәрим, ӘлиИмрансүресі(3), 200-аят

[17] ҚұранКәрим, Ағрафсүресі(7), 94-аят

[18] ҚұранКәрим, Ағрафсүресі(7), 130-аят

[19] ҚұранКәрим, Нахлсүресі(16), 112-

12345След.
скачать работу

Ұлт және дін

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ