Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлт және дін

қазақтардың басқа мемлекеттердің азаматтығымен қатар, егер бұл өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттердің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматы болуы құқығы танылады» (ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, №3, 1993ж., 54-бап). Демек, тұңғыш қабылданған Конституциямызда да шетелдердегі қазақтардың азаматтық хұқұқтары ең жоғары деңгейде танылған, сақталған. Осы заңдардың негізінде көптеген қазақтар өздерінің бұрынғы азаматтықтарымен қатар Қазақстан Республикасының да азаматтығын қабылдады. Мәселен, Түркиядан келген қазақтардан Халифа Алтай, Мұстафа Өзтүрік, Абдұлхамит Инан қатарлы азаматтар Түркия Республикасының азаматтығымен қатар Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. 1993 жылғы Конституция шетелдердегі қазақтардың хұқұқтарын қорғау жағынан көңіл көншіткенімен, хұқұқтық-азаматтық мемлекеттің басқа салалары тұрғысынан алғанда кейбір мәселелердің салмағын көтере алмады. Сондықтан, өтпелі кезеңге арналған осы конститутцияның орнына 1995 жылдың 30 тамызында өткізілген Республикалық бүкіл халықтық референдумда осы күнгі Конституциямыз қабылданды.

1995 жылғы Конституция әлеуметтік, экономикалық, демократиялық нормдар жағынан халықаралық талаптарға сәйкес болғанымен, осы ата заңда шетелдегі қазақтардың хұқұқтары жөнінде ешнәрсе айтылмаған. Осы күнгі Конституцияның 10-бабының 3-тармағында азаматтық мәселесі туралы былай делінген: «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды». Міне, барлық дау-дамай осы баптың дұрыс түсінілмеуінен, дұрыс талқыланбауынан пайда болуда. Аталмыш бапта, назар аударсаңыз, «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуына жол берілмейді» деп жазылмаған. Мұнда, Қазақыстан Республикасы азаматының басқа елдің азаматтығын қабылдаған жағдайда мұның «танылмайтыны» айтылып отыр. Хұқұқ жүйесінде, әсіресе, халықаралық хұқұқта бір елдің құжаттарының, заң нормаларының екінші ел тарапынан танылуы яки танылмауы мәселесі бар. Бұл, халықаралық келісімшарттарды қоспағанда, Қазақыстан Республикасының құзырлы органдарының билігіндегі нәрсе. Мәселен, Қазақыстан Республикасы кез келген елдің кейбір құжаттарын яки хүкімдерін тануы мүмкін, немесе танудан бас тартуы мүмкін. Халықаралық хұқұқтың осы қағидасынан алғанда және Қазақыстанның Конституциясындағы аталмыш бапты басшылыққа алғанда Қазақыстан Республикасы шетелден көшіп келген қазақтарға Қазақыстан Республикасының азаматтығын бере алады да олардың өңге елдің азаматтығын танымайды. Қазақыстан Республикасының азаматтығын қоса қабылдаған қазақтар Қазақыстанда тек Қазақыстанның азаматы болып саналады һәм Конституцияда Қазақыстан азаматтары үшін көрсетілген хұқұқтар мен бостандықтардан пайдаланып, жауапкершіліктер мен міндеттерді мойындайды. Ал, олар азаматы болып табылатын мемлекеттердің заңдары екінші елдің азаматтығын алуға рұқсат етпесе, ол басқа жағдай. Ондай елдердің азаматтары міндетті түрде бір елдің азаматтығын таңдауы шарт.

Қазақыстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың және беделді халықаралық ұйымдардың толық хұқұқты мүшесі. Сондықтан, біздің еліміздің жолы халықаралық деңгейде танылған конвенциялар мен келісімшарттардың төңірегінде болмақ. Дүние жүзінің көптеген елдерінде белгілі шарттар орындалғанда екі елдің азаматтығын алуға рұқсат етілген. Халықаралық миграциялық процесстер, экономикалық һәм саяси тенденциялар мұны талап етуде. Мәселен, АБД жыл сайын 20 000 адамды компютерлік іріктеу арқалы өз азаматтығына қабылдайды. Түркия 1986 жылы Бұлғарыстанның сол кездегі президенті Тодор Живков шекараға айдап салған 450000 түрікті және 1989 жылы Саддам Хұсайын қырғынға ұшыратқан он мыңдаған Ирақтық курдтарды өз азаматтығына қабылдады. Босния уә Һерсек және Косоводан қашып келген мыңдаған адамдар ұлтына, тегіне қарамастан түрік азаматтығына қабылданды. Түркияның бұрынғы Президенті Кенан Евренның тұсында Түркия мемлекеті 1982 жылы Ауғаныстаннан Пәкістанға қашып барған мыңдаған қазақ, өзбек және түрікмен бауырларымызды барлық шығындарын көтере отырып, Түркияға әкелді, үй-жай беріп, азаматтыққа қабылдады. Менің әкем де Түркия Республикасының Мемлекеттік министрлігінің 10.03.1952ж. №3232-0-3035/12765 және Министерлер кабинетінің 13.03.1952ж. №3/14595 қаулысы бойынша барлық шығындары Түркия мемлекеті тарапынан төленіп, Пәкістаннан көшіп барған қазақтардан. Сол топтағы қазақтарды 3 жыл бойы тамақтандырып, адам басы ай сайын шай-суан ішерлік ақша беріп, оларды жергілікті шартқа һәм түрікшеге үйретіп, сонсоң қалауы бойынша ауылда тұрамын дегендерді ауылдарға, қалада тұрамын дегендерді Ыстамбұлға үй-жай беріп орналастырған.

Қазақыстанның онда біріндей ғана аумағы бар Алманияда 80 миллионнан астам халық тұрады. Жұмыссыздардың саны 1993-1994 жылдары 10 пайызға шейін жеткен-ді. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш болатын. Бұған қарамастан олар осыдан 250 жыл бұрын көшіп кеткен ұрпақтарын бір-бірден тізімге алып, басым көпшілігін көшіріп апарды. Көшкен алмандардың азаматтық алуы мен жаңа ортаға бейімделуі жөнінде қыруар жұмыстар жасалды. Бұрынғы Кеңес елдеріндегі йаһұдилердің басым көпшілігі Израилге көшіп кетті. Израил мемлекеті жер тапшылығы, тұрғын жай проблемасы және көршілерімен келіспеуішіліктері болғанына қарамастан миллиондаған йаһұдилерді апарып, орналастырды. Олардың ішінен Натан Шаранский сықылды адамдар министрлікке шейін көтерілді, саяси партиялар мен фирмалардың басшылығына келді…

Ендігі кезекте біздер шетелдерден көшіп келген қандастарымыздың мәселелеріне лайықты сәуиеде көңіл бөлмей, шешімін таппасақ, бұл ахуал кері әсер беруі мүмкін. Бәсеңдеген көші-қон барысы одан да төмендеуі ықтимал. Он шақты жыл өмір сүріп, басқа азаматтармен қатар ауыртпалығын көріп, міндеттерін өтеп, азаматтығын ала алмау деген түсініксіз һәм аянышты жағдай. Бұл бізді досқа күлкі дұшпанға таба қылатын жағымсыз бірақ ашты шындық. «Сен еңбек шартымен келіпсің», «Сен бір жолғы визамен келіпсің», «Сен оқу жолымен келіпсің» т.т. деп, алдына келген кісіні қайтара салу оңай. Бірақ, сол азаматтар қандай қиншылықтарды бастан кешіріп келді екен деп неге ойланбаймыз. Ешкім саналы түрде заңға қарсы келу үшін яки өзінің іс қағаздарын қиындату үшін олай істемейді. Ғұрбаттағы бауырларымыз көзінің жарығы барда қазақтың жеріне өкшемді тигізсем болғаны деп, қалай амалын тапса солай келуде. Олардың ішінде сауаттысы да бар, сауатсыздары да бар, байлары да бар кедейлері де бар. Өмір бойы ғарыпшылық көріп, қақпайланып, кемсітіліп жүргендері де бар. Енді, олар өз мүмкіндіктерімен Қазақыстанға келіп жатса, басқа не сұрайсың? Демократиялық түзімдерде шешімдер таусылмайды. Әр күн жаңа проблемалар пайда болады, осы проблемаларға шешімдер өндіріледі. Сондықтан, қағаздарда жазылған сөздерден гөрі нақтылы өмірде пайда болған проблемаларға шешім өндірген абзал.

Жә, осы күнгі заңдарымыз шын мәнінде көп азаматтылыққа қарсы ма? деген сұрақ пайда болады. Бұл сұраққа көпшілік «Қос азаматтылыққа жол берілмейді», «Қазақыстан азаматтығын алу үшін шетел азаматтығын тастау керек» дей салады. Осы көнбістіктің салдарынан он мыңдаған қазақтар он шақты жыл Қазақыстанда «иностранец» болып, азаматтық ала алмай жүр. Солардың бірі осы мақаланың авторы – менмін. Бас ұрған орындардың бәрі «Түрік азаматтығынан шығыңыз, сонсоң келіңіз» дейді. Түрік елшілігіне барып бірнеше рет арыздандым. Олар маған «Біз сіздің Қазақыстан азаматтығын қабылдауыңызға қарсы емеспіз. Түркия Республикасының заңдары екі елдің азаматтығын алуға рұқсат береді. Сондықтан, сіздің Қазақыстанның азаматтығын алу үшін біздің азаматтығымыздан шығуыңыз шарт емес. Азаматтықтан шыққанда Түркиядағы барлық азаматтық хұқұқтарыңыздан айырылып қаласыз. Әмбесінде әйеліңіз Қазақыстан азаматы екен. Жанұялық жағдайыңызға байланысты Қазақыстан азаматтығын мүшкілсіз алуыңыз ләзім» дейді. Сүйтіп, екі жақтың арасында қазекең доп болып, бір олай, бір былай жүреді. Алайда, өмір деген өтіп бара жатыр ғой. Әркім өзінің болашағына сеніммен қарағысы келеді, жоспарлар жасайды, шешімдер қабылдайды. Балалар болса өсіп келеді, олардың білім алу мәселесі, әлеуметтік қауіпсіздік хұқұқтары, зейнеткерлік, меншік алу т.т. толып жатқан проблемалардың шешілуі азаматтыққа байланысты. Мемлекеттік жұмысқа тағайындала алмайсың, адвокаттық, нотариустық секілді көптеген қызметтерді істей алмайсың. Көшіп келген қазақтардың қару ұстауға жарамды ұлдары азаматтық болмағаны үшін Қазақыстанның қарулы күштерінде отанға қызмет ете алмайды. Өмірдің көптеген мәселелерінде еркін бәсекеден артта қаласың. Иә, бұларды көбейтуге болады. Біздің мақсатымыз пессимистік сөздерді көбейтіп, елдің сиқын кетіру емес, қайта толғағы жеткен осы проблеманы тағы да бір рет еске салу, шешімдер ұсыну, маңыздылығын ескерту.

Жә, менің пікірімше Қазақыстанның бүгінгі заңдары һәм қол қойылған халықаралық келісімшарттар екі азаматтылықты баяғыда таныған. Мәселен, 01.07.1996ж. №409-1 ЗРК қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің» айрықша бөліміндегі 1094-бапты оқиық: «ст. 1094. Личный закон физического лица. Личным законом физического лица считается право страны, гражданство которой это лицо имеет. При наличии у лица двух или более гражданств личным законом считается право страны, с которого лицо наиболее тесно связано». Міне, Азаматтық кодекстің осы бабы екі азаматтық тұрмақ, одан да көп азаматтықты мойындап отыр. Бұған қоса, 13.07.1999ж. №412-1 ЗРК қабылданған «ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің» 414-бабында мынандай хүкім бар: «Ст. 414. Гражданская процессуальная дееспособность иностранных граждан и лиц без гражданства. Личным законом гражданина является право государтсва, гражданином которого он является. Если гражданин, наряду с гражданством иностранного государства, имеет и гражданство Республики Казахстан, его личным законом считается закон Республики Казахстан. Принадлежность такого лица к гражданству иностранного государства не признается судами Республики Казах

Пред.678910
скачать работу

Ұлт және дін

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ