Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық терминқор қалыптастырудың Алаш кезеңі

ы айрықша болды. Ол жүздеген тіл, әдебиет және жалпы мәдениетке қатысты терминдерді жасап, оларды қолданысқа енгізе отырып, өз замандастарына ана тілінде термин жасаудың жарқын үлгісін көрсете білді. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, өзі өмір сүрген дәуірде қазақ халқының «рухани көсемі» атанған дара тұлғаның термин шығармашылығындағы ісі өзгелерге де өнеге бола отырып, ғасыр басындағы бүкіл термин жасау процесінің бағытын белгілеуге негіз болды десек, артық айтқандық болмайды.
Оқулықтармен қатар сөз болып отырған кезеңде қазақ тілінде «Айқап» (1911-1915), «Жаңа мектеп» (1925-1933) журналдары мен «Қазақ» газетінің (1913-1918) шығып тұрғаны жұртшылыққа аян. Термин жасау мен оларды қалыптастырудағы бұл басылымдардың рөлі тілші ғалымдар тарапынан біршама зерттелді. XX ғасырдың бас кезінен бастап 30-жылдарға дейінгі аралықтағы қазақ тіл білімінің, тілдің стильдік тармақтарының дамуы мен қалыптасуына байланысты осы кезеңді арнайы зерттеген С.М. Исаев, Айтбаев, Б.Әбілқасымов, Е.Жанпейісов, Р.Барлыбаев, Ш.Мәжітаева сияқты ғалымдардың еңбектерінен мол мәлімет алуға болады. Сондай-ақ осы кезеңде жарық көрген басылымдардың тілі мен ондағы терминдердің қолданысына байланысты да бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды. Осыларды ескерер болсақ, сөз болып отырған кезеңді зерттеу тілші ғалымдар назарынан тыс қалды дей алмаймыз. Алайда алаш зиялылары белсенді қызмет еткен жылдарға сәйкес келетін ХХ ғасырдың басындағы қазақ терминологиясы дамуының өзіндік ерекшеліктері мол осы кезеңі терминтанушылық тұрғыдан тұтас қамтылған жүйелі зерттеу нысаны бола алмай келді. Сол себептен терминология дамуының осы кезеңінің негізгі сипатын ашып, алаш оқығандарының терминжасам тәжірибесі мен ұстанған қағидаттарына ғылыми-лингвистикалық талдау жасап, олардың «терминологиялық көзқарастарын» анықтау мақсатымен, арнайы монографиялық зерттеу жарияладық.
Біздің пікірімізше, терминологияның қалыптасуына қазақ баспасөзінің де өзіндік ықпалы болғанына қарамастан, салалық терминологияның сараланып, тілдің терминологиялық жүйесінің қалыптасуы – ғылымның жеке салалары бойынша жазылған алғашқы оқулықтардың, ғылыми еңбектер мен терминологиялық сөздіктердің жарық көруімен тікелей байланысты.
Өткен ғасырдың 10-жылдарынан бастап, ғылымның түрлі салалары бойынша қазақ тіліндегі жекелеген зерттеу еңбектер, түрлі оқулықтар мен оқу құралдары жазылып, қазақ баспасөзінің ел арасына ғылым-білімді кеңінен насихаттауы – қазақтың ғылым тілінің, ұлттық терминологиялық қорының қалыптасуына негіз қалады. Алаш зиялылары терминологияны қалыптастыруда қандай мақсат көздеді? Сол мақсаттарына жету үшін қай бағытта жұмыс істеп, нендей қағидаттарға сүйенді? деген сұрақтардың жауабын күтері сөзсіз. Алдымен, олардың термин жасауда, термин шығармашылығында не мақсат көздегендігіне тоқталудан бастаған орынды болса керек. ХХ ғасырдың 20-жылдары термин, терминология мәселелерімен айналысқан ұлт зиялыларының термин шығармашылығы мен олардың жазған еңбектері, мақалалары, баяндамалары, түрлі жиындарда (сиез, конференция) айтқан пікірлері негізінде олардың көздеген мақсатын анықтауға болады. Бұл тұрғыдан келгенде осы кезеңді зерттеу барысында біз мынаған көз жеткіздік:
Өткен ғасыр басында ғылым-білім саласында еңбек еткен алаш оқығандары терминологиялық қорды қазақ тілі негізінде жасап, ұлттық ғылым тілін қалыптастыруды мақсат етті.
Олар қазақ балалары ана тілінде білім алып, ғылымды өз тілінде игеруі қажет деп санап, оған өте үлкен мән берді. Қазақ білімпаздары аталған мақсаттарына сәйкес жұмыстар атқарды. Оны ең алдымен, ғасыр басында (20-30-жылдары) алаш оқығандарының қаламынан туындаған оқулықтар мен оқу құралдарынан анық көруге болады. А.Байтұрсынұлының – «Тіл – құрал», «Әліппе», «Әдебиет танытқыш»; Е.Омарұлының – «Пішіндеме» Х.Досмұхамедұлының – «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі», «Табиғаттану», Ж.Аймауытұлының – «Психология», Ж.Күдериннің – «Өсімдіктану», М.Жұмабайұлының – «Педагогика», М.Дулатұлының – «Есеп тану» сынды оқулықтары мен оқу құралдарындағы терминдердің орта есеппен 90 пайызы қазақ тілінің төл сөздері немесе солардың негізінде жасалған жаңа атаулар болып келеді. Кірме атаулар 10-15 пайыздан аспайды. Олардың дені тіліміздің дыбыстық ерекшеліктерін ескеріп, үндестік заңын сақтай отырып өзгертіліп алынған. Осы деректің өзі алаш оқығандарының қазақ тіліндегі термин шығармашылығына басымдық бергеніне дәлел бола алады.
Сөз болып отырған кезеңде жарық көрген алғашқы терминологиялық сөздіктер де алаш зиялыларының терминқор қалыптастырудағы мақсаттарын айқындай түседі. Онда да біз «Орысша-қазақша әскерлік атаулары», «Пән сөздері», «Атаулар сөздігі» сияқты қазақ тіліндегі алғашқы терминологиялық сөздіктерді түзуде алаштықтардың ұлт тіліндегі термин шығармашылығына барынша басымдық бергенін көреміз.
Сондай-ақ алаш оқығандары өздері жазған төл оқулықтармен қатар ғылыми, танымдық және оқулық әдебиеттерді орыс тілінен аудару кезінде де оларда қолданылған терминдерді қазақша атауға, тілімізде бұрын болмаған ғылыми ұғымдардың атауларын білдіретін жаңа баламалар жасауға көп мән берді. Сол жылдардағы аударма әдебиеттерден мұны анық аңғаруға болады. Рас, жасалған баламалардың бәрі бірдей сәтті, ұғым мазмұнын дәл берді дей алмаймыз. Мысалы, «жауыздық низамнамасы», «шошақ», «боқша», «қара айғыр», «бейбауырмал», «атым оқ дәрі» сияқты бірқатар сәтті жасалмаған, дәл аударылмаған терминдер де болды. Соған қарамастан, 20-жылдарда қазақ оқығандары терминжасам үдерісінде қазақ тілінің барынша тиімді пайдаланылуына үлкен мән берді. Олардың бұл бағытта елеулі іс тындырғанын ғылым тілінің тарихын, тіл білімінің ғасыр басындағы дамуын зерттеушілердің қай-қайсысы да мойындаса керек.
Жалпы терминологияны қалыптастыруға қатысты алаш оқығандарының өз арасында кейбір мәселелерге қатысты өзіндік пікірлері, жеке көзқарастары болғанмен, дәл терминқорды ұлт тілінде қалыптастыруға келгенде олар ортақ ұстаным төңірегіне топтасты. Яғни, қазақ тілінің терминологиялық лексикасының негізгі басым бөлігін ұлт тілінде жасап қалыптастыру – олардың ортақ мақсаты болды.
Бұл тұрғыдан келгенде, бізге алаш зиялыларының ісінен тағылым алуға тура келеді. Қазіргі кезеңде ұлт тілінде термин жасаудың жанданып отырғаны белгілі. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа көше бастады. Бұл ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметін атқара бастауының бір көрінісі. Оны «пуризм», «псевдопотриотизм» деп танып, қазақ тілі ғылымға, термин шығармашылығына шектен тыс көп араласып кетті деуге болмайды. Бұл, түптеп келгенде, онсыз да мүмкіндігі шектеліп келген тілдің ғылым саласындағы қызметінің қалыптасуына жол бермеу болып табылады. Pac, жасалып жатқан терминдердің бәрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындарының да бар екендігі даусыз. Ондай терминдердің қолданылуына жол бермеу дұрыс. Алайда, сәтсіз жасалған кейбір терминдерді мысалға келтіре отырып, қазақ тілінің термин жасауға икемсіздігін, ғылыми ұғымдарды дәл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін дәлелдеуге тырысқысы келетіндермен келісуге болмайды.
Егер белгілі бір ұлттың тілі қоғамдық өмірдің қандай да бір саласындағы қызметін атқара алмай жатса, ол үшін тілді кінәлау мүлде дұрыс емес. Оның себептерін сол тілдің дамуына мүмкіндік бермей отырған қоғамнан іздеу немесе өз тілін қажетті деңгейде дамытып, тиісті салада қолдана алмай отырған ұлт зиялыларының өзінен көргені жөн. Сондықтан мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілін термин шығармашылығында тиімді пайдаланып, оны шын мәніндегі ғылым мен техниканың тілі ете білу өзімізге тікелей байланысты. Бұл істе жалпы ұлттық кадрлардың, оның ішінде, ғалымдардың, салалық мамандардың рөлі айрықша.
Ал сәтсіз терминдердің жасалу себебіне келсек, ол терминжасаушының терминге қойылатын талаптарды білмеуінен, тілді дұрыс пайдалана алмауынан, ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшелігін ескермеуден, тәжірибесіздіктен немесе жауапкершілікті сезінбеуден туындайтын әрекет. А.Байтұрсынұлы айтқандай, тілді жұмсай білу, сөзден сөз жасап шығару екінің бірінің қолынан келе беретін жұмыс емес.
Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болған бүгінгі таңдағы термин жасаудағы жаңа үрдіс XX ғасыр басында болған құбылысқа өте ұқсас. Сол себептен де алаш зиялыларының термин шығармашылығын жүзеге асыруда таңдаған жолына ерекше мән берген абзал. Қазіргі термин жасау ісіндегі жаңа үрдісті біз мүмкіндігі шектеліп келген тіліміздің еркіндікке ие болған тұстағы жаңа қарқыны, табиғи құбылыс деп танимыз. Тәжірибесіздік пен жауапсыздық салдарынан сәтсіз жасалған терминдердің лексикалық қорымызға енуіне жол бермеу дұрыс. Алайда ондай терминдерді мысалға ала отырып, бұл үрдістің астарынан «пуризм» іздеп, ұлт тіліндегі термин шығармашылығына қалайда тосқауыл қоюға ұмтылушылардың қарекетін құптауға негіз бар деп айта алмаймыз. Жаңадан жасалып жатқан терминдердің арнаулы ұғымды дәл бере алатындарын іріктеп алып, ресми бекітуге ұсынған жөн. Сәтті жасалғандарын дұрыс саралап алып, олар бекітілгеннен кейін жатсынбай, бірізді қолданып, қалыптасып кетуіне мүмкіндік туғызсақ, төл терминологиямыздың ұлттық сипаты арта түскен болар еді. Тілші ғалымдар мен салалық мамандардың қазіргі таңдағы міндеттерінің бірі де осы болса керек.
Тілдер арасындағы өзара сөзалмасу, терминалмасу – қашанда болып отыратын табиғи құбылыс. Өзге тілден сөз қабылдамай, тек өз ішінен байып отыратын тілді кездестіру қиын. Әлем халықтары тілдерінің қай-қайсысы да сөзалмасу құбылысынан тыс қала алмайды. Қазақ тілі де солай. Біздің лексикалық қорымызда да әр кезеңде түрлі халықтардың тілдерінен қабылданған сөздер
1234
скачать работу

Ұлттық терминқор қалыптастырудың Алаш кезеңі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ