Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық терминқор қалыптастырудың Алаш кезеңі

едәуір. Мәселен, тілімізде араб-парсы, моңғол, орыс, қытай т.б. тілдерден енген сөздердің үлесі де, тілімізге қабылдануына себеп болған факторлар да әркелкі.
ХХ ғасыр басында қазақ тілінде білім беру ісі қарқынды түрде қолға алына бастағандықтан, ең алдымен мектеп оқулықтарында қолданылатын терминдерді жасау, оларды аудару (негізінен орыс тілінен) мәселесі туындады. Бұрын ұлт тілінде болмаған көптеген ұғымдардың атауларын түгелдей қазақша жасау оңайға соқпасы белгілі. Сондықтан ондай бейтаныс, жат ұғымдардың атауларын алмастыратын ұтымды сөз, сәтті балама табылмаған жағдайда түпнұсқа тілдегі сөзді қабылдауға тура келеді. Осы мәселе бастапқыда алаш зиялыларының да алдынан шықты. Олар ғылыми ұғымдардың атауларын қай тілдерден алғанымыз дұрыс деген мәселенің шешімін іздеді. Алғашқыда түрлі пікірлер болды. Бірқатар оқығандар терминқорымызды қалыптастырудың өнімді сыртқы көзі ретінде араб-парсы тілдерін тануымыз керек деді. Олар негізінен мұсылманша білім алғандар болды. Енді бір топ білімпаздар түрік тілдеріне басымдық беру керек деген пікірге тоқталды. Келесі бірқатар зиялылар орыс, еуропа тілдеріне иек арту қажет деп санады. Олар негізінен орысша білім алғандар болатын. Осы ұстанымдарына қарай олар «исламистер» немесе «арабшылдар», «түрікшілдер», «еуропашылдар» болып жіктелді. Бастапқыда осындай түрлі көзқарастар болғанымен, кейінірек олар пікірталастыра келіп, шет тілдерінен терминалмасу мәселесінде ортақ ұстанымға, бір тоқтамға келді. Олардың мұндай ортақ ұстанымға келуіне тіл білімінің үлкен білгірі Ахмет Байтұрсынұлының үлкен ықпалы болғанын айту керек. Ол осы мәселеге қатысты пікірін ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, алғашқыда өзгеше көзқараста болған кейбір әріптестерін өз жағына шығара білді.
Араб пен парсы сөздерін термин ретінде көбірек пайдалануды жақтаушы мұсылманша оқығандар – «біз шығыс, мұсылман мәдениетінің бір бөлшегіміз, бірнеше ғасырға созылған тарихи байланысымызды үзуге негіз жоқ» – деген уәжді алға тартты. Ал оларға қарсы пікірдегілер – «араб елдері (мұсылман әлемі) бір кезде дәуірлеп дамығанмен, қазір олар өркениет көшінің соңында қалып отыр, әлемдік ғылымға қосары шамалы болып отыр, сондықтан олардан ғылым үйренеміз, термин аламыз деу қателік» деген ұстанымда болды. Оның үстіне КСРО орнағаннан кейін дінге деген коммунистік көзқарастың үстемдік етіп, қоғамға атеизмнің кеңінен насихаттала бастағаны белгілі. Сондай-ақ кеңес қоғамында орыс тілінің үстемдігі жыл санап артып, славян мәдениетінің үлгі ретінде ұсыныла бастауына байланысты бұл бағытты жақтаушылардың үні бәсең шықты. Олар 20-жылдарға дейін әлсін-әлсін мәселе көтергенімен, кейінірек мүлде тынышталып қалды.
Тәуелсіздік алған 90-жылдардан кейін тілімізде араб сөздерін термин ретінде пайдалану үрдісі жаппай қарқын алып кетпесе де біршама жанданды. Әрине қазіргі уақыттағы араб сөздерінің термин ретінде қолданысқа ене бастауын ҮІІ-ІХ ғасырлар мен орта ғасырлармен салыстыруға келмейді. Дәлірек айтқанда, қазіргі уақыттың үлкен ерекшелігі бар. Біз бүгінгі таңда ертеректегідей араб тілін термин алатын сыртқы көз ретінде тікелей пайдаланып отырған жоқпыз. Яғни, осы мерзімде терминалмасу қазіргі араб әдеби тілінен қазақ тіліне тікелей термин қабылдау жолымен немесе бір делдал тілдің көмегімен жүзеге асып жатқан жоқ. Терминқорымызға соңғы он-он бес жыл көлемінде енген атаулар негізінен ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде тілімізде қолданылған атаулар. Кеңес дәуірі тұсында тілімізден шеттеп қалған сол атаулардың бірқатарын біз термин ретінде қайта пайдалана бастадық. Мысалы, мәтін (текст), құқық (право), құжат (документ) сияқты атаулар сол қатарға кіреді.
Ал түрікшілдер – «терминдерді туысқан түрік тілдерінен алғанымыз дұрыс, түбі бір тілдердің сөздері тілімізге тез кірігеді, мағынасы да түсінікті, көмескі емес» деген дәлел ұсынды. Түрікшілдерге қарсы пікірдегілер – «түркі халықтарының өзінде ғылым дамымаған (оның ішінде түріктерде де), өздері араб пен еуропаға жүгініп отырғандардан сөз іздеп әуре болудың қандай қажеті бар» – деді.
Ерекше назар аудартатын мәселенің бірі – алаш зиялыларының өздері түрік тілдерін терминжасамның сыртқы көзі ретінде тани отырып, термин алмасу үрдісінде пайдаланбағандығы. Бұл мәселенің лингвистикалық, тілден тыс (экстралингвистикалық) қырларына тереңірек үңілу қажет деп санаймыз. Бізге белгілі кейбір деректер негізінде әзірге мынадай болжамдар айтуға болады деп ойлаймыз. Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басында түркі тілдестер арасында, жалпы Орта Азияда ғылымды дамытуда, саясатта көшбасшылық рөлге ұмтылғаны байқалады. Сондай-ақ алаш оқығандарының көпшілігі қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең бай және таза сақталған тіл деп санады. Сондықтан туысқан тілдестердің терминологиясын қалыптастыруда қазақ тіліне көбірек жүгінгені жөн деген де көзқарас болды. Осындай себептер көрші өзбек, қырғыз, татар және өзге де түрік тілдерінен терминалмасудың өріс алмауына негіз болған факторлардың қатарын құрады деп пайымдаймыз. Біз бұл тұста кейбір өзімізге мәлім деректерге ғана сүйеніп пайымдап отырғандықтан, мәселенің барлық қырын қамтыдық дей алмаймыз. Түркі тілдерінің терминалмасу мәселесі әлі де жан-жақты, терең лингвистикалық талдауларды қажет етеді. Біз атамаған басқа да көптеген факторлар мәселені арнайы зерттеу арқылы айқындалуы тиіс деп білеміз. Туыстас тілдердің өзара терминалмасуының күні бүгінге дейін жолға қойылмай келе жатқаны анық. Жалпы бұл тек тілдік тұрғыдан ғана сөз етіп қоймай, түркі тілді халықтардың болашағымен, еларалық ынтымақтастығымен де байланысты саяси-мәдени, ғылыми тұрғыдан кешенді түрде мән беруді қажет ететін маңызды мәселе.
Кез келген халық даму, өркендеу үрдісінде өзінен озық тұрған, ғылым-білімі, экономикасы жақсы дамыған жұрттардан көбірек үлгі алып, соларға қарап бой түзеуі, ұмтылуы да табиғи құбылыс. Терминалмасуда бұл да сөзсіз ескерілуі тиіс мәнді фактор.
Алаш оқығандарының арасында еуропа тілдеріне кең тараған терминдерді қабылдаудан қашпау керек дегендері де болды. Олар ғылымы дамыған жұрттардың сөздерін түпнұсқа тілдегіден көп өзгертпей қабылдау керек деген тұжырымға табан тіреді. Бірақ олардың бұл пікірі алаш оқығандарының көпшілігінің қолдауына ие болмады. Керісінше, Ахаң, Халел, Елдес сынды оқымыстылар шет тілдерінің сөздері адам танымастай өзгеріске ұшырап, қазақ сөзінің кейпіне еніп қабылдануы керек деген ұстанымда нық тұрды. Түбі солардың пікірі үстемдікке ие болып, термин қабылдауда 30-жылдарға дейін басымдық танытты. Сонымен алаш зиялылары терминалмасудың сыртқы көздерін екіге бөліп қарады. Біріншісі әрі негізгісі – түркі тілдері. Екіншісі – еуропа халықтары тілдері. Онда олардың кең тараған, халықаралық сипатқа ие болғандарын ғана қабылдау қажет деп санады. Ал орыс тілінің атауларын аударып, оларға балама табу қажет деген пікірде болды. Олар орыс тілін терминқор қалыптастыруда пайдаланылатын сыртқы көз ретінде атап көрсетпеді.
Алаш зиялылары қазақ тілінің терминологиялық қорын қалыптастыруда бірінші кезекте тіліміздің ішкі мүмкіндігіне сүйене отырып термин жасауға барынша басымдық берді. Алайда олар шет тілдерінен сөз алуға үзілді-кесілді қарсы болды деуге болмайды. Жалпы шет тілдеріне көп жүгінуге, кірме терминдердің басымдыққа ие болуына келіспеді десек, орынды болады. Олар еуропа сөздерін қабылдауды түркі тілдерінен ғылыми ұғымды атауға лайықты сөз табылмаған жағдайда ғана қабылдау керек деген ұстанымға тоқтады. Нәзір Төреқұлұлы оларды «ауропаның ортақ сөздері» деп атады. Араб тіліне қарағанда еуропа тілінен термин қабылдау дұрыс деушілердің пікірі басымдыққа ие болып отырды. Мәселен Н.Төреқұлұлы «Білім ордасы ауропа терминдеріне араб-парсыға қарағанда кеңірек жол ашсын. Ауропаның терминдеріне кеңірек жол ашсын дегенде барлық ауропа елдеріне ортақ терминдерді ойлап айтамыз» – деп жазды.
Әр ұлт тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес түрлі дәрежеде өзгеріске ұшырағанымен, негізінен түпнұсқа тілдегі қалпы мен мағынасын сақтап, аударылмай бірқатар тілдерде ортақ қолданылып жүрген терминдер бар. Қазақ терминологиясының тарихында ондай терминдерге деген көзқарас әр кезеңде әртүрлі болған. Оны терминология дамуының әр кезеңінде осы терминдердің қалай аталғандығынан да көруге болады. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының бас кезіндегі қазақ оқығандары өзге тілден қабылданған сөздерді «жат сөздер», «кірме сөздер», «бұратана сөздер», «бөгде сөздер», «қотыр сөздер», «бұралқы сөздер» деп атап, бұл сөздердің тілімізге көптеп кіруін тілімізді шұбарлау ретінде қабылдады. Нәзір Төреқұлұлы «Жат сөздер» деген кітап жазса, Қошке Кемеңгерұлы «қотыр сөздер» деген мақала жазды.
Өзге тілдерден енген сөздерді төл сөздеріміздей көрмей, оларды бөтенсініп жат, кірме, бөгде, қотыр, бұралқы, бұратана деген анықтауыштармен беру тіл тұтынушыларының, зиялылардың бұл сөздерге деген сол кезеңдегі көзқарасын білдіреді. Ал 30-жылдардан бастап бұл атауларға «интернационалдық терминдер», «халықаралық терминдер» деген ат беріп, мұндай атаулардың көптеген халықтардың тілдеріне ортақтығын, ғылым-білім саласындағы қарым-қатынасты жеңілдететіндігін баса айта бастадық. Ондай сөздерді белгілі бір халық тілінің шеңберімен ғана шектелмейтін, бірнеше тілге қызмет ететін әмбебап сөздер ретінде оларға «халықаралық» деген айрықша мәртебе беріп, тілімізге көптеп қабылдаудың прогрессивтік жағын атап айтатын болдық. Қоғам дамуының, терминология қалыптасуының әр кезеңіндегі шет тілдерінен енген сөздердің түрліше аталуы бір қарағанда соншалықты назар аудара қоятындай мәселе сияқты көрінбеуі де мүмкін. Ал шын мәнінде бұған елеусіз қалдыра салатын ұсақ-түйек нәрсе деп қарауға болмайды. Өйткені дәл сол атаулар арқылы ұлт зиялыларының, ғылыми жұртшылықтың, көпшілік қауымның кірме сөздерге берген бағасын, оларға деген көзқарасын көруге болады. Өзге тілден енген терминд
1234
скачать работу

Ұлттық терминқор қалыптастырудың Алаш кезеңі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ