Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық терминқор қалыптастырудың Алаш кезеңі

ердің мұндай атаулары тек атауыштық қана емес, сонымен бірге бағалауыштық қызмет те атқарып тұр. Бұл әлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастыруды, арнайы мән беруді қажет ететін тіл үшін маңызды мәселе. Мұндай нәрсеге қоғамдық сананың экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен немесе табиғи жолмен өзгергендігін, болмаса мәжбүрлеу жолымен өзгертілгендігін анықтауға негіз болатын тілдік-тарихи дерек ретінде қараған абзал. А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлұлы, Х.Досмұхамедұлы сияқты ұлт зиялылары бастаған қазақ қауымы өзге тілден енген термин сөздерді «жат сөздер» , «кірме сөздер» десе, кейінгілер неліктен оларды «интернационализмдер», «халықаралық терминдер» деп атайтын болғаны жөнінде шындап ойланып, оның себептерін іздеп те көрмеген екенбіз.
Өзге тілдерден сөз қабылдамай, сөз алмасу, термин алмасу процесіне мүлде тосқауыл қойып тастау мүмкін де, қажет те емес. Тілдер арасындағы өзара сөз алмасу қашанда болған, бола да береді. Шет тілдері терминқор қалыптастырудың сыртқы көзі ретінде орнымен пайдаланылса дұрыс, ал ұлт тіліндегі термин шығармашылығын шектеп, өзге тілдерден термин қабылдауға жаппай жол беріп қарап отыру – шарасыздық. Ұлт тілінің бағын байлайтын, мүмкіндігін шектейтін ондай әрекетсіздіктің жалғаса беруіне немқұрайды қарауға болмайды.
Ғылымды игеру сол ғылым тілінің негізгі кілті болып табылатын (терминдерді) жұмбақ атауларды жаттаудан, жадыңа тоқудан, алдымен сол атаулардың мәнін ашып, не мағына беретіндігін біліп алудан басталатынын бізде мектеп оқушысынан бастап академикке дейін білсе керек. Бастауыш деген терминнің сөйлемнің басында тұратын бас мүше екендігін, ал анықтауыштың анықтайтын сөздің алдынан келетін сөйлем мүшесі екенін, ана тілінде тілі шыққан кез келген оқушының алғаш естігенде-ақ тұлғасына қарап тұспалдайтынын, ал кейін оның сөйлемдегі қызметі мен анықтамасын білген соң ешқашан ұмытпайтынын дәлелдеп жату артық болар. Себебі бастау, анықтау сөздерінің мағынасын тіл ғылымын әлі оқымағанына қарамастан әр бала біледі. Термин мағынасының ұғынықтылығы (прозрачность термина) мен тұлғасы таныстығы ғылым-білімді игеру кезінде ғана емес, оның ұзақ уақыт есте сақталуына, оңайлықпен ұмытылмауына да себеп болады. Мәселенің бұл қырына мән бермеу үлкен қателік.
Қорыта айтқанда, алаш зиялыларының терминологияны дамыту қағидаттары да, терминжасам мен терминологиялық жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі де бүгінгі қазақ терминологиясын жетілдіру барысында негізге алынып, қажетімізге жарап отыр. Бұл алаш оқымыстыларының терминологияны қалыптастырудың ғылыми негізін о баста берік қалағандығының айғағы.

Қазақ елінің әртүрлі тұрмыстың жұмбақтарына кездесіп, даң болып тұрған кезіне «Қырық мысал» мен «Оян, қазақ!» деп келіп, әлеумет жұмбақтарын шешкендіктен, елді оятқан үлкен күш болды. Тақпақты сүйетін қазақ бұл екі кітапты үлгі орнында ұстап, мысал орнында айтатын болды.
Қошке Кемеңгерұлы

1234
скачать работу

Ұлттық терминқор қалыптастырудың Алаш кезеңі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ