Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлттық терминқор қалыптастырудың Алаш кезеңі



 Другие рефераты
Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты Ұстаз – ұлағатты есім Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі Сөздік қорды байытуға бағытталған әдістер

Қазіргі қолданысымыздағы қазақ терминологиясы, ғылым тілі бір күнде қалыптаса қалған жоқ. Ол өзінің қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Ел өмірінде болған елеулі өзгерістерге байланысты 90-жылдары қазақ терминологиясы дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңнің басталғанына да жиырма жылдай уақыт болды. Қазіргі кезеңдегі терминология дамуының бағыт-бағдарының дұрыс-бұрысын ғылыми тұрғыдан зерделеп, жүргізіліп жатқан терминологиялық жұмыстарға сараптама жасайтындай мерзім өткендігі айқын сезіліп отыр. Ал мұндай ауқымды да жауапты жұмысты өз деңгейінде атқарып, ғылым тілінің, терминологияның бүгінгі жай-күйінің шынайы қалпын көрсету үшін, оның кешегі өткен даму кезеңдерін де арнайы зерттеп, ерекшеліктерін, өзіндік сипатын анықтап алуға тура келеді. Сонда ғана сол кезеңдердің жалпы сипаты мен өзіндік ерекшеліктерін салыстыра талдау арқылы қазіргі таңдағы ғылым тілінің даму үрдісіне объекті баға беру мүмкіндігіне ие боламыз. Мәселеге бұл тұрғыдан қарағанда, біз алаш зиялылары еңбек еткен 30-жылдарға дейінгі ғылым тілінің қалыптасу кезеңін арнайы зерттеуші ретінде осы екі кезеңнің ерекшеліктері мен ұқсастықтары, сабақтастық пен дәстүр жалғастығы туралы кейбір тұжырымдарымызды ортаға салуымызға болады.
Біріншіден, Ахаң бастаған алаш оқығандары ұлт тіліндегі терминологиялық қордың негізін қалады. Біз ХХ ғасыр басынды алаш зиялылары жасап, ресми бекіткен жүздеген терминдерді күні бүгінге дейін өзгеріссіз қолданып келеміз. Олардың қатарына жәбірленуші (потерпевший), ұғым (понятие), өкіл (представитель), үкім (приговор), қосымша (приложение), өткізгіш (проводник), тозаң (пыльца), ерітінді (раствор), алым (сбор), буын (слог), аталық (тычинка), серпімділік (упругость), күлте (венчик), сөгіс (выговор), баяндама (доклад) сынды сан түрлі саланың терминдерін жатқызуға болады.
Бұл сияқты терминдер қатары қазақ терминологиясының негізінің сонау жиырмасыншы жылдары қаланғанын көрсететін нақты тілдік деректер болып табылады.
Екіншіден, 90-жылдары ұлт тілінде термин жасау үрдісі жандана бастағанда біз тағы да алаш зиялыларының терминжасам тәжірибесіне жүгіндік. Кезінде олар жасап қолданысқа енгізген, алайда 30-жылдары шеттетілген көптеген терминдерді 90-жылдары қайтадан қажетімізге жарата бастадық. Мысалы, мына төмендегі терминдер соңғы он-он бес жыл көлемінде терминқорымызға қайта қосылған атаулар: хаттама (протокол), көшірме(выписка), арыз (заявление), әкімдік, әдіс (метод), әдістеме (әдістеме), жарнама (объявление), төраға, алқа (коллегия), салым, кепіл (залог), талапкер (истец), шелқабық (камбий), жасақ (отряд), қарар (резолюция), кеңес (совет), ұлпа (ткань)
Алаш қайраткерлерінің қаламынан туындаған терминдерді қазіргі терминологиямызға қайта енгізуіміз – үзіліп қалған сабақтастықтың қайта жалғасын таба бастағандығының тағы бір көрінісі.
Үшіншіден, алаш зиялыларының терминологиялық жұмыстарды жүргізу, ұйымдастыру тәжірибесін біз күні бүгінге дейін пайдаланып келеміз. Ахмет Байтұрсынұлы төраға болған «термин кемесиесінен» бүгінгі терминкомның құрылымы мен жұмыс жүргізу тәртібінің айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Ахаң бастаған терминология комиссиясының құрамында бес-алты сала маманы қызмет етіп, қыруар іс тындырған, мыңдаған қазақша терминдерді жасап, қолданысқа енгізген. Бекітілген терминдердің сөздіктерін бастырып шығарып, оларды көпшілікке таныстырып отрыған.
Алаш идеясының негізгі өзегі – ұлттық мемлекеттілік болды. Сондықтан да алаш зиялыларының бүкіл қызметі, атқарған істері ұлттық мемлекеттің іргетасын нығайтуға бағытталды. Олардың тіл саласындағы атқарған істерінен, терминологияны қалыптастыруда ұстанған қағидаттарынан да оны анық байқауға болады. Олар ұлттық мемлекеттің ғылыми-техникалық терминологиясының да ұлт тілі негізінде жасалып, қалыптасуын көздеді. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізе отырып, қыруар шаруа бітіріп, айналасы он шақты жыл ішінде ұлттық терминологиялық қордың негізін қалайтын жүздеген терминдерді жасап, қолданысқа енгізді. Ендеше, қазақ терминологиясын кешегі кеңестік дәуірдегідей негізінен көшірінді терминдер арқылы қалыптастыру үрдісінен арылып, терминқорды ұлт тілінің негізінде жасап, жетілдіруге үлкен мән беріле бастаған қазіргі кезеңде терминологиядағы осы дәстүрдің негізін қалаған ХХ ғасыр басындағы алаш зиялыларының терминжасам тәжірибесін жан-жақты зерттеп, олардың ісінен тағылым алудың маңызы зор.
Ғылымның көптеген салалары бойынша қазақ тіліндегі төл оқулықтардың жазылуы және өзге тілдерден аударылуы ұлттық терминологиялық қордың қалыптасуына жол ашты. Сол кезеңге дейін термин жасаудың белгілі бір орныққан дәстүрі, басшылыққа алатын тұрақты қағидаттары болмағандықтан, ондай күрделі міндеттерді атқару ісі – қазақ оқымыстыларының өздеріне жүктелді. Уақыттың өзі алға тартып отырған жауапты міндетті ұлт мүддесіне адал, өресі биік тұлғалар өз деңгейінде абыроймен атқара білді.
ХХ ғасыр басында қазақ қоғамында рухани зерделі, түрлі мамандықтарды кәсіби деңгейде игерген білімді де елшіл азаматтар өсіп жетіліп, мемелекет пен ұлт мәселелерін шеуге қабілетті зиялы қауым қалыптасып еді. Қоғам өмірінің сан саласын қамтитын мәселелерді шешіп, ауқымды істерді атқаруды көздеген алаш оқығандарының айрықша мән берген мәселелерінің бірі – тіл мәселесі болды. Олар қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, оның әліпбиін, емле ережелерін жетілдіруге, функционалдық стильдерді даралап орнықтыруға, қазақ тіліндегі түрлі әдебиеттер қорын жасауға бағытталған істерді қолға алды. Алашшыл оқығандар ұлт тілін өркендетуге, оның қоғам өмірінің сан саласындағы қызметтерін атқаруына арналған игі істердің бастамашысы болды. Соның ішінде, олар қазақтың ұлттық терминологиялық қорын қалыптастыруға айрықша мән берді. Бұл бағытта көп іс тындырды. Неге олар термин мәселесіне ерекше мән берді? Алаш оқығандары терминологиялық қор жасаудың маңызын өздері тікелей қолға алған ғылыми-ағартушылық қызметтерін атқару барысында сезінді. Мәселенің мәнісін іс басында, ұстаздық, ағартушылық қызметпен айналысу үдерісі кезінде олар терең түсінді. Қалай? Қазақтың мәдениетті, іргелі елдер қатарына қосу үшін сауатты, оқыған ұрпақ тәрбиелеуіміз керек деген олар қазақ балаларына арнап оқулықтар жазу ісін қолға алды. Оқулықтар мен оқу құралдарын жазу барысында авторлардың қай-қайсысы да термин мәселесімен бетпе-бет келді. Кез келген пәнді оқыту үшін сол саланың арнаулы ұғымдарының атын атап, түсін түстеу қажеттілігі туындайды. Қазақ тілінде алғашқы оқу құралдарын жазушылардың барлығы да осы проблемаға келіп тірелді. Қай істің де жай-жапсарын сол іспен тікелей айналысқандар ғана біледі. Арнаулы ұғымдардың аттарын атамай бала оқытуға, кітап жазуға, ғылым жайын сөз етуге болмайтынын да осы істі өз қолдарына алған зиялылар көзімен көрді. Сондықтан да олардың қазақтың терминдер қорын жасап, қалыптастырмай тұрып, оны білім беру мен ғылымның тілі деңгейіне көтеруге болмайтынын теориялық тұрғыдан пайымдап немесе біреудің айтып-жазуымен ұғынып қана қоймай, іс жүзінде көріп-білуіне тура келді. Олар бұл істің қазақ баласына, қазақ жұртына қажеттілігін, терминдер қорын қалыптастырмай тұрып қазақ тілінің қанат жая алмайтынын анық біле отырып қызмет етті. Сол себептен де олардың сенімі зор, атқарған істері нәтижелі болды. Уақыт жүктеген міндетті, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып атқарылған істің ілгері басатынын алаш зиялыларының қызметінен анық көруге болады.
Ұлт тағдыры, оның болашағы үшін ана тілінде білім беріп, ұрпақ тәрбиеленудің маңызын терең түсінген олар өздері маманданған сала бойынша қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды алдарына мақсат етіп қойғандығы байқалады. Тіпті олардың арасында өздері басқа саланың маманы болса да қажеттілікті өтеу үшін бірнеше ғылым саласы бойынша еңбек жазғандары да бар. Бұл орайда уақыт талабы мен алаш зиялыларына жүктелген міндеттің, қажеттіліктің қандай болғанын сол кезеңде ұлтқа қызмет еткен білімпаздардың ең көрнектілерінің бірі Х.Досмұхамедұлының 1922 жылы Ташкентте басылып шыққан «Жануарлар» атты еңбегінің алғы сөзіндегі мына пікірінен анық көруге болады. Онда ол: «Дәрістік кітептердің жоқтығы үлкен кемшілік және халық ағарту жолындағы зор кедергі. Осындай кемшілікті жойып, кедергіні бұзу білімі бар қазақ зиялыларының міндеті. Алаштың ішіндегі білімділердің мойнындағы борышын атқаратын заман келді. Білімді дегендердің көбі дәрістік кітептерді не өз бетінен жазуға, не бөтен тілдерден аударуы керек» – деп жазады. Осы еңбегінен бір жыл бұрын 1921 жылы басылған «Табиғат тану» атты құралында да ол, бұл еңбегіміз «білім қысқаннан жазылған жоқ, мұқтаждық жаздырды» – дейді. Қазір де көптеген мамандықтар бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдары, терминологиялық сөздіктер жетіспейді. Арнаулы салалардың бірқатарының ұлт тіліндегі терминдер жүйесі жасалмаған. Жасалғандарының да кемшіліктері, жетілдіруге тиісті қырлары аз емес. Бүгін ғасыр басындағыдай оқығандарымыз санаулы ғана дей алмаймыз. Ғылыми атақ-дәрежесі бар ғалымдар мен ұстаздар қауымы, тіпті ондаған ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары да бар. Алайда уақыт талабы мен ұлт тілінің мүддесін, қажеттілікті алаш зиялыларындай терең сезініп, осы жолда жарғақ құлағы жастыққа тимей, еңбек етуге итермелейтін елшілдігіміз, мемлекетшілдігіміз, ұлтшылдығымыз жетісе бермей ме деген ойға жетелейтін жайттар аз емес.
Ғылымы ертерек дамыған елдердің жетістіктеріне сүйене отырып, ана тілінде оқулықтар жазу барысында сол салалардағы арнаулы ұғымдарды қазақша атау қажеттілігі туындады. Сол кезге дейін тіліміздің ғылыми-техникалық прогреске икемделіп, терминжасам тәжірибесі қалыптаса қоймағанын ескерсек, бұл қажеттілікті өтеудің оңай жұмыс болмағандығын пайымдау қиын болмаса керек. Дәлірек айтқанда, қазақ зиялыларының алдына ұлт тілінде термин жасаудың тұңғыш үлгісін көрсете отырып, қазақ терминологиясын қалыптастырудың бағыт-бағдарын айқындау міндеті тұрды.
Мұндай аса жауапты міндетті атқаруда қазақ оқығандарының арасында А.Байтұрсынұлының орн

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Упругий и неупругий удар двух однородных шаров
Из истории психологических тестов
Термоядерные реакции
Межличностный конфликт


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ