WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы. Математикалық функцияларды қолдану
Другие рефераты
Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа.
Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады.
EXCELпрограммасын іске қосу үшін «Пуск» менюінің «программы» тобынан «MicrosoftExcel» таңдаңыз. Excelтерезесі ашылады. Excel:
1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т.б.
2- Стандартты аспаптар тақтасы
3- Форматтау аспаптар тақтасы
Excelде құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары қолданылады.
4- Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады.
Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі жағында Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Готов сөзін көрсетеді.
Excelде мәлімет енгізу және қорғау
Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:
1. Сан 2. Текст
3. Дата (мерзім) 4. Формула
1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.
2. Текст- Excelсанға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.
3. Дата – Excelдата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.
4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері:
+ (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң Enter басып шығамыз.
Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін ерекшелеп аспаптар тақтасындағы «автосумма» кнопкасын қолданасыз.
СУММ (С1:С100)
С1 клеткасынан С100 клеткасына дейінгі сандар қосындысы. : белгісі ерекшеленген диапазон, яғни С1 ұяшығынан С100 ұяшығына дейінгі клеткадағы мәліметтер жиыны.
СУММ (С1,С4,С6) бұл осы нақты көрсетілген клеткалардағы сандардың ғана қосындысы.
Excelде курсорды бір клеткадан басқа клеткаға жылжытып отыру үшін ¬®¯курсорды басқару клавишалары (клавиши управления курсором)қолданылады, немесе Shift+Enterклавишасын басса курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enterклавишасын басса төмен қарай, Tabклавишасын басса оң жақ клеткаға жылжып отырады.
Таблица арқылы мәлімет енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп алып, «Данные» ®«Форма» командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер добавить кнопкасын басып формада жаңа мәлімет енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы жағына автоматты түрде пайда болады.
Мәліметтерді бөгде адамдар бүлдірмес үшін «Сервис»®«защита» командасы арқылы парақты не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады.
Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі
Клетканың адресін түсіндіру үшін, мына таблицаны келтіремін: Мекемеден қызметкерлер 1 айға 5%өсімімен қайтаруға қарыз алған. На месяцбағанасында өсімі есептелген. Яғни қарыз сомасын В6 клеткасына (5%)көбейткен. Егер мен Е9 клеткасына =D9*B6 деп жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы көшіре бастасам, В6 адресі В7, одан төмен В8 болып өзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап отырғандай бос тұр. Формула жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула жолында көрсетілгендей $ символын қолдану қажет.
Клеткалардың адресін (атын)өзгертуге болады. Мысалы В6 клетка адресін өзгерту үшін оны түртіп, «Вставка»®«Имя»®«присвоить» командасын орындаңыз да процент атын беріңіз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып, ешқандай $ символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аласыз.
Excel—де функция қолдану.
Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп көмек береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы мастер функций кнопкасын басыңыз немесе «Вставка»®«функция» командасын таңдаңыз. Мастер функций- шаг 1 из 2 сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетесіз. Төмендегі суретте кейбір қажетті функциялар бойынша есептеулер көрсетілген. Мысал ретінде 64 және 4 сандары алынған. Мастер функцийкнопкасын басу арқылы осы сандарға әртүрлі функция есептеуге болады.
Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы.
Бұл программада басқа да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS, ASIN,ATAN, ATANH, TAN, TANH, MOБP, МУМНОЖ, НЕЧЁТ және т.б.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|