Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы
Другие рефераты
Шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, кооперативтер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер және заңды тұлғалардың бірлестіктері (қауымдастық, одақ) өз мүлкінің меншік иесі болып табылады. Мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар мүлікті шектеулі заттық құқықтар — оралымды басқару және шаруашылық жүргізу негізінде иемденеді. Заңнамадағы коммерциялық емес ұйымдардың толық тізімі емес. Сондықтан заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың меншік иелерінің жаңа ұйымдық-құқықтық формалары көзделуі мүмкін.
Шаруашылық серіктестігінің меншік құқығы. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады (АК-ның 58-бабы 1-тармағының 1-бөлігі).Шаруашылық серіктесгігінің жарғы капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалдық қызмет нәтижесіне құқық, және басқа мүлік болуы мүмкін. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғы капиталына заттай формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімімен немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақша түрінде бағаланады. Егер ондай салымның құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000 мөлшеріне пара-пар сомадан асатын болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауы тиіс. Шаруашылық серіктестігін қайта тіркегенде қатысушылар салымының ақшалай бағасын серіктестіктің бухгалтерлік құжаттары не аудитор қорытындысы растайды. Серіктестік құрылтайшылары (қатысушылары) мұндай бағалаудан кейін бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салымның көтеріңкі бағасы бойынша анықталған сома шегіңде ынтымақтасып жауапкершілік көтереді. Егер, серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілсе, ол салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық мерзімде мұндай мүлікті пайдаланғандық үшін есептелген төлеммен анықталады.
Салымдарды мүліктік емес жеке құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен ‘енгізуге жол берілмейді (АК-ның 59-бабының 1-тармағы).
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капи-талдағы барлық қатысушылардың үлестері және тиісінше олардың ша-руашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері (мүліктегі үлесі) жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады. Шаруашылық серіктестікке қатысушы серіктестік мүлкіндегі өз үлесін, егер заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы (АК-ның 59-бабының 2-тармағы).
Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөніндегі міңдеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік заң актілерінде және (немесе) құрылтай құжаттарында белгіленеді (АК-ның 59-бабының 3-тармағы). Осы салымдардан бастапқы жарғылық капитал құрылады. Қатысушылардың үлесін дәл анықтау және қызметті ұйымдастыру үшін базалық капитал құру — жарғылық капиталдың мәні. Жарғылық капиталдың кепілдік маңызы туралы мәселе заң әдебиеттерінде дау туғызуда.
Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталының мөлшері оның құрылтай құжаттарында анықталады, дегенмен заң актілерінде белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болмауы тиіс. Шаруашылық серіктестіктері туралы Жарлыққа (13-, 28-баптар) және ЖШС туралы Заңға (23-бап) сәйкес толық серіктестік үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мөлшерінен кем емес; сенім серіктестігі үшін айлық есептік көрсеткіштің елу мөлшерінен кем емес; шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік үшін жүз көрсеткіш мөлшерінен кем емес болуға тиіс.
Серіктестіктің мүліктік базасының азаюының тағы бір жағдайы толық серіктестің толық (сенім) серіктестігінен шығуымен немесе шектеулі (қосымша) жауапкершілікті серіктестікке қатысушының өз үлесін (оның бөлігін) серіктестікке сатуымен байланысты (АК-ның 80-бабының 3-тармағы). Егер қатысушы шыққанда толық (сенім) серіктестік сақталса, шыққан қатысушыға серіктестік мүлкіндегі оның үлесінің құны енгізілген салымға бара-бар, сол шыққан күні жасалған балансқа сәйкес төленеді. Қатысушының талабы бойынша және серіктестіктің келісімімен салым толықтай немесе жарым-жартылай зат түрінде қайтарылуы мүмкін. ІІІығып кеткен қатысушыға оның осы жылы серіктестікте болған кезеңінде серіктестіктің сол жылы алған таза табысының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді (АК-ның 67-бабы 2-тармағының 1-бөлігі). Осы тәртіпте толық серіктестіктен шығарылған қатысушыға мүліктің бір бөлігінің құны да төленеді (АК-ның 68-бабының 2-тармағы). Мұндай ереже жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктерге де қолданылады (АК-ның 80-бабы).
Қатысушының үлесін (оның бір бөлігін) жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктің өзі сатып алған ретте, ал оны басқа қатысушыларға немесе үшінші жаққа заң актілері мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша сатуға, не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті. Осы кезең ішінде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктің сатып алған үлесі есептелмей жүргізіледі (АК-ның 80-бабының 5~тармағы).
Қатысушының үлесіне толық серіктестіктің жеке борыштары бойынша өндіртіп алуды аударға борыштарды етеу үшін серіктестіктің басқа мүліктері жеткіліксіз болған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері толық серіктестіктен, серіктестік мүлкінен ақы өндіріп алу мақсатымен, борышқордың жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін бөліп беруді талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөліп берілуге жататын бөлігі немесе оның құны несие берушілердің бөліп беру туралы талаптары қойылған кезде жасалған баланс бойынша анықталады (АК-ның 69-бабының 1-тармағы).
Шаруашылық серіктестітінің акция шығаруға құқы жоқ (АК-ның 58-бабының 9-тармағы). Мұндай құқық тек акционерлік қоғамға ғана берілген, ол эмиссияларды тіркеудің күрделі процедурасымен, ерекше бухгалтерлік есеп-қисаппен және басқарудың өзіндік жүйесімен байланысты. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктері, егер зан актілеріңде оған тыйым салынбаған болса, басқа бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
Сонымен қатар, серіктестікті басқару органы өз мүлкін үшінші жаққа сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұл жерде әңгіме мүліктің бір бөлігі туралы немесе мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын туралы болуы мүмкін. Сенімгерлік басқаруға берудің мұндай мүмкіндігі Азаматтық кодекстің Ерекше бөлігінде берілген, ал жауапкершілігі шектеулі (қосымша) серіктестіктер үшін АК-ның 79-бабының 2-тармағында тікелей көзделген.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|