Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Меншік құқығының субъектілері, нысандары және мазмұны



 Другие рефераты
Мемлекеттік меншік құқығы Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы Заңды тұлғалардың меншік құқығы ұғымы Азаматтардың меншік құқықтарының мазмұны және оны жүзеге асыру

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар меншік құқығының субъектілері болып табылады (АК-ның 191-бабының 1-тармағы). Мемлекеттік заңды тұлғалар меншік иелері бола алмайды. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мүліктің меншік иесі — мемлекет. Мемлекеттік меншіктегімүлік мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін (АК-ның 192-бабының 4-тарм.). Мемлекеттік емес мекемелер де мүліктің меншік иесі бола алмайды. Оларды меншік иесі (меншік иелері) қаржыландырады, олар мүлікке оралымды басқару құқы арқылы ие.Мемлекеттік емес заңды тұлғалар коммерциялық (өз қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін) және коммерциялық емес (қызметінің басты мақсаты ретінде табыс табуды көздемейтін және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін) болып бөлінеді. Коммерциялық заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және өндірістік кооперативтер жатады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар тізбесі толықтай аяқталған емес. Оларға жататыңдар: қоғамдық және діни бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар және тек заң құжаттарында анықталуы мүмкін басқа ұйымдар (АК-ның 34-бабының 1-3-тармақтары).

Сонымен қатар, занды тұлғалардың бірлестіктері — қауымдастық пен одақтар да меншік құқығыңың субъектісі болып табылады. Қауымдастықтар мен одақтардың мүшелері коммерциялық та, коммерциялық емес те ұйымдар бола алады. Екі жағдайда да қауымдастық пен одақ коммерциялық емес ұйымдар болып табылады (АК-ның 110-бабының 1-3-тармақтары). Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе занды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік турлерінен басқа кез келген мүлік занды тұлғаның жеке меншігінде болуы мүмкін (АК-ның 191-бабының 2-тармағы). Бірқатар заттар азаматтық айналымнан алынып тасталған немесе олардың айналымы шектелген. Бұл, мысалы, қару-жарақ, күшті әсер ететін есірткі заттары және улы заттар. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Сонымен қатар біздің заңнама занды тұлғалардыңжеке меншік құқығын сандық шектеудің кейбір жағдайларын біледі. Оған мысал — ғимаратқа меншік құқығы туындауына байланысты заңды тұлғаға меншікке берілетін жер учаскесінің шектелген көлемі. Заңды тұлғаның — меншік иесінің өзіне тиесілі мүлкіне қатысты оның құрылтайшыларында (қатысушыларында) не міндеттемелік құкық болуы, не ешқандай құқықтың сақталмауы мүмкін. Мүлкіне өзінің құрылтайшылары (қатысушылары) міндеттемелік кұқығын сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар және кооперативтер жатады (АК-ның 36-бабы). Коммерциялық ұйым-ның мүшесі өз үлесін (акциясын, пайын) сата алады, оған өндіртіп алу ауысуы мүмкін және оны мұра бойынша сатуға болады. Бірінші және соңғы жағдайларда заңды тұлғаның активтері өзгермейді. Өндіртіп алуды үлеске (акцияға, пайға) аударғанда жарғылық капитал азаяды. Кейбір жағдайда белгілі бір уақытқа коммерциялық ұйым өз акцияларын сатып ала алады. Коммерциялық ұйымдардың құрылтайшыларымен салыстырғанда қоғамдық бірлестіктердің, қоғамдық қорлардың жөне діни бірлестіктердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері құрған ұйымдардың мүлкіне мүліктік құқықтарын сақтамайды (АК-ның Зб-бабының 4-тармағы).

Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұнын Азаматтық кодекс анықтайды. Коммерциялық ұйымдарда жалпы құқық қабілеттілік, ал коммерциялық еместе — арнаулы құқық қабілеттілік болады. Коммерциялық емес үйымның құрылтай құжаттарыңда занды тұлға қызметінің мәні мен мақсаты белгіленуге тиіс (АК-ның 41-бабы 3-тармағының 1-бөлігі). Коммерциялық емес ұйымдарға қарағанда коммерциялықтарда қызметтің заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында тыйым салынбаған түрлерімен айналысу үшін қажетті азаматгық құқықтар болады және олар азаматтық міндеттер көтереді. Қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асырушы занды түлғалар үшін, заң актілерінде көзделген жағдайда, қызметтің басқа түрімен айналысу мүмкіндігі жоққа шығарылады немесе шектеледі. Тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен занды тұлға лицензия негізінде ғана айналыса алады (АК-ның 35-бабының 1-тармағы).

Заңды тұлғаның мүлкін құру және оның таза табысын бөлу ережесін құрылтайшы құжаттар белгілейді. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлғаның меншігіне өз мүлкін беру шартын, кұрылтайшылар арасында таза табысты бөлу шартын анықтайды (АК-ның 41-бабы 4-тармағының 1-бөлігі). Егер заңды тұлғаны бір адам құрса, оңда оның жарғысында мүлікті құру және кірістерді бөлу тәртібі де белгіленеді. (АК-ның 41-бабы 5-тармағының 2-бөлігі).

Мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың меншік иелері қаржыландыратындардан басқа занды тұлғалар, өздерінің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Заң актілерінде не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлардан басқа реттерде занды тұлғаның кұрылтайшысы (қатысушы) оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал заңды тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушының) міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мұндай жағдайлардың кейбіреулері АК-да қарастырылған. Мысалы. АК-ның 44-бабының 3-тармағына сәйкес «егер өзінің банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) іс-әрекетінен туындаған болса, құрылтайшы (қатысушы)… несие берушілер алдында субсидиялық жауапкершілікте болады».

скачать работу


 Другие рефераты
Конфликтология
Вечеллио Тициан
Повышение производительности компьютерных систем
Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ