Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заңды тұлғалардың меншік құқығы ұғымы



 Другие рефераты
Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы Меншік құқығының субъектілері, нысандары және мазмұны Азаматтардың меншік құқықтарының мазмұны және оны жүзеге асыру Азаматтардың меншік құқығының объектілері

Заңды тұлғаның меншік құқығы дегеніміз заңды тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі заң құжаттарыңда танылған және қорғалатын құқығы. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншік құқығы, азаматтардың жеке меншіктерімен қатар, жеке меншік түрі болып табылады. Көбіне азаматтық-құқықтық мәміле мен құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымы заңды тұлғалардың меншік құқығының туындауына негіз болады. Бірақ, меншік құқығы басқадай заңды негіздер бойынша да туындауы мүмкін. Мысалы, өндіру, құқық мирасқорлық, мерзім көнелігі, олжа табу нәтижесінде. Занды тұлғаның меншік құқығы оны тіркеген кезден (тіркеу туралы куәлік алғаннан) бастап туындайды және занды тұлға тарап, мемлекеттік тіркеуден шығарылған кезден кешіктірілмей тоқтайды. АК-ның 118-бабына сәйкес занды тұлғаның қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мәмілені тіркеген кезден бастап ғана туындауы мүмкін.

Заңды тұлғаның меншік құқығының объектілері оның дербес балансында көрініс табады. Сондықтан да, мүліктің баланста болуы оның меншік құқығында баланс иесіне тиесілі екендігін білдіреді Меншіктің туындауының әрбір тәсілі ерекше процедурамен ресімделеді. Мысалы, заңды тұлғалар қосылғанда, біріккенде және қайта құрылғанда мүлік (құқық және міндеттер) меншікке өткізу актісінің негізіңде, ал бөлінгенде және бөлініп шыққанда бөлу баланысының негізінде меншікке өтеді. (АК-ның 46-бабы). Мүлік (құқық және міңдеттер) құқық мирасқорына ол тіркелген кезден бастап ауысады, егер заң құжаттарында немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімде басқадай көзделмеген болса (АК-ның 47-бабының 3-тармағы).

Заңды тұлғаның меншік құқығын иемденуі оның құқық қабілеттілігімен байланысты. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында занды тұлғаның құқық қабілеттілігі соңдай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады (АК-ның 35-бабының 2 тармағы)

Тиісінше, жекелеген объектілерге меншік құқығын да заңды тұлға өзінде құқық қабілеттілік болса ғана иемдене алады.

скачать работу


 Другие рефераты
Разделение наук
Волны Элиота. Теория этногинеза Льва Гумилева.
География ислама в современном мире
Контрольная по экологии атмосферы и почв


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ