Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жаңа кезең - жаңа экономика

ндыру жөне өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды.

1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы. 
Қорытындысында қазіргі сәтте жан басына шаққандағы     игерілген     тікелей     шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялык деңгейдегі кредит рейтингі берілген.

Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазакстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады. Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы "Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы баскд трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

Инвесторлардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда өлемнің аса ірі мүнай компанияларының бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил", "Шелл", "Эни", "ШевронТексако", "Тоталь", "Бритиш петролеум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да куаттайды.

Соңғы 30 жылда коры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты. Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың маңызы бүдан кем емес болатын. Кеңестік кезеңде ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба кұбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сеңді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайрандағы бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба кұбырының құрылысы басталады.

Біздің еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай факторының рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 еседен кем болып отырғанда, біз өндіру көлемін 225,4 пайызға ұлғайта алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі деңгейді енді ғана калпына келтіре бастады.

Шынында да, мұнайдың арқасында біз экономикалык, жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Бірақ та дамудың қазіргі динамикасына кол жеткізуге энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағаның артуы ғана ықпал етіп қойған жок,- Бұл — экономикалық өзгерістердің нәтижесі.

Бүгінде мемлекеттік бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады. Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігін көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс" корпорациялары саланың дамуына 1833,5 млн. доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы-ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Қармет өндірістің дамуына 500 млн. доллардан астам жұмсады. Қарметкомбинат металдармен және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті.

Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады.
Нақ осы салалар бүгінде ел бюджетін негізгі толықтырушылардың бірі. 
Алдағы кезде бюджет жоғары қосымша құны бар дайын өнімнің, шағын жөне орта бизнес пен өңдеу салаларын дамыту түсімдері есебінен барған сайын көбірек толығатын болады.

Экономикадағы реформалар өздігінен қатардағы азаматтар тарапынан меншікке деген көзкарастыңөзгеруі жағдайында ғана тиімділік бере алар еді, түрғын үйді жекешелендіру кезеңінде осылай болды да. Меншікке ие ету тұрғын халық менталитетінің өзгеруіне әкелді. Мемлекетке иек арту, масылдык психология өткенге кете бастады. Енді өз тұрғын үйінің жауапкершілігі азаматтардың өздеріне көшті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты одан өрі өзгерту кажеттілігі пайда болды. Қасаң ТПК-лардың орнына халықтың пәтер иелерінің кооперативтері тұрпатындағы өз ұйымдарына екпін түсірілді.

2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу жағдайларын ж Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан-2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.

Осы сәттен бастап реформалар жүйелік деңгейге көшті. Реформалардың басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық әлеуетті кеңейту және сыртқы инвестициялық ресурстарды ұлғайту жолдары белгіленді.

Бұл процесс Қазақстан кезекті сынаққа — 1997-1998 жылдарғы азиялық қаржы дағдарысына тап болған сәтте де тоқтамады. Іс жүзінде соңғы сәтке дейін біз халықтың тұрмыс деңгейі күрт құлдырауына жол бермеу үшін теңгенің бағамын жасанды түрде ұстауға тырыстық. Қазақстан тағы да кәсіпорындардың жаппай жабылуы мен жұмыссыздықтың қар көшкіні секілді өсу қаупімен бетпе-бет келді.

Бұл дағдарыс біз үшін сабақ болды. Болашақта Қазақстанның алдында мұнайға деген жоғары бағалар сынағы тұрды. Біз мұнай долларларын өңдеу салаларын дамытуға және осы заманғы бәсекеге қабілетті экономика құруға бағыттай отырып, оларды дұрыс жұмсай білу керектігін түсіндік. Мұның өзі энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағалардың өзгерісіне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берер еді.Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сырткы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті.

Алайда мұны сілкіністер мен дағдарыстар жағдайында ғана сақтандыру әдісі ретінде қабылдамау керек. Оның мәні бүдан тереңірек. Ол болашақ ұрпақтар алдындағы біздің жауапкершілігіміздің көрінісі ретінде пайда болып, артық пайдаларды бір сәттік проблемалардың шешіміне жұмсауға елігуден тыс болуымызга мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Ұлттық қорда 4,7 млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге жинақталған, олар республикаға тұрақты табыстар әкелетін жоғары өтімді қаржы құралдарына салынған. 
Банк жүйесіне сенімді арттыру үшін шаралар кабылданды. Кеңестен кейінгі кеңістікте алғаш рет жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің ұжымдық жүйесі құрылды. Мұның өзі азаматтардың қозғалыссыз жатқан қаржыларын нақты секторды қаржыландыруға тарту мүмкіндігін туғызды.

Елорданы Астанаға көшіру елдің дамуына елеулі серпін берді. Мемлекетті бұрынғыдан тиімді басқару және өңірлік дамудың сәйкессіздігін реттеу үшін елдің географиялық байтағында экономикалық-саяси тартылыс орталығын күру қажет болды.

Геосаяси артықшылықтармен қатар елорданы көшіру ел экономикасы үшін орасан зор мультипликативтік тиімділік берді. Құрылыс өркендеуінің ұласпалы әрекеті барлық облыс орталықтарын қамтыды, олар бүгінде өзгеріп сала берді. Мұның өзі мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салалас өндірістердің дамуына жеткізді. Қысқа мерзімде қала айтарлыктай өзгеріп, мемлекеттің шынайы саяси орталығына айналды. 
Он жылда нарықтық қатынастарға барлық салалар тартылды. Ауыл да бұдан тыс қалған жоқ, бірақ ондағы реформалар кешігіп жүріп жатты.

Біз барлық мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұжымдық меншікке бердік, содан кейін жекешелендіру жүргіздік. Қиын, бірақ стратегиялық тұрғыда дұрыс жол таңдап алынды, ол ауылда нарықтық қатынастар жүйесін жасауға бастады.

Рынокқа берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды. "Астық үшін айқас" кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс ырғағындағы Қазақстан дәнді дақылдардың миллиард пұттарын өндіріп отыр. Бұл ретте егін жинау-себу науқандарына кеңестік уақытқа қарағанда жанар-жағар май материалдары 10 есе дерлік аз жұмсалады. 
Алайда тұтастай алғанда жер мәселесі шешілмей қалып келді.

Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасының қабылдануымен біз аграрлық сектордың тиімді кызмет етуінің негізін қалыптастыратын институттық тетіктерді іске қостық.

Жер кодексі айтарлықгай ауыр қабылданды. Бүл кездейсоқ емес еді. Жер мемлекеттің негізі болып табылады. Бүгінде ауылда қазақстандыктардың 43 пайызы тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл мәселедегі пікірлердің қарама-қайшылығы да осыдан.

Бірақ та нарық мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор — бұл химия кәсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп реттеұмытыла береді. Бұл салалардың бәрі дерлік түгастай нарыққа киліктірілген. Бірақ та дәл осыны аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген. 
Жерге деген ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке д
12345След.
скачать работу

Жаңа кезең - жаңа экономика

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ