Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жаңа кезең - жаңа экономика

еген құрмет туралы қалай айта алмакпыз. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз жүзінде емес, іс жүзінде.

Біз жердің тозуы, жер қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса, өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің нарықтық құнын негіздей отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту, ипотекалык кредиттің дамуы мүмкін емес.Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ бүкіл ел үшін аса маңызды Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік берді.

Жерге деген жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі.

Енді ауыл шаруашылығына инвестициялар, жаңа технологиялар мен тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы өзгерте алады.

Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Қазақстандық экономиканы ырықтандыру процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік-құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның әлеуетін одан әрі дамыту туралы болып отыр.

Нарыққа көшу кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы кілт шектелді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін қай жерде дербес еркін өсу жүріп жатқаны, ал қай жерде мемлекеттің елеулі колдауынсыз, тікелей араласуынсыз болмайтыны айқын көрінді.

Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды тұлғаның 192,7 мыңдайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98 пайызы, өндеу саласында бұл үлес — 98%-ды; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5 пайызды құрайды. 
Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жеке меншік иесі болып отыр, тұрғын халықтың өзі де белсенді рөл атқарады. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды, бүл меншік иесін сатып алушының сұраныстарына ғана емес, тіпті қыңырлығына да сергектікпен карауға мәжбүр етеді. Біз жаппай кәсіпкерлік рух феноменінің — жаңа менеджменттің қаз тұруы үшін нәрлі ортаның калыптасуымен істес болып отырмыз.

Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық. Нақ осының дамуы, бірінші кезекте, осы заманғы нарықтық шаруашылық барған сайын өзі дамитын ашық жүйеге айналып, өзін-өзі реттейтін қабілетке ие болуда деп санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы жалғасып жатқаны сөзсіз және жетілдіріле түсетін болады.

Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті жаңа нақты экономиканы құру аса маңызды тағы бір міндетке айналды. Экономиканы құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен бой көтеріп түр.

Оның бұрынғы құрылымы деформацияланған болатын, өңдеу өнеркәсібіндегі көптеген бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақталып қалды. Көптеген өндірістердің қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке айналды, мұның өзі олардың жинақылығына, шығаратын өнімдердің сапасына және өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне келеңсіз әсер етті.

Қазақстан экономикасы мембюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.

Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі.

Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны тарту жөнінде қолайлы ахуал қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай және ілеспе газ өндіру, қара және түсті металлургия секілді салаларға тікелей шетелдік инвестициялар 2003 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды.

Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі нәтижесінде қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай-газ өндіруде — 10,9 пайызға, металлургиялык, рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 пайызға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті.

Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:

1.  Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды құрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады.

2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.

3.  Әлемдік рынокка шығу жоне әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді.

3. Ескі экономикадан — жаңа экономикаға: жолды анықтау

Мемлекеттің таяудағы он жылдыққа арналған стратегиялық міндеттерінде табиғи байлықтар қоры мен минералдық-шикізаттық ресурстар ескеріле отырып, республиканың экономикадағы дәстүрлі артыкшылығын барынша пайдалану қажеттігі көрсетілген. Қазақстан олардың кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да, сондай-ақ өндіру, соның ішінде жан басына шаққандағы өндіру бойынша да әлемдік біріншілікке ие екені белгілі. Республика бүгінде вольфрам, ванадий рудаларының қоры бойынша — әлемде бірінші орын, құрамында хром бар рудалар қоры бойынша — екінші (23 пайыз), марганец рудаларының коры бойынша үшінші орын алады. Қазақстанның үлесіне уранның әлемдік корының — 25 пайызы, қорғасынның — 19, мырыштың — 13, мыс пен темірдің 10 пайызы келеді. Қазақстан геологиялық, тау-кен істерінің дәстүрлі дамуын калпына келтіріп, нығайта, руда өңдеу мен металл балқыту  жөніндегі    осы    заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз ете отырып, әлемдік минералдық-шикізаттық кешендегі өзінің күшті позициясын сақтауға қабілетті және солай етуі тиіс. Әлемде ұлттық экономиканың шикізаттық құрамына көзқарас келеңсіз емес екенін атап өткен жөн. Аса ірі 200 әлемдік компаниялардың 90-ы шикізаттық секторға жатады, олардың үлесіне рейтингке барлық қатысушылар өткізген өнімнің жалпы көлемінің 80 пайыздан астамы келеді. Минералдық шикізатты әлемдік өндірушілер көшбасшыларының қатарына АҚШ, Австралия, ОАР, Канада, Қытай және Ресей секілді әлемнің ірі елдері кіреді.

Сарапшылар атап көрсеткеніндей, табиғи ресурстарды сату мемлекеттің мешеулігінің немесе оның үкіметінің білікті еместігінің тіпті де дәлелі емес. Көптеген шикізаттық елдерде экономикалық дамудың жоғары деңгейіне өндіруді интенсивтендіру және өз табиғи ресурстарын өңдеу есебінен қол жеткізілген. Канада мен Австралия секілді бірқатар жетекші минералдық-шикізаттық мемлекеттердің тәжірибесі осы әлеуеттің ІЖӨ өндіру көлеміне елеулі ықпалын дәлелдейді.Қазақстанда минералдық-шикізаттық кешен әлемдік рыноктың талаптарына барынша жедел бейімделді және бұл экспорт құрылымынан да көрінеді.

Келтірілген деректер қазақстандық экспорттың рейтингінде шикізаттар мен жартылай фабрикаттардың көшбасшылық жағдайын дәлелдейді. Және де бағалардың әрлі-берлі ауытқушылығы сатылу сомасына ықпал ететін әлемдік конъюнктураға қарамастан, бұл рынок айтарлықтай тұрлаулы болып қалып отыр. Өндіріс пен экспорт құрылымын жетілдіру жөніндегі әбден ізгі мақсаттарды көздей отырып, республика өзінің әлемдік минералдық-шикізаттық рыноктағы ұстанымын жоғалтпау керектігі түсінікті.

Шетелдік инвестициялардың экономикалық қайта жарақтандыруға қатысуына үлкен үміт артылды. Кей жағдайда олар ақталды да, мұның өзі өндіруші салалардың артуына, экономиканың жалпы өсуіне жеткізді. Солай болса-дағы экспортқа бағдарланған және ішкі рынокқа жұмыс істейтін салалардың келісімді, ілеспелі, өзара байланысты дамуын қамтамасыз ету қажет.

Қазақстанның экономикалық саясаты жаһандану процесінің талаптарына бағынуға мәжбүр сыртқы экономикалық қызмет пен ішкі рынокқа, отандық өндірісшіге бағдарланудың, ұлттық қолдау саясатын жүргізу қажеттігінің  арасында болып, айтарлықтай күрделі жағдайда қалды. Егер де сыртқы бағдарлану шикізат салаларының серпінді дамуына жеткізіп, мұның өзі басқа салалар үшін мүмкіндік туғызуға жердемдессе, кайта өңдеу және өндеуші салалардың үлесі айтарлықтай жоғары болмай қалуда жөне оларды көтеру жөнінде елеулі күш-жігер қажет.

Ел экономикасындағы өзгерген жағдай (экономикалық өсу, қорлану мен жинақталудың ұлғаюы, инвестициялык ахуалдың жақсаруы) құрылымдық өзгерістер проблемасын елеулі түрде өзекті етіп отыр. Көп елдердің экономика, әсіресе өнеркәсіп құрылымын жетілдіруге ұмтылысы кедергілерге аз тап болған жоқ.

Жаһандану жағдайында халықаралық бәсекелестік барлық жерге кіріккіш қана емес, сонымен бірге азулы да болып отыр. Тіпті АҚШ-та сан миллиардтаған айналымы бар аса ірі трансұлттық корпорациялар өрши түскен бәсекелестікке шыдас бермей, күйреп түсуде.

Жаңа өсу аймақтарының пайда болуы сонымен бірге өткізу рыногы үшін күрестің күшейгенін, бәсекенің жаңа орамдары шиеленісіп, пайда болғанын білдіреді. Бірақ та дүние ұтылып қана қоймайды, сонымен б
12345След.
скачать работу

Жаңа кезең - жаңа экономика

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ