Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жанша (Жаһанша) Досмұхамедов

жазыпты Жаhаншаh Досмұхамедұлы 1930 жылы ОГПУ тергеушісіне берген көрсетілімінде өз қолымен, - мен университет бітіргеннен соң Орал болысына келіп, Орал қаласында орыс тілінде жарық көріп тұрған “Уральский листок” (“Орал парақшасы”) газетіне қазіргі Қазақстан аумағына ішкі Ресейден шаруаларды жүйесіз көшіріп әкеліп қоныстандыруға қарсы бірнеше мақала шығарған болатынмын. Осы мақалаларым үшін мені Орал губернаторы облыстық басқармада [оқыған уақытымда алып тұрған] стипендиялар өтеуіне қызмет ету құқымнан айырды”. Бұл кезде Жанша Досмұхамедұлы саяси көзқарасын империя астанасындағы қоғамдық белсенділігі зор мазасыз да білімқұмар студенттік шақ қалыптастырған, туған еліне қызмет етуге құлшынған жиырма үш жасар жас заңгер-маман еді. Шаруасы орташа малшы шаңырағында туып-өскен бала әуелі Бұлдыртыда ауыл молдасынан мұсылманша сауат ашып, одан Жымпиты қалашығындағы орыс-қазақ мектебі мен Орал реальды училищесінде білім алған-ды. Оқуға қабілеттілігімен көзге түскен. Сондықтан да жоғары мектепті облыстық басқарма қаржысымен оқу құрметіне ие болса керек.
Ол Сібірге кетті, сондағы сот мекемелерінде ақпан революциясына дейін қызмет атқарды. Адвокат болып, өзінің кәсіби іскерлігімен, адалдығымен, әділдігімен, шешендігімен көзге түсті. Сот қараған әлденеше қиын істе қорғаушы ретінде жеңіске жетіп, азаматтарға құқықтық жәрдем берудегі біліктілігімен беделі артты. 1914 жылы Том округтік соты Каин учаскесі прокурорының жолдасы (орынбасары) лауазымына тағайындалды. Өмірлік серігі болған Ольга (Янга) Константиновна Колоссовскаямен осында бас қосты. (Балдызы Надежда 1922 жылы көктемде Түркістан Республикасы халкомкеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловқа тұрмысқа шыққан). Осында ақпан революциясын қарсы алып, буырқанған қоғамдық өмір толқынына қызу қойып кетті. Каин үйезі халқының монархия құлағаннан соңғы бостандық арайында ұрандатқан жиналыстарының бел ортасында жүрді. Жұмысшы және солдат депутаттары құрған үйездік атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.
Алайда Досмұхамедұлына туған елі де мұқтаж еді. Патшаның тақтан құлауына орай туған саяси мүмкіндіктерді халық мүддесіне бұра алатын саналы да зерделі азаматтар қатарында оны да жұрты іздейтін. Каин үйезатком төрағасының орынбасары лауазымымен бір айдай уақыт істер-істеместен, Жанша қазақ революциялық ұйымдарынан шақыру алды да, ойланбастан жолға жиналды. Ол сәуірдің ортасына қарай Орал қаласына оралды. Орал облысының барлық болыстарынан сайланып келген 800 делегаттың қатысуымен 1917 жылғы 19 сәуірде Орал қаласының цирк үйінде қазақ құрылтайы ашылды. Халық өкілдері, қолайлы саяси ахуал шабыттандырған ерекше көтеріңкі көңіл-күймен, төрт күн бойы мәжіліс құрды. Сол бірінші облыстық қазақ съезінің төрағалығына бір ауыздан Жаhанша Досмұхамедұлы сайланған-ды.
Құрылтай Төрағасы ретінде ол халық өкілдері жиналысының мазмұнды өтуіне тікелей әсерін тигізді.Жанша Досмұхамедұлының ұсынуымен съезд алғашқы күні мемлекеттік басқарудың түрі туралы және уақытша үкімет пен соғысқа көзқарасты айқындау жайында мәселелер қарады. Талқылау нәтижесін қорыта келе: “...монархизм - демократияны құлдықта ұстаудың символы, бір халықты екіншісіне айдап салудың қайнар көзі - мәңгі жойылуға тиіс; қазақ халқы демократиялық Республика идеясын қолдайды, ұлттық-территориялық федерация туралы мәселені әзірге ашық қалдырады”, “...қазақ халқы соғыстан басқа халықтармен бірдей зардап шегуде, оның ұлдары да отан қорғау үшін шақырып алынған; ...қазақ халқы бастан кешіп отырған ауыр экономикалық жағдайға қарамастан, съезд мынаны мойындайды: күллі әлемнің тыныштығына қауіп төндіріп тұрған герман милитаризмі жойылғанға шейін соғысу қажет; жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі жария еткен жоғары адамгершілікті принципте, яғни аннекциясыз, контрибуциясыз бітім жасалуға тиіс, алайда бұл бітім талқандалған елдердің тәуелсіздігін қайта қалпына келтіруді, ұсақ халықтарға өз тағдырын өзі айқындау құқын беруді және артынша барша мемлекеттердің қарусыздануын ескеріп жасалуға керек”, “жария етілген бағдарламасын жүзеге асыруға және демократия мүддесін қорғауға қызметі бағытталып тұрған шақта - уақытша үкіметке жан-жақты жәрдем көрсетілcін”, - деген қарарлар қабылданды.
Қалған күндері съезде ел ішіндегі тыныс-тіршіліктің ағымдағы ахуалы мен болашағы қызу талқыға түсті. Маңызды қаулылар алынды. Жаhаншаһ Досмұхамедұлы құрылтай құрған Орал облыстық қазақ атқару комитетінің төрағасы, сондай-ақ Мәскеуге шақырылып отырған бүкілресейлік мұсылмандар съезіне делегат болып сайланды. 21-28 шілдеде Орынборда өткен алғашқы күлліқазақ съезі Жаншаның Орал облысынан мұсылмандар құрылтайына делегаттығын қуаттап, оны Киевте өтпек федерацияшылдар съезіне де делегат етіп сайлады. 1917 жылғы мамырда Бүкілресейлік мұсылмандар съезі Жанша Досмұхамедұлын Бүкілресейлік “Шора-и-Ислам” комитеті (исполком мусульманской организации - Икомус) төрағасының орынбасары лауазымына сайлады. Одан кейін Жаhаншаh 1917 жылғы қыркүйекте Уақытша үкіметтің жанынан құрылған Россия Республикасының Уақытша кеңесіне (Предпарламентке) мүше болып сайланады, құрылтайшы жиналыс туралы заң жасау жөніндегі ерекше мәжіліске - комиссия мүшелігіне енгізіледі. Ол 1917 жылғы жаздан қараша айының ортасына дейін Петербургте тұрып, осы қызметтермен шұғылданады. Жанша – большевиктердің қазан төңкерісіне тікелей куә болған, буырқанып-толқыған Петербург оқиғаларын көзбен көріп, тікелей түйсінген саясаткер. Екінші жалпықазақ съезінде (Орынбор, 1917 жылғы 5-13 желтоқсан) Жаhаншаh “Алаш-Орда” Халық кеңесінің, яғни Алаш (Қазақ) автономиясы Үкіметінің (Алаштың Ордасының) мүшесі болып сайланды. Үкімет тұрақты жұмыс істемекке орнығу үшін құрылтай шешіміне сәйкес Алаш қаласына (Семей) көшетін болды. 1918 жылдың қаңтарында Орынборды қызылдар басып алды, ал ақпанда өткен Орал облысы қазақтарының екінші съезі Жаhаншаhқа Алаш автономиясын Мәскеудің тануы үшін халкомкеңеспен келіссөз жүргізуді тапсырды. Сондықтан ол құрамына Орал облыстық земство басшылары енген делегацияны бастап, орталық кеңес өкіметі ордасына қарай сапарға шықты.
Мәскеуде Жанша Досмұхамедұлы Кеңестік Ресей Халық Комиссарлары Кеңесіндегі бірқатар басшы қызметкерлерінің қолдауына ие болды. Халкомкеңесте қажетті баяндамалар жасап, тиісті құжаттарды тапсырды, кеңес типімен қайта құрылғанға дейін Алаш-Орданың әдеттегі қызметін атқара беретіні жайында келісімге қол жеткізді. 1918 жылғы 1 көкекте Халкомкеңес Жайық сырты земстволарының қызметін жалғастыра беруіне пұрсат еткен қаулы шығарады. Делегацияға қазақ басқару органдарының мұқтажына жұмсаулары үшін кеңес өкіметі көлемді қаржы бөлді. Қайтар жолда, 1918 жылғы 17 көкекте, оларды Саратов большевиктері тоқтатып, тұтқындамақ болады, сапарларының мән-мақсатына күдік келтіреді. Сонда Жаһанша (Джиганша Дос-Мухамедов) совдептің атқару комитеті мәжілісінде бірнеше мәрте сөйлеп, өздерінің Халкомкеңеске барған миссияларының мәнісін, онда атқарған жұмыстарын, Алаш-Орданың кеңес жолына қалай ауыстырылатын, оның жобасын баян қылады. Орал облысының қазақтарына, земстволық және қоғамдық ұйымдарына, лауазымды адамдары мен барлық азаматтарына үндеу мәтінін жазып, саратовтық большевиктерге таныстырады, үндеуді солардың көмегімен баспаханада бастырып, жариялайды, оны ұшақпен ақтар қоластындағы жерлерге жеткізіп, аспаннан тастатуға келіседі. Үндеуде Жаһаншаһ Ресей большевиктік үкіметтің (халкомкеңестің) қазақ істері жөнінде комиссариат құруға, көп ұзатпай қазақ өлкесінің автономиясы туралы декрет шығаруға келісім бергенін айтып, халықты кеңес өкіметіне қарсы ешқандай әрекет жасамауға шақырады. Ол үндеуін: “Естеріңізде болсын, қазақ бауырлар, сіздердің ұлттық тағдырларыңызды өздеріңіз айқындауға деген табиғи құқықтарыңызды тұңғыш рет еңбекшілердің кеңес өкіметі ресми түрде мойындап отыр, орыс пролетариатының осынау саяси тектілік-кеңпейілдігін бағалай біліңіздер. Күлліқазақтық “Алаш-Орда” Халық Кеңесінің мүшесі Дос-Мұхамедов”, - деп аяқтайды...
Орал қаласына келген соң делегацияны ақ казактардың Әскери үкіметі тұтқынға алады. Себебі Жаншаның кеңес өкіметімен қарым-қатынас орнатып қайтқан болатын. Алайда, ұзамай, Сталиннің “Правда” газетінде басылған хаты арқылы, Мәскеудің тек таптық негізде құрылған автономияларды танитыны мәлім болады. Онда кімнің кім екені нұсқап көрсетілгендіктен, яғни кеңес үкіметі атынан Сталин “ұлт буржуазияларының жергілікті кеңес билігін мойындамай, кіндік өкіметпен тікелей байланыс жасау арқылы еңбекші халықты езгіде ұстағылары келетінін” “әшкерелегендіктен”, Жанша Досмұхамедұлы тұтқыннан босатылады. Ол серіктерімен Жымпитыға кетеді. Сонда кезекті облыстық съезді шақырады. 1918 жылғы 18-24 мамырда өткен Орал қазақтарының Жымпитыдағы съезі өзіндік Республиканы - Ойыл уәлаятын құрды. Уәлаятқа бес үйез енді: бұрынғы Орал үйезінің орнына Шыңғырлау, бұрынғы Ілбішіннің орнына Жымпиты, бұрынғы Гурьевтің орнына Сағыз, жаңадан Темір және Ойыл үйездері құрылып, уәлаят үкіметінің қаулы-қарарларына сәйкес, жұмысқа кірісті. Орыс офицерлерінің оқытуымен жігіттер әскери өнерге жаттықтырыла бастады. Жаhаншаh Ойыл уәлаяты үкіметінің төрағасы ретінде халық милициясын құру, әскери мектеп ашу, салық жинау жұмыстарын уәлаяттың басқару құрылымын ретке келтірумен қатар қолға алды. Ойыл уәлаяты негізінде 1918 жылғы қыркүйектің 11-інде Алаш-Орданың Батыс бөлімшесі құрылды. Бұған себеп болған жәйт - соғыс жағдайы, Алаштың орталық Ордасымен (Үкіметімен) жедел байланыстың нашарлауы, ең бастысы, Алаш автономиясының жалпақ территориясын басқаруды жетілдіру мүддесі еді. Жанша мен оның серіктері Халық кеңесі мүшелері алдына бұл мәселені табанды түрде қойып, төтенше жағдайларда немесе хабарласу мүмкіндігі болмай қалған кездерде Бөлімшенің Орталық Алаш-Орда құқтарын пайдалана алатынына дейінгі пұрсат берілген шешімге қол жеткізеді. Бұл құжат алаш қайраткерлерінің Бүкілроссиялық ұйысу (құрылтайшылық) жиналысына мүше ретінде Уфаға барғандарында, сонда өткен мемлекеттік мәжіліске қатысқан уақыттарында қабылданғ
1234
скачать работу

Жанша (Жаһанша) Досмұхамедов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ