Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жанша (Жаһанша) Досмұхамедов



 Другие рефераты
Келдібекұлы Қазыбек би Жәнібек хан Жанқожа батыр Ер Жәнібек

ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ
(1886-1938)

1. Өмірі туралы мәліметтер
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.
1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
1917 жылы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пікір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
1918 жылы 6 мамырда Жымпитыда өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құрамына Сырым батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уақытша үкіметінің төрағасы болып сайланады. Уәлаятта атты милиция жасақталып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылым­дар ашылады.
Мәскеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметіне деген көзқарасында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны талап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.

Азамат соғысы жылдары сан-сапалақ өкіметтердің бірінен соң бірі келіп-кетіп жатқанда Батыс Алашорда жетекшілерінің саясаты: қазақ жұртшылығын қорғау; аумалы-төкпелі замана ағымына орынсыз килікпеу; және артын бағамдау ұстанымы болды.
1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алашорданың шұғыл мәжілісінде өзге де мәселелермен қатар «соғыс жағдайы мен жол қатынастарының нашарлығынан» Алаш автономиясының батыс өлкелерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» орнына Алашорданың бөлімшесі құрылады. Бөлімшенің құрамына Б.Құлманов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және Е.Тұрмұха­медовтер кіреді. Төрағасы болып Ж.Досмұхамедов сайланады.

Ж.Досмұхамедов көптеген уақытша өкімет орындарымен келіссөз жүргізіп, хат-хабарлар алмасып, мәлімдемелер жазып жатқанда, өздерінің істеп жатқан істерінің мән-мағынасын түсін­дірумен болды. Яғни мына алмағайып заманда қазақ халқын аман-есен сақтап-қорғау мақсатында және бүкіл Ресейде түпкілікті өкімет орнағанша жергілікті Уақытша қазақ өкіметтерін құруға мәжбүр болғандарын атап өтеді. Осы бағытта да Кеңес өкіметімен, яғни Түркістан майданының (М.Фрунзе) өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оның басты шарттарына: 1) қазақ халқының өзін-өзі билеу құқы, автономия; 2) екі жақтың теке-тіресінің ортасында қалған қазақ халқын зорлық-зомбылық пен талан-тараждан аман сақтау болып табылады деп шегелеп көрсетеді.
Нәтижесінде, М.Фрунзенің ұсынысымен, қазақ даласынан аластатылып, оқшауландырылуға жататын Батыс Алашорда жетекшілерінің 5 адамынан (Ж. және Х.Досмұхамедовтер, Иса Қаш­қынбаев, Кәрім Жәленов пен Беркінғали Атшыбаев) құрылған делегацияны алдымен Түркістан майданының штабына, ары қарай Мәскеуге жөнелтеді. Осы топ Батыс Алашорда өкіметінің іс-харекеттері туралы баяндама-хат дайындап, оны Жанша өз қолымен В.И.Ленин, И.В.Сталин және Л.Д.Троцкийге табыстайды.
Батыс Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жанша 1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жіберіліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлімінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады.
Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.

2. Қызметі туралы деректер
XX ғасыр басында қазақ қоғамында өз халқының егеменді ел болуын көксеген Батыс Алаш Орда хүкіметін құрушы азаматтың бірі – Жаһанша Досмұхамедов.
Ол 1886 ж. Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданының Бұлдырты елді мекенінде дүнияға келген. Жаһаншаның туған жылы хақында мұрағат құжаттары мен ғылыми әдәбияттарда әр түрлі мерзім көрсетіліп жүр. Мәселен, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан алынған құжатта «Досмұхамедов Жаһанша – Қазақ. Партияда жоқ (айыпталған уақытта 44 жаста). 1930 ж. 31 қазанда Мәскеудегі «Мал шаруашылығы» басқармасында аға экономист қызметін атқарып жүрген кезінде, бұрынғы Қазақ КСР ППОГПУ ұйымдары арқылы “Алаш” партиясының ұйымдастырушыларының бірі және Алаш Орда хүкіметінің бұрынғы мүшесі болды деген айыппен қамауға алынды» деп келтірілсе, ал Ресей Федерациясы Әділет министрлігі Мәскеу қалалық сотынан алынған анықтамада «1887 ж. бұрынғы Орал облысы, Жамитай ауданында туып өскен» деген мәліметтер келтіріледі.
Досмұхамедов 1896 ж. Орал қаласындағы реалдық әскери мектебіне түсіп, оны 1904 ж. үздік бітірді. 1906 ж. белгілі қоғам қайраткері, заңгер Бақытжан Қаратаевтың (1860-1934) ақылымен Петербор университетінің заң факултетіне түсіп, бұл оқу орнында орыс және батыс ғалым-заңгерлерінің озық ойлы еңбектерімен танысып, қазақ тәрізді кереге биліктен азаматтық-заңдық билік түріне көшудің аса қажет екендігін ұғынды. 1911 ж. Жаһанша университетті үздік бітіргеннен кейін Оралға келіп, заңгерлік қызметке орналасады. Алайда, «Уральский листок» газетіне қазақ халқының бұрыннан шешімін таппай келе жатқан жер мәселесі жөнінде мақала жариялап, жерге қатысты ойын ашық айтқанынан сескенген Орал генерал-губернаторы оның қызметін ауыстырып, Том қаласына жібереді. Сөйтіп, Жаһанша 1911 жылдан 1917 жылдың ақпанына дейін Томда әуелі адвокаттық қызмет, кейіннен Том округтік сот прокурорының орынбасары қызметін атқарады.
1917 жылғы Ресейдегi ақпан революциясынан кейiн Ж.Досмұхамедов саяси белсендiлiк танытып, қоғамдық жұмыстарға араласа бастайды. Ол Уақытша Қазақ комитетiнiң арнайы шақыруымен Оралға келiп, 1917 жылдың 19-22 сәуiр аралығында өткен I Қазақ Орал облыстық сиезiне қатысады. Сиезде Уақытша үкiметтiң төрағасы болған Ғабдолла Әлiбеков 4 наурыз–19 ақпан аралығында атқарған қызметi жайында есеп берiп, сиезге «президиум сайлау» турасында ұсыныс айтады. Аталмыш сиезге қатысушы 800 делегат тарапынан Жаһанша бiрауыздан сиез төрағасы болып сайланады. 1917 жылдың 19 мамырында шыққан «Қазақ» газетiнде бұл жайында: «Жұрт бiрауыздан председательдiкке Жаһанша Досмұхамедовты, серiктiкке– Алпыспай Кәлменовты, Ғабдолла Әлiбековтi, хатшылыққа 4 кiсi сайлаған. Президиум сайлауы бiткен соң председатель Досмұхамедов Алаш ұранды халықты құттықтап, бостандық бекуiн тiлеп, бостандықты әперген ерлермен таныстырды» деп жазылды. Бұл сиезде Орал қазақтары үшiн аса маңызды жер, дiн, азық-түлiк, т.б. бiрқатар қарарлар қабылданды. Ж.Досмұхамедов осы сиезде Мәскеуде өтетiн I Бүкiлресейлiк мұсылман сиезiне делегаттыққа сайланады.
1917 жылы 1–11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкiлресейлiк мұсылман сиезiне қазақ облыстарынан, Түркiстан, Кавказдан, Сiбiрден, Хиуа мен Бұқарадан және тағы басқа жерлерден 830-ға тарта делегат қатынасты. Батыстан Ж.Досмұхамедовпен бiрге Х.Досмұхамедов, Ғ.Әлiбеков, У.Танашев, А.Темiров сияқты қазақ зиялылары қатысқан. Бүкiлресейлiк мұсылман сиезiнде қаралған басты мәселелер оқу-ағарту, жергiлiктi басқару, жер, дiн, әйел, Ресейдiң мемлекеттiк құрылысы, Ресейлiк мұсылмандар кеңесiн құру болды. Мұсылман сиезiнiң қарарында бүкiл мұсылман iстерiн басқарып тұратын «Шура-и-Ислам» болсын деген қаулы қабылданды. «Қазақ» газетiне жарияланған «Шура-и-Ислам» атты мақалада бұл жайында: «Шура-и-Ислам» ағзасының бар саны–30. Оның 10-ы ноғай, 7-i Түркiстандықтан, 5-i Қазақстаннан, 2-i Қырымнан, қалғандары Кавказ һәм Литвадан. Бiрақ бұлар өкiлдерiн бiржола елден сайламақ болған. 30 ағзаның iшiнен 12 кiсi басқарушы болып Шура-и-Ислам жұмысын атқарып тұрмақ» деп жазды. 13 мамырда Бүкiлресейлiк мұсылмандар Кеңесi жиналыс өткiзiп, Жаһанша Досмұхамедовты Шура-и-Ислам комитетi төрағасының орынбасарлығына сайлайды. Бүкiлресейлiк мұсылмандар Кеңесiнiң Атқару комитетiнiң құрамында Жаһаншамен бiрге Уәлитхан Танашев (1887-1968), башқұрт Зәки Валиди (1890-1970), Көл

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Общие сведения о языке программирования Qbasic
Золотое сечение
Парсонс и его теория действия
Понимание речи


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ