Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақстан – менің тағдырым



 Другие рефераты
Жапон-қытай қатынастары дамуының құқықтық саяси негізі ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ Егемен Қазақстан Ердің бақытын келтіретін де, кетіретін де – әйел

Біздің заманымыздың 742 жылы түріктердің қолбасшысы Құланда өлтіріліпті. Қарамағындағы бүкіл елге исламды мойындатқан Қарахан баба да Құлан шаһарының оңтүстік-батысында орналасқан Шөңгер жазығындағы үңгірді паналаған көрінеді. Қаһарынан қалың жұрт қаймыққан билеуші махаббат деген ұлы сезімнің алдында жуасып, ғашығы Айша бибімен сырт көз, суық сөзден сақтанғанда мекен еткен жері болыпты бұл үңгір. Талай-талай дүбірлі оқиғаны бастан өткерген Құлан даласы бүгінде бар сырын бойына жасырып, бір сәтке мүлгіп кеткендей. Бір кездері айналасын түгелдей ну қамыс пен көл қоршаған, төсінде құлан ойнаған ежелгі Құлан шаһарының орны қазір Құлантөбе деп аталады. Тылсым тарихынан там-тұмдап қана хабар беріп, үнсіз жатыр. Осы бір монтаны кейпімен ары-бері өткен жүргіншіні өзіне сиқырлап тартатындай. Қол бұлғап шақыратындай.

Теңдесі жоқ әйгілі Иранбақ та өз туған жеріндей ыстық бола алмас. Тіршілігінде талантымен талайды таңқалдырған ғұламалар да, ұлы тұлғалар да, өнер тарландары да тек туған жердің топырағына тізе бүгіп, бас иген. Киелі Құлан жерін біреулер «өнер өлкесі» деп атайды. Айтса айтқандай-ақ бұл күнде осынау өлкеден түлеп ұшқан небір өнер адамдары өнер әлемінде өз белестерін бағындырып, биіктерден көрініп жүр. Сондай жанның бірі бүгін суы қашып, суымен бірге нуы қашқан мынау сар даланы сағынып, сапар шегіп келе жатыр.
Туған жердің ауасы да шәрбат
Көгілдір экран алдындағы көрерменге Бек, Шерхан бейнесімен жақсы таныс болған актер Бақытжан Әлпейісовпен кездесуге басқаны қайдам, өзім іштей ширығып, қатты дайындалдым. Танымал актерді көз алдымда біресе сондай паң, кербез Бектің бейнесінде елестетемін. Елестетемін де онымен әңгімелесудің өзіме қаншалықты қиыншылық туғызарын ойша саралап көремін. Біресе ауылын сағынып жеткен баладай аңғал мінезді, қарапайым Шерхан мінездес жанмен жәйбарақат әңгімелесіп отырғанымды елес береді. Теледидардан күнде көріп жүрсем де, қандай жан болды екен деген бір ой қылаң етіп, бас көтерді. Жайшылықта сенімен есептеспейтін уақыт та тасбақадай жыбырлап тұрып алды. Не керек айтылған уақытта асыға күткен адамымыз да келді-ау, әйтеуір.
Ақсары. Аласаға да жатпайтын, сұңғақ бойлы деуге де келіңкіремейтін, бойшаң. Бүгінгі «қазақы бала-бала емес» дейтін жаңа қазақтардың сықпытына ұқсамайды. Жадырай амандасқан қоңыр үнінен кешегі Құрманбектің, Шәкеннің лебі ескендей болды. Қадала қарамай, жаймен аялай қарайтын жанарынан қазақ киносында өзіндік сара жол қалдырған Әмина Өмірзақова, Қалибек Қуанышбаев, өзінше дара тұлғаға айналған Асанәліні көргендей болдым.
Тумысынан жайдары жан ашыла сөйлесіп, жиналғандардың барлығымен хал-жай сұрасып жатыр. Бойын кернеген сағынышын да жасыра алмай «пай-пай, туған жер-ай» деп қояды. Үлкендер жағы: «Жолсоқты болмай, аман-есен жақсы жеттіңіз бе?»-деп еді, толғана сөйлеп кетті.- Ауылына келген жан шаршаушы ма еді. Туған жерді сағына аңсап келген адамға ауылдың қою шаңы араласқан ауасы да шәрбат сезіледі ме деймін. Сағынып жетіп, сағына қауышатын ауыл-жұртың сол баяғы балалық шағыңды қаз-қалпында есіңе түсіреді. Кей-кейде ауылды сағынған кезімде ару қала Алматыға сыймай кетемін. Қасиетіңнен айналайын, туған жер. Барыңды да, нәріңді де перзентіңе сыйлайды екенсің ғой.
Ә, дегенде жағдай оңтайынан шешіле кеткендей болған соң, қаламсабымды қолыма оңтайлап ұстап әңгімеге құлақ түріп отырып қалдым. Іздегенге сұраған деген сірә, осы да. Тақ-тұқ еткен сұрақтар мен қысқа-қысқа қайырылған жауаптардан әрі аспас деп ойлап едім, әңгіме кең ауқымда өрбіді. Ел құрметтеген өнер адамымен кездесуге кім құштар емес дейсің. Оның үстіне ол адам өзіңнің жерлесің болып тұрса. Бақытжан Әшімалыұлының осы ауданда, Луговой стансасында туып-өскенін мақтан етпейтін құландықтар жоқ шығар. Сондықтан актермен кездесуге редакцияның барлық қызметкерлері түгел шақырылып, мақала жазу алдын ала маған тапсырылған болатын.
-1976 жылы мектепті бітіргеннен кейін туған ауылымнан тұңғыш рет ұзап шықтым. Топырағынан нәр алып, жұпар ауасын жұтып өскен ауылымда бұдан былай шалжиып жата беруді ерсі санадым. Содан соң алған білімімді ары қарай ұштау керек қой,-деп көпшіліктің көкейіндегі сөзді оқығандай-ақ әңгімені әріден бастады.
Таңдау
Әңгіме өз-өзінен өрбіп жүре берді. Әрбір сөзді жадыма тоқып алмақ ниетпен тым-тырыс демімді ішіме тартып, қыбырсыз отырып қалдым. Бір мен ғана емес өзгелер де қимылсыз, әңгімеге елітіп отыр. Құдды қимылдаса болды барлығы бүлінердей.
-Өнер адамы үшін өмір жолы-өнер жолы. Өнерге қалай келдіңіз? Журналистердің дәстүрлі сұрағы келелі әңгіменің арасына сыналап кіріп кетті.
-Барлық жастың арманына айналған Алматы қаласына мені балауса арманым жетелеп келді. Келе сала құжаттарымды қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетінің физика-математика факультетіне тапсырдым. Қалай деуші еді? «Алдыңғы арба қайда дөңгелесе, соңғысы сонда барады» дегендей мен де аға-әпкелерімнің соңынан осы мамандықты таңдадым. Барлығымыздың мұндай таңдау жасауымызға әкемнің өмір бойы теміржолшы болып жұмыс істегені себеп болса керек. Таңдауым осылай болды, ал тағдыр басқаша шешті.
Шындығында тағдыр деген осы ма? Егер де сол кезде мына көз алдыңда отырған жан тып-тыныш ҚазМҰУ-ға студент болып қабылданғанда барлығы да басқаша өріс алар ма еді? Онсыз да кенже дамыған қазақ киносының бүгінгі жұлдызы туар ма еді? Олай болса, кино атты өнер жолында жұлдызы жарқырай жанған Шәкен Аймановтың, Асанәлі Әшімовтың ізбасары атанар-атанбасы да беймәлім екен-ау. Қазан төңкерісінен кейін дамыған қазақ киносына Бақытжандай табанды, талапты жандар керек-ақ.
Жиырмасыншы ғасырдың басында елімізде бар-жоғы он үш жекеменшік кино залы жұмыс істепті. Оның өзі негізінен Семей, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Алматы сияқты ірі қалаларда орналасыпты. Ең бірінші киносеанстар 1910 жылы көрсетіле бастапты.
-Құжаттарымды тапсырып жатқан кезде 3:4 суреттен екі сурет жетіспейтін болып шықты. Физика-математикадан алған білімім өте жақсы, мектепті де үздік бітіргенмін. Осыған қарады ма, университеттегілер бізге тап осындай студент керек деп жақын жердегі фотосалонға барып суретке түсіп келуге кеңес берді. Бірақ, мен қайтіп ҚазМҰУ-ға келмедім. Ағамның кеңесімен ауылдастарым оқып жатқан теміржол институтына түстім. Бұл жерде үш жыл өте үздік оқыдым. 1979 жылы Алматыда өнер институтының ашылғанын естідім. Осыдан кейін менің көңілім бұзыла бастады.

Өмір мен өнер
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді. Егер осы сөзді тура мағынасында түсінер болсақ, онда Бақытжан Әшімалыұлы «Әке көрген оқ жонар» деп инженер-механик болмақ та. Оның бауырлары тегіс әке жолын қуыпты.
–Мен өзім мектепте түрлі іс-шаралардың ұйымдастырушысы болдым. Теміржолдың бойында өстік. Күре жолдан шалғайда болған соң ба, басқа ауылдарға келіп-кетіп жатқан әртістер біздің ауылға келмейтін. Өмірде әртісті өз көзіммен көрмегеннен кейін, актер боламын деп еш ойлаған емеспін. Бірақ, мені бір нәрсе, іштей солай қарай тартты да тұрды. Әлі есімде, үйіміздің төрінде үнемі домбыра ілініп тұратын, ағаларым ептеп домбыра шертетін. Бұл домбыра атам -Әлпейістікі болыпты. Қуғынға ұшырап, жер ауып, елден жырақ көшкен кезінде де домбырасын жанынан тастамапты. Кейінірек туған өлкеге оралып, шаңырақ көтергенде қара домбыраны отбасының киесі санап, төріне іліп қойыпты. Мүмкін мені өнерге қарай итермелеген де сол қара домбыраның қасиеті болар.
Әңгіме туған халқымыздың қилы-қилы тағдырына қарай ойысқанда тықыршып, бір орында отыра алмай дегбірсізденіп кетті. Шуақ шашып тұратын мейірімді қой көздері шырадай жанып шыға келді. Ашаң жүзі әп-сәтте қарақошқыл тартып, іштей бір қызынып, бір суынғаны байқалады. Кең маңдайындағы білінер-білінбес қос сызық та тереңдеп кеткендей. Ұлт тағдыры таразы басына түскен кезде өз тағдыры қыл ұшында тұрғандай сезінетін саналы адамның ғұмыры ел тағдыры, жер тағдырымен тамырласып жатады ма дерсің. Әсте, бұл адамзаттың өз еркінде де емес шығар? Өйткені, адам шыр етіп, дүниеге келген сәттен бастап оның тағдыры ел тағдырымен өріле өрбиді. Сонау ел басына күн туған зұлмат жылдарда тағдыры ойран-асыр болған жандардың тулаған теңіз толқынның серпінімен жағаға лақтырылған салындыдай күй кешуі осының айғағы емес пе? Ел тағдырын ойран еткен жылдар Бақытжан ағаның атасы Әлпейістің де тағдырын тәлкек етіпті. Бай деп жала жауып, туған жерінен түре қуған – Кеңестік кезеңнің солақай саясаты. Әйтсе де, ер тағдыры – ел тағдыры деп шешкен Әлпейіс бар қиыншылыққа қарамастан көп ұзамай туған жерге оралыпты.
Өңменіңнен өтердей өткір жанарлар ендігі сәтте жуасып, тоқмейілси қалды. Атам Әлпейістің туған елге қайта оралғаны менің бақытыма айналды дегенді осылай ұқтырды. Әйтпесе, үп еткен жел көтерілсе, қою қошқыл шаңы аңқаңды қауып, байқаусызда саздауыт жерді баса қалсаң бәтеңкеңнің табаны қалатын топырағы мен сазы аралас атыңнан айналайын туған өлке – киелі Құланның қасиетті топырағынан нәр алып, кең далада бұлайша бұла боп, еркін өсер ме еді? Өткен ғасырдың жиырма сегізінші жылы елімізде байларды кәмпескелеу басталып, осы науқанның дүрмегінен қырғыз асып кеткен Әлпейіс сол елде табан тіреп қалып қойса ше?
Қарсы алдында отырған жан қол созымда бірде жақын көрінсе, бірде асқар таудай мұнартып, тым-тым алыстап барады. Ол әңгімеге елітіп, алабұрта түскен сайын қалтарыс-бұлтарысы жоқ жандүниесі ашыла түседі. Жаңа ғана көңілді отырған Бақытжан ағаның көз алдын көлеңкелі мұң кілегейлеп алыпты. Ертеңінен үлкен үміт күтетіндердің көбісі өткеніне жиі үңілгіш келеді. Бәлкім, өрелі жан бес күндік жалғанда әлденеден қателесіп, не болмаса кешегі кемшілікті тағы жіберіп алудан сақтанатын болар.
— Атамның тағдыры маған үлкен ой салды. Ел өміріндегі өркендеу өз өміріңе өзгеріс әкелуін күтіп отырмай, ел тағдырын өз тағдырыңа балап, еліңнің өркендеуіне өзіңде үлес қосуың керек деп түйдім. Менің өнердегі де, өмірдегі де басты қағидам осы. Атам үйіндегі жалғыз кілемін мешітке апарып беретін, өте діндар жан болат

12
скачать работу


 Другие рефераты
Активизации учения школьников
Қылмыс істеу сатылары және жаза түсінігі, мақсаты, түрлері
Термисторы и их применение
Париж Коммунасы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ