Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз

боп, тозып бітті. Шыбын жан айналсоқтап сасық көрде «періште келеді» деп босқа күтті. Ал енді молда қайда, сөзі қайда, беретін ұжмақ, дозақ анау жайда, білмеймін анығын да, танығын да, бас қатты шешемін деп, жоқты ойда». Ақылыңды айран, ойыңды ойран етер тәпсіл. Бір көзде Асанқайғыға жел мая мінгізіп жер көздіріп, Қорқытқа ажалдан қашып құтылар айла таба алмай, көр қаздырып жүрген де осындай рухани максимализм ғой. Бақ пен дәулеттің әлеуметтік нарқы. Іс пен әрекеттің адамгершілік парқы. Дала фәлсәфасының үйреншікті тақырыбы, өзекті арнасы. Егер бұл дүниедей абзалдығың ол дүниеде бағаланып, жұмақ бұйырып жатса, нұр үстіне нұр. Егер бұл дүниедегі кәззаптық ескеріліп, ол дүниеде тозақ бұйырып жатса, ол да мың асқанға бір тосқан, залалға зауал, шырқ айналып келгенде, әділеттің барлығы. Ал егер жасаған жақсылығыңның шуағы, жамандығыңның жазасы болмаса ше?! Онда өмір деп аталатын күйкі күйбеңде қандай мән қалады? Әділет пен қиянат ескерілмес жерде азап та жоқ, тозақ та жоқ. Пері де жоқ, періште де жоқ.

Бұйырғанын жеп, тигенін киіп, тап болғанға көніп жүре беретін пенде ғана бар. Бұндай анық, танықтың айырмасы шамалы дүниенің арзымы қанша? Ондай дүниеде шеккен азаптың қасіреті, көрген бақыттың қасиеті бола ма? Бұл – Сұлтанмахмұтты бала жастан қинаған батпан сауал. Ол осы сауалдың жауабын ғана ақиқат деп танымақшы болды. Сондықтан рахат емес, ақиқат іздеп шар тарапты түгел шарлайды. Троицк барады, Томск ауады. Қызылтал мен Керекуді былай қойып, Семей мен Өскеменнің қоғамдық өміріне араласады. Алтай асады. Қытай басады... Ел шетіндегі Шыңғыстай мен ел ортасындағы Шыңғыстаудың да дәмін татады. Молла, медресе, курс, мектеп... білім іздеп шарқ ұрады, жур-налистіқ мұғалімдіқ саяси қызмет... Өзін емес, елін қарқ қылам деп, басын тауға да ұрады, тасқа да ұрады, Ғайса, Мұхамбет, Платон, Руссо, Фурье, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Надсон, Блок, Абай, Тоқай, Маркс, Энгельс, Ленин, Бакунин, Плеханов – адасқақ ақын көңілдің шарлап қайтқан рухани шартарабы. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Шәкәрім, Ермеков, ерлі-зайыпты Құлжановтар, ағайынды Сәтпаевтар, туысқандары Аймауытов, Көпеев, Аймановтар, алыстағы Қажымұқан, Сералиндер – күнде-күнде бір тұрып, бірге жүрмесе де, күн бе күн өз ой, өз пікірін салыстырып, салғастырып отыратын рухани нысаналары.

Тек осының өзінен-ақ оның жанындағы рухани ізденістер өрісінің қаншалықты кең, қарқынының қаншалықты мігірсіз, мазмұнының қаншалықты күрделі болғанын аңғару қиын емес.

Шындықтың ауылын іздеп жолға шыққан албырт шәкірт бірте-бірте әлеуметтік болмыс деп аталатын ию-қию джунглидің ну жынысына сұғына енген сұңғыла зерттеушіге айналады, сұғынған сайын іздеген сүрлеуінің бұралаңы жиілеп, бұлтара түседі... Тапқан жауабынан гөрі жанын қинаған сауалы көбейе түседі. Жан қайда әділетті іздейтұғын?.. Оқудағы мақсат не?.. Көңілім, неге жасисың?.. Бұлар кім?.. Нешелер көз жас төгілді?.. Қызық қандай адамды қыздыратын?.. Неге жасаймын?.. Осы да әділдік пе?.. Көзек қашан келеді?.. Ғайса кім?.. Өң бе, түс пе?.. Кім жазықты?.. Ойыңды опырып, санаңды сапырып кетер қорғасын сауалдар... Сұрқай тіршілікке ақыл аспанынан сорғалай жауған бомбалар... Дүниенің астын үстіне шығаратын тегеурінді дүмпулер... Ол аласапыранға алдымен осындай сауалдарға бола бас қатыратын абзал жүректер мен асыл көкіректер ұшырайды. Сұлтанмахмұтты да көктей солдырған жұлын құрттар да міне, осындай күн-түн миды үңгіп, мігірсіз қойылып жататын мың-мың сұрақтар еді. Соның біріне де селт етпей, тапқанды ішіп, табылғанды киіп, бұйырған жарықты тауысып шығуға да болады. Бірақ, ол ақынға айтқызсаңыз, бүйіріңнің бұлтиғанынан басқа уайымың жоқ мал өмір. Әлгіндей сұрақты төбеден түскендей қып, өзің қоймай, өзге қойса, қиыннан жалтарып, оңайына жалпайып, тірлік кешуге де болады. Бірақ, ол ақынға айтқызсаңыз, жанын қинамай жаратылып, жанын қинамай жоғала салатын маймыл өмір. Ал адам болу деген, ең алдымен, төңірегіндегі кереметті көріп, таңғалу емес, келеңсіздіктерді көріп қиналу, одан арылар амал іздеп аңтарылу. Ар деген нәрсенің өзі де сондай қиын сауалдарды өзгеге қоймай, өзіне қою үшін берілген. Ақындық өнер де солардың сөзін сөйлеп, ардың жоқшысы болар қолғанат. Содан жалтарып, төтен сауалдан айламен сытылып кетуге тырысатын рухани алаяқтық – перілік, төтен сауалға тура жауап беруге тырысатын рухани адалдық – періштелік, тырысып қана қоймай, жауап таппай тынбайтын рухани жанқиярлық – пайғамбарлық.

Сұлтанмахмұт осы ең соңғы биікке кетерілген бірегей тұлға... Жанын жегідей жеген жебір сауалдарға жауап іздеп жүріп, басқа қызықтың бәрін ұмытқан нағыз періштелер. «Дүниедегі қызықтың, бәрі де арам мен үшін, дауасы жоқ Бұзықпын, талпынбаймын ем үшін; тосқаным – қабір құшағы, қашан ол келіп құшады; ойланып һәм шарланбай, құтылған жоқ менен ой, ешбіреуін малданбай, семді, қатты тұла бой; болсам деген үміттің, бәрінен бездім, ұмыттым»,– деп сөйлеуге қазақ топырағында тек Сұлтанмахмұттың ғана қақысы бар. Бірақ, бұл ләззат, бақыт атаулыдан баз кешкен диуаналық емес, көптің бабы табылар ортақ бақыттың сырын таппай тұрып, өзінің ғана бабы табылар оңаша бақытты қызықтауды арсыздық көріп, ақиқат іздеп шарқ ұрған нағыз пайғамбарларға тән адалдық, нағыз пайғамбарларға тән жанқиярлық еді.

Құлдық атаулыға жаны қас абзал азамат Сұлтанмахмұттың тап мұндай он екі мың ғаламды жаратқан жаппар хақтың өзімен жарыса айтылатын астам атақтан ат тонын ала қашатыны даусыз. Алайда, пайғамбарлардың да арғы түбі адам нәсілінен екенін ұмытпалық.

Олар да әуелі өз уағызына күллі адамзатты ұйытамыз деп ойлаған жоқ. Басына хикмат бұлты тәнген қауымдарын ғана қатерден құтқарып, түзік жолға салуға ниеттенгенді. Пенденің құлқын түзеу арқылы күллі дүниені түзеуге болады деп сенді. Ендеше, қолына қаламды, өз сөздерімен айтқанда, «Бұзылған ңанымызды түзеп, қарайған көңілімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге шипа» табу үшін алған асқан талантқа ақылмандықтың ең биік дәрежесін қиғандықта тұрған ешқандай күпірлік жоқ деп білеміз. Ал егер Сұлтанмахмұт алдына ондай асқаралы міндет қоймаған, көзінің көргенін, көңілінің көргенін, көңілінің түйгенін мұрнынан тізген көп сөз құрастырушының бірі десеңіз, онда Өлеңге дес беріңіз: «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған, алуға күнді барып, белді буған, жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, болмасам толған айдай балқып туған». Немесе: «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам, қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам, мұздаған елдің жүрегін жылытуға мен кіремін». Немесе: «А, дүние, берсе қанат тәңірі маған, ерік алып, ұшып кетсем, көкке таман, жер-күннің аймағынан үстін шығып, әлемге көз жіберсем, сол арадан; бойымнан ірілік оты сонда сөніп, планет һәм жасаған елді көріп, тозаңдай басқа әлем қатарында айтар едім елеусіз жерді көріп; «қандай мән бұл адамның өмірінде, дәм татқызар үміт не көңілінде; туысында еріксіз жердің құрты және еріксіз аһ ұрып сөнуінде; әлемге өмір шашқан күні мынау, жердегі көрінбеген сыры мынау, бар-жоғының тозаңдай елеңі жоқ, адам тұрсын, жерінің тұрі мынау; немәнеге мақтандық көкірек керіп, өзімізге сонша артық мағына беріп, барша әлем жаралған адам үшін» деп, қалайша адасып, жүрдік сеніп?» Гагарин орбитаға шықпастан жарты ғасыр бұрын бұл өлеңнің ғарышты игеру тақы-рыбына арналмағаны айтпаса да түсінікті. Бірақ, ғарышкердің көктен оралып келіп, таңғалып айтқан планетамыздың тым құрдым, тым нәзік тағдырын қазақ ақыны жарты ғасыр бұрын жерден жарты елі өкше көтермей тұрып-ақ байқап, қолмен қойғандай, дәл басып айтып кетіпті. Сонда оны айтқызып тұрған қандай құдірет? Аспанға шапшыған асау қиялдың шалығы ма? Әлде жер үсті тіршіліктің жегідей жеп бара жатқан уайымы ма? Әрине, соңғысы. Өйткені, бұл жолдар жер бетінде бар болғаны жиырма жеті жыл өмір сүріп, әдебиетте жиырма жеті жыл көшпей-қонбай еңбек еткенкөшелі суреткерлеріміз де қалдыра алмаған мол мұра тастап, екі роман, алты-жеті поэма, жүз ондай өлең, көптеген мақала, очерқ әңгіме, көсемсөз жазған, соның ішінде «Қайғыны», «Жарқынбайды», «Айтысты», «Таныстыруды», «Қамар сұлуды», «Кім жазықтыны», «Адасқан өмір» мен «Кедейді» тудырған автордың аузынан шығып отыр. Солардың қай-қайсысын, өсіресе, соңғы екеуін оқыған кісі мұндай шығармалардың әншейін қиял қуған, жер үсті хикматтарды жер-жебіріне жете зерттеп білмеген адамның қаламынан шықпайтынын айтпай-ақ ұққан болар еді. Тек жеті қат жер түбі мен алты қат аспан арасындағы барша құбылысты тап бұлай бажайлап білу құдайдың ғана емес, адамның да қолынан келеді екен-ау деп таңғалар еді. Жарық дүниеге аз күнге келіп-кеткен көлденең жолаушының көрген-түйгенінен гөрі жер мен көкті жаратқан жаппар хақтың өзінің ағынан жарылып ақтарылып айтқан сырындай бірден ұйытып алар ағыл-тегіл шындық пен айна-қатесіз ақиқатқа амалсыз тамсанар еді. Расында да, адамның Өзін өзі тануының шырғалаң одиссеясын «Адасқан өмір» мен «Кедейден» шынайы жеткізген, жетім қозы емген желіндей, аямай қақтап сорып, сығып, сарқып, әбден тауысып жеткізген терең шығармалар төл әдебиет түгілі әлемдік әдебиетте некен-саяқ. Басқаларды былай қойғанда, дәл осындай мақсатпен жазылған «Тәңір тәлкегі», «Фаустың» өзінде дайын фабулалар, танымал мифологемдер, талай рет сыннан өткен сюжеттіқ зерделік құрылымдар пайдаланылса, қазақ ақыны ешқандай қосалқы тәсілдерге жүгірмей, тек бір пенденің жөргекке түскенінен көр түбінде қурап, шіріп, қайтадан топыраққа айналып кеткеніне дейінгі барлық процесті ештеңені мұлт жібермей, дәл тізіп, дәл сипаттап, сол арқылы тек адамдық болмыстың ғана емес, жалпы әлемдік болмыстың егжей-тегжейлі панорамасын жасап, сол болмысты ұстап тұрған заңдылықтардың ерекше бір математикалық дәлдікпен зерделенген философиялық кескіндемесін түзеді. Құдды, бір оның зейіні рентген сәулесіне, лазерь ұшқынына айналып кеткеніндей, еш қалтарысты қағыс қалдырмай, көптен бері басы балпы, аяғы салпы боп шашалып қалған да

1234
скачать работу

Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ