Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз



 Другие рефераты
Қазақстан құстары Рухани мәдениет негізін салған қазақ ғұламалары Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі Шәкәрім Құдайбердиевтің Ләйлі-Мәжнүн дастаны

Иә, сол бір жылғы жан біткенді жадыратып, тән біткенді балбыратып, жасарып-жаңғырып жатқан жаратылыс атаулыны түгел шаршысына толтырып шалқытқан мамыр айының дәл жиырма бірінші жұлдызында кемеліне келіп, кенеле құлпырып тұрған керемет өлкедегі бір шаңырақтың астында болған осы бір оқиғаны көрген түгілі естіген жанның ет-жүрегі өзілмеуі еш мүмкін емес еді. Қасиетті Сары Арқаның қақ төрінде қадым замандардан бері бұрала басқан бұла бойжеткеннің бұрымындай бұлаң қағып, бұлқына аққан Шідерті бойына шілдің жұмыртқасындай шашырай төгілген ағайын ортасында қызметте жүргенде аяқ астынан төсекке алып ұрған ауыр дерттен қатты қалжырап, біраздан бері оң жақта сартап болып, сұлқ жатқан құр сұлде әбден сылдырап, қалған қаңқасын кенет көрпе астынан көтеріп ап, жан-жағына шаншыла қарады. Көптен көлбей жығылған талықсы кірпіктердің тасасында жалбыз басып, бітеліп қала жаздаған қайнардай тарс жұмық жатқан қос жанар ойда жоқта шоқтай маздап, үрпиісе қалған үй ішіндегілердің ешқайсысына кідірмей не көкте, не жерде екені белгісіз, кеңістіктің әлде бір нүктесіне қадала кетті. Қырылдай шыққан әлжуаз үн: «Апырай, енді бір-екі жыл тұрғыза тұрсаң ғой»,– деді де, кілт мүдіріп, күрт үзіліп жүре берді.

Әлгі бір жантәсілім лебізді әр кім әр саққа жррыды. Әрине, мынау құрт-құмырсқа, бақа-шаянға дейін мәз-мейрам масайрай өніп-өрбіп жатқан жарық дүниеден татқанынан тартқаны, сүйінгенінен күйінгені көп болып, бармағын тістеген қалпы қыршынынан қиылып бара жатқан есіл боздақтың өйтіп өксік атардай өкініші аз емес еді. Алайда, жанға тән, ғұмырға ғұзыр көзапараға қиянат жасап, талай нәрседен әлдеқашаннан бері-ақ баз көшіп, жар қызығы мен бала қызығынан өз күдерін өзі үзген-ді. Айттырулы қалыңдығының да обалына қалмайын деп, сырлас құрбының сыйластық қалпынан әрі асырмай, тек көңіл жалғасып келген-ді. Демек, жаны алқымға келгенде жан айқайын шығарған бұл гәп болмаса керек-ті. Атақ шығарып, бақ асырудың да жолына түсіп, өлімін сатып керген емес-ті. Басқасын былай қойғанда, атасы қазақты аузына қаратқан от тілді, орақ ауызды бабалары Шоң мен Торайғырдың жолын ңуып, қолына қамшы ұстап, билік құрса да, талайдан талайы ілгері боп, басқалардан басы озары даусыз еді. Бірақ, ауылдас жарлы-жұтаңға жақсылығы тие ме деп, Шорман тұқымының біреуіне ісі түсіп барып, оң қабақ көрмеген соң: «Шоң, Шорман едік, бір-бірімізге қорған едік; Шоңның, Торайғырдың көк жапырақтары бұтағына келіп қонған едік; онымызға қарай сіз де: «кім келіп, кім кетпеген ауыл едік» деп, бауырлығыңды білдірмей, арқаңның жауырлығын білдірдің; Шоң, Шорманға бастамасаң да, ілтипатыңнан тастамағаныңа рахмет, хош»,– деп, қол алысып жүре бергені, былай шыға серіктерінің алдында: «мұнан былай малға басым имеске, рия тонын кимеске, кісі құрметің сүймеске, өз ісіме тимеске, кісі тіліне ермеске, «қазақшылыққа» енбеске, аштан елсем, адамға намысымды бермеске, май тамызса тілінен, еш адамға сенбеске, әз ақылымнан басқаға құлағымды кессе де, кенбеске кәміл уағда етілді»,– деп ант-су ішкені бар еді. Тірісінде тапжылтпай ұстап келген сол антынан фәниден бақиға ауып бара жатып айнуы, аяқ астынан осалдық жеңіп, ағайынға шағынуы ақылға симас еді. Әлде жастайынан көңілін арбап, көз майын сарыққан ала қағаз бен көкіректегі талай шерменде шерін жеңілейткен улы сияны қимады ма екен? Бұның да реті бар. Бірақ, енді екі жыл тұрғанда да күн сайын өз-өзінен қордаланып жатар ойды бәрібір сарып тауса алмасына басқа түсінбесе де, ол түсінетіндей еді ғой. Ендеше, ол және бір-екі жыл тұра тұруға соншама неге құштар болды? «Жасамаймын еңбектің жемісін көзбен керем деп, жасаймын бір қолғабыс кейінгіге берем»,– деп өткен ақынның әлгі мінезін фәнидің баянсыздығына бола назалануға да, қадірін танып үлгере қоймаған халқына айтқан ақырғы бопсаға жорудың да еш реті келмейді. Қайсар рух иесі қасындағы мен қатарындағыға қадірін бұлдамас болар. Жүз жылда есімін алғаш рет әспеттеуге қолы әзер жетіп отырған кейінгі ұрпақ бізге де ол тап сол көздің өзінен сағын тіктеп, салмағын салған шығар. Ендеше, көз жұмар алдында көкірегін қарс айырып айтқан әлгі өкініш адамға емес заманға, тағдырына емес тарихқа бағышталған болса керек. Оған түсінсеқ енді түсіне алармыз. Онда да араға жетпіс үш жыл салып барып, әзер түсінгелі тұрмыз.

Иә, ол мына дүниеге таң қалуға емес, таң қалдыруға келгендей, тым ерекше тылсым, жұмбақ тұлға еді...

Расында да, қайтып таңғалмайсыз?!.. Өзіңіз ойлап көріңізші... «Аспанмен тілдескен асқар шың, тік жартас, түпсіз Құз, таудың ұшар басынан, етегіне дейін сыңсыған сыпсың қарағай, ақ қайың, барғын, мойыл, қиядан ойға, ойдан орманға сүңгіп, сыбдырлап, бұраңдаған бұйра бұлақ, шөккен алыптай асқар Баянның оң қолтығында айнадай жарқыраған Сабындыкөл, сол қолтығында түндей түнерген Шойындыкөл, жамбасында тас аралды, көк құрақты Торайғыр көлі, жаз болса, көкорай шалғын, көк балауса, жасыл жапырақ, гүл, жеміс, тау іші ығы-жығы аң, Бұта толған жыршы құс... Міне, сол зөулім жаратылыстың бауырында бала Махмұт балдырғандай бала шағын өткізді»,– деп Жүсіпбек Аймауытов тамсана жазғандай, оның туған аймағы пейішке бергісіз ғажайып өлке-тұғын. Сол пейіштен дүниеге келген ақын перзент те: Аузынан мәйегі шығып, уызға бөккен, жайлауда туған ақ көпештей болып, маңқиып отырушы еді»,– деп, көзін көре қалған жеңгелері еске алғандай, нағыз періштедей сүйкімді бөбек болып өсіпті.

Ал, сол пейіште туған періште ақынның жырларын ашып қараңызшы. Әлгіндей ұлбіреген әдемі дүниені таба аласыз ба? Маңайына маңқия қарайтын ақ көпеш баланың он төрт жасында қолына алғаш қалам алғанда ауызына: Секілді өмір қысқа, жарты тұтам, надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам,– деген сөз түсіпті. Көзіне де тамылжыған табиғат ілікпей, қайдағы бір «жібек торғын жапқанмен» «жүндеген түйедей боп қара қайысы» көрініп тұрған сырт настық пен «мұрыны сасық сиырдай судан жерір» жан біткенді менсінбей «тұмсығын шүйірген» іш найсаптық, бәрін де «ұрып жығып, малмен алған, қара көңіл, топас ой» «қыжыр мінездер» шалыныпты. Неге олай? Жанына жолап кеткенге азуын ала жүгіретін туа біткен қырыстық пен ештеңеге көңілі бітпейтін сүйекке сіңген қазымырлық па? Олай десең, он алтыға толар-толмасында: «жан сәуле, кеуде күйген, жүрек жалын!» Кеудем от, жүрегімнің байқа хәлін?! Дауасы ауыр дерттің – жалғыз сенсің, қолың бер, кетсін қайғы, сөнсін жалын!»,– деп неге үздігеді?!

Жоқ, ол бұл дүниеге бәрінен жеріген, бәрінен суынған салқын ақылмен емес, ғашық, бәріне құштар нағыз періште сөзіммен туған-ды. Бірақ, сол әу баста асқақ арман арқалай келген ақын көңіл маңайынан арзымсыз мінез, аяр қылық, бөтуасыз шындық керді. Тіпті төңірегіндегілердің неге мәз болып, нені медет тұтатынына түсінбеді. Көріп жүргені – көңілге азап болмаса, ләззат дарыта алмас дозақы құлық, тозақы тірлік еді. Ызалы жүректен ызғарлы сөз шығары белгілі. Ол да нәнсінген надандықтың, пәлсінген пенделіктің, бажылдақ пақырлықтың, тапсынған тасырлықтың сөзін сөйлемей, апшыған адамгершіліктің, арланған азаматтықтың сөзін сөйледі. Күйкі дүниенің күйінген күлдіргі емес, күйдіргі сөйледі. «Ызалы жүрек, долы қол – не жазып кетсе, жайы сол»,– деп ұстазы Абай айтқандай, тұсы мен тұстастарының көңілін аулай сейлемей, қауымның қамын қамдай, заманның алдын барлай сөйледі.

Таң қалатын нәрсе бұл емес еді. Талантты дегендердің, сұңғыла дегендердің өзі талай тауқыметті бастан кешіріп, талай жерде маңдайы тасқа тиіп барып, көзі жететін тапжылтпас ақиқатты он алты жасар бала бесіктен белі шықпай жатып, қайдан ұғып; «жан қайда әділетті іздейтұғын, адамшылық атақты көздейтұғын, тірлік пен елген күнді бірдей ойлап, екі жәйден күдерді үзбейтұғын»,– деп күңіреніп жүр? Әуелі бір дүниенің ләззатын түгел татып ұлгермей жатып, екі дүниенің абыройын бірдей ойлау тегін кісі түсіне алмас ұғым, ұстана алмас мұрат тұғын. Қашан қыр-сырға қаныққан соң емес, қай-қай құбылыстың да болмашы шетін көрер-көрместе-ақ бүкіл болмысын түгел танып, түгел түйсігу көз келген кембл таланттың емес, ілуде бір жолығар кемеңгер таланттың ғана қолынан келер шаруа еді. Көкіректе көріпкелі бар дара тұлғалар, дана тұлғалар ғана замана сыңайын алыстан аңғарып, сол әлі алыс болмысқа тезірек жетуге асығатынды. Жақын жайлаудың шүйлілігіне қызығып, жайбарақат жайылып қалған жабы тұғырдан тұлпар шықпайтыны сияқты оңай ләззат, оңай баққа тоғайып, тоқмейілсіп пөлденген пендеден де кемел азамат, кемеңгер қайраткер шықпасы түсінікті. Аяғы жүйрік пырақты талай ағаттықтан сақтандырып, сейіс суытып, сейіс баптайтыны сияқты аңылы жүйрік азамат тек өзін-өзі ғана сақтандырып, тек өзін-өзі ғана сабаға салып, тек өзін-өзі ғана баптай алмақшы. Сұлтанмахмұттың да өз қасындағы пейішті, өз басындағы нәсіп пен дәрежені қызықтап кетпей, елінің басындағы тозақ пен елінің тағдырындағы кесір-кесапатты ойлап жер-көкке сия алмауында да осындай бір алабөтен тектіліқ осындай бір айырықша рухани ақсүйектік жатырған сияқты. Тағы да сол он алты жасында жазылған бір елең: «бір адам көп жасады жер бетінде, мекендеп жақсы жайды ел шетінде; зорлықшыл арам ойлы, ұры болды, құралған арамдықтан дәулеті де; нашарды зар жылатқан жалғызын жеп, тірлікте ойламаған «өлемін» деп, жалғанды жалпағынан басып өтті, «жазғанын көрге барып көремін» деп, сол сорлы ауырып жатыр елейін деп, қимайтын аманатын берейін деп таусып ап желдей ескен аз өмірді, қойнына суық көрдің енейін деп; өлді ол мөзгілінде ажал жетті, өлшеулі дүниеден демі бітті, оранып үш қары без басқа түк жоқ, сақтанбай тірлігінде көрге кетті; Жатты ол қараңғыда зәресі ұшып, тірлікте молда айтқаны еске түсіп, дейтұғын: «имансыздарға періштелер көрсетер көр азабын тәнді қысып», қозғалып, шамасы жоқ тұратындай, созылды қараңғылық таң атырмай; «Қайда жүр періштесі сұрайтұғын, кешікті-ау, бұлар қайда,– деп,– апырмай». Сонымен әлденеше жылдар етті, тән шіріп, топырақ

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Сәкен Сейфуллиннің поэзиясы
В.А. Жуковский
Социальная работа с детьми алкоголиков
Вавилон и его чудеса


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ