Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз

лалық әлеуметтік болмыстың баоаяғын қайта түгендеп шығады. Қой шеті мен кеніш түбі, тал бесік пен тар лахат, жесірдің төсегі мен сылқымның құшағы, түз бен шаһар, тау мен дала, қиял мен шындық, обал мен сауап, мүсәпірлік пен кісәпірліқ жуандық пен жылпостық,– жер үсті кеңістіктегі көріністер мен құбылыстардан еленбей қалған ештеңе жоқ. Бірақ, бірінен бірі туып, бірінен бірі өрбіп, бірінен бірі дамып, бірімен бірі жалғасып жатқан дүние. Белгілі ғасырдың белгілі кезеңінде белгілі өңірдің белгілі қауымының басындағы ахуал өуелі таза табиғи аймақтық аяда, содан тап-таза табиғи халықтық аяда, одан дөл сондай шынайы ұлттық аяда, одан да күрделі күллі адамзаттық аяда, одан ел мен жер, жер мен көқ адам мен қоғам, заман мен тарих мидай араласып кеткен жалпы әлемдік болмыстық аяда кескінделеді. Бірінен бірі сатылап өрбіп, сатылай биіктеп бара жатқан сарабдал ойшылдықты тек қана әсердің күші, пайымның күші, зейіннің күші деп тану шындыққа қиянат болар еді.

Бұл – нағыз адам жаратып, адам танытушы, әлем жаратып, әлем танытушы жаппар хақтың өзімен жарысқандай жанкешті жұмыс. Бір басты оздырып, бір көкірек-ті масайратып, бір көңілді желпінту үшін мұндай тауқы-меттің мыңнан бірі де жетерлік еді. Жоқ, бір пенденің, тіпті саналы азаматтың, тіпті сұңғыла таланттың тек қана таза өнерпаздық құштарлыгы мен ыждаһаты тап осындай ақылға сыймастай жанқиярлыңқа бара алады дегенге сену қиын. Әрине, ондай жанқиярлық, расында да, өз тағдырының сырына қанығам деп жүріп, барша тарихтың сырына, жанын қинаған жақсы мен жаманның ара-жігін ашамын деп жүріп, күллі әлемдік болмыстың құрылым-түзіліміне қаныға алар ғажайып түйсіқ ғаламат сөзім, алапат рух иелерінің ғана қолынан келеді. Ал олар кез-келген аптада, көрінген көшеде туа бермейді. Тұтас бір қауымдарды, тұтас бір нәсілдерді сарылтып, сағынтып барып туады. Олардың өзі де қиындығы жағынан ақылың жетпестей, жауаптылығы жағынан не жаның, не арың садақаға шалынып кетердей рухани қиямет-қайымға желіккеннен де, мақтан үшін де, мансап үшін де бармайды, тек өзі үшін емес, күллі елі үшін қиналып, қоңыр тоқтыдай құдай жолына басын шалудан басқа амал қалмайтындай тығырық сәттерде ғана барады. Өйткені, әуелден де жұмақ үшін жаратылғандай кең жүріп, кең тұрғанды ұнататын екі аяқты нәсіл тектен текке жанын қинамайды. Ал, өнер, соның ішінде ақындық өнер жанның жегін ауырлату үшін емес, жеңілдетуге арналған.

Оны да әлгіндей өз етін өзі жейтін бейнетке тек елім деп еңіреген жүрек итермелейді. Қауымның не болары,не бордай тозары беймағлұм боп тұрған талқыдағы тағдыры итермелейді.

Сұлтанмахмұт та тап осындай себеппен тап әлгіндей жанкештілікке барып жүр. Ол: «Лағнат бұлты шатырлап, жай түсіп неге қатпаймын; жер жарылып сатырлап, түбіне неге батпаймын; ит, құсқа бас игізген, көкейімді күйгізген, дүниеден ләззат таппаймын»,– деп тек бір басына күн туғаннан күйзеліп жүрген жоқ. Өйтетіні: «анау қырда татар тұр, басқалармен қатар тұр, мынау ойда қазақ тұр, қастарында азап тұр; ұйқысы көп, ояуы аз, бұл не деген ғажап тұр? Бұл ұйқысын ашпаса, надандықтан қашпаса, басқаларға мазақ тұр». Өйтетіні, қазақ өз халінің осынша мүшкіл екенін өзі білмейді. Білсе, неге бұлай, неден бұлай болғанын білмейді. Мұнша азып, мұнша тозуларының сырын өзгеден көреді, өзінен көрмейді. Бір-бірінен көреді, білімсіздіктерінен көрмейді. Сондықтан да, ақынның білетін жалғыз жауы – надандық, жалғыз кесепаты – надандық. Ел құтқарудың жалғыз жолы – талай ғасырдан бері туырылып тұрған надандықты серпілту деп түсінеді. Сондықтан да, әлгіндей дүние сырын тәптіштейтін тәпсіл поэмалар жазады. Өйткені, оның ойынша, өлең деген – «көңілді түзейтін машина». Сол арқылы біреулерді табалап, біреулерді дәріптеуден аулақ. Бар мақсаты: адасқанға жол сілтеу, жаңылғанға жөн сілтеу. Кесір мен қиянат үшін кім жазықты? Оған айтқызсаңыз: бәрі жазықты – тойымсыз байлық та, төзімсіз кедейлік те, момынның мүсәпірлігі де, озбырдың кісәпірлігі де. Өйткені, бәрі де бір-ақ түбірден – надандықтан өрбіп жатыр. Надандық деген – ештеңені білмеу, ештеңені сөзбеу емес, заманның өзгеріп кеткенін аңғармау, үйреншікті ізбен далақ-тап шаба беру. Бай да далақтап жүр, жарлы да далақтап жүр. «Далақтап шапқан бай ұлы тоқтаса, көзі жас екен». Ол жасты қалай сүртіп, қалай құрғатуға болады? Топ-топ боп төбелесіп те, жақ-жақ боп жағаласып та заманды түзей алмайсыз. Заманды адамды түзеп түзетесің. Әркім өзін-өзі түзей алса ғана күллі ел түзеледі. Тығырықтан шығудың одан басқа жолы жоқ. Сондықтан да Сұлтанмахмұт: «жақсылық көрсем – өзімнен, жамандық көрсем – өзімнен; тағдыр қылды деулерді шығарамын сөзімнен, өзім қылдым деулерді таса қылман көзімнен; жазалы емес құдай да, күн мен жұлдыз һәм ай да; жұмақ күткіш наданның орны дозақ әр қайда; «теңгерер соңыра»,– деген сөз тек жұбатқыш бір айла»,– деген тұжырымға келеді.

Бар тілегі елінің үстінде, бар аңсары халқының болашағында болып, мігірсіз күрес, тынымсыз ізденіспен өткен ақын мазасыз өмір жолын: «қарағай да қайғырып, суылдайды заманға, иесінен айырылып, көздескен берік қамалға, ақ қайың да дірілдеп, әлденені күткендей, қайғылы үнмен күбірлеп, сөйлейді тіл біткендей, дауылға әлсіз қара ағаш, күдерін үзбес өмірден; Бұтасыз түбі жалаңаш, тас топыраққа көмілген; шоғырлы біткен сом тереқ жыл сайын қажып кемиді; қуарып қызыл гүл шешеқ өлімге өзін телиді; жаңа өспірім жас шіліқ жер тұлғасы болады, бақытты тұрмыс тіршілік бір көзде соған қонады»,– деген жолдармен тәмамдалады. Өлең сөзіне өзек болған осы ұлағатты тақырыпты көсемсөзінде де жалғастырады. Өйткені, Сұлтанмахмұт заманы – күллі адамзаттың алдынан үш тарау жол шығып, дағдарып тұрған тұсы еді. Барша адамзаттың бай тәжірибесін бір өзі иемденіп, жаңа еркениет жасап алып, табиғи мүмкіндіктер үстемдігінен біржолата құтылып, жер-жаһанның жылы-жұмсағын қанжығасына өңгере бастаған Батыс Европа қалған дүниенің ол білетінді білмей, баяғы таз қалпында қала беруін қалады. Халықаралық өзіндік сипатын сақтағансып, оларды бірөңкей ата кәсіптерімен Шұғылдануларына жағдай жасағансып, жаңалықтан шет қақпай ұстауға тырысты. Бұның аржағында қандай құлта жатқанын түсінгісі келмеген хадимшіл Машырақ үйреншікті үрдісшілдікті әспеттеді. Жәдишіл Мағұрып жаңа өркениетті озбыр отаршылдықтың бодауына беріп қоюға қарсы болып, өнегені үйренбеушілдікке шақырды. Іргедегі Ресей бар тәжірибенің бәрін мойындамай, атымен соны бағытта өрістеуді дәріптеді. Бұл үш ағым қазақ даласында да көрініс берді. Уақытша азаттықты пайдаланып, біреулер қайтадан кең сасыған көне жұртқа көшіп алуға үндеді. Өзгеден үйренсе, жаңасын үйренбей, көнесін үйренді. Ата кәсіпті қуып, ата жолын ұстап отырмыз деп мадиықтанды. Бірақ, шөп басындағыны үзіп жеп өзек жалғаған терімшіліқ қолға түскен тағыны қорек еткен аңшылық, айдаған малының шетінен сойып жеп азық айырған малшылық жер басып жүрген барлық нәсілдің бәрінің де бір көздегі ата кәсібі екенін, соған қарамастан бүгінде тропикадағы пигмейлерден тасқа терімші, қар жастанып, мұз төсенген лапландтар мен тұңғыстардан басқа аңшы, жалаң аяқ құм кешкенбәдәуилер мен туарегтерден басқа көшпенді қалмағанын ешқайсысы ескергісі келмеді. Атамекенінің бетіндегіні өндіріп, өңдеп, қажетіне жарату ата кәсіп болғанда, астындағыны өндіріп, өңдеп, қажетіңе асыру неге ата кәсіп болмайтынын ешкім айтып бере алмады. Доңғалақ, қыш күйдіру, ұршық, Темір ауыздық, бұғалық, тор ау, қақпан күллі адамзатқа ортақ болғанда, станок пен машина, будың күші мен судың күшінің күллі адамзатқа қалайша ортақ бола алмайтынын түсінгілері де, түсіндіргілері де келмеді. Мұндай жолмен қазақшылдықты көксегендердің уағызын Сұлтанмахмұт «қатын ойбай» санады. Әлгіндей үрдісшілдік – мешелдікке ұштасқан кеселдік еді. Ал енді барлық нәрседе де өзгенің жолымен жүрмей, өз сүрлеуімізді табамыз деген өзімбілемдікке түсіп, басңалардың баяғы да түзеп алған қателіктерінің бәрін бүгін қайтадан қайталап шығу – Сұлтанмахмұттың тілімен айтқаңда, «көре-біле тұра отқа түскендік» болар еді. Ақын жедел даму үшін дайын үлгілерді өз жағдайыңа икемдей білетін жәдишілдікке шақырды. Бұл арада алыстағы жапон жұртын өнеге тұтты. Отаршылдық көрмеген азат халық озат тәжірибені өз еркімен үйреніп, төз жетілді. Ал мимырт даму азаттықтың көсеғесін көгертпейді. Жедел даму жоқ жерде кемел мәдениетті елдердің алдындағы тікелей не жанама кіріптарлықтан шамалыда құтыла алмаймыз. Ақын айтқандай: «міне, көршіміз Русь жұртында бізден гөрі өнердің ер жеткендігінен тапқан пайдамыз: Русьтің не қыл дегеніне де көніп тұру болатын». Ондай кіріптарлықтан төз арылудың амалы, ақынға айтқызсаңыз, «озат мәдениеттердің көп жылда жеткен жеріне аз жылда жетіп алу», бұл үшін «олардың мыңдаған жылдар ішінде, жүздеген буындардың еңбегі мен салулы даяр жолдарын» пайдалану білу.

Біздіңше, ақынды ажал алдында абыржытқан тап осы жағдай сияқты. Өйткені, ол шектеулі сағатының жеткенін біліп жатты. Біле алмай бара жатқаны: мынандай алмағайып кезеңде оң мен солын әлі түгел танып болмаған, тоғыз жолдың торабында тұрған аңқау халқының қандай бағытқа бет алғаны еді.

Амал не, біз ақын сілтеген жолдан, ақын көксеген бағыттан тағы да адасып кеттік. Өтірік пен шынды айыра алмай, бір-біріміздің жағамызға жармасып жүріп, бөгденің шылауында кеттік. Қайтадан отаршылдық кебін кидік. Қайтадан кеңге шықпай, кеңге оралдық. Жалпымыз шетте қалып, жалқымыз ғана топқа кірдік. Өз жерімізде еркендеп жатқан өркениетке не алыстан көз саттық, не ішіне ене алмай, есік-терөзесінен сығалап жүргенімізге мәз болдық. Сөйтіп, жетпіс жыл бойы соныдан жол табамыз деп жүріп, сол аяғы тоғыз жолдың торабынан қайта кеп шықтық. Тағы да жол айырығында тұрмыз. Тағы да тағдырымыз талқы үстінде. Бір көзде Сұлтанмахмұтты алаңдатқан кеу-кеу, сол көздегі «байбаламшылдық» пен «ойбайшылдық» қазір де естіліп қалып жүр. Үрдісшілдік пен өркениетшілдік, жедел даму мен мимырт даму, кімнен қандай өнеге алу – тағы да т

1234
скачать работу

Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ