Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз

алас тудырып жатыр. Бірақ, бұл жолы бетімізбен лағып кетуге ешқандай қақымыз жоқ. Аузымыздың күйгенін былай қойғанда, көңіліміздің түйгені де жетерлік. Өсер ел өнегелі ұлдарын әке тұтады. Ондай ұлдар, құдайға шүкір, бізде де баршылық. Бір көзде Сұлтанмахмұт қазақ жұртының арғы-бергі аузы дуалыларын сарапқа салып отырып, Абайдың жолы бір бөлек деп еді. Шамасы, бұны ұлы ақынмен нағашы жағынан табысатын қан туыстығынан емес, зар заманда запыран жұтқан жан туыстығынан айтқан болар. Өйткені, өз мінін өзі түзей алмас, өз осалдығын өзі жеңе алмас қауым өзгенің озбырлығын да жеңе алмады. Шындықтың ала жібін аттамайтын әділ көзқарасы жағынан, халқының қамын ішінен қан жылап отырып ойлайтын адал махаббаты жағынан, онсыз да көп адасқан аңғал қауымды әр саққа бір далақтатпай, тура бағытқа, жемісті жолға бастай алар көсем пікірлігі жағынан, ұлттық ойлау жүйемізді басқалармен тайталаса алар рухани естиярлыққа көтеріп берген ұстаздығы жағынан Сұлтанмахмұт Абайға ерекше жақын тұр, ерекше етене тұр. Ендеше, қазақ рухының кеңістігінде Абай екеуінің орны бір төбе.

Кәні, халайық, сондай ардағымызды, баршамыз үшін шыбындай жанын шүберекке түйіп, тығырықтан шығар жол іздеген рухани әкеміздің, асыл ұстазымыздың, өнегелі көсеміміздің, абзал ақын – нағыз Жыр Сұлтанының есиеттерін ерекше қастерлейтінімізді білдіріп, ең болмаса, бір ғасырда бір рет есімімізге алып, орнымыздан тұрып, өлмес аруағы, ешпес даңқы алдында шексіз риза сөзіммен бас иелік.

1234
скачать работу

Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ