Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жұма күнінің әдептері

;                                                       / Муслим риуаят еткен /

 

 

5. Жұманамазына дайындық жасау .

 

            Оған төмендегі істер жатады :

·         Ғұсылдану

·         Иіс сулармен жұпарлану

·         Мисуакпен тіс тазалау

·         Жұма намазына ертерек шығу

·         Ең жақсы , таза киімдерін киу

·         Сүннеттегі денеге қатысты тазалықтарды атқару ( тырнақ алу , қолтық пен әурет түктерін кетіру сияқты )

·         Сүннет бойынша жұмаға жаяу бару

 

Бұл істерге дәлел болатын көптеген хадистер бар . Олардың кейбірін  келтіріп өтеміз. Пайғамбарымыз( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  былай деген :

Қайсы бір адам жұма күні ғұсылданып , шамасы келгенше тазаланса , және үйіндегі жұпарлы майлардан немесе хош иісті сулардан қолданса . Кейін мешітке шығып , мешіттегі жақын отырған екі адамның арасына қыстырылыспай ( яғни , өзгелерге кедергі болмай бос орын тауып жайғасу  ) , өзіне бұйырған нәпіл намазды оқыса  . Одан кейін имам сөйлеген уақытта оны мұқият тыңдаса , онда бұл жұма мен келесі жұма арасындағы күнәлары кешірілді . 

                                                                                 / Салман Фарсиден Бухари риуаят еткен /   

        Аус ибн Аус  деген сахаба Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

         Кім әйеліне ғұсыл алдырып¹ және өзі де ғұсылданса . Кейін жұмаға ертелеп шықса . Және көлікке мінбей жайау барса . Әрі имамға жақынырақ жерден орын алса . Имамның сөзіне мұқият құлақ салып , бос сөз және бекер істермен  айналыспаса , онда ол мешітке дейінгі әрбір басқан қадамы үшін бір жылдың оразасы мен намазының сауабына жетеді –дегенін хабарлаған .                                                                                                                                         / Абу дауд , Тирмизи , Нисаий , Ибн Мажа және имам Ахмадтар риуаят еткен . Албани сахих хадис деген /

         Және Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

         Егер жұма күні болса , мешіттің әрбір есігінде періштелер тұрып , әрбәр келушәлерді бірінен соң бірін жазып отырады . Ал , имам мінберге шығып отырса , олар парақтарын орап қояды да , өздері де зікір тыңдау үшін келеді . Және жұмаға алғашқы болып келушінің мысалы бір түйені құрбандық еткен адаммен тең . Одан кейінгі келушінің мысалы  сиырды құрбандық еткенмен тең . Ал , одан кейінгісінің мысалы қошқарды құрбан еткендей . Ал , одан кейінгі келуші тауықты құрбан еткендей болады . Ал , одан кейінгі келуші жұмыртқаны құрбан еткенмен тең болады – деген .

                                                                                           / Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен /

         Сахаба Абу Һурайра айтады :

         Пыйғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )жұма күні намазға шығардан бұрын тырнағын алып , мұртын қысқыртатын . 

                                                                                   / Баззар , Табарани , Байһақилер риуаят еткен /

 

 

   6 . Мешітке жұма намазы үшін  жүрісінде асықпастан , аптықпастан бару .

        

         Негізінде әрбір намаз үшін мешітке асықпай , аптықпай бару шариғаттың үйрететін әдептерінен . Бұл әдепке Абу Қатададан келген мына хадис дәлел болады :

         Біз бірде Пайғамбармен( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  бірге намаз оқып жатқанымызда , бір кісілерді ң асығыс тапырлап келген дауыстары естілді . Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )намазын бітіргеннен кейін :

-          Сендерге не болды ? – деп сұрады . Олар :

-          Біз намазға асыққан едік – деді . Сонда Пайғамбар ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ):

-          Ендігіде олай істемеңдер . Егер намазға келген болсаңдар асығып , аптықпаңдар . Намаздан үлгерген ракағаттарыңды оқып , үлгермеген ракағаттарыңды толықтырып бітіріңдер – деді .

                                                                                     / Бухари , Муслимдер риуаят еткен /

 

 

   7. Азаншының намазға шақыруын естіген уақытта оған жауап беріп . сауда –саттық тағы сол сияқты дүние істерімен болған байланысты тоқтату .

        

         Оған Құраннан мына аят дәлел :

         Ей , иман кетіргендер ! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде , дереу Аллаһты еске алуға ( намазға )ұмтылыңдар . Және сауданы қойыңдар . Егер білген болсаңдар сол нәрсе сендер үшін жақсы . 

                                                                                                                                        

1234
скачать работу

Жұма күнінің әдептері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ