Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жұма күнінің әдептері

bsp; Абу Һурайрадан келген хадисте Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  былай деп айтқан сөзі бар :

            - Жұма күні бір сәт бар . Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде сол сәтке тұс келіп Аллаһтан бір қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді .Әрі  ол кісі сол сәттің аз ғана уақыт екенін қолымен ишарат етіп  етіп көрсетті .

                                                                                                       / Бухари , Муслим риуаяттарынан /

           

 

1. Пайғамбарымыздың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )   кезінде адамдар кілем , жайнамаз төсеместен жәй жердің үстіне намаз оқи беретін . Сондықтан қазіргі уақытта таспен ойнау сияқты істердің қатарына кілем , қаламсап , телефон сияқты  т.б. заттармен де ойнау кіре береді .

2. Бұл сөз сол кездегі араптардың киетін киіміне байланысты айтылған . Олар ол тұста ұзынша бір көйлекті киетін . Сондықтан кей жағдайда тізені көтеріп отырса , сандарының көрініп қалуына себеп болатын .

 

 

 

Ғұламалар осы сәттің уақытын белгілеуде бірнеше пікілер айтқан . Сол пікіртердің ішіндегі дәлелә күштірегі мына бір екі мезгіл .

            Бірінші мезгіл : Ол сәт имамның мінберге отырғанынан бастап парыз намазынан босағанға дейінгі аралық .Бұл мезгілге дәлел ретінде мына хадис келтірілген :

            Абдуллаһ Ибн Омар бір күні Абу Муса Ал-Ашғаридің ұлы Абу Бардадан : « Сен әкеңнен жұма күнгі сәт туралы бір нәрсе естідің бе ?  » – деп сұрайды . Сонда Абу Барда : «Иә , мен оның былай дегенін естіген едім . Әкем маған Пайғамбарымыздың  ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :« Осы сәт имам құтпа үшін мінберге отырғаннан бастап намаз біткенге дейінгі аралық » - деген сөзін айтқан деді .  

                                                                                                                              / Бухари риуаят еткен /

 

Екінші мезгіл :  Ол мезгіл Аср намазынан күн батқанға дейінгі аралық . Оның дәлелі Абдуллаһ Ибн  Саламаның сөзі .Ол кісі :

-Мен  Пайғамбарымызға ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  « Біздің  кітабымызда ( Яғни , Тауратта . Ол әуелде яһуди дінінде болған . Кейін исламды қабылдаған ) жұма күні бір сағат бар екені айтылған . Иманды пенде намаз оқып , бір нәрсе сұраған кезінде

сол сәтке тап келсе ,Аллаһ Тағала оның қажетін орындайды » делінген деген едім , Аллаһтың елшісі ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  қолымен бір сағаттан да азырақ деп ишарат етіп көрсетті . Сол кезде мен « Иә , дұрыс айтасыз , Аллаһтың елшісі ! Бір сағаттан да азырақ »- дедім .  Кейін «Тауратта айтылған сол  сәт қай мезгіл ?» деп сұрадым . Аллаһтың елшісі ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  : « Күннің күндізгі уақытының ең соңғы мезгілі » - деді . Сол кезде мен : «Ол кез намаздың уақыты емес қой»- дегенімде , ол кісі: «Иә -деді де – егер иман келтірген құл намаз оқып болғаннан кейін , намаз үшін отырса ( яғни , келесі намаздың уақытын күтіп ) , ол намаз хәлінде  болып есептеледі»- деді .

                                                                                               / Ахмад және Ибн Мажа риуаят еткен /

           

Әдептердің соңында айта кететініміз , мұсылман пенде жұма намазына бекем болып , одан себепсіз қалудан сақтануы қажет . Себебі Дамарилік Абу Жағдтан келген хадисте :

            Кім себепсіз немқұрайдылықпен  үш жұманы қалдырса , Аллаһ оның жүрегін мөрлеп қояды – делінген .

                                             / Абу Дауд риуаят еткен . Албани хасан , сахих хадистерден деген /

            Яғни жүрекке мөр басылса жүрек қатайып , ізгі істер мен уағыз –насихат , дұға , зікірлерден болатын пайдалы әсерлер мен ләзаттардан махрұм қалады .

           

            Барша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға тән . Және Аллаһтың игілігі мен сәлемі Пайғамбарымыз Мухаммедке болсын !

1234
скачать работу

Жұма күнінің әдептері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ