Жұма күнінің әдептері
Другие рефераты
ЖҰМА КҮНІНІҢ ӘДЕПТЕРІ
Әрбір мұсылман жұма күнінің фазилеті мен ерекшелігін біліп сезінгені дұрыс . Жұма күні – күндердің ең абзалы әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді . Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады . Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп , әдептерін ұстанса Аллаһ оның сауабын арттырып , күніларын кешіреді . Бұл күнде бір сәт бар . Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді . Пайғамбарымыздан( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жеткен бір хадисте былай делінген :
Күндердің ең абзалы жұма күні . Бұл күні Адам атамыз жаратылған . Және осы күні жаннатқа кіргізілген . Әрі осы күні одан шығарылған . Қиямет те осы жұма күні болады .
/Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен ./
Ибн Аббастан келген хадисте Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) осы жұма күні туралы былай деп айтқан :
Расында бұл күн Аллаһтың мұсылмандар үшін мейрам еткен күні . Сендерден біреу жұмаға келетін болса ғұсылдансын ( толық жуынсын ). Және кімде иіс су бар болса себінсін . Әрі мисуакпен¹ тістеріңді тазалаңдар .
/ Ибн Мажа риуаят еткен . Албани хасан хаддистерден деген /
Абу Һурайрадан келген сахих хадистердің бірінде жұма күнінің фазилеті мен артықшылығы жайында былай делінген :
Кім ғұсылданып жұма намазына барса . Әрі өзіне бұйырған нәпіл намазын оқыса . Одан соң имамның құтпасын ақырына дейін мұқият тыңдаса . Кейін онымен бірге намаз оқыса , онда ол үлкен күнәларға ұрынбаған болса осы жұма келесі жұма арасындағы кәші күнілары кешіріледі . Және оған қосымша үш күн . ( Яғни , жалпы он күндік күнәлары кешіріледі )
/ Муслим риуаят еткен /
Және Абу Һурайрадан риуаят етілген шарапатты хадистердің бірінде :
Жұма күні бір сәт бар . Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде со сәтке тұс келіп бір жақсылықты сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді , - делінген .
/ Муслим риуаят еткен /
Ал , енді төменде мұсылманға істеуі абзал болған жұма күнінің кейбір әдептерін келтіреміз .
1.Сол жұма күнінің таң намазының парызында «Сәжде» және «Инсан» сүрелерін оқу .
Бұл әдепке Ибн Аббастан келген мына хадис дәлел болады . Ол хадисте :
Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жұма күнінің таң намазында «Сәжде» және «Инсан» сүрелерін оқитын – делінген .
/ Муслим риуаят еткен /
1. Мисуак – дегеніміз арак деп аталатын ағаштан алынатын , тіс тазалау үшін қолданылатын бүтақша . Онымен тіс тазалау сүннет амалдарына жатады .
2. Жұманың күндізі мен кешінде Пайғамбарға ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) салауатты көп айту .
Бұл әдепке мына хадис дәлел :
Жұманың күндіші мен кешінде маған салауат айтуды көбейтіңдер .
/ Байһақи риуаят еткен . Албани хасан хадистерден деген /
3. « Кәһф » сүресін оқу .
Бұл әдепке мына хадис дәлел :
Кім жұма күні « Кәһф » сүресін оқыса , онда оған екі жұма арасына нұр болады .
/ Абу Сағидтан Әл-Хаким мен байһақи риуаят еткен . Албани сахих хадистер қатарынан деген /
4. Жұманың күнін арнайы оразамен , ал түнін арнайы намазбен ерекшелемеу керек .
Бұл әдепке Абу Һурайрадан келген мына хадис дәлел . Ол кісі Пайғамабардың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :
Сендердің ешбірің жұма күнінің алдынан , не соңынан бір күнді қоспай , жалғыз ғана жұма күні ораза тұтпасын – дегенін естідім дейді .
/ Бухари мен Муслим риуаят еткен /
Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :
Жұманың түнін басқа түндерден арнайы намаз оқып ерекшелемеңдер деген – деп айтқан .
 
| | скачать работу |
Другие рефераты
|