Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

География



Буркина-Фасо

Буркина-Фасо (1984 жылға дейін Жоғарғы Вольта республикасы) — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жері 274,4 мың км2. Халқы 10,4 млн. адам. 100-ден астам этн. тайпалардан тұрады. Ірілері моси (50%-тен астам), фульбе, лоби, бобо, т.б. Астанасы — Уагадугу (50 мың). Халқының 40%-і мұсылмандар, 10%-і христиандар, қалғандары жергілікті діни нанымды ұстанады. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — Халық өкілдері ассамблеясы.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Бутан Патшалығы

Бутан корольдігі — Азияның оңтүстігінде, Шығыс Гималайда орналасқан мемлекет. Друкюл немесе “айдар елі” деп те аталынады. Жер аум. 47 мың км2. Астанасы — Тхимпху (50 мың). Халқы — 1,8 млн. (1998). Тибеттен шыққан моңғол расасына жатады. Мемл. тілі — дзонг-кэ (бхотия) тілі. Халқының көпшілігі будда дініндегі ламашылдық сенімді ұстанады. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея (Цонгду).
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
БҚО мал шаруашылығының жағдайы

Барлық санаттағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында ірі қара мал басының саны-498 мың басты құрады, соның ішінде сиыр-165 мың бас, қой мен ешкі-1029,3 мың бас, жылқы-70,1 мың бас (107,5%), шошқа 30,4 мың бас және құс-1023,1 мың бас. 2009 жылдың қаңтар-шілде айларында мал мен құстың сойыс салмағы 36,8 мың тонна, яғни 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,9 %-ға өскенін көрсетті.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 895
БҚО табиғат ресурстары

Жоспар : 1. Қазба байлықтары. 2. Өзендері мен көлдері. 3. Жануарлар және өсімдіктер дүниесі. Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 2486
Бұлттардың түзілуі

Жауын-шашындар. Ауада су буы болады. Ол атмосфераға құрлық бетiнен, су қоймасынан су буланғанда бөлiнедi. Су буы түссiз, бiз оны байқамаймыз. Бiрақ ауа суытқан кезде су буы конденсацияланады – газды күйден сұйық күйге ауысып, су тамшыларына айналады. Ауадағы су буының мөлшерi ауаның ылғалдығын анықтайды. Ауа ылғалдығының маңызы үлкен. Ауаның ылғалдығы төмен болса, денелер бетiнен судың булануы артады. Мысалы, құрғақ ауада көкөнiстер ылғалдығын жоғалтады, пайдалануға жарамсыз болып қалады. Ауа ылғалдығы бұлттар түзiлiсi және жауын-шашынның түсу мөлшерiне байланысты. Аспандағы бұлттарға қарап, олардың түрiне, мөлшерiне көңiл аударыңыздар.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Бұлғарстан Республикасы

Бұлғарстан, Бұлғарстан Республикасы – Балқан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. Жері 110 мың км2. Халқы 7,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы бұлғарлар(85%), бұған қоса түрік, сыған, әрмен, грек, т.б. ұлттар өкілдері тұрады. Астанасы – София қаласы (1,5 млн.). Мемлекеттік тілі – болгар тілі. Халқының көпшілігі православие дінін ұстанады, 13%-ы мұсылмандар. Бұлғарстан – парламенттік республика. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығару органы – бір палаталы Халық жиналысы. Атқарушы билікті Министрлер Кеңесінің төрағасы жүргізеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Васко да Гама

Колумб Батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді – Американы ашып жүргенде, Васко до Гама Африканы айналып жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды. Васко до Гама шамамен 1469 жылы Португалияда туған. Ол жасында Португалияны Испанияға қарсы соғысында ерлік көрсеткен, бірінші рет Гвинея жағалауын айналып жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко до Гама Жуан II королінің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан аты әйгілі болады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Венесуэла

Венесуэла — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Венесуэла, Венесуэла Республикасы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км2. Халқы – 28 миллион адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер. Елді президент басқарады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Вьетнам

Вьетнам, Вьетнам Социалистік Республикасы(виет.: Cộng Hòa Xã Hội Chủ Nghĩa Việt Nam) – Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Сонау оңтүстік-шығыстағы Вьетнам жері – Оңтүстік Қытай теңізі атта шалқар айдын жағалауын қуалай 1750 километрге созылған, тауқұзды және қалың ну ормандары өңір болып келеді. Вьетнамдықтар өз елін Бакбо (солтүстігі), Чунгбо (орта бөлігі) және Намбо (оңтүстігі) деп атайды.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Гватемала

Гватемала, Гватемала Республикасы — Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер аум.— 109 мың км2. Халқы 10,6 млн. (1995). Астанасы — Гватемала қ. Тұрғындары, негізінен, киче-майя тайпаларына жататын үндістер мен метистер. Ресми тілі — испан тілі. Тұрғындары католиктер, бұған қоса протестанттар да кездеседі. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық конгресс. Жерінің көпшілік бөлігі таулы-қыратты.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Гвинея

Гвинея, Гвинея Республикасы — Бат. Африкада орналасқан мемлекет. Жер аум. 246 мың км2. Халқы 7,4 млн. (1995). Негізгі халқы: фульбе, малинке, сусу, кисси, кпелле, т.б. Астанасы — Конакри қ. Ресми тілі — француз тілі. Халқының 70%-і мұсылмандар, 25%-і пұтқа табынушылар, қалғандары христиандар. Гаусс — республика. Елді президент басқарады.Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Гвинея-Бисау

Гвинея-бисау, Гвинея-Бисау Республикасы — Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Жер аум. 36,1 мың км2. Халқы 1,1 млн. (1996). Оның 80%-і банту тілінде сөйлейтін баланта, фула, мандьяк, мандинка, т.б. халықтар. Астанасы — Бисау қ. (160 мың). Ресми тілі — португал тілі. Тұрғындарының 60%-ке жуығы пұтқа табынушылар, 35%-і мұсылмандар, қалғандары христиандар. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық халық жиналысы.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Гендiк инженерия Клондау

Ғалымдар оптимистiк көңiл күйде. Гендiк инженерияны ғажайып өсiмдiктi алуда қолданудың үмiттi жоспарларын талқылауда. Бiрақ зерттеушiлердiң оптимизмiн барлығы құптамайды. АҚШ-да биологтардың жақын арада лабороториялық тәжiрибелердiң табиғи жағдайда зерттеулер жүргiзуге ауысуын қоршаған орта қорғаушылар қарсылық көрсетiп қарсы алуда. Гендiк инженерияға қарсы шығушылар табиғи жағдайда өсiмдiктерге генетикалық манипуляциялар жасауға тыйым салуды талап етуде. Оларды түрлi уларға қарсы тұра алатын, гербицидтер мен суыққа, қуаңшылыққа төзiмдi өсiмдiк түрiн жасап, олар қарқынды көбейiп, басқа жабайы флораны ығыстырып шығу мүмкiншiлiгi шошытады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Генри Гудзон

Ағылшындар Кабот, Девис экспедицияларының нәтижесін қарап, Солтүстік-Батыс кеме жолын іздеуді тоқтатпады. Бұл жолды ашып, онымен Испания, Португалия отарларына соқпай-ақ Қытайға, Үндістанға, Жапонияға баруды ойлайды. Енді Солтүстік-Батыс кеме жолын іздеп табуға теңізші Гудзон кірісті. Ол алдымен «Москва сауда компаниясымен» келісім жасасып, 1607 жылы 1 мамырда Англия жағалауынан шығады да, 13 маусымда Гренландияның Солтүстік жағалауында – 70 градус солтүстік ендікте болады, кейін 80 23 –қа дейін барып, Американың солтүстік жағалауын өте ауыр жағдайда зерттейді. Оның ашқан жері кейін Гудзон бұғазы, Гудзон шығанағы деп аталды.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
География сабағы

Дәріс мақсаты: Оқу жұмыстарын жоспарлауды, сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтау; оқыту әдістері мен құралдарын таңдай алу, білім мен іскерлікті бекіту, оқушылардың білімдерін тексеру, үйге тапсырма беру сияқты негізгі жұмыстармен таныстырып дағдыландыру.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Географиядан сыныптан тыс жұмыстар. Географиядан оқу топ серуендері

Дәріс мақсаты: Сыныптан тыс жұмыстар географияның оқу тәрбие жұмыстарына қажетті құрамды бөлігіекендігін ескере отырып, сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формаларының сипатына талдау жасап, оны мектеп география курсында қролдану аясын көрсету, анықтау.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Географияны оқыту мақсатты. Орта мектептегі географиялық білімнің құрылымы мен мазмұны

Дәріс мақсаты: Географияны оқыту мақсаттары ұғымы туралы түсінік қалыптастыру және оны анықтай білу. Мектеп курсындағы география пәнінің алатын орны, зерттеу бағыттарына талдай жасай алу. Мектеп география курсының мазмұныныа логикалық талдау.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Географияны оқыту құралдары. География кабинеті

Дәріс мақсаты: Оқыту құралдары жүйесі ұйымдастырудың ең оңтайлы түрі кабинеттік жүйе екендігін ескере отырып, мектеп географиясындағы география кабинетін құру, оның оқу тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызын анықтау.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Географияны оқыту үрдісінде оқушыларда білім мен іскерлікті қалыптастыру

Дәріс мақсаты: Географиялық білімдер туралы түсінік қалыптастыру, ондағы географиялық заңдылықтар, елестету туралы білімдерді анықтап, бұл үрдістің негізгі кезеңдерінің сипаты және оқушылардың білімді игеруіндегі ерекшеліктерін ескере өту.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Географияны оқыту әдістемесі – пәні

Дәріс мақсаты: Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың арасындағы ерекшелігін анықтау. Географияны оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысын анықтап салыстыру. Әдістеме ғылымының зерттеу әдістеріне талдай жасай алу.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Географияны оқыту әдістері. Географияны оқытуда жаңа технологиялар

Дәріс мақсаты: Мұғалім мен мектеп жұмысының нәтижелі, табысты болуы оқыту әдісіне байланысты екендігін ескере отырып, оқыту әдістерінің құрылымын, жіктелуімен таныса отырып сабақты мәнді өткізуге дағдыландыру. Оқушылардың танымдық әрекеттерінің сипатына қарай оқыту, ондаң әдістің мазмұнымен, мұғалімнің, оқушының әрекетімен таныс болуы қажет.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Географияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыс

Дәріс мақсаты: Көрнекі құралдар білім берудің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін – ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады. Мектеп курсындағы география пәнінен көрнекілік құралдардың түрлерін, мақсатын, қолдану аясын анықтап онымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Геосаясат түсінігі

Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 862
Германия

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Германия мемлекеті мен Қазақстан

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 2364
Германия Федеративтік Республикасы

Германия (нем. Bundesrepublik Deutschland — Германия Федерациялық Республикасы) — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Гидросфера

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 1687
Гидросфера

Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiз және мұхит сулары, құрлық сулары (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар, мұздықтар) жер асты сулары, сонымен бiрге атмосферадағы су буы жатады. Жер – күн жүйесiнiң ең сулы планетасы. Судың негiзгi қоры мұхиттар мен теңiздерде 97% болады, және олар жер бетiнiң 70% — тең көп бөлiгiн алып жатқан дүниежүзiлiк мұхитты түзедi. Дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдегi 4000 м. Теңiз және мұхит суларында көп тұздар ерiген, сондықтан теңiз суының дәмi тұзды-қышқылды және iшуге жарамсыз.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Грегор–Иоганн Мендель

Грегор–Иоганн Мендель (22.07. 1822 ж. – 6.01.1884 ж.) Мендель австрияның Хайцендорф деп аталатын (қазiргi Чехияда) ауылда немiс-славян шаруа жанұясында дүниеге келдi. Мендельдiң арғы аталары ХVII ғасырдың басынан осы ауылда тұрған. Оның ата-аналары, Антон мен Розинаның үш баласы болды. Иоганн жанұядағы жалғыз ұл болды. Бала кезiнен бастап ёкесi оны ауыл шаруашылық жұмыстарына араластырды, Иоганн бақ пен ара шаруашылықтарын ұнатты.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Грекия Республикасы

Грекия (гр. Ελλάδα), ресми аты Грекия Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία) — Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
12345След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ