Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

География



Ирландия

Ирландия, Ирланд Республикасы (ирландша Éire, Poblacht na hÉireann; ағылш. Ireland, Republic of Ireland) — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,2 мың км². Елдің аты ирландша Éire деген сөзден шыққан. Астанасы — Дублин.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Исландия

Исландия (Исландия Республикасы) — Еуропада орналасқан аралды ел. Гренландия аралының шығысында және Норуегия мен Норуег теңізінің батысында жайғасқан. Елордасы Рейкиявик аралдың оңтүстік-батысында орналасады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Испания

Испания (Espana), Испания Корольдігі – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көл. 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қ-лары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999).
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Италия

Италия, Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Италия Республикасының Конституциялық құқығы

Италия Конституциясының ерекшеліктерінің бірі - онда преамбуланың болмауы. Конституция кіріспе бөлімнен басталады, онда Италия Республикасының Конститциясының құрылысы туралы жалпы және негізгі ережелер мазмұндалады. Конституцияның 1- бабында Италия еңбекке негізделген демократиялық Республика деген анықтама бар. Аталған баптың 2-бөлігінде егемендік халыққа тиесілі, ол оны Конституцияда белгіленген нысандар мен шекте жүзеге асырады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 657
Италия Республикасының Конституциялық құқығы

Италия Республикасының Конституциялық құқығы Италия Конституциясының ерекшеліктерінің бірі — онда преамбуланың болмауы. Конституция кіріспе бөлімнен басталады, онда Италия Республикасының Конститциясының құрылысы туралы жалпы және негізгі ережелер мазмұндалады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Йемен Республикасы

Йемен Республикасы (өзд. аталуы әл-Жумхурия әл-Йамания) – Арабия түбегінің Оңтүстік және Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. 1990 жылы 22 мамырда Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасының ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылды. Жер аумағы 532 мың км2 шамасында. Халқы – 17 млн. (1999). Тұрғындары, негізінен, арабтар, одан басқа үнділер, пәкстандықтар, эфиоптар, сомалиліктер, еврейлер тұрады. Елдің шығысы мен Солтүстік-шығысында 100 мыңнан аса көшпелі тайпалар өмір сүреді. Ресми тілі – араб тілі.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Кабо-Верде

Кабо-Верде, Кабо-Верде Республикасы (Қlehas do Cabo Verde) – Батыс Африка жағалауларына жақын Атлант мұхитындағы 8 ірі және 10 ұсақ аралда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 4033 км2. Халқы – 406 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары португалдар мен африкалықтар арасынан шыққан мулаттар (60%), сондай-ақ, банту (35%), баланте, мандьян, т.б. жергілікті ұлыстар мен еуропалықтар (3%), т.б. Ресми тілдері – португал тілі мен креол тілі.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Кайназой

Кайнозой - жаңа өмiр эрасы — гүлдi өсiмдiктердiң, жәндiктердiң және сүтқоректiлердiң гүлдену уақыты. Сүтқоректiлер эволюцияның алдыңғы шегiнде. Динозаврлар тiршiлiк еткен кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлердiң ата-тектi тобы да болды — кiшкентай, жүндi жамылғысы бар жануарлар, олар бауырымен жорғалаушы жыртқыштардың бiр тобынан – тераспидтерден немесе аңтәрiздiлерден пайда болды. Ұзақ уақыт, шамамен 150 млн. жыл, алғашқы майда сүтқоректiлер үлкен кесiрткелер көлеңкесiнде қалып қалды. Бордың екiншi жартысында қалталы және плацентарлы сүтқоректiлер пайда болды.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Камбоджа

Камбоджа Корольдігі – Оңтүстік-шығыс Азиядағы Үндіқытай түбегінің оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 181 мың км2. Халқы 11,6 млн. адам (1998). Астанасы – Пномпень қаласы 1993 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы король (1993 жылдан – Н.Сианук). Заң шығарушы орган 4 жылға сайланатын парламент (Ұлттық ассамблея), ал үкімет билігі құрамын парламент бекітетін корольдік үкімет қолында (1998 жылдан Премьер-министр Хун Сен). Тұрғындарының 91%-ы кхмерлер, 4%-ы вьеттер, 3%-ы қытайлар.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Камерун Республикасы

Камерун Республикасы (Republіc of Cameroon) – Орталық Африкадағы мемлекет. Жер көл. 475440 км2. Халқы 15,4 млн. адам (1999). Халқы тілдеріне қарай банту (дуала, балунду, баса, батанга, т.б.) шығыс банту (бамилеке, бамум, тикар, т.б.), хауса (бата, мандара, т.б.) топтарына бөлінеді. Ресми тілдері – ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик 35%, протестант (18%) тармақтарын ұстанады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Канада

Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Канар аралдары

Қанар аралдары Испанияның 17 автономдық облыстарының бірі. Олар Европалық экономикалық қоғамдастыққа елдің бір бөлігі ретінде біріктірілген. Дегенмен, бұл мүшеліктің аралдардың ара-қашықтығына, экономикалық және тарихи-дәстүрлік ерекшеліктеріне байланысты өзіндік өзгешеліктері де бар.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Кения

Кения (Kenya), Кения Республикасы (Republіc of Kenya) – Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 582,6 мың км2. Халқы 28,8 млн. адам (1999). Халқының этникалық құрамы банту, нилот, кушит топтарына жататын кикуйю (21% шамасында), луйя (14%), луо (13%), календжин (11%), камба (11%), т.б. тайпалардан және 165 мыңнан аса Азия, Еуропа, араб елдерінен келгендерден тұрады. Ресми тілдері ағылшын тілі мен суахили тілі. Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиан дінінің католик және протестант тармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Астанасы – Найроби қаласы.Кения – Британ достастығына кіретін республика.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Кипр

Қыбрыс (грек. Kypros, түрік. Kіbrіs), Кипр Республикасы (грек. Kyprіake Demokratіa, түрк. Kіbrіs Gumhurіetі) – Батыс Азияда, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет. 1974 жылдан бері 2 бөлікке бөлінген. Жалпы жер көлемі – 9251 км2. Халқы – 754 мың (1999). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Қыбыр түрік республикасында тұрады. Жалпы арал тұрғындарының 78%-ы – гректер, 18%-ы – түріктер, қалғандары басқа халықтар. Ресми тілдері: грек және түрік тілдері. Халқы ислам дінін және христиан дінінің православие тармағын ұстанады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Кирибати

Кирибати, Кирибати Республикасы – Тынық мұхиттың батыс жағындағы Солтүстік Тарава атолласы мен Гильберта, Лайн, Феникс, Банаба (Ошен) аралдарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 717 км2. Халқы – 81 мың адам (1998). Негізгі тұрғындары полинезиялықтар мен микронезиялықтар, сондай-ақ, қытайлар мен еуропалықтар да тұрады. Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқы христиан дінінің католик және кельвиншілдік тармақтарын ұстанады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Колумбия Республикасы

Колумбия Республикасы (Columbіa) – Оңтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 1141748 км2. Халқы – 39,3 млн. адам (1999). Тұрғындарының 58%-і метистер, 20%-і еуропалықтар, 14%-і мулаттар, негрлер, үндістер. Қала халқы 73% (1996). Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындары христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Богота. Конституция бойынша елді Президент басқарады (1998 жылдан Андрес Пастрака Аранго) және ол 4 жыл сайын сайланып отырады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Комбинативтiк өзгергiштiк

Комбинативтiк өзгергiштiк Харди — Вайнберг заңының әсер ету талабы табиғатта сақталмайды. Сыртқы факторлар әсерiнен аллелдер жиiлiгi үнемi өзгерiп отырады, және онсыз қарапайым эволюциялық құбылыс мүмкiн емес. Қандай факторлар эволюцияға әсер етедi және олардың әсерi неден көрiнедi ? Негiзгi эволюциялық факторлар. Ең алдымен, эволюция үшiн популяцияға эволюциялық материал ендiретiн факторлар қажет.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Консервативтік үкіметтер. 1951-1964 жж.

1951 жылы қазанда сайлауда жеңіп шыққан У.Черчиль тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік құрылымды сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылғы сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап, «әл-ауқаттылық мемлекет» идеясына қолдау көрсетті.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Корей Халық Демократиялық Республикасы

Корей Халық Демократиялық Республикасы, (КХДР), корейше — Чосон минджуджуый иымин конхвачук — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 121,2 мың км2. Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан дінін ұстанатындар да бар. Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.). Конституция бойынша, КХДР “Чучхе идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік мемлекет”. Елді президент басқарады (1998 жылдан Ким Чен Ир). Заң шығарушы органы — Жоғары халық жиналысы.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Корея Республикасы

КОРЕЯ, Корея Республикасы (кәрісше Хангук— таң самалының елі) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Халқы — 46,1 млн. адам (1999). Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, кәрістер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (11 млн.).
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Коста-Рика

Коста-Рика Республикасы – Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 51,1 мың км2. Халқы – 3,841 млн. адам (1999). Халқының 97%-ы креолдар мен метистер, қалғандары – негрлер. Астанасы – Сан-Хосе қаласы. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының көпшілігі христиан дінінің католик тармағын ұстанады. 1949 жылғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент үкіметті де тікелей өзі басқарады (1998 жылдан М.А. Родригес Эчеверрия). Заң шығарушы органы – Заң шығарушы ассамблея (57 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекесі 15 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1821). Ақша бірлігі – Коста-Рика колоны. Ел аумағы 7 провинцияға бөлінген.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Кот-д-Ивуар

Ұзақ уақыт бойы Францияның батыс Африкадағы отары болған Кот-д’Ивуар елі өз тәуелсіздігін 1960 жылы тамыздың 7-і күні алды. Елдің тұңғыш президенті Феликс Уфуэ-Буаньи мемлекетті ақтық демі біткенше – 33 жыл бойы үздіксіз басқарды. 2000 жылы тамызда Кот-д’Ивуар президенті болып сайланған Лоран Гбагбо бұл қызметке оппозициядан келген болатын.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Куба

Куба Куба Республикасы — Америкадағы, Вест-Индиядағы мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан. Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, ұзын саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км2. Халқы — 11,3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Кувейт

Кувейт — Шығыс Орта елдерінің бірі. Ресми атауы: Кувейт Мемлекеті. Астанасы — Кувейт қаласы (тұрғын саны 60.000). Басты қалалары: Хауалли (т.с. 190.000), Салимия (т.с.200.000), Фәруания, Джәхра және Әл -Ахмадия. Жер көлемі: 17.818 кв. км.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Көлік географиясы

Экономикалық білімнің маңыздылары: шаруашылықтың салалық құрылымы, өнеркәсіптерді экономикалық ұйымдастыру ерекшеліктері, қорларды сақтау, шағын бизнес, сауда т.б. оқушыларда экономикалық білімді қалыптастырады. География ғылымы қазіргі кезде баяндаушы – энциклопедиялық ілімнен конструнтивті айналғаны бәрімізге мәлім, оның жалпы қоғам өміріндегі маңызына, сол сияқты экономикалық – геграфиялық білім мен біліктің қоғамның әрбір мүшесінің іс-әрекетіне, қажеттілігіне түсінік қалыптастырады.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 1022
Көлік түрлерінің дамуы

ХV ғасырда венгрияда шығарылған пошталық кареталар автобустардың алғашқы үлгісі ретінде пайда болды. Алғашқы автобустар 1830 жылы Англияда жасап шығарылды. Олар жолаушылардың аздаған тобын тасымалдауға арналған болатын және олар бу двигателімен жүретін және оларды омнибустар деп атаған. Латын тілінен аударғанда ол «Барлығы үшін көлік» дегенді білдіреді. 1885 жылы Германияда 6-ат күштік қуаты бар бір цилиндрлілі двигательді 8 орынды автобыс жасалынды.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Лаперуздың географиялық зерттулері

ХҮІІІ ғасырдың 80 жылдарында француз үкіметі Тынық мүхитқа экспедиция жіберіп, белгісіз жерлерді, аралдарды отарламақ болды. Лаперуз 223 адамы бар екі әскери кемемен, 1785 жылы жолға шықты. Ол кезде Лаперуз 44 жастағы тәжрибелі теңізші еді. Лаперуз Гавай аралдарында тағы басқа аралдарда , Аляска, Камчатка түбегі жағалауында болады. 1788 жылы Джэксен портынан шыққан француздардың осы екі кемесі толқын айдап суға батты.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
Латын Америка елдері мен Қазақстан

Латын Америкасының ұлғайып келе жатқан экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренада елеулі саяси салмағы бар. Ол жаңадан қалыптасып жатқан дүниежүзілік қалыптың, саяси және экономикалық мегаблоктардың иіріміне белсенді түрде атсалысуда. Соңғы үш жылда бұл өңірге АҚШ, Қытай және Ресей секілді алпауыт елдердің, тіпті төңірегінен дау арылмай келе жатқан Иранның да басшысы ат басын тіреді. Мұның бәрі Қазақстанның сыртқы саясат басымдылықтарында аталған өңірге ерекше назар аудару қажеттігін көрсетсе керек. Осыны қаперге алсақ, бұл сапар еліміздің сыртқы саясаты мен экономикалық мүдделерін «жаңа құрлықта» ілгерілетудегі маңызды қадамдардың бірі болары анық.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 969
Латын Америка елдері мен Қазақстан

Латын Америкасының ұлғайып келе жатқан экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренада елеулі саяси салмағы бар. Ол жаңадан қалыптасып жатқан дүниежүзілік қалыптың, саяси және экономикалық мегаблоктардың иіріміне белсенді түрде атсалысуда. Соңғы үш жылда бұл өңірге АҚШ, Қытай және Ресей секілді алпауыт елдердің, тіпті төңірегінен дау арылмай келе жатқан Иранның да басшысы ат басын тіреді. Мұның бәрі Қазақстанның сыртқы саясат басымдылықтарында аталған өңірге ерекше назар аудару қажеттігін көрсетсе керек. Осыны қаперге алсақ, бұл сапар еліміздің сыртқы саясаты мен экономикалық мүдделерін «жаңа құрлықта» ілгерілетудегі маңызды қадамдардың бірі болары анық.
Тип работы: Реферат      Раздел: География     Скачиваний: 0
12345След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ