Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

рі «халық жауы» болып қуғындалды.

Көп уақыт қапаста жатқан шәкірттер тәуелсіздіктің алдында ғана ақталып, шаңырағы шайқалған Абай мектебі енді ғана еңсесін түзей бастады. Абайдың айналасын құраған әдебиет өкілдері туралы біраз зерттеулер жазылды, ақын шәкірттердің шығармалары жинақ болып шықты десек, ендігі міндет – сол мұралардан әдеби орта тақырыбының өзегін іздеу. Мәселен, Құнанбайды ақтап алу аз, енді оның  Абайға ықпалын, әке мен бала арасындағы рухани байланыстардың көзін аршу міндеті тұр. Сол сияқты Абайдың алдындағы аға буын ақындардың байланысы, қарым-қатынасы, жас Абайға көрсеткен өнегесі турасында толайым пікір айту да – бүгінгі зерттеулердің міндеті. Бұл арада Абай тәрбиесі өз ауылынан, өңірінен аспаған ба?- деген сауалдың көлденеңдейтіні заңды.

Абайдан кейін қазақ әдебиетінде оның дәстүрі қалыптасты десек, сол дәстүр ұғымының аясында ұлан-ғайыр дүние қылаң береді. Абайтанушы ғалым Ж.Ысмағұловтың сөзімен айтсақ: «Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, өте күрделі екені мәлім… Өзгені былай қоя тұрып, Абайдың реалистік дәстүрін ғана ауызға алсақ та, оның әр жағында том-том зерттеу еңбектерінің сұлбасы көзге елестеп тұрар еді» [6, 32-б.]. Абай дәстүрі деген зор арнаның мәнді саласы – Абай мектебін сөз еткенде, ұстаз бен оның шәкірттері арасындағы байланысты тек олардың поэзиядағы сабақтастығымен шектеп қою аз. Бұл мәселеде тұрмыстық қатынастардан бастап, өлең үйрену қағидалары, тақырып таңдау, өмірге келген шығармаларды әдеби ортада сыннан өткізу сияқты қарекеттермен жалғасып, одан туындайтын ұжымдық әдеби процесс сияқты құбылыстардың сырына үңілгенде ғана әдеби мектептің мәні айқындала түспек. Ақындық мектеп дегенде, ең алдымен, сол мектепті қалыптастырушы Абайдың рөлін, ұстаздық қарекетін айқындап көрсету шарт. Оның әдебиеттегі жолын жалғастырушы ақын шәкірттердің әдеби мұрасына үңіле отырып, әр қырынан танып, олардың Абай дәстүрін жалғастырушы ғана емес, сол дәстүрді өздерінше дамыта білген даралық сипаттарын саралағанда барып Абай мектебінің қазақ әдебиетіндегі орны айқындала түспек.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Абайдың әдеби ортасы туралы алғаш рет Абай шәкірттері Кәкітай, Көкбай, Тұрағұл, Әрхам естеліктерінде сөз болса, ғылыми тұрғыда М.Әуезовтің еңбектерін бұл тақырыпқа салынған алғашқы соқпақ деп білуіміз керек. М.Әуезовтің жетекшілігімен Қ.Мұхамедханұлы Абайдың ақын шәкірттерінің мұраларын зерттеу ісін қолға алса, Ә.Жиреншин өз еңбектерінде жалпы Абайдың әдеби ортасы жайында сөз қозғады. Қ.Жұбанов Абайдың алдындағы әдебиет және ақынның қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық деңгейін ашып берсе, Қ.Жұмалиев қазақ поэзиясы мен Абай шығармаларының тілін салыстыра зерттеді. 1960 жылдары А.Нұрқатов, М.Бөжеевтер тарапынан Абайдың дәстүрі, Қ.Жұмалиев пен Ш.Сәтбаева Абай балалары – Ақылбай мен Мағауия мұраларын, Б.Кенжебаев Ә.Тәңірбергенұлы мұрасын зерттесе, сексенінші жылдары М.Мырзахметұлы Әуезов зерттеуіндегі  Абайдың әдеби ортасы тақырыбының сипатына ашуға ден қойды. Абайдың әдеби ортасы тақырыбы Абайға қатысты, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы әдеби үрдіске қатысты жазылған еңбектердің бірсыпырасында тікелей, кейде жанама түрде сөз болып отырғандығы белгілі. Атап айтатын болсақ, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Сильченко, Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Б.Кенжебаев, Қ.Өміралиев, З.Ахметов, М.Мырзахметұлы, Ғ.Есім, Ж.Ысмағұлов, Ш.Сәтбаева, Ә.Жиреншин, А.Нұрқатов, М.Бөжеев, Қ.Мұхамедханұлы, Т.Жұртбай, М.Мағауин, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Байғалиев, Б.Сапаралы тағы басқа ғалымдар мен зерттеушілер Абайдың әдеби ортасының зерттелуіне өзіндік үлестерін қосты.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – ақын айналасының абайтану ғылымындағы орнын белгілеу. Аға буын әдебиет өкілдерінің Абайға әсері және ізбасар шәкірттерді тәрбиелеудегі ақынның рөлі, Абай дәстүрін дамытудағы ақын шәкірттер шығармаларының қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық сипатын көрсету.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін диссертациялық жұмыста төмендегідей міндеттер алға қойылды:

- Абайдың әдеби ортасы тақырыбының зерттелу жолын ғылыми тұрғыдан саралап, осы тақырып аясында қарастырылған «Абайдың ақындық айналасы», «ақын шәкірттері», «Абай дәстүрін жалғастырушылар», «ақынның маңына топтасқан өнер иелері» деген сияқты өзара бауырлас ұғымдардарға түсінік беру;

- Алдыңғы буын әдебиет өкілдері – Дулат, Шортанбай, Жанақ, Шөже сынды ақындардың Абайға, оның ақындық жолының қалыптасуына тигізген әсерін дәлелдеу;

- Абай мен шәкірттер арасындағы байланыс көздерін саралағанда ақындық өнерге, ақындарға қатысты айтылған ұстаз сыны, сондай-ақ, Абай тұлғасының шәкірт ақындар поэзиясындағы орны деген мәселелерді айқындау;

- Ақын шәкірттердің көлемді туындыларына тақырыптық-көркемдік тұрғыдан талдау жасап, Абайдың ұстаздық қарекетінің нәтижесінде дамыған айтыс жанры, атап айтатын болсақ, Шәкәрімнің мен Тұрағұлдың, Әріп пен Әубәкірдің мысал айтысын арқау еткен өлеңдеріндегі, сондай-ақ, Ә.Тәңірбергенұлының «Тәуке мен Ұрқия», У.Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмаларындағы Абайдың әсер-ықпалын көрсету;

- Тарихи тақырып пен нәзиралық дәстүр, аударма өнері сияқты сан-салалы үлгілердің қазақ әдебиетіндегі орны айқындау. Осы орайда жазылуына Абайдың тікелей тапсырмасымен жазылған Шәкәрімнің «Жолсыз жаза», «Қалқаман – Мамыр», Мағауияның «Еңлік – Кебек», Көкбай ақынның Абылай туралы тарихи жырларын, Уәйістің «Жошы – Алаша хан» сияқты шығармаларын зерттеу нысанына алу. Сонымен қатар Абайдың отаршылдыққа қарсы идеяларымен астасып жатқан шет жұрттықтардың өмірінен алынған Мағауияның «Медғат – Қасым», Ақылбайдың «Зұлыс», «Дағыстан» поэмаларындағы тақырып ортақтығы, отаршылдыққа, үстемдікке қарсы күресті жырлаған идеялық бірлікті дәлелдеу;

- Абайдың әдеби ортасын құрайтын әнші, композитор, музыкант сияқты өнер иелерінің шығармашылық жолын зерттеу нысанына алып, ақын айналасындағы әншілік өнердің өзіндік сыр-сипатын ашу;

         Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Абайдың әдеби айналасы, ақынмен тікелей қарым-қатынаста болған әдеби орта өкілдері, олармен арадағы рухани байланыс көздері алғаш рет жаңаша пайымдаулар тұрғысынан зерттеу нысанына алынды.

- Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі мәселесіне қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен жаңалықтары айқындалды. Абайтану, соның ішінде ақынның әдеби ортасына қатысты ғылыми тұжырымдар айтқан М.Әуезов, Қ.Мұхамедханұлы, М.Мырзахметұлы тағы басқа ғалымдардың пікірлеріне ғылыми тұрғыда баға беріліп, Абайдың әдеби ортасы, ақындық мектебі мәселесіне қатысты келешекте назарға алынатын ізденістер бағыты белгіленді;

- Абайға әсер еткен әдеби ортаның ықпалы айқындалды. Бұл тұрғыда Абай әулетінің, атап айтатын болсақ, Зере әже, Шаншар атадан Ұлжан анаға дейін үзілмей жеткен шешендік, Құнанбай тәрбиесінің ақынға әсері, сол заманындағы би-шешендер ортасындағы жас ақынның орны, Абай мен аға буын ақындар арасындағы рухани жақындық көздері айқындалды;

- Ақындық мектеп аясындағы поэзия көздерінің сабақтастығына мән беріле отырып, Абай арнауларындағы Шәкәрім, Көкбай, Әріп, Әсет, Ақылбай сынды шәкірттеріне қаратыла айтылған сын табиғатына талдау жүргізілді. Ақын шәкірттер поэзиясындағы ұстаз Абайдың тұлғасы жан-жақты ашылды;

- Ақын шәкірттердің әдеби дәстүрді ұстану жолындағы шығармашылық-көркемдік ізденістері Абай мектебінің біртұтас тақырыптық бірлігі аясында қарастырылып, ақындардың айтыс жанрын игерудегі жетістіктері, тарихи тақырып пен нәзирагөйлік дәстүрді қолданудағы ерекшеліктері, аударма өнерін дамытудағы шеберліктері талданып, мектеп шеңберіндегі Абай дәстүрінің даму жолдары анықталды. Бұл тұрғыда, айтыс жанрын көркем шығармаларына арқау еткен Шәкәрім, Әріп, Тұрағұл, Әубәкір сынды ақындардың жанрлық жағынан мысал айтысқа жататын өлеңдермен қоса, Ә.Тәңірбергенұлының «Тәуке мен Ұрқия», У.Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмаларына әдеби талдау жасалды. Абай шәкірттерінің шығармашылығына арқау болған Еңлік пен Кебек тақырыбының интерпретациялық сипатына әдеби сараптаулар жүргізілді. Абай тапсырмасымен жазылған Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр», К.Жанатайұлының «Сабалақ», «Қандыжап», У.Шондыбайұлының «Жошы –Алаша хан» дастандары әдеби мектеп аясында сабақтастырыла қарастырылып, Абай ұсынған тақырыптардың табиғаты анықталды. Шәкәрімнің «Ләйлі –Мәжнүн», Уәйіс ақынның «Бір қыздың оқиғасы»  шығармаларын талдау барысында Абай нәзирасының жаңашылдық сипаты айқындалды. Шет жұрттықтардың өміріне арнап жазған Ақылбай мен Мағауия поэмаларындағы құлдар тақырыбы, отаршылдық идеялары Абай көзқарастарымен байланыстырыла байыпталды. Абай айналасындағы аударма үлгісінің қарапайым, еркін, нәзиралық түрінен бастап, классикалық деңгейге дейін өскен эволюциялық даму жолдары айқындалды;

- Абайдың әдеби ортасын құрайтын өнерлі адамдардың  шығармашылық мұрасы зерттеу нысанына алынып, ақын маңына шоғырланған ән айтушы мен шығарушы, түрлі музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы өнер иелерінің Абай айналасындағы рөлі бағамдалды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесі бойынша мынандай тұжырымдар ұсынылды:

- Абайдың әдеби ортасын ақынға әсер еткен рухани көздердің аясында кең мағынада және ақынның тікелей қарым-қатынаста болған айналасымен шектеп нақты мағынада алуға болады;

- Жалпы ақын ортасы туралы ғылыми ой-пікірлер төңкеріске дейін көрініс берсе, бұл тақырыпты Абайдың тікелей айналасымен байланыстырып, ақынның өз

12345След.
скачать работу

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ