Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

қындық өнерінде бұлқына бой көрсетіп, айрықша ізін қалдырды. Нағашы жұртынан жұққан, ана сүтімен бойына сіңген ащы тілді мысқылды Абай өзінің ақындық домнасында қорытып, классикалық сатира деңгейіне көтерді.

Парасатты әз әже мен анадан үлгі алып, солардың тәрбиесінде есейген Абайдың ендігі өмірдегі ұстазы  әке – Құнанбай болды. Құнанбай мен Абай  арасындағы рухани байланыс – алтын көпір, яки әкенің балаға деген әсері деген түйінді мәселеге баса назар аударылды. Кеңестік кезеңде мейілінше көлегейленіп келген Құнанбай тұлғасына қатысты зерттеу еңбектерге ден қойылып, әке мен бала арасындағы рухани дәнекерліктің басты сипаттарына көңіл бөлінді. Сондай-ақ, зерттеуде әке қасында жүріп шешендік өнерге ысылған жас Абайдың Шорманның Мұсасымен, «Абай жолынан» таныс Тобықтының белгілі шешені Қаратаймен, Сүйіндікпен арадағы сөз бәсекелестерінің табиғаты ашылды.

«Абайға ықпал еткен ақындық орта» деп аталатын екінші тарауда Абайға ықпал етіп, оның ақындық өсу жолына игі әсерін тигізген ақындарды ерекше бөліп қарастырдық. Өйткені, Абайдың нағыз ақын болып қалыптасуына сол заманның сөзге ұста биі мен шешені, өлеңге жақын жыршысы айтарлықтай демеу болды дегенімізбен, негізгі нәр, өлеңге деген құмарлық Абаймен тікелей қарым-қатынаста болған ақындардан келетіні дау тудырмаса керек. Бала Абайдың санасына ақындықтың алғашқы дәнін еккен өз ауылының ақыны Байкөкше, көрші елден Дулат, Сабырбайлар, кейіннен замандасы Қуандық сынды ақындармен рухани селбесулер Абайдың ақындық жолында айтарлықтай азық болды. Мәселен, Құнанбаймен үзеңгі қағыстыра дос болған ақынның бірі Жанақ десек, бұл тұрғыда Жанақ – Құнанбай – Абай арасындағы рухани байланыс диссертацияда кеңінен қарастырылды.

Жанақ пен Абайды байланыстырып тұрған заманы болса, сол заманға деген көзқарастан туған ортақ сарындар бір арнаға тоғысып жатыр. Мысалға, Жанақтағы: «Ханнан қайыр, қарадан шайыр кетті»,- деп үзілген үміттің сәулелері Абай өлеңдерінде бояуы қалың қайғыға ұласқан. «Алдыңда күткен күннің түсі суық»,- деп басталатын Жанақ өлеңдеріндегі қайғы Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» тағы басқа өлеңдерінде ақындық шеберліктің биігіне жеткен. Десек те, Жанақ поэзиясындағы осы тұрғылас ойлар Абайда мүлде жаңа пішінге көшіп, сол кездегі қазақтың келбет-кеспірі мейілінше шынайы, бүге-шүге нақтылығымен өз тыңдаушысын тапқан. Жанақ тыңдаушысын таппаған сөздің жетімдігіне, есіл өнердің қор болуына ашынса, Абайда бұл тақырып неше тарам. Біріншіден, жалпы сөз қадірін түсінер жанның жоқтығына налу болса (…осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық, …тыңдаушымды ұғымсыз, қылып тәңірім бергенді, …қайран тіл, қайран сөз, наданға қадірсіз т.б), екінші мәселе – Абай сол өлеңші қауымға сын артады. Бұл арада бұрынғы ескі биден бастап, алдындағы ақындары, соңындағы шәкірттері қатаң сын тезіне ұшырайды. Осы тұста бір мәселеге назар аударған жөн. Өзінен ілгерідегі ақындарды сынаудағы Абай сынын тек Бұхар, Шортанбай, Дулат есімдерімен шектеп қою дұрыс емес. Олардың атын атағанда сол заманның бүкіл поэзиясы сынға алынды десек, бұл сыннан біз сөз етіп отырған Жанақ та аман қалмағаны белгілі. Оның:

Ауылым алыс, мен келем өзім азып,

Қой мен шай бер ақынға жерден қазып.

Он қадақ шай, қос қоржын сүр асып бер

Өрге барған Жәкеңе болсын азық [33, 61-б.] ,-

дегені сыншыл Абайға жақпағаны анық. Дәл осы сарынды Абайға айтарлықтай әсер еткен Шөже ақынның өлеңдерінен де кездестіруге болады. Қазығұрт елінің ауқаттысы Дәукейге:

Бергенің сегіз жылқы, жалғыз түйе,

Өлеңді естімессің енді менен [34, 98-б.] ,-

деген өкпелі сөздер сол уақыттың тезіне салса еш сөкеттігі жоқ орынды айтылған да. Өйткені, Жанақ пен Шөжелер заманында ақын атаулы ел үстінен күн көрді. Оған сол заманның ақынын сөгуге де келмес. Әйтсе де, нағыз өлеңнің шын бағасын білген Абайға қасиетті сөздің қадірін кетіріп, дүние-малмен саудалауы жақпағаны анық. Жалғыз Жанақ, Шөжелер ғана емес, замандастарының деніне біткен дертке Абайдың айтар жауабы да біреу ғана:

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.

Әр елден өлеңменен қайыр тілеп

Кетірген сөз кәдірін жұртты шарлап [35, 90-б.].

Қалай десек те қабырғаны қайыстырып жанға батыра айтылған сөз — Жанақ пен Шөже ақындардың әлгі өлеңдеріне дөп тиген жауап. Шындық қашанда – ащы. Ал, Абайдың сыны иесіз емес. Ұстараның жүзіндей ащы ойлар бірін болмаса екіншісін тіліп түсері хақ. Жанақ жырларының жақсысына тамсанып, тек одан үйренуші ғана болып қалса ол Абайға, оның ақындық, сыншылық сұранысына аздық етер еді.

Жанақ пен Абай арасын табыстырып жатқан келесі бір мәселе «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасы Жанақтікі десек, сол нұсқа Абайдың мұрындық болуымен айналасындағы ақындар жырлауында жаңарып, түлеп жатты.  Жанақтың «Қозы Көрпешін» Абай өз еліндегі Байкөкше ақыннан естігені туралы дерек Н.Абрамовтың «Каменная пирамида намогильный памятник Кузу Курпеч и Баян Сулу в Киргизской степи» деген мақаласында он екі жасар Абай, яғни 1857 жылы жас ақын Байкөкшеден «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» деген ұзақ жырды естігенін келтіреді [36]. Демек, Жанақ жырын Абай бала кезінде алғаш Байкөкшеден естіген. Жанақ – Байкөкше – Абай, одан  маңындағы жас ақындар біліп, соның ішінде Бейсенбай арқылы, кейіннен Уәйіс ақынның, Шәкірдің жырлауымен көне жырдың көркем тармақтары түлеп, түрленіп бүгінгі ұрпаққа жетті. Жанақ пен Абай арасын байланыстырып жатқан әйгілі жыр туралы еңбекте кеңінен сөз болып, бұл жырдың бір тармағы Жанақ, Байкөкше, Шөже сынды Абайдың өзі нәр алған ақындар мен Бейсенбай, Уәйіс сияқты шәкірттерінің, одан кейінгі Абай дәстүрін жалғастырушы Шәкір Әбеновтей халық ақындарының арасын жалғап, Абайдың ақындық ортасы өкілдерінің шығармашылық бірлігін айғақтайтын рухани желі болып табылады деген қорытынды жасалды.

Абайға ықпал еткен ақындардың ішінде Шөже Қаржаубайұлының есімін бөліп атасақ, Шөженің бетке айтар турашылдығы Абайдың санасына тұрақтап, кейіннен поэзиялық сапарына айтарлықтай әсер етті. Жас Абайдың ел ішіндегі беделін әуелден таныған Шөже ақын:

Ер шықты тобықтыдан талай-талай,

Байлығы, адамдығы бәрі де сай.

Атадан артық болып аруағы

Ел билеп келе жатыр ақын Абай [34, 110-б.] ,-

деп тегіннен-тегін өлеңге қоспаса керек-ті. Бірін-бірі алыстан аңғартып, тереңнен табыстыратын екі ақынның кеудесіне ұялаған ақындық дарын, сөз құдіреті Шөже мен Абай арасын жалғап, екеуін бір-біріне ынтықтырды. Абайдың ащы сынға құрылған арнау өлеңдерінде Шөженің өткірлігінің өрісі бар десек, бұл үрдісті жас кезінде айтқан «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Көжекбайға» деген өлеңдеріндегі жанындағы жақынының мінін бетіне басып тура айтқан ащы сындарынан анық байқаймыз.

Абайдың ақындық ортасы туралы сөз болғанда аты аталатын ақынның бірі – Шортанбай. Ш.Қанайұлы – Абай сынында аты аталған үш ақынның бірі, яки ауызға іліккен атақтылардың сапында. Абай баспадан шыққан Шортанбайдың өлеңдерін оқып өскенін ескерсек, ауызша жеткен Жанақ, Шөжелердің өлеңдеріне қарағанда Шортанбай өлеңдерінің Абайға, оның поэзиясына аса жақын болуы заңды. Сондай-ақ, Шортанбайдың жазба әдебиеттің өкілі болуы – екі ақын арасын жақындастыра түсер негізгі факторлардың бірі. Қазақ әдебиетіне Шортанбай арқылы келген зар заман сарыны Абайдың поэзиясында өзіндік даралық сипаттарымен ерекшеленіп, Абайға ғана тән әуенмен жалғасын тапты. Еңбекте екі ақын поэзиясындағы сабақтастық желілер тақырыптық жағынан жүйелене сөз болды.

Абайға әсер еткен ақындардың ішінде Дулат Бабатайұлының орны ерекше. Дулаттың Абайға әсері, екі ақын арасындағы поэзиялық үндестігі жайында жалпы пікір айтушылардан басқа арнайы тоқталған Қ.Өміралиев [37], З.Ахметов [38], Р.Сыздықова [39], Т.Шапай [40], А.Шәріп [41], Б.Омарұлы [42]  тағы басқа зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарын атап өткен орынды. Осы арада айта кететін дүние Абайды бір ақынның немесе бір жыраудың шәкіртіне теліп қоюға болмайтындығын естен шығармаған жөн. Абай – тек қазақ әдебиеті ғана емес, жалпы әлемдік поэзияның көш басында тұрған тұлға. Ол өзіне дейінгі әдебиет үлгілерін қорытып, ақындық талғамына салып сығымдап, мүлде жаңа деңгейдегі поэзия туғызды. Төл әдебиетіміздің көне мұраларынан бастап, әр дәуірдегі сөз зергерлерінің поэзиясына қанып өсті. Белгілі бір дәрежеде үлгі алды. Бірақ қандай да бір ақын, немесе жырау жеке-дара Абайға ұстаз болды, өлең жазуды үйретті деу – біржақты пайым. Міне, Дулат пен Абайдың арасындағы рухани жақындық туралы айтқанда, екі ақын поэзиясындағы сабақтастық, өлең өрімдеріндегі ұқсастық туралы пайымдағанда ең алдымен осы мәселені естен шығармағанымыз жөн.

Дулат – өз заманының күшті ақыны. Жыраулықтан ақындыққа көш бастаған өкіл ретінде қарағанда оның өлеңдеріндегі ақынның ойы жалпылықтан жалқылыққа, жазба әдебиетке тән ақындық дәлдік пен нақты суретке ауысты.

Жырымды менің сұрасаң,

Сары алтынның буынан.

Сырымды менің сұрасаң,

Тұманың тұнық суынан.

Кеудеме қайғы тоған соң,

Тұнық жырмен жуынам [43, 22-б.] ,-

деп ақындықтың мақсат-мұратын Дулатқа дейін кесте тілмен төгілте айтқан ақын кемде-кем. Ғалым Қ.Өміралиевтің: « Дулат – ақын туралы, ақын сөзі туралы қазақ әдебиетінде бірінші айтып, өлең-жырға зор талап қойған, сол талабы тұғырынан өзі де табылып, шығармаларын да осы талап тұғырына дейін көтерген бірінші ақын» [39, 199-б.] ,- деген пікірі орынды айтылған. Дәлелге жүгінейік:

Қамқа бірдей бола ма

Қаламы мата бөзбенен.

Қос

Пред.678910След.
скачать работу

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ