Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

ніп атала бастады. Дегенмен, өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Абайдың әдеби айналасы деген мәселеге социалистік идеология сынды күшейтті. Осы жылдары сол кездегі жаттанды ой, социалистік қалыпқа түскен көзқарастардан ада, Абай мен оның дәуірін қосақабат қарастырып, көкейкесті пікір түзген М.Әуезов пен Қ.Жұбановтың мақалалары болды. М.Әуезовтің 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында ақынның әдеби ортасы алғаш рет кең көлемде сөз болса, Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында автор Абайды оқшау күйде алмай, Шағатай әдебиетімен, қазақтың төл ауыз әдебиетімен байланыстыра қарастырылды [14].

Қырқыншы жылдардың басында Абай мектебі тақырыбын зерттеуді Әуезовтің кеңесімен Қ.Мұхамедханұлы қолға алды. Әуезов жетекшілік жасаған тақырыптың іргетасы қаланып, алғашқы қадамдар жасалды. Қ.Мұхамедханұлының Абайдың ақындық мектебі жайлы ізденістері жинақталып, жүйеленіп 1951 жылы кандидаттық диссертация ретінде қорғалды. Бірақ бұл тақырып тек абайтануда ғана емес, жалпы қазақ әдебиетінде үлкен дау туғызып, Абай тақырыбына айтарлықтай «зор кесірін» әкелді. Қанша қиын-қыстауды басынан өткергенімен ғалым «Абай шәкірттерінен» бас тартпады. «Абай мектебі» деген атау кеңестік әдебиеттің қалыбына сыймағандықтан, 1959 жылы алғашқы тақырыбын ауыстырып «Абай төңірегіндегі ақындар» (Поэты Абаевской поры) деген атпен диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана  Қ.Мұхамедханұлының Абай шәкірттері жайындағы «Абайдың ақын шәкірттері» [15] деген төрт кітаптан тұратын, сондай-ақ, «Абай мұрагерлері» [16] атты ғылыми еңбектері жарыққа шықты. Негізінен, осы тақырыпты қазақ әдебиетінің тарихында мәселе етіп көтерген М.Әуезов болып, әсіресе, Абайдың өзгеден алған нәрі жайын тек ғылымда емес «Абай жолы» эпопеясында да мейілінше қамтуға тырысты. Өткен ғасырдың 40-80 жылдар аралығында Абай ортасы, айналасына қатысты мәселелер негізінен ақынның дәстүрін жалғастырушы шәкірттері жайына болып, бұл тақырып төңірегінде  Ә.Жиреншин [17], Б.Кенжебаев [18], Қ.Жұмалиев [19], А.Нұрқатов [20], М.Бөжеев [21], Ш.Сәтбаева [22] сынды ғалымдар пікір білдіріп, ғылыми еңбектерінде сөз етті. Бұл ғалымдар өз еңбектерінде негізінен сол кездегі сыннан аман қалған Абайдың балалары Ақылбай, Мағауия, сондай-ақ, Ә.Тәңірбергенұлы, Т.Жомартбайұлы, Б.Айтқожаұлы сынды ақындардың кеңестік көзқарастар қалыбына сыятын шығармаларын ғана зерттеуге мүмкіндік алды. Осы арада ескеретін бір мәселе, саяси қысымға қарамастан, тиым салынған тақырыптарға қалам сілтеп, өткір ой айтқан, ғылыми пікір түзген зерттеушілерге бүгінгі таңда ерекше құрметпен қараған абзал. Абайдың ақын шәкірттеріне араша түсіп, жанкешті қадамдарға барған М.Әуезов пен Қ.Мұхамедханұлы ғана емес-тін. Абай шәкірттерінің ішінде «социалистік» қоғамға ерекше үрей әкелген Шәкәрім есіміне қатысты бірер деректі алға тартсақ, С.Сейфуллин, Б.Кенжебаев, М.Базарбаев, Ы.Дүйсенбаев, С.Қирабаев  сынды әр кезеңдегі ұлтжанды ғалымдардың батыл қадамдарына назар аударған жөн. Мәселен, кезінде Абай шәкірттерін айтқанда мүлде есімі атаусыз қалған есім Шәкәрім десек, С.Сейфуллин 1935 жылы Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын жарыққа шығарса, дәл осы жылы Б.Кенжебаевтың алғы сөз жазып, құрастыруымен шыққан А.Пушкиннің қазақ тіліндегі «Таңдамалысында» Шәкәрім аударған «Дубровскидің» енуі – батыл қадам болатын. Арада отыз жыл өткенімен әлі де аты аталуы әдеби қауымға үлкен қорқыныш туғызып тұрған шақта, яғни 1961 жылы С.Қирабаев Қ.Бейсембиевтің еңбегіне тоқтала келіп, Шәкәрімнің қоғамдық көзқарастарына сол кездің ықпалымен біржақты баға берген автор пікіріне орай: «Мүмкін Шәкәрімнің діни мистикасы өзімен бірге кеткен шығар да, оның әдеби мұрасы тарихта қалған болар. Ақын-жазушылардың әдеби мұрасын жалаң тұрпайылықпен емес, сүйе құрметтей отырып зерттеу орынды емес пе? Шын Шәкәрім сіз айтқандай болса, оны оқудың, зерттеудің керегі не? Жоқ, Шәкәрімді біз олай деп ұқпаймыз: оның қоғамдық көзқарасындағы қайшылығымен бірге өмірді көркемдікпен танудағы табыстары да сөз болуы керек дейміз» [23] ,- деген пікірінің қажының құр құдықтағы сүйегін ұлы Ахат жападан-жалғыз жасырынып барып, қазып алатын ызғарлы уақыттың кезінде айтылғанын естен шығармаған жөн.

Абайдың әдеби ортасы тақырыбын арнайы зерттеу нысанына алған ғалым М.Мырзахметұлы «М.Әуезов және абайтану проблемалары» деген зерттеу еңбегінің төртінші тарауын «М.Әуезов және Абайдың әдеби ортасы» деп атап, Әуезов зерттеулеріндегі Абай ортасы тақырыбын зерттеу нысанына алған [24]. Осы тақырыпқа қатысты Әуезовтің тезистік тұрғыда бізге жеткен ой-тұжырымдары басшылыққа алына отырып, Абай ортасы тақырыбы «Абай ақындығының айналасы немесе «өзі алған нәрлері» және Абайдың ақындық дәстүрі немесе «өзгеге берген нәрі» деген екі үлкен салаға бөлініп, жан-жақты зерттелді.

Абайға әсер еткен Дулат, Сабырбай, Жанақ, Біржан сал т.б. ақындар, би-шешендермен кемеңгер ақынның байланысы жайында кешенді зерттеу болмағанмен, жекелеген зерттеушілердің ғылыми мақалалары, көзі қарақты қарттардың, журналистердің естелік-әңгіме, ел аузынан жиған мұралары бұл тақырыптың мүлде тоқырап қалуына жол бермеді. Бұл орайда Абайды тәрбиелеп өсірген әкесі Құнанбай Өскенбайұлы туралы Б.Сапаралының [25], Т.Жұртбайдың [26] еңбектерін атап өткен жөн.

Ә.Тәңірбергенұлы, Ә.Найманбайұлы сынды ақындар мұрасының тек кеңестік саясатқа жаққан беті ғана сөз болса, Шәкәрім, Көкбай, Тұрағұл есімдері тек сексенінші жылдардың соңына қарай ақталып, шығармалары елдің тәуелсіздігі орнаған күннен бастап қана шын мәнінде зерттеле бастады. Жоғарыдағы зерттеу еңбектердің, мақалалардың ғылыми мәнділігінде, абайтануға қосылған қомақты үлес екендігінде дау жоқ.  Әйтсе де, бұл еңбектер көп уақыт зерттеу нысанынан тысқары қалған тың жатқан тақырыпқа енді салынған сүрлеу-жол іспетті. Қаншама жыл Абай ортасы туралы сөз ауыздықталып келгендіктен, зерттеу ісі көсіліп кете алмай, тек кейінгі жылдары ғана қолға алына бастауымен түсіндіруге болады бұл олқылықты.

«Абай мектебі концепциясына қатысты ғылыми тұжырымдар мен түйінді мәселелер» деген екінші тарауда Абай мектебі ұғымының теориялық негіздемелері анықталып, түйінді деген мәселелерге назар аударылды.

Әдебиеттану ғылымында әдеби мектеп ұғымы жалпы мағынада алынып, оның аясында ағым, бағыт, ұйым, топ, бірлестік категориялары да қарастырылады. Абайдың айналасына шәкірт жинауы табиғаты жағынан әдеби топ, үйірмелерге жақын. Әдебиеті ауызша үлгіде дамыған Абай заманындағы ақын маңына шоғырланған әдебиет өкілдері белгілі бір ағымның тууына себепкер болды деп нақты айту қиын. Бұл тұрғыда М.Әуезов былай деген: «Әрине, қазақ әдебиеті сол күнде баспа жүзіне шығып, сол күнде оқушы тауып отырарлық жайға жетсе, Абай айналасынан, Абай мектебінен шыққан ақындар түгелімен Абайдың ізін баса шыққан үлкен әдебиет ағымын көрсеткен болар еді» [27, Б.155-156].

Кеңестік заманда қалыптасқан евроцентристік көзқарастардың салдарынан кезінде қазақ-кеңес әдебиеттану ғылымы «Абайдың ақындық мектебі» деген концепцияны қабылдай алмады. Өйткені, әлем әдебиетінде шәкірт тәрбиелегендер некен-саяқ кездескенмен, дәл Абай сияқты бірнеше ақынның басын құрап, тақырып беріп, өлең жазғызып, жазғанын ортаға салып талдап, түзеп дегендей шын мәнінде  осындай әдеби іс жосығын (процедураларды) жүзеге асырған ақындар кемде-кем. Осы арада ғалым Т.Кәкішевтің төмендегі ойы өте орынды айтылған: «Еуропа мен орыс әдебиеттеріндегі құбылыстардың бәрін қазақ әдебиеті қайталауы, солардың ізімен жүруі шарт емес, тіпті қажет те емес. Бірақ көркемдіктің жалпыға ортақ заңдылықтарын игеріп, шын кәсіби жолға түсуге міндетті. Өрелі әдебиеттерден бой тасаламай, пайдалысынан үйрену барысында еш уақытта өз ерекшелігімізден көз жазбауымыз керек» [28, 55-б.].

Қасына шәкірт ертіп, көркем дүниені қалай жазу керектігін ежіктеп отырмағанмен, шын таланттың әдебиетке өзінің дәстүрін әкелетіні ақиқат. Орыс әдебиетіндегі Пушкин де, қара сөзінен қаймақ ағызатын Николай Гоголь де, біздің Абай да сондай ақындардың қатарында. Орыс әдебиеттану ғылымында «Гогольдік бағыт» (Гогольевское направление) деген термин қалыптасқан десек, бұл кейінгі Гоголь дәстүрлерін ұстанушылардан бөлек, сонау ХІХ ғасырдың 50-жылдарында дүниеге келген. Орыс жазушысы өзінің журналистік ағымдағы шығармалармен ұлттық әдебиетте белгілі бір мектеп қалыптастырды дегенімізбен, Абай сияқты нақты қаламгер тәрбиелеп, тақырып беріп, жазғанын сынап отырмағаны белгілі. Гогольдікі дәстүр, бағыт болады да, Абайдікі ұстаз бен шәкірт арасындағы тікелей қарым-қатынастың көрінісін байқататын тура мағынасындағы мектеп болады. 1951 жылы Әуезовтің: «…Можно ли сомневаться в том, что у Абая была сформированная им среда за 60 лет его жизни? По-моему, нельзя сомневаться. И вопрос о школе его сейчас ставиться лишь, как о школе в узком смысле, а не ставиться вопрос о влиянии его на всех последующих поэтов и на всю последующую казахскую литературу. Это последнее обьемлет очень широкое понятие ясное и простое. Речь идет о людях, которые окружали его, были около него непосредственно и в той или иной мере были творческими личностями. Но, одно дело учитель, другое – ученик. Пусть они не стали талантливы, как Абай (так было на самом деле). Пусть ими созданы произведения гороздо менее значительные, чем Абаем… Однако, учениками они были» [3, 119-б.] ,- деген пікірін ескеріп, Абайдың ақындық мектебі деген ұғымды осы тура мағынада алып қарасақ, оның ұстаздық қарекеті айқындала түспек.

Елуінші жылдары «Абайдың әдеби мектебі» концепциясының зиянды деп танылып, әдебиет тарихынан аластатылуының бір себебі «мектеп» деген ұғымның өзі әр-түрлі мағынада, өлшемде қарастырылғандығында да жатыр. 1950 жылдардың аяғында «Абай мект

12345След.
скачать работу

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ