Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

геден алған нәрі мен өзгеге берген нәрі деп екі салаға бөліп қарастырған М.Әуезов болды. Ғалым әдеби ортаның екінші саласы бойынша Абайдың маңайына топтасқан ақын шәкірттеріне қатысты қазақ әдебиетінде «Абайдың ақындық мектебі» деген концепцияны ұсынды;

- Кеңестік кезеңде Абай мектебі концепциясы ақындық дәстүр аясында кеңінен қарастырылса, керісінше бұл ұғымды ақынның айналасындағы шәкірттерімен шектеп, яғни тікелей ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастардың негізінде тану кеңес заманында біржақты бағаланды;

- Ақынға ықпал еткен рухани көздерді санамалағанда, ең алдымен Абай өз айналасынан нәр алды. Ақынды бесіктен тәрбиелеген өз әулетінен бастап, маңайындағы үлкенді-кішілі ақындар мен би-шешендер оның ақындық өнер жолына белгілі бір дәрежеде бағыт-бағдар, үлгі-өнеге болды;

- Ұстаз мен ақын шәкірттер арасындағы рухани шығармашылық байланыстар ақындық ортаның шығармашылық өрістеу жолын дамытты. Абайдың шәкірттерге қарата айтқан сындары ақындық болмыс пен өлең өнеріне қойылған қатаң талап, ақындықтың биік межесі болса, хәкім Абайдың бейнесін парасаттылық пен даналықтың символы ретінде қазақ әдебиетінде алғаш жырлаушылар – ақынның шәкірттері;

- Ізбасар ақындар Абайдың әдебиеттегі дәстүрін жалғастырушы ғана емес, дамытушы деңгейіне көтеріле алды. Абай шәкірттерінің шығармашылығында айтыс жанры өзіндік оқшау сипат алса, тарихи тақырыптар мен нәзирагөйлік үлгілер Абай дәстүрінің ізімен дамып, тың әдеби-көркемдік ізденістерімен құнды болды;

- Абай айналасы тек ақындармен шектелмей, халық арасынан шыққан түрлі өнердің иелері – күйші, ертегіші мен дойбышы, балуан мен құсбегі сияқты ынталы жастар бас қосқан өнер ортасына айналды.

Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдістемелік негіздері. Диссертацияда көтерілген мәселелердің ғылыми негізделуі мен шешімін табуында осы тақырыпқа қатысты тікелей еңбек жазған зерттеушілермен қоса М.Қаратаев, Ы.Дүйсенбаев, М.Базарбаев, Т.Нұртазин, З.Қабдолов,  С.Қирабаев, С.Қасқабасов, Р.Нұрғали, Ш.Елеукенов, Т.Кәкішұлы, Ғ.Есім, Т.Әлімқұлов, Р.Сыздықова, Ж.Дәдебаев, Ш.Ыбыраев, А.Еспенбетов, Б.Мамраев, М.Жармұхамедұлы, Б.Абылқасымұлы, Д.Ысқақұлы, С.Дәуітұлы, Б.Ыбырайым, Т.Қожакеев, Б.Майтанов, А.Ісімақова, Б.Омарұлы, Д.Қамзабекұлы, Қ.Мәдібай, Т.Шапай тағы басқа отандық ғалымдардың еңбектері зерттеу жұмысына әдістемелік бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды.   

Зерттеу нысаны. Абайдың әдеби ортасын айқындауда ақынның өзі алған нәрі, яғни аға буын әдебиет өкілдерімен рухани қарым-қатынасы, сондай-ақ, Абайдың өзгеге берген нәрі – ақын шәкірттерімен әдеби байланысы деген мәселелердің біртұтас жүйеде зерттелуі жұмыстың негізгі нысанын анықтап, әдеби ортаның шығармашылық құндылықтары сабақтастырыла қарастырылды.

         Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Диссертацияда абайтанудың аса көңіл бөлінбей келген бір саласы – Абайдың әдеби айналасына бүгінгі күн талабына сай, жаңаша көзқарастар тұрғысынан баға берілді. Абайдың  шын мәнінде классик ақын болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен алдыңғы буынның әдебиет өкілдерімен арақатынасы әдеби-теориялық тұрғыда зерделеніп, ақындық ортаның құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырылған әдеби мектеп ұғымы Абай таным-қарекетінің биік бір өлшемі ретінде ұсынылды.

Зерттеудің нәтижелері абайтану, мұхтартану, шәкәрімтану сияқты іргелі ғылымдарға қатысты енді жазылар еңбектерге, ХІХ ғасыр, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіне қатысты зерттеулерге, оқулықтар мен оқу құралдарына ой қоспақ. Сол сияқты Ш.Құдайбердіұлы, К.Жанатайұлы, Ә.Тәңірбергенұлы, Ә.Найманбайұлы, У.Шондыбайұлы, Абайдың ақын балалары және тағы басқа ақындар шығармашылығына қатысты ізденістерде, арнаулы кустар мен семинарларда пайдалануға болады.

         Зерттеудің әдісі. Зерттеуде жүйелі-кешенді, тарихи-салыстырмалы, тарихи-функционалдық әдіс түрлері қолданылды.

         Зерттеу жұмысының сарапталуы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұнын құрайтын мәселелер, ой-пікірлер «ХХІ ғасырдың әлеуметтік-экономикалық және мәдениет кеңістігіндегі қазіргі ғылым» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Семей, 2002), «Шәкәрім дәрістері». ІІІ–Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 2002), Әуезов оқулары: «Әуезовтің рухани және ғылыми мұрасы әлемдік мәдениет кеңістігінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Семей, 2004), «Мәдени мұра қазіргі ғылым контексінде» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Семей, 2005), «Қазақ әдебиетінің тарихы: методология және теория» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Астана, 2005), «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда (Семей, 2006), «Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың көкескесті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Семей, 2006), «Қазіргі әдебиеттану мен фольклористиканың теориялық және методологиялық мәселелері» атты екінші халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), «Жас ғалым – 2007» атты ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Тараз, 2007), «Воспитание читателя: теоретический и методический аспекты» деп аталатын Ресейдің Барнаул қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Барнаул, 2007), «Мүсілім Базарбаев және қазіргі әдебиеттану мен өнертану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007) және тағы басқа мәжіліс, семинарларда баяндама түрінде ұсынылды.

Сондай-ақ, зерттеудің негізгі нәтижелері шет елдердің ғылыми жинақтары мен журналдарында және отандық мерзімді басылымдарда, арнайы ғылыми еңбектерде жарияланды. Диссертация мазмұнын баяндайтын бірнеше зерттеу еңбектері, оқу құралы жарық көрді.

Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және жаңа дәуір мен Ежелгі әдебиет бөлімдерінің біріккен мәжілісінде, аталған институттың Ғылыми кеңесінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертацияның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, іштей тарауларға жіктелген төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ 

         Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу жұмысының нысаны мен дерек көздері, теориялық-тәжірибелік маңызы, жұмыстың сарапталуы мен құрылымы жөнінде негізгі мәліметтер берілген.

«Абайтану ғылымы және әдеби орта мәселесі» деген бірінші бөлім екі тараудан тұрады. «Тақырыптың зерттелу аясы» деген бірінші тарауда абайтану ғылымында кеңестік идеологияның қысымынан өз дәрежесінде зерттелмей келген Абайдың әдеби ортасы жайында айтылған ой, жазылған ғылыми пікірлер мен зерттеулерге шолу жасалып, бүгінгі көзқарастар тұрғысынан пайымдалды.

Абайтану мен Абайдың ортасы деген мәселелер тек бір-бірімен біте қайнасып жатқан дүниелер ғана емес, Абайды тану ең алдымен осы әдеби ортаның, нақтырақ айтсақ сол ортаны құрайтын әдеби топ – Абайдың ақын шәкірттерінің еншісінде. Ең алғаш Абай шығармаларын елге таратушы, жинап, кітап етіп бастырушы, ақын туралы құнды деректер беруші Абайдың айналасындағы көзі ашық ақындар мен өнерлі жастардың абайтану ғылымының іргетасын қалауға қосқан үлесі орасан.

Абай ортасы туралы ой түйіндерін ақын жайында айтылған алғашқы пікірлердің астарынан іздеген жөн. Абай айналасы туралы ой-пікір ұшқындарын Ә.Бөкейханов [7], М.Дулатұлы [8], А.Байтұрсынұлы [9], С.Ғаббасовтың [10] тағы басқа әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің мақалаларында көрініс тауып, бұл тақырып төңкерістен кейін кеңірек сөз бола бастады. 1918 жылы «Абайдың өмірі һәм қызметі» деген мақалада (мақала авторлары Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов) Абай дәстүрі, оның тікелей мұрагерлері турасында сөз болса, «Екеудің» «Абайдан соңғы ақындар» деген екінші мақаласы – шын мәнінде Абайдың дәстүрі, Абай мектебі тақырыбына арналған тырнақалды ғылыми дүние болуымен құнды [11]. Сыншы ғалым Д.Ысқақұлының сөзімен айтсақ: ««Абайда» жарияланған материалдардың ішінде «Абайдан соңғы ақындар» атты мақала ұстанған бағытының дұрыстығымен, көтерген мәселенің маңыздылығымен, айтқан пікірлерінің өміршеңдігімен ерекшеленеді» [12, 57-б.].

Ақын өлеңдерінің ішкі идеялық мәнін ден қоя зерттеп, оның заманымен қабыстыра талдау жүргізген татар зерттеушісі А.Сағди Абайдың өскен ортасы, оның ақынға әсері туралы 1923 жылы «Ақжолда» төмендегідей құнды ой айтады: «Абайдың һәм барлық қазақ халқының отырған орны, қонып жүрген шеті көрінбес кең шөлдер, меңіреу үнсіз далалар болғандығы белгілі. Абай, міне, сол заманда, сол елдің ішінде сондай тіршілік орындары, сондай табиғат орындары ортасында туған, сонда өскен, бар өмірін сонда жасап, сонда өлген бір кісі. Кісіге сол ел, сол тұрмыс қандай әсер, қандай ғибрат бере алса, Абай да сол бізге өзі арқылы өлеңдерімен соны береді. Сол тұрмыстан алған жүрек толқындарын шығарады» [13, 6-б.] ,- деген пікірінде ақынға өз ортасының, айналасының әсер-ықпалын баса көрсету бар.

Төңкерістен кейін Абай ортасы тақырыбының бір саласын құрайтын ақынның өзгеге берген нәрі, яғни, ұстаз – Абайдың қарекетін айқындайтын Абай мектебі деген тақырыпқа баса назар аударылып, бұл мәселе ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты еңбектерде бөлі

12345След.
скачать работу

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ