Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Африка

деудегі температура жыл он екі айдың көпшілігінде жоғары, бірақ жылдық айырмашылықтары экваторлық белдеуге қарағанда едәуір үлкен. Ең ыс­тық кез жауын-шашын маусымының басында, орташа температу­ра +30˚С-ден асқан кезде болады. Дегенмен ең салқын айлардың өзінде орташа температура + 20˚С-ден төмендемейді. 

    Барынша жаңа классификацияларда субэкваторлық климаттық белдеулер ажыратылмайды, ал субэкваторлық климатты жазы ылғалды, тропиктік ылғалды климат деп қарастырады.

    Африкадғы көптеген кеңістіктер, әсіресе солтүстік жарты шарда, аридтік тропиктік климатқа жатады.

    Солтүстік жарты шардағы ыстық та құрғақ тропиктік климат Сахараның көптеген бөлігіне тән. Жазда Солтүстік Африканың беті қатты қызады да oндa солтүстік-шығыс пассаты бет aлады, ол салыстырмалы ылғалы 15-30% ауа әкеледі. Қыста солтүстік Африканың үстінде антициклондық режим орнайды, демек, бүкіл жыл бойына Сахараға жауын-шашынның түсіуіне жағдай қолайсыз. Ауаның құрғақтығы және шамадан тыс аз бұлттылық өсімдіктің мүлдем дерлік жоқтығына қоса тәуліктік температураның күрт ауытқып тұруына әкеп соғады. Бұл облыстағы буланушылық шамамен нақты буланудан 20-25 есе асып түссді. 

    Оңтүстік жарты шардағы қуаң тропиктік климат Калахари қа­зан шұңқырына тән, дегенмен ондағы жауын-шашын мөлшері Сахараға қарағандабіршама көп, бұл Үнді мұхитынан соғатын оңтүстік – шығыс әсерімен байланысты.

 

ХАЛҚЫ

    Аф­рикада халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін біздер білеміз. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Африкада "Ақшаң жоқ болса – ­кедейлігің. Ал балаларың жоқ болса – сорың" дейді. Оның үстіне, континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, соңдықтaн мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзавияда ба­ла туу 1 мыңтұрғынға 50 нәрестеден асады, яғни ол Еуропадағыдан төрт-бес есе жоғары.

    Африка әлі де халықтың өлімі ең жоғары аймақ болыпотырғанымен, оныңхалқы өте тез өсуде және болжам бойынша 2000 ж. қарай ол 900 млн. адамға жетпек. Бұл балалар үлесінің өте жоғары болатынын, жұмысқа орна­ласу; білім беру, дeнcayлықсақтау проблемаларының одан әрі шиеленісетінін көрсетеді. Буған қоса, Африкадағы халықтың "сапасы" да ең төменгі дәрежеде, өйткені ересектердің жартысынан астамы сауатсыз, СПИД –пен ауыратындар да көбейіп барады.

    Аса ала-қулалығымен көзге түсетін Африка халқының этникалық  құрамына байланысты  бірқатар проблемалар бар. Этнограф– ­ғалымдар континенттен 300-500 этностыбөліп көрсетеді. Олардың кейбіреулері, әсіресе Солтүстік Африкада қазірдің өзінде іріұлттарға айналған, бірақ көпшілігі әлі де ұлыстар деңгейінде қалған; рулық-тайпалық құрылыстың қалдықтары сақталуда.

    Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық ерекшеліктерді ес­керместен жүргізілген отарлықшекараны мұра етіп алған. Оcының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағыңда қалып қойған. Мұның өзі осы уақытқа дейін этникааралықжанжалдар мен жер дауынтуғызып отыр, бұл кейде әскери қақтығыстарға (Африка Мүйісі) , "этни­калық босқындар" саныныңартуына ұласуда. Әлі күнге дейін Африка елдерінің көпшілігінің мемлекеттік (ресми) тілі бурынғы метрополиялардың тілі - ағылшын, француз, португал тілдері болуы да өткеннің мұрасы екені айқын.

    Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 км-ге 22 адам) шетелдік Еуропа мен Азиядағыға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы секілді, Африкада да халық өте әркелкі орналасқан. Сахарада адам мүлде қоныстанбаған дүние жүзіндегі ең үлкен территория бар. Ылғалды тропик ор­мандары зонасында да халық сирек орналасқан. Алайда халықтың айтар­лықтай шоғырланған жерлері де бар, бұл әсіресе жағалауға қатысты. Кейбір елдерде халықтың орналасуы тіпті өзгеше болыпкеледі. Египет осы айтылғанға жарқын мысал болады. Іс жүзінде оныңбүкіл халқы дерлік (55 млн. адам) Нілдің атырауы мен аңғарларында тұра­ды, ал бұл территория оның жалпы жер көлемінің не бары 4 %-ін   құрайды. Бұл осында 1км-ге 1300-1400 адамнан келетінін, ал шөлде - 1 адамға да жетпейтінін көpcедi. 

    Урбандалу деңгейі жөнінен Африка басқа аймақтан әлі де көп артта қалып отыр. Мұның қала халқының үлесіне де, үлкен қалалар мен "миллио­нер" қалалардыңсанына да (олардың барлығы 20) қатысы бар. Африкада қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Алайда мұндағы урбанда­лу қарқыны дүние жүзінде ең жoғары дәрежеде; кейбір қалалардыңхалқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде. Бірақ қалалық жарылыстың мұндай көрінісінің бірқатар теріс зардаптары да бар. Өйткені негізінен астаналық қалалар мен "экономикалық астаналар" өседі, оның өзінде күнкөріс қаржысы жоқ қыстақ тұрғыңдары шеткі лас аудандар қатарына ұдайы келіп қосылуынан өсіп отыр.

 

ШАРУАШЫЛЫҒЫ

  Тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін Африка елдері ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жұмсай бастады. Табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудың, аграрлық ре­форманы жүзеге асырудың, экономикалық жоспарлаудың, ұлт кадрларын дай­ындаудың ерекше зор маңызы болды. Осының нәтижесінде даму қарқыны жеделдеді. Шаруашылықтың салалық және территориялық құрылымы қайта құрыла бастады.

    Бұл жолда тау – кенөнеркәсібінде зор табыстарға қол жетті. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өңдіру жөнінен Африка ше­телдік дүниеде маңызды, кейде ерекше орын алады. Өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі дүниежүзілік рынокқа шығарылатындықтан, нақ өндіруші өнеркәсіп ең алдымен Африканың ха­лықаралық географиялық еңбек 6өлінісіндегі орнын айқындайды.

    Африканың дүниежүзілік шаруашылықтағы opнын айқындайтынэкономика­ның екінші саласы – тропиктік және  субтропиктік  егінші­лік. Оның да айқын байқалатын экспорттық бағыты бар.

    Бірақ, тұтас алғанда, Африка өзінің дамуында өте артта қалып ке­леді. Ол индустрияландырудеңгейі, аyылшaруашылықдақылдарыныңтүсімі жөнінен дүние жүзі аймақтарының ішiнде coңғы орын алады.

    Елдердің көпшілігінде әлі күнге дейін шаруашылықтыңсалалық құрылы­мыныңотарлық түрі сақталуда. Оныңайырым белгілері: 1) аз тауарлы, өнімділігі төмен ауыл шаруашылығының басым болуы, 2) өңдеyші өнеркәсіптің нашар дамуы, 3) көліктің өте артта қалуы, 4) өңдірістік емес саланың негізінен саудамен және қызмет көрсетумен шектелуі.

    Шаруашылықтың территориялық құрылымына өткен отарлықдәуірден сақталған жалпы артта қалушылық пен өте сәйкессіздік тән. Аймақтың эко­номикалық картасынан өнеркәсіп (негізінен астаналық аудандар) пен жоғары тауарлы ауыл шаруашылығының жекелеген ошақтары ғана көзге түседі.

    80-жылдары Африканың әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше на­шарлап, терең дағдарысқа ұласты. Даму қарқыны баяулады. Азық-түлік өндіру (жылдық өсімі 2 % шамасында) мен халықтың тұтынуы (3 % -ке өскен) арасындағы алшақтық артты; осының нәтижесінде астық импорты өсті. Оның үстіне, Африканы бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады, ол конти­нент елдерінің жартысынан астамын қамтып, тікелей 200 млн. адамды шар­пыды. Африка сондай-ақ Батыс елдеріне борышқорлық қыспағында қалды. Сондықтан оны барған сайын "апат континенті" деп атай бастады. 

    Африканың көптеген елдері экономикасының біржақты аграрлық–шикізаттық дамуы олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығыныңбасты себептерінің бірі болды. Көптеген елдерде бұл біржақтылық бір дақыл (монокультура) деңгейіне жетті. Бір дaқылөндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - бұл елдегі шаруашылықтың бір, әдетте, негізінен экспортқа арналған шикізаттық немесе азық-түлік тау­арын өндіруге бір жақты мамандануы.

    Бір дақыл дегеніміз - бұл табиғи ғана емес, сонымен бірге тарихи, әлеуметтік құбылыс. Ол Африка елдеріне отарлау кезеңінде-ақ таңылған бо­латын. Қазір де осындай бір жақты халықаралық маманданудың нәтижесінде ондаған елдердің бүкіл тіршілігі олар экспорттайтын бір-екі тауарға дуние–жүзілік сұранымға тәуелді болып қалуда. Бір дақылды елдер көп салалы эко­номика құруға тырысуда, бірақ әзірше бұл жолда аздаған елдер ғана табысқа жетті. 

    Оңтүстік Африкада тұңғыш алмасты 1869 ж. бақташы бала тапқан. Бір жылдан кейін осында Кимберли қаласының негізі қаланады да, кейін құpaмындa ал­мас кездесетін байырғы жыныс ким­берлит деп атала бастады. Кимберлиттегі алмастың мөлшері өте аз - 0,0000073%-тен аспайды, бұл әрбір 3 т кимберлитте 0,2 г немесе 1 карат. алмас бар деген сөз. Қазір алмас өңдірушілер қазған тереңдігі 400 м алып қазан­шұңқыр Кимберлидегі көрікті орыңдардың бірі.

    Амазонкаға қарағанда Конго өзені суды мұхитқа бес есе кем жеткізгенімен, оның су энергетика­лық қуаты едәуір жоғары. Бұл оның 32 сарқырама мен тік құздар кездесетін төменгі aғыcының 300 километрлік кесіндісінде өзеннің құламасы 275 м болатынына байла­нысты. Мұнда қуаты 80-90 млн. кВт су электр станциясын тұрғызуға болады, бұл шамамен АҚШ су электр станцияларының бүкіл қуатына тең келеді. Осы жер­де орасан зор бөгет пен Инга СЭС-інсалу жобасы бар.

 

ЖУАРЛАР ДҮНИЕСІ

  &nb

12345
скачать работу

Африка

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ