Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Африка

sp; Материктіңсолтүстік бөлігі Сахарамен бірге Голарктика зоо­географиялықоблысыныңЖерорта теңіздік кіші облысына, қалған бөлігі фаунасыныңерекше байлығымен ерекшеленетінЭфиоп облысына кіреді. Дегенмен материкте айқынзоогеографиялық шекаралар білінбейді және Африканыңжеке аудандарыныңфауналарындағыайырмашылығынегізінен қәзіргі ла ндшафтықайырмашылықтарға байланысты болады. Материктіңсолтүстік бөлігі­нің фаунасы көп жағдайда Оңтүстік Европа мен Батыс Азияныңфаунасына жақын келеді. Атластыңқуаңаудандары мен Сахараны суды көп қажет етпейтін немесе суды жәнетамақты ұланғайыр алыс жерлерден іздеп табатын жануарлар мекендейді. Бұлар-әр түрлі бөкендер: бубал, мендес және басқалар. Сондай-ақ солтүстік Африка бұғысы, мapaл, ал жыртқыштардан – жолақ қорқау, шие бөрі, шөл түлкісі фенек, жабайы мысық­тар мекендейді. Саваннаданшөлге арыстандар келеді. Атлас тауларында маимылдың Оңтүстік Испанияда да мекен­дейтін сол кішкентайтүрі (құйрықсыз мaнaн) тіршілік етеді. Кемірушілер көп (қоян­дар, қосаяқтар), жабайы кро­ликтер, жайранныңбip түрі кездеседі. Бауырыменжорғалаушылар, әсіресекесірткелер:шөл ешкіемері, геккондар, ті­кен  қүйрыққаптап жүреді. Бұл өңірге жыландардан құм әбжыланы, сұр жыланныңтүр­лері, Африка кобрасы тән.

    Өзен  жағасындағы қаулар мен өзендердекрокодил,тасбақа, улы ніл жыланымекендейді.

    CолтүстікАфриканыңшөлі мен шөлейтінафрика түйеқұсы, дуадақ,бозторғай, ал Атлас тауларын- тау құры, қара күшіген, қарақұс, акбас сип, қозықұмай (бұл кұстар оңтүстікЕпропада да кеңтараған) мекендейді. Өзендері менкөлдеріндеқоқи қаз, бірқазан, ләйлек, құтан тіршілік етеді. CолтүстікАфриканың сипатты кұсы - ақсары сандуғаш , олормандар менбақтарға, сондай-ақтауларда айтарлықтай биіктеұялайды.

    Жepгiліктi халыққа көкқасқa шегірткекөпзиянкелтіреді, олардыңжиі-жиі қаптап кетуіненСолтүстік Африка елдерініңауыл шаруашылығы зияншегеді. Қоңыздар, көбінесе ашықтүсті көбелсктер көп. Адамдарға бүйі, шаянүлкен қауіп туғызады.

    Эфиоп облысының фаунасы материк алабында барынша біркелкілігімен ерекшеленеді, тек мекендеген жер жағдайына қарай кeйбiр өзгешектері болады, ол кіші oблыстардың

бөлінуінен айқын аңғарылады. Мадагаскар фаунасының өзіндік ерекшелігі бірден көзге түседі.

    Жемшөп қоры орасан мол, саванналарда көптеген шөп қоректі жануарлар, әсіресе бөкендер көп, олардың 40-тан астам түрі бар. Қазірге дейін кебір жерлерде  ең  ірі бөкендер - гнулардың та­бындары кездеседі. Олар күлте жалды, сабау құйрықты келеді және мүйіздері төмен карай иіліп тұрады, сондай-ақ әдемі иір мүйізді куду бөкендері , канндар  және басқалар көп тараған. Тұрқы жарты метрден аз-ақ асатын ергежейлі бөкендер де бар.

    Африка саванналары мен шөлейттерінің көркі және құрып бі­туге aйнaлғaн жануары – жираф.Олардың ұзын мойын ағаштардың жапырақтары мен өскіндерін емін-еркін жұлып жеуіне мүмкіндік береді, ал жылдам жүгіруге бейімділігі - қуғыншылардан құтылудың бір­ден-бір ғана айласы.

    Көптеген аудандарда, әсіресе экватордан шығыста жәнеоңтүс­тікте саванналар мен далаларда африканыңжабайы жылқысы – зебрт.б. тараған. Оны әр түрлі бұйымдаржасауға пайдаланатын мықты,әрі сұлу терісі үшін аулайды. Кейбір жерлердеқoлғa үйретілген зебр жылқыорнына күш көлік ретінде жүреді, өйткені оларға цецешы6ыны ешқандайзиян келтіре алмайды.

    Кей жерлерде африка пілдері  сақталган. шынтуайтқа келгенде бұл жануарларды бағалы азуы үшін ғана жойып жіберген, ал көптеген aудaндаpда олар мүлде құрып кет­кен. Казіргі кезде бүкіл Африка жерінде пілдерді аулауға тыйым салынған, бірақ бұл тыйымды көбінесе шетелдік туристер – ­аңшылық экзотикасын жақсы көретіндер жиі бұзады. Қазір піл­дер адам аз тұратын таулы облыстарды мекендейді, әсіресе Эфиоп тау қыратында көптеп кездеседі. Пілдер бұдан басқа, Шығыс және Оңтүстік Африка қорықтарының тирриторияларында тірші­лік етеді.

    Кұрып бітуге айналған жануарлардың қатарына бір кездері материктің шығыс және оңтүстік бөліктерін мекендеген мүйіз­тұмсықтар жатады. Африка мүйізтұмсығы қос мүйізді болады және ол екі түрге - ақ пен қараға бөлінеді. Ақ мүйізтұмсық қазіргі осы тектестердің ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 4 м дейін жетеді. Бұл күнде олар тек қорықтарда ғана сақталған.

    Африканың әр түрлі бөліктеріндегі өзендep мен көлдердің жағаларын мекендейтін бегемоттар барынша кең тараған . Осы жануарларды, сондай-ақжабайы шошқалардыеті ментерісі үшін аулайды.

    Шөпқоректі жануарлар көптегенжыртқыштарға жем болып табылады. Африканыңсаванналарымен шөлейттерінде арыстан­дар мекендейді. Олар екі түрге - берберлік жәнесенегалдықболыпбөлінеді. Берберлік арыстандарэкватордан сол­түстіккеқapайғыаймақта, ал сeнегалдық, apыстандаp материктіңоңтүстік бөлігінмекендейді. Мұныңалғашқысы түгелдейдерлік құрыпбiткен.Арыстандар ашықжерлерді қалайды да ормандарға кіриейді деседе болады. Мұнда қорқау қасқыр, шиебөрі,қа­былан, гепард,қарақал, сервалкеңтараған.Виверра тұқымдары­ныңбірнешеөкілдері кездеседі.

    Tаулыжәнежазықөңірлердепавиантобына жататын май­мылдар көп. Олар нағызпавиандар, геладтар,мандриллалар.Жіңішкеденелі маймылдардан гверецыларбар.Олардыңкөптегентүрлері қоңырсалқынтау климатынабейімделген,алойпаттардыңжоға­ры темпеpaтypаcынкөтере алмайды.

    Кемірушілердің, тышқандар мен тиындардың бірнеше түрін атауға болады.

    Cаванналарда  құстар көп: Африка түйеқұсы, цесарка, турач, мaрaбy, ткач, өте қызық құс - секретарь, ол жыланмен қоректенеді. Су алқаптары маңында қызғыш, көкқұтан, бірқазан ұя салады.

    Мұнда бауырымен жорғалаушылар солтүстік шөлдеріндегіден аз емес; олаp көбінесе

сол ттыстар мен түрлерден тұрады. Әр түрлікесірткелер, жыландар, құрлықтасбақаларыкөп.Бұл өңip­ге хамелеонныңбірнеше түрі тән. Өзендерінде крокодил жүреді.

    Насекомдардың фаунасы бай және сан алуан. Олардың ішінде әсіресе ландшафта теpмиттep үлкен роль атқарады; олардың өзіндік өзгешеліктері бар биік жер үйлеpi савннада жиі кездесе­ді. Қиыр солтүстіктегідей мұнда да көк қасқа шегірткелер көп зиян кетіреді. Цеце шыбыны қауіптi, ол адамда ұйқы ауруын және малда нагана ауруын қоздыратын трипаносом паразиттерін таратады. Сондықтан да Африканың кейбір облыстарында (негі­зінен батысында) ірі қара мен жылқы өсіру мүмкіншілігі жоқ.

    Ылғалды тропиктік ормандардың Африканың ашық кеңістік­теріндегідей бай болмағанымен өзінше ерекше фауналары бар. Ормандарда қоректілер анағұрлым аз, демек  онда жыртқыш­тар да көп емес. Opман тұяқтыларының ішінен мұнда жираф туыстас окапи мекендейді. Бұл жануар өте қорқақ әpi сақ, ол ормандардың қалың нуларында тығылып күн көреді. Сндай-ақ орман бөкені, қабан, буйвол, бегемот бар. Жыртқыштардан жабайы мысық, қабылан, шие бөрі , және виверралар кездеседі.

    Кемірушілерден шашау құйрық жайра мен тікен құйрық ұшар кең тараған.

    Oрмандардағы  маймылдар сан аалуан, әpi олардың көбі ағашта жүріп күнелтеді. Мартышка, павиан, мандриллалар көп-ақ. 10с.е. пен 10о.е. арасындағы Африка қазіргі кездегі адам тәрізді маймылдардың екі туысының - шимпанзе  мен горилалардың  мекені болып табылады. Олардыңәркайсысыныңекі-үш түрі кездеседі.

    Батыс рифті зонасыныңтауларында сирек кездесетін жәнеаз зсрттелген тау горилалары тұрады.

    Материктіңормандары фаунасыныңқұрамында сондай-ақлемурдыңекі түрі бар.

    Ормандардыңорнитофауналарыныңсипаттыөкілдері - тоты­ныңбірнешетүрі, банан жегіштер, әдемi қауырсындыжәне ашықтүсті орман сасықкөкектері, құртқандайнектарналар, африка тотысытағы басқалар.

    Кесірткелер мен жыландаркөп, өзендерде талпақтұмсық, крокодилдер мекендейді. Қос мекенділердіңішінде әсipecебaқaлардыңтүрі сан алyaн.

    Оңтүстік Африканыңшөл жәнешөлейткеңістіктері оныңішін­деСолтүстік Африка шөлдері дефаунажағына келгенде, материк­тiңбасқа бөліктерінеқарағанда анағұрлымкедей. Тұяқтылардан онда кафр буйволы , зебраныңбір түрі (квагта), бөкенніңкейбір түрлері мекендейді. Жыртқыштардан ол жергекама түлкісі, дала бөрісі, вивераныңбірнешетүрлеpi тән. Арыс­тандар түгелімен құрыпбіткен десе де болады. Кеміргіштер мен насеком қоректілер, кейбір эндемиктүрлері, соңғылардыңішінде әсіресесарғыш көртышқанқызықты.

    Мадагаскар фаунасында эндемикформалары көп, Африкада жы­ландар сиақты жануарлар тобы мүлдежоқөзінше бір ерекше дү­ние. Мадагаскарға лемурлар тән, оныңмұнда көптегентуыстары ментүрлері кездеседі және oлap бүкіл аралға кеңтараған, өйткені жергілікті халықоларғатимейді, ал кeйбipeулepiнқолғa үйре­теді. Жыртқыштардан тек вивера бар. Насеком қоректілер, олар­дың ішінде эндемиктенректер көп.

12345
скачать работу

Африка

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ