Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақжан Әл-Машани

бабамызға арналған “Әл-Фараби мұрасын зерттеу туралы”, “Шығыстың Аристотелі”, “Әл-Фараби еңбектерін қазақ тіліне аудару туралы”, “Әл-Фараби”, “Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары”, “Әл-Фараби және Абай” сияқты көптеген кітаптары жарық көрді.

 

Әл-Фараби мұраларына арнап осындай еңбек жазып жүрген және 1978 жылы Әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізуге көшбасшы болған Ақаң әлем оқымыстыларын өзіне тәнті етті. Жетпісінші-сексенінші жылдары Әл-Машани қаққан дабылдан кейін Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесінде, Отырар, Арыстанбаб тарихи қорымына мемлекет тарапынан көңіл аударыла бастады. 1985 жылы ғалымның өзі Түркістанға барып, Отырар мұражайының ашылуына атсалысты. Ол Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі Әл-Фараби мұрасын зерттеушілердің алғашқы ғылыми кеңесшісі болды.

 

Абай атамыздың 150 жылдық тойы тұсында жазылған “Әл-Фараби және Абай” атты кітабы өзінің мән-мағынасымен, ойшылдық, талдау болжамдарымен аса құнды, халқымыздың мың жылдық мәдени тарихының үндестігін зерделеген еңбек. Ақжан Жақсыбекұлы Абай дүниетанымын, ғылымның бастауы орта ғасырлық, араб, шығыс елдерінде жатқандығын, оның көш бастаушысы ұлы бабамыз Әл-Фараби болғандығын, сөйтіп екі дананың арасын жалғастырар ғылымның даңғыл жолын баяндаған, сонау мың жылдан астам уақыт өткен Әл-Фарабиден кейін, оған ой өрісі жақын. Парасаты кең, ойшыл Абай екенін дәлелдеген.

 

2001 жылдың 12 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен халықаралық деңгейде Әл-Фарабидің 1130 жылдығы аталып өтті. Әкім бекіткен арнайы сыйлық және Әбу Насыр Әл-Фараби атындағы сыйлықтың №1 куәлігі артына мол мирас, өшпес іс қалдырған Әл-Машаниға берілді.

 

Әл-Машанидің ғылымға қосқан зор үлесін және ғылыми педагогикалық қызметін жұртшылық пен Үкімет жоғары бағалады. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдар және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы жараты­лыстану гуманитарлық институтына Ақжан Әл-Машани есімі берілген.

 

Әл-Машани барлық ғылымдардың басын біріктіруші – ислам дініне, мұсылманшы­лыққа, ислам философиясына ден қойған ойшыл ғалым. Ол ғылым мен ислам діні байланысының сырын ашқан, “екеуін бірінен-бірін айыруға болмайтынын”дәлелдеп кеткен.

 

“Алдаспан” тәуелсіз журналының бас редакторы Қазтай Әбіш тоқсан бір жастағы Әл-Машаниден (қайтыс боларынан бір ай бұрын) сұхбат алған болатын. Сонда журналист соңыңыздан ерген інілеріңізге, шәкірт балаларыңызға өсиет етер амана­тыңыз қандай – деп сауал қойғанда, Ақаң былай деген болатын: “Кісіліктің өлшемі – білімділік. Қазақ жастары тек білімге ұмтылулары керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтқасын ұстау үшін де білімді болуы керек. Ал бар ғылымның тоғысар арнасы, зәулім шырқау шыңы – қасиетті Құран кітабын оқуды аманат етемін. Ислам діні – ең таза, ғылымға негізделген. Исламның бір үлкен парызы – ғылым. Ата-бабалары­мыз қастерлеген сол дінді қадірлеп, имандылыққа бет бұрған ұрпақтарымның ертеңгі өмірі арайлы болатынына сенемін”.

 

Бұл айтылғандардың барлығы Ақаңның “Исламның ғылыми негіздері” атты қолжазбасында баяндалған.

 

Міне, осындай артында өшпес мирас қалдырған ойшыл – ғалым Әл-Машаниден алар тағылым мол.

 

 

Авторы: М.НҰРПЕЙІСОВА, техника ғылымдарының докторы, профессор. Б.ТӨЛЕУОВ, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.

 

***

 

Қазақ халқының ұлы ғалымдарының бірі Ақжан Машановтың туғанына биыл – 100 жыл. Республиканың ғылыми жұртшылығы бұл шараны кең ұйымдастырып өткізуде. Алда оны ЮНЕСКО-де атау күтіп тұр. Ұлы ғалымның еңбегі, азаматтығы, ұстаздығы, басқа да қырлары жайлы жазылып жатқан мақалалар да аз емес. Соларға қосымша мен оның ұстаздығы жайлы сөз айтуды парыз санаймын.

 

Ақаң – менің ұстазым еді. Елуінші жылдары негізгі қызметін тау-кен (кейін политехникалық институт болған) институтында атқаратын ол КазПИ-ге келіп, география факультетінде геологиядан сабақ берді. Бізге де уақытын көп бөліп, лекциясын өз институтының бағдарламасымен жүргізді. Менің сол кездегі алған геология туралы білімім, геологияның толып жатқан салаларымен таныстырып, сол салалар бойынша сол кісімен бірге жүріп, экспедицияға шыққаным менің геология ғылымына деген құштарлығымды оятып, Жердің қалыптасу заңдылығын білуіме үлкен жол ашты. Ақаң экспедиция кезінде Е.Д.Шлыгинмен таныстырды, ол кісі де геологияның үлкен ұстазының бірі еді ғой. Н.Г.Кассиннің еңбектерін оқытты. Георгий Цареевич Медоев бізге “Табиғи динамика” дейтін пәннен сабақ берді. Олардың оқыған лекцияларын біз аузымыз ашылып, соншалықты бір қызығушылықпен тыңдаушы едік. Әсіресе, Ақаң жер астының ғажайып сырын фантастикалық романдай түсіндіретін. Содан мен геологияны жақсы оқып шықтым. Институтты бітіріп, аспирантурада оқып жүрген бір кезімде Ақаң кездесіп қалып: “Ей қыз, сен қолың бос болса, бізге келіп практикалық сабақ өткізші, менің уақытым жетпей жүр”, – деді. Ұстазымның сөзін жерге тастамай, политехникалық институтқа келіп, аз уақыт Медоев пен Ақаңның практикалық сабағын жүргізгенім бар. Ол кезде қазақша дәріс оқу деген ұғым жоқ, бәрі орысша. Ақаңа айтам: “Біз ауылдан келдік, біздің “произношенияларымыз” келмей жатады ғой” десем, “Жоқ, сен анау практикумды жаттап ал, содан кейін мен өзім тексеремін”, – дейді.

 

Мұның бәрі болашаққа, жастарға деген сенім екен ғой. Білімге сусап жүрген жастарды бауырына тартып, үлкен ғұлама ғалымның оларға ұсынған тәрбиесі екен. Менің бүкіл ғылыми жұмысыма ақыл берген, жеке мақалаларымды оқып баспаға ұсынған да Ақаң. Айтқаным Дауленова  деген менімен  бірге оқыған дос қызым болды, Қазақстанда бірінші рет физикалық географияны оқытудың методикасы жайлы диссертация қорғады. Соның ғылыми жетекшісі де Ақаң еді.

 

“Кристаллография” дейтін пәннен де бізге алғашқы мәлімет берген Ақаң. Ол бүкіл геохимияның, физиканың, қазіргі кен орындарынан алынатын қазба байлықтардың негізгі физикалық құрылымын түсіндіретін пән. Ақаң бізге осылар жайында әңгі­меледі. Қазіргі педагогикалық институттарда мұндай пәндердің аты да аталмайды. Сол кезде Ақаң ғылым салаларын жеке-жеке бермей, ғылым табиғатының тұтастығын сақтап, бірімен-бірін ұштастырып, өзі туралы кейін деректі фильмде көрсетілгендей, кубиктің әрбір қырында қандай мағына барлығын математикалық жолмен түсіндіретін. Ақаңмен замандас, саяси көзқарасының салдарынан Алматыға жер ауып келген, атақты астроном, қазіргі Астрофизика институтының негізін салуға еңбек сіңірген Бухман деген астроном болды. Сол екеуінің бізге берген білімі күні бүгінге дейін бойымызда ғылымның негізгі жүйесін салып берді деп түсінем. Ақаң үзіліс кезінде шықпайды, отырады, қасына барып жаңағы ертегідей қызықтап айтқан әңгімелерін тыңдағымыз келеді. Тағы бір айтатын нәрсе – қарапайым адамдар алтынның, күмістің, платинаның, уранның қайдан шыққанын білмейді ғой, жер қойнауына біреу салып кеткендей, ана жерде анау бар, мына жерде мынау бар дейді. Солардың қалыптасу заңдылығын Ақаң бізге тақтаға сызып тұрып түсіндіретін. Менің Ақаң оқыған лекциялардан жасаған конспектім осы уақытқа дейін бар. Ақаңдай ұстаз болу, білім, ғылымды балалардың басына құйып беретіндей етіп Ақаңдай ұғындыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өзіміз де ұстазбыз ғой, “45 минут” уақыт ішінде әрлі-берлі сөйлеп, шамамыз келсе, қолтығымызға папкамызды қысып, шығып кетуге тырысамыз. Ақаң балалардың біл­мегенін білдіруге ұмтылатын. Ғылымға құштарлықты оята білетін. Әлем кеңістігінде ғарышқа ұшу, я болмаса атмосфера қабаттарының құрамын білу ол кезде біз үшін жұмбақ дүние болатын. Соның қандай екенін Бухман екеуі үйретті. Бухманның астрономиялық лабораториясы бар. Біз соған үйіліп-төгіліп барып, аспан әлемін көріп қызықтаймыз. Күн системасындағы планеталарды қараймыз. Маған ұстаз ретінде, менің болашағыма, жалпы соғыстан кейінгі ұрпақты үйретуде Ақаңның сіңірген еңбегі өте зор. Кейде қанша білімдар болсаң да, уақыт талабынан аса алмайтын, істегеніңнің барлығын ортақ ойлы етіп көрсеткің келетін уақыттар бола­ды. Өзінің біліміне тиянақты, сөзіне тұрақты, құбылысты қазақтың ұлттық дәстүрімен, кең жазира даласының тарихымен байланыстыра түсіндіретін Ақаңдай бірде-бір адам жоқ.

 

Ақаң жайында, ұстаз ретінде айтқанда, жастарымызды тәрбиелеуде ұстамдылық, шыдамдылық танытып, білмегенін білдіруге тырысатын ұстаздардың болғаны маған соншалықты ой қалдырады. Кейде біле қоймаған жастарға зекіп жатамыз, болмаса ептеп түсімізді суыта қоямыз. Ақаң қашанда бірқалыпты баяу, істеген ісіне қанық. Аспирантурада оқып жүргенімде Ақаң мені Мәскеуге академик А.А.Григорьевке жіберді, “Сен қызым, ерінбей, отбасыңды қоя тұрып, Мәскеуге барып, сол кісімен ақылдасып, тақырыбыңды белгілеп келші”, – деді. Сөйтіп, Мәскеудегі үлкен ғалымдармен танысуыма, араласуыма да Ақаңның үлкен септігі тиді. Мәскеудегі Ақаңның достарының бірі А.Л.Яншин деген үлкен ғалым-геолог болды. Ол кісімен кездесіп, сөйлескенімде ол Ақаңның жайын сұрап, сәлем айтатын. Қазақстан табиғатының жұтаңдау мәселелерін қозғайтын. Ол ғалым Қазақстанды зерттеген, біздің атақты геологтармен байланысты, соның ішінде А.Абдуллинмен жиі пікірлеседі екен. Ғылыми нәтижелерінің қорытынды еңбегінің ішінде Арал экологиясына үлкен орын берілген.

 

Жақында ғана Ресей Шоқанның 170 жылдығын атап өтті. Мен барып, сол шараларға қатысып қайттым. Ақаң – қазақтың Шоқаннан кейінгі жердің тарихына, қа

12345След.
скачать работу

Ақжан Әл-Машани

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ