Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақжан Әл-Машани

нен осы заманғы күрделі де іргелі, нақтылы жаратылыстану ғылымдарының кешегі тарихы мен бүгінгі қым-қиғаш, табанда адам ойына кіріп болмайтын, “бас айналатындай” жаңалықтарынан мол мәлімет талап ететін объект. Амал не, мұндай “ғылыми капитал” журналист-зерттеушілеріміздің бәрінің бірдей бойынан табыла бермейді.

 

... Дегенмен, өткен ғасырдың бас шенінде қазақтың озық ойлы қаламгерлері осы ғылыми публицистикаға “нар тәуекел” жасағанын білеміз. Аталмыш саланың алғаш “шылбырын ұстаған” Сұлтанмахмұт Торайғыров дер едік. Оның жыр тілімен зергер­леген “Адасқан өмір” дастанындағы ІІ бөлімнің “Сыр тапсам дүниеден ашылмаған...” деп басталатын соңғы екі тарауы тұнған ғылыми (кей тұстары фантастикалық) публицистика екенін айту керек. Алайда, классик ақын үшін осы жанрдағы шыққан ең биік Алатауы “Социализм” ғылыми-публицистикалық эссесі.

 

...Тарихшы, әдебиетші, лингвист әмбебап Х.Досмұхамедұлының ғылыми публицистика әлеміне сіңірген еңбегі – бір төбе. Осы пікірге көз жеткізу үшін оның медицина, гигиена, биология, табиғаттану тақырыптарына арналған ғылыми-танымдық публицистикасына тыңғылықты зер салса жетіп жатыр.

 

... Профессор Т. Кәкішевтің: “Саттар Ерубаев қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерге немқұрайлы қарамай, өзін толқытқан ойды, орынды пікірді көркем тілмен шебер суреттеп берген публицист болды. Публицистика оның басқа да шығармаларына тән қасиет еді. Саттар журналистиканың ірілі-уақты жанрының бәрінде де қалам тартты” дегені біздің есімізде. Сол дарынның “Менің құрдастарым” романынан  да, “Келесі соғыс туралы” фантастикалық новелласынан да ғылыми публицистиканың көптеген желілерін таба алар едік.

 

... Ал “Абай жолының” авторы өткен ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ арасына ғылыми идеяларды неғұрлым ұғымды әдіспен тарату турасында отыз шақты мақалалар жазған. Семей оқытушылар семинариясында өзімен бірге парталас Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп жазған тұңғыш “Қазақтың өзгеше мінездері” деп аталатын қаламалды мақаласынан бастап, М.Әуэзов ғылыми публицистика проблемасына қайта айналып соға бергенін байқаймыз. “Осы күнгі біздің көп мұхтажымыздың ішінде ең ірісі – ғылым...” Ғылым тіліне қазақ сөзі жетпейтіні, жететін болған күнде де, аршылып арналмағаны анық. Қандай тілге бай жұрт болсын, ғылым жолына түсе бастағанда, тілі кемшілік қылып, не түрлі болып аламыштанатынын” сынаған. “Ғылым анайы топырақты білмейді, еркін, отансыз, анасыз зат” деп есептеген болашақ классиктің өзі “Философия жайынан” және “Япо­ния” деген ғылыми-публицистикалық эсселер жазған еді.

 

Қазақ ғылыми публицистикасының осы нарқасқаларының туындыларымен таныс болды ма, жоқ па – оны біз біле бермейміз, алайда, өзінің шығармашылық шабытының арқасы ма, Қазақ Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ақжан Машанов ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми-публицистика әлемінің босағасын “Жер астына саяхат” кітабымен аттады. Автор оның жанрын “Ғылыми-фантастикалық әңгімелер” деп белгілегенмен, оны құнттап, зерттей оқып шыққан адам оның басым бөлігі геологияның, Жер мен космостың ара қатынасын, халық ауыз әдебиетіндегі кейбір сюжеттердің аспан денелерімен байланыстылығын қызықты хикаядай шежірелейтін ғылыми публицистика сарынымен жазылғанын ажырата алар еді.

 

Ертеректе, нақтылап айтқанда, 1996 жылдың 26 шілдесінде “Заман-Қазақстан” газетінің тілшісіне берген интервьюін Ақжан Машанов: “Бұл адамды мен зерттеймін, осы жолға түсем” деген берік байламға келдім де, Қаныш марқұмның алдына кірдім ғой. Мені білетін, жақсы көретін. Тауда, экспедицияда талай бірге жүргенбіз. “Қаныш аға, – дедім, – әл-Фараби сияқтанған дүние жүзі білетін ғалым­ды біздің білмей отырғанымыз масқара, намыс емес пе?! Мен осы кісіні іздеймін...” – деген сөйлемдермен бастаған екен.

 

Содан бергі А. Машановтың ғылыми-шығармашылық бір мұраты “Екінші ұстаздың” орнында қалған қыруар баға жетпес мұрасын зерттеу, саралау, қалың оқырманға қаймағын бұзбай жеткізу болды. Сол ерен еңбегінің алғашқы жемісі – “Әл-Фараби” тарихи-деректі кітап.

 

Сол кездегі Ғылым академиясының президенті, академик Ш. Есенов кітапқа алғысөз жазған. Онда: “Бүгінгі таңда Қазақстанда Фарабидің “қайта тууына” көп қайрат жұмсап жүрген еңбеккер ғалым Ақжан Машанов өзінің көп жылдық еңбегінің жемісі ретінде осы “Әл-Фараби” атты кітабын ұсынып отыр... Оқушыны өзіне қызықтырарлық тартымды әңгіме-аңыз, ғылыми дерек, батыл гипотезалар кездеседі. Соның бәрі қосылып келіп әл-Фараби туралы түсінікті молайта түседі. Халықтық ілім-білімді кең қамтыған, берерлік мағлұматы мол, көп нәрселерге жаңаша қарауға шақыратын, қиялды қозғайтын қызғылықты туынды”, – деп, жоғары баға берген.

 

Кітаптың басты тұғыр-пікірлерінің бірі: “Ғылым болсын, дін болсын, саясат болсын – бәрі де адамның өміріне байланысты туған нәрселер ғой. Адам білгенді адам неге білмесін. Олай болғанда, осылардың бәрін де қалдырмай білу керек. Білгенде, олардың бір ғана үзіндісі емес, бастан-аяқ тегіс адақтау керек”, – деген қағида. Осы қағидатты ұстанған шығарманың бас қаһарманы өзінің алдында өткен геометр, астроном, оптик, метеоролог, медик, психолог, сазгер Әбу Юсиф ибн Исхақ әл-Киндидің жаңалықтарын публицистік жалынмен қорғай білді. Ал “ғалымдар арасындағы талас-тартыстар, дау-жанжалдар кейде бір болымсыз, мағынасы аз нәрседен бойын аулақ салды.

 

Автор тек қана Фараби келбетін төңіректеп қалмайды. Сонымен қоса, қабат асыл тастарды жіктеп, саралау, әр алуан “сиқырлы” сандардың құпиясын ашу, адамның мәдени қадамының әліппесі мен санның қарым-қатынасын ажырату, жыл қайыру аңыздарын баяндау, Нысан абыз хақындағы әфсаналар мен әлемнің жеті ғажабын сипаттау тағы да қыруар құпияларды ақиқат публицистік арынмен өрнектейді.

 

А.Машановтың ендігі бір оқшау дүниесі – “Табу” хикаяты. Автор тек өзіне тән “шығармашылық елгезектігімен” оқырмандарын жер беті, планетаның төменгі қыртыстары былай тұрсын, космосқа “алып кетеді”. Ол Қорқыт атамен “кездестіреді”. Тағы да айналып-үйіріліп Фараби феноменіне соға береді.  Мұның бәрін кітаптағы бас кейіпкер – Маңғаз ұстаз: “Менің айтар сөзім... жаттанды, жасанды, жалған сөз емес. Иесі жоқ жетім сөз емес... Сөздің асыл тегі оның терең тарихында. Ғылымның да шыққан көзі сонда. Білім бұлағының бастауы – ана тілің... Ғылымның, білімнің, өнердің, өмірдің басы осында”, – деген дәйектемеге тірейді. Мұндағы “ғылым” да, “тіл” де ғылыми публицистиканың жұлын тұтасы екенін зерделі жан білсе керек.

 

Астрономиялық аңыздар, олардың ертегілермен кіндіктес екендігінің фан­тастикалық дәйектерін А.Машановтың Ж.Машановамен “тізерлесіп жазған” “Ғажайып от ошағында” деген ғылыми-публицистік кітабынан табар едік. Бұл кітапта қазақ халық ауызекі әдебиеті және де басқа  шығармалардағы аспан хақындағы болжамдар, даналық есептер, археологиялық қазбалардан табылған ежелгі дүниелер, халықтардың космологиялық ұғым-танымдарының шығу, даму хикаялары, Орталық Азия мен Қазақстанның, тіпті, күллі Шығыс аймағындағы мәдени мирастар “Екінші ұстаздың” зерттеулерінің дәйектемелерін негізге ала әңгімеленеді. Бұлардан да А.Машановқа тән сол баяғы ғылыми-публицистикалық мәнер мен екпін айқын байқалады.

 

Ғалымның көзі тірісінде жарық көрген соңғы дүниесі “Ай арысы” – Ғылым жаңалықтары” кітабы. Мұнда, негізінде, коммунистік атеизм қаншама жылдар бұғау салып келген алхимия, астрология секілді ғылым салалары жөніндегі оңды көзқарастар қайта жаңғырылды. Автор: “Әл-Фараби алхимия негізін бүкіл ғаламның жаратылуымен, оның әрі қарай дамуымен байланысты өте кең мағынада қараған. Ал бұл ғылым тар ішті, өзімшіл, күншіл, надан адамдардың қолына түссе, олар оны сол адам ниетіне бейімдеп алады. Қысқасын айтқанда, Әл-Фараби шындық іздеген ғалымдар үшін алхимия ғаламның сырын шешетін, сол арқылы ғаламның Жаратушы Иесін тану, соның жолымен жүру үшін, алхимия – өзін-өзі мадақтау құралы”, – деп жазған. Осы алхимия – біздің журналистика үшін тың тақырып.

 

Жоғарыда шолу-пікір білдірген кітаптардан да басқа, әр кезде газет-журналдарда жарияланған “Әл-Фараби, Кеплер, Галилей және Ислам”, “Әл-Фарабидің Нұрнамасы” тәріздес жарияланған қыруар мақалалары да ғылыми публицистиканың негізгі миссиясын айқындай түсері хақ.

 

А.Машановтың ғылыми-публицистік шығармашылығын зерттеу шарасын әлі қолға алып мандытпағанымыз белгілі. Мұны қарастыру – күн тәртібінде тұрған мәселе. Өйткені, оқымыстының көп томдық шығармалар жинағын шығару қолға алынды. Ол Ақпарат және мұрағат комитетінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Арнаулы редакторы және құрастырушы – проф. Ш. Әбдіраман, ат­қарушы редактор – Г. Садықованың қолдарынан бүгінгі таңда 4 томы жарық көріп үлгерді. Оларға  “Әл-Фараби” романы, “Әл-Фараби және Абай”, “Жер құрылысы”, “Қазақстанның тас-қола дәуірі мирастары”, “Тасқа түйілген тарих” секілді уникум-туындылар енген. Оларды кешенді түрде, егжей-тегжейлі зерттеу шаруасы әдебиеттану мен ғылымтану салаларына серт деп білеміз.

 

Замандас ғұлама ұстазымыз: “Ұлы философ Гегельдің: “Апыр-ау! Фарабидің ас­қазаны қандай мықты! Оның қ

12345След.
скачать работу

Ақжан Әл-Машани

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ