Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақжан Әл-Машани

зақтың табиғатының сырына кең көзбен қарай білген ұлы геолог ғалымы.

 

Аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін Ақаңмен көршілес болуды тағдыр жазды. Бірде маған кездесіп қалып, “Ей, қызым, осы Сирияға барсақ қайтеді. Сен ана күйеуіңді үгіттесеңші, Сирияға бір сапар жасап қайтайық” – деді. “Жарайды, қашан”? “Мен ұйымдастырайын”. Содан қазіргі үлкен мемлекет қайраткері, белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев бар, барлығы 15 шақты адам болып, біз Сирияға жол тарттық. Ақаң қазақша да, орысша да әдемі сөйлейді. Қып­шақ, араб тілдеріне жетіктігін сол Шам шаһарында ғана білдік. Осы жолы ол әл-Фарабидің зиратын іздеп тапты. Ақаңның айтуы бойынша, Шам шаһарын айналдыра салған қорғанның кіші қақпа, үлкен қақпа деп аталатын қақпалары болған екен. Әл-Фараби кіші қақпада алдындағы қорымда жерленіпті. Бұл мәліметтерді жергілікті адамдарға Ақаңның өзі айтып, ақыры қорымды тапты. Зират­ты аралап, үлкен арабист ғалымды көмекке алып, Ақаң зиратты бірінші болып ашты. Біз куә болдық. Басына белгі қойып қайттық.

 

Сол күні арабтар қонақасы үстінде біздің тегімізді сұрастырды. “Әл-Фараби – қыпшақ қой, оған қандай қатыстарың бар?”, – деп сұрады. Ақаң оларға қыпшақтар туралы, олардың бізбен байланысы жөнінде айтты. Кеңес өкіметінің кезі еді, қиын уақыт қой, әрқайсымыздың соңымызда тыңшыларымыз бар, бірақ сонда да Ақаң банкетте қыпшақтың тарихы жайлы 10 минөттей сөйледі. Сонда Шам шаһарының бір үлкен ғұламасы: “Сіздердің екінші қыпшақтарыңыз бар бізде, мүмкіншіліктеріңіз болса алып барамыз”, – деді. Ол Бейбарыс сұлтан еді. Ақаң бізге айтпай жүріп, әл-Фарабимен қатар Бейбарысты да іздеген екен. Біз Арабия шөлін аралап өтіп, “Краке-де-Шевелье” деген сонау көне дәуірден күні бүгінге дейін архитектуралық ансамблі жақсы сақталған зәулім сарайда болдық. Таудың басына салынған зәулім сарай алыстан қарлығаштың ұясындай көрінеді. Бір жағы – Жерорта теңізі, бір жағы Арабия шөлі, еш жағынан жау көрінбей келіп басып алатын емес. Зәулім сарайды кезінде крест жорықшылары салған екен. Соны Бейбарыс сұлтан ғана алыпты. Маңдайшасында оның аты алтынмен жазылыпты. Бұл да біздің абыройымызды көтеріп тастады. Сол сапарда біз 12 күндей болдық. Сириядағы Кеңес Одағының елшісі Н.Мухитдинов еді. Ақаң оған келгенде жолыққан. Қайтарда Мухитдиновқа қайтып барып, бірқатар жазбалар алды. Әл-Фарабиді біз батыс елдерінің аудармасы арқылы алып оқып жүрміз ғой. Ақаң әл-Фарабидің еңбегін араб тілінде, парсы тіліндегі жазбалары арқылы таныған еді.

 

Ғұлама, үлкен ғалым болу – біреудің әкеліп бере салатын дайын асы емес. Оған ізденумен бірге, қанымен келген дарын керек. Ақаң туған Қарқаралы маңы – үлкен білім ошағы, ағартушылық, демократиялық идеяның тараған жері. ХХ ғасырдың басындағы орыс шаруаларының көшіп келуі, қазақ жерлерінің отарлануы да осы жерден басталған. Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық ойлары осы жердің топырағында өнген. Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулатовтың азаттық туралы ойлары, 1905 жылы революциялық қозғалысқа қатысуы осында өткен. Әлімхан Ермеков осы жерде педтехникум ашқан. Ақаң – солардың жалғасы еді. Ол да оқуын Қарқаралы техникумында бастап, Семейде, Алматыда жалғастырған. Ақаңның атасы Машан би кезінде Арқадағы атақты адамдардың бірі болыпты. Қазыбек би Машан өлгенде: “Машан, Машандай ұл туғанша қашан” деп айтыпты дейтін әңгіме бар. Бұл да Ақаңның аруақты ортадан шыққанының белгісі.

 

Ақаң намаз оқиды, дінге берілді, Ақаң өйтіп кетті, бүйтіп кетті деген әңгімелер де кезінде көп болды ғой. Бірақ үлкен тұлға, ғалым есебінде Ақаң өз сенімін, ар-ұжданының қалағанын істеді. Өмірі қиын жағдайда өтті. Қуғынды да, шетқақпай жасауды да аз көрген жоқ. Қазір 15 жастағы бала астына “джип” мініп, қолына долларын ұстап, ел менікі, жер менікі дейді, ал Ақаңдар ұйықтаса ұйқысы қанбаған, ішер тамағы болмаған, қазақтың кең жазиралы құмдауыт даласын зерттеумен өмірін өткізіп, білім мен дінді ұштастыра отырып, қазақтың ұлағатты ойын дамытқан данышпан ғалым болды. Әрқашанда ғылым бар жерде білім бар, білім бар жерде тәрбие бар, тәрбие бар жерде азаматтық бар.

 

Азаматтыққа не жатады? Азаматтық деген елінің қамын ойлаумен келеді. Ақаңның бір өзі үшін өз білгені өзіне жетер еді. Бірақ Ақаң еліне, жұртына, кейінгі ұрпаққа үлкен азық боларлық жаңа ғылымның, тың білімнің негізін салып кетті. Мен қайда жүрсем де, Ақаңа бас июмен жүремін.

 

Біз әлі әрбір қазақ өзінің ана тілінде ойын жеткізіп сөйлейтін дәрежеге жеткен жоқпыз. Кейде біз жаңа атау іздеуге құмармыз. “Оралмандар” деген атау таптық. “Оралман” деп жүргеніміз – кешегі қиыншылық жағдайда уақыт талабына байланысты елден кеткен өзіміздің қандасымыз ғой. “Оралман” деп оларды кемсітпеу керек. Егер терминология жөнделмесе, бұрынғыша атала берсе, оның баласы да “оралман” болып кетуі мүмкін. Ол “кірме” деген сөз. “Жаңа қазақ” деген атау да қолдан жасалған. Ақаң орыс тілін жетік білу үстіне, қазақтың керемет май­талман тілімен сөйлеген уақытта бір адам мін таппайтын еді.

 

Егеменді ел болғалы қазақ тілін игеру, жетілдіру жайлы көп айтылып жүр. Сол қиын кезеңнің өзінде де Ақаң қазақ тіліне техникалық терминдерді ғылыми тілге қалыптастырудың көш басшысы болды.

 

Мамандығы жағынан Ақан – маркшейдер еді. Ол политехникалық институтта ұзақ уақыт “Маркшейдерлік іс және геодезия” кафедрасын басқарды. Қазақстанда мұндай маман көп емес.

 

Ақаң тек қана маркшейдер, геолог емес, ол қазақ ұғымында палеонтологияның, минерологияның, кристаллографияның, стратиграфияның негізін салған адам. Жер ғылымының жаңа саласы – геомеханиканың негізін қалаушылардың бірі. Оның “Кристаллография, минерология және петрография” деп аталатын оқулығы кезінде осы салада білім іздеушілердің ғана емес, табиғат сырына қызығушылардың қолынан түспейтін кітап болды. Әрі жазушы, әрі табиғат сырын терең түсінетін философ-ғалым ретінде ол көп еңбектерін ғылыми-көпшілік кітапханасына арнап жазды. Оның “Жер құпиялары”, “Жерде тіршілік қалай пайда болды?”, “Жер сілкінісі”, “Жер қойнауына саяхат”, “Таулар қалай түзілген”, т.б. кітаптары қызық хи­каядай оқылады, табиғат құпиялары мен сыры жайлы оқырмандарға көп мәлімет береді. Ғалымның еңбектерінде өзі ашқан Ақбастау, Қосмұрын, Жосалы пайдалы кен қазбалары жайлы да, Торғай алқабының геологиялық құрылысы туралы зерттеуі де, Жезқазған мыс рудасы бассейнінде жер қойнауының геомеханикалық әдістерін қолдануы жайлы деректер де мол. Осының бәрінде ол табиғатқа, жер байлығына қазақ халқының көзімен қарады.

 

Кейде теледидардан бізде “ұлттық идеология” бар ма деп сұрап жатады. Біреулер “Ұлттық идеология жоқ, біз жаңа қоғам орнатып жатырмыз, ол – идеологиясыз қоғам”, дейді. Ал қазіргі қазақ ғылымында, оның бүкіл болмысында, әдет-ғұрпында Ақаң салып кеткен ұлттық идеология “аңқып” тұр. Сондықтан мен өз қолым бір нәр­сеге жетсе, ол үшін Ақаңа қарыздар сезінемін. Кейінгі кезде экологиямен айналысып жүрмін. Сол салада жазған оқулықтарым Ақаңның берген білімінің жемісі деп ойлаймын.

 

Қазір эколог емес адам жоқ. Арал теңізінің апатты жағдайға айналуы тек қана антропогенді жағдай емес, сонымен қатар оның геосинклиналды қозғалмалы зонада жатуынан. Табиғаттағы циклдік өзгеріс 50 жылда, 100 жылда қайталанып отырады. Ел осыны түсініп отырған жоқ. Мен бүгін осы тұрғыдағы теріс ғылыми пікірлерге Ақаң қалай қарар еді деп ойлаймын. 1908 жылы жазған Л.С.Бергтің “Аральское море” деген монографиясы бар. Одан басқа “Высыхает ли Средняя Азия” деген атақты мақаласы (1905) басылған. Онда табиғаттағы циклдік өзгерістер туралы кең айтылған. Ақаң бізге геологиядан сабақ берген уақытта циклдік мәселеге көп мән бере айтатын еді. Іле-Алатауын мысалға ала отырып, оның қозғалмалы алап екенін, сейсмикалық аймаққа жатуының жағдайын түсіндіретін. Жалпы, ғылымның дамуына комплексті түрде қарайтын, оны жан-жақты ұлттық тұрғыда түсіндіруші, ұлттық мағынада өзінің жазира даласының байлығын дәріптеуші ғалым еді Ақаң. Сондықтан болашақ мамандарға, ұстаздарға жастарға қамқор болуды, зекімеуді, ерінбей үйретуді ұсынамын. Ядролық апатты аймақтардан келіп жатқан балалардың бірі түсінсе, бірі түсінбейтін жағдайлар болады. Оның үстіне ауыл балалары орыс тілін де жетік білмейді. Сондықтан жастарға кешірімділікпен қарап, жақсы маман даярлап, ұлтжанды болу — Ақаң дәстүрін жалғастыру деп ұғам.

 

Ақаң көпшіл еді, жастарды жақсы көретін. Оған ғалымдар да, ел адамдары да, дін өкілдері де көп келетін. Бәрін ризалықпен қарсы алатын. Сол Ақаң сүйген жастар өмірін ғылымға арнаса, бір адам 10 адамға дұрыс білім, тәрбие берсе, ол 10 адам 100 адамға таратады. Ақаңның көрген қиыншылығы, оның ғылым жолындағы азапты өмірі, білім-өнерге құмарлығы бәрі де жастарға үлгі. Ұлы ғалымның адалдықты ізденуі – осының бәрі адамның адам болып, ғылымға да, елге де, жарға да, студенттерге қызмет етуге ұмтылуында жатыр.

 

Ақжан ағаның алыптығы да осында – еліне, жеріне ақ-адал еңбек етуінде.

 

Әлия БЕЙСЕНОВА, академик.

 

1. Ғылым насихаткері

 

 Жасыратын несі бар, қазақ журналистикатану мұхитында “ғылыми публицистика” архипелагы шынымен де ешбір зерттеушінің “аяқ баспаған” жері. Бұл ақауымызды, бір жағынан, жалпы баспасөздің тарихын да, теориялық қағидаларын да зерттеуге енді-енді ғана “бел шеше” кіріскенімізді сылтауратуға болар. Екінші жағынан, ғылыми публицистика зерттеушісі

12345След.
скачать работу

Ақжан Әл-Машани

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ