Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб мемлекеті

  арқылы  Индияның  шекарасына  енді.  649  жылы  Истахрды (ежелгі  Персополь)  алды.  Мерв   түбінде  ІІІ – Йездигердтің  өлген  651  жылы,  арабтардың  Иранды  жаулап  алуының  аяқталған  күні  деп  есептелді.   Осы  жылы  олар  Амударияға  дейін  жетті.   Бұдан  сәл  ертерек  Сирияны  жаулап  алғаннан  кейін,  арабтар  640  жылы  Арменияға  басып  кіріп,  оның  астанасы  Двин  қаласын  алды.  654  жылы  олар  Тбилисиге  дейін  барды.

     Африкаға  жорығын  арабтар, араб  қарулы  күштер  Сирияда  жеңіске   жеткеннен   кейін  барып  бастады.  Араб  отряды  Египетке  алғашқы  жорығы  ибн  ал – Асанның   қолбасшылығымен  аз  ғана  әскермен  639  жылы  желтоқсанда  бастады.  Ескі  пайым  бойынша,  өзінің    Сирия  әскеріндегі   бағыныштылық  жағдайына  риза  болмағандықтан  Ніл  жазығына  өздігінен  жорық  бастаған  бұл  қолбасшының  әрекеті  мүлдем  мүмкіндігі  жоқ  ретінде  алынып  тасталуы  керек  еді.  Іс   жүзінде  бұл  жорық  Египеттен  Хиджазға  астық, тағыда басқада  азық – түлік  жеткізу  үшін  жасалған  болатын.  Мекеннің  тұтыну  сұранысы,  әсіресе  Аравия  біріккеннен  кейін,  қажыға  барушы  мұсылмандардың  санының  көбеюіне  байланысты  өсе  түсті [37].

     640  жылы  қаңтарда  Амрдың әскері  Фарамды  алды,  одан  соң  Нілді  басып  өтіп,  Файымға  жорық  жасады.   Маусым  айында  арабтар  қосымша  күш  алғаннан  кейін, Гелиопольде   византиялықтарға   соққы  берді.  640  жылы  қыркүйекте  олар  Вавилонды  қоршады,  бұл  бекініс  641  жылы  сәуірде  берілді.  Осыдан  кейін  Ніл  арқылы  төмен  жылжи  отырып,  Александрияны  қоршауға  көшті.  641  жылы  қарашада  жергілікті  патриарх  Кир (ал – Мухавкис)  Амрмен  осы  бекіністі  беру  жөнінде  келісімге  отырды. Келісім  бойынша  он  бір айлық  уақытша  бітімнен  кейін  Египет  астанасы  арабтардың  қолына  өтті,  ал  бұл уақыт  ішінде  осы  қалада  тұратын  бай  және  ақсүйек  гректер  қоныс  аударды:  642  жылы  қыркүйекте  гректерді  көшіру  аяқталғаннан  кейін,  араб  әскері,  Александрияға  кірді.  Осы уақытқа  дейін  араб  отрядтары  Жоғарғы  Египетке  ішкерлей  енген  болатын.  645  жылы  Византия  флоты  Александрия  аймағына  басып  кіріп,  десант  түсіріп,  қаладан  арабтарды  шегіндірді.  Арабтар  қаланы  екінші  рет  қоршап  646  жылы  жазда  шабуылмен  алды.

    Араб  әскерлері  Египеттен  онымен  көрші  Ливияға  шапқыншылық  жасауды  ұйғарды.  Жергілікті  бербер   тайпаларынан  қарсылық  кездестірмеген  және  Византия  гарнизонына  соққы  берген  арабтар  642   жылы  күзде  Барка  қаласын  алып, Киреналка  облысын   бағындырды.  Осы  облыстан  шығып,  Феззанның  оңтүстігіне  дейін  және   батыста  Трипаш  қаласына  дейін  еніп,  оны  643  жылы  алды.  647  жылы  араб  әскері Египеттің   наместнигі  Абдаллах  ибн  Садтың  қолбасшылығымен  Ифрикияға  басып  кірді  және   Византиялықтарды  Сбейтла  қамалының  түбінде  талқандады  [45].

644жылы  Иран  құлының  қолынан Омар  қайтыс  болғаннан  кейін,  Омейядтар  руына  жататын  Осман  ибн – ал  Аффан  халифтік  қызметке  келді.  Осман  ислам  пайда  болғанға  дейін,  өзінің  жас  кезінде  тиімді    өсімқорлық  операцияларымен  айналысып,  бай  адамдардың  біріне  айналған  болатын.

    Меккеліктердің  арасында  ал  байлықты,  асыл  тұқымды  жылқыны,  жас  құл  қыздары  жақсы  көруші  ретінде  белгілі  болатын.  Осман  Мұхаммедтің  ең  жас  ізбасарларының  бірі  болды.  Аңыз  бойынша  пайғамбардың  қыздарының  біріне  үйленеді,  ол  жас  қайтыс  болуына  байланысты,  басқа  қызын  алады.  Сондықтан  Осман  мұсылмандардың  кезде  “Алланың  елшісінің  екі  қайтар  күйеу  баласы”  деген  атақ  алған.

     Осман  халиф  билігі  тұсында (644-656 жж.)  оның  туыстары,  Меккелік   құл иеленушілік  ру  ақсүйектерінің  өкілдері  бағындырылған  елдерде  мемлекеттік  билікті  және  жер  иеліктерін  жаулап  ала  бастады. 648  ж.  Арабтар   Кипр  аралын  басып  алды.  653 ж.  Кипрліктер  Византия  жағына  шығып  кетіп,  Араб  гарнизонын  талқандады.  Файника  маңында  болған  шайқаста  араб  флоты  византиялық  флотты   талқандап,  Кипрді   халифатқа  қайтарып  алды.

    651 ж.  Арабтар  Иранды  жаулап  алуды  аяқтады.  Шахиншах  ІІІ– Йездигерд  мады   жаққа  қашып барып,  сонда  бір диірменшінің  қолынан  қаза  табады.  Сасандар  империясы  өмір  сүруін  тоқтатты.

     Сол  жылы  Араб  әскері  Әзірбайжан  жақтан  Арменияға  басып  кірді.  653 ж.  Арабтар  византиялықтарды  Тайк  облысында  жеңіп,  Арменияны  алиарабтың  құрамына  қосып  алды.  653-655 жж.  Халифат  Грузияны   бағындырды.  Сонымен  бүкіл  Закавказье  араб  халифатының  қол  астына  көшті  [34].

    Мұсылман  қазынасының  ашықтан – ашық  тоналуы,  оған  түскен  қаржы  мұсылмандарға  тиесілі  және  олардың  арасында  теңдей  бөлінуі  керек  деп  санайтын,  аз  санды  пайғамбар  “серіктері”  тарапынан  наразылық  туғызды.

    Осман  халифтың  өзі  өз  отбасының  мүддесіне  мемлекеттік  қаржыны  қалай  болса  солай  пайдалану  арқылы  теріс  үлгі  көрсетті.    Мысалы,  оның  қызы  Абдаллах  ибн  Хамидқа  тұрмысқа  шыққанда,  ол  жас  жұбайларға  басыр  бейт  ал – малынан  600  мың  дирхем  беруге  бұйрық  шығарды.  Абдаллах  ибн  Абу  Сарх  Ифрикиядан  үш  мың  қаптар  алтын  жібергенде,  Осман  ал – Хасам  отбасына  беруді  бұйрық  етті. 

     Османға  қарсы  Куфадан,  Басрдан,  Египеттен  Мединаға  қажылық  түрімен  келген  мұсылман  өкілдері  күшті  наразылық  көрсетті.  Осы  қаланың  тұрғындары  ашық  көтеріліске  шықты.  Көтерілісшілер  халифтың  үйін  қоршап  алып,  өзін  өлтірді.

     Енді  Мұхаммедтің  күйеу  баласы,  әрі  ағайын  бауыры,  Әли    (656 – 661жж.)  халиф  боды.  Көтерілісшілердің  қолдауымен  билікке  келген  Әли  халиф  Османның  байыған  ықпалды  “серіктері”  мен  туыстарының  тарапынан  қарсылыққа  кездесті.

     Арабияда  күрес  үшін  жеткілікті  күш  құрал  таба  алмаған  Әли,  Ирактан  сенімді  әскери  және  әлеуметтік  тірек  табам  деген  үмітпен  өзінің  резиденциясын  Куфаға  ауыстырды. 

      657жылы  ал – Джазирадағы  Сиффин  маңында,  Ефраттың  оң  жағасында  Муавияның  сириялық  әскері  арасында  ірі  шайқас  өт

Пред.1112131415След.
скачать работу

Араб мемлекеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ